Дәрістік сабақтарының конспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:39, курсовая работа

Краткое описание

Адамдар іс-әрекетінің көп түрлері жобаларды жүзеге асырумен байланысты, ал жобалаудың тарихы көптеген мыңжылдықтарды қамтиды.
“Жоба” ұғымы толық негізінде көптүрлі обьектілерге қолданыла алады. Мысалы, жоба ретінде, басқалардан өз миссиясы, масштабы, күрделілігі және т.б. ерекшеленетін, жаңа құрылыс немесе жаңартылып жатқан кәсіпорын бола алады.

Файлы: 1 файл

жобаларды басқару.docx

— 130.54 Кб (Скачать)

             1) Желілік жоспарлау мен басқарудың  бірінші әдістері  қашан және  қайда пайда болды?

             2) Жобаның желілік үлгісі дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

             3) Желілік графиктің  жағдайлары мен жұмыстарының қандай түрлері бар?  
             4) Желілік график жұмыстарының қандай уақыттық параметрлерін сіз білесіз? 
             5) Желілік график  жағдайларының қандай уақыттық параметрлерін сіз білесіз? 
             6) Желілік графиктің   жолы дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?  
            7) Желілік графиктің   қандай жұмыстары мен жағдайлары  күрделі (критический) деп аталады және неге?

 

           № 8 дәріс тақырыбы.  Жобаның желілік үлгісінің  уақыттық параметлерін  есптеудің әдістері

         Іс-жүзінде  жобаның желілік үлгісінің   уақыттық  параметлерін  есептеудің  кестелік және матрицалық әдістері  көбінесе кең таралған.  Сондықтан  егер жоба жайлы  бастапқы  ақпарат желілік график немесе  уақыттық диаграмма түрінде берілсе,  онда оның уақыттық параметрлерін  есептеу ыңғайлы болу үшін  графмкалық үлгіден  жобаның  кестелік немесе матрицалық түріне  өту қажет. 

          Жобаның  желілік үлгісінің уақыттық  параметрлерін  есептеудің  ұсынылған әдістері  төменде келтірілген ара-қатынасқа  негізделген.

          Жұмыс  индексі   ij деп белгіленсе,  мұндағы і – осы жұмыстың  бастапқы жағдайының  индексі;  ал j – оның соңғы жағдайының  индексі.  Осы келтірілген   белгілерді пайдалана отырып, жұмыстардың   уақыттық параметрлері мен желілік  үлгінің  жағдай арасындағы  қатынасты жазуға болады:

  1. ij – жұмыс басталуының әуелгі уақыты i – жұмыс басталуының әуелгі уақытымен сәйкес келеді, яғни ЕSTij = EFTi
  2. ij – жұмыс аяқталуының соңғы уақыты j – жағдай басталуының соңғы уақытымен сәйкес келеді, яғни LFTij=LETj
  3. ij – жұмыс аяқталуының әуелгі уақыты тең : EFTij=ESTij+tij
  4. ij - жұмыс басталуының соңғы уақыты тең : LSTij=LFTij-tij
  5. j – жағдай басталуының әуелгі уақыты, осы жағдай соңғы болып табылатын барлық жұмыстардың ең соңғысы (максималды) әуелгі аяқталу уақытымен сәйкес келеді, яғни  EFTj=max {EFTrj, EFTnj…., EFTmj} , мұндағы rj, nj, ….mj – j – жағдайы соңғы болып табылатын жұмыстар индексі.
  6. j – жағдай басталуының соңғы уақыты, осы жағдай бастапқы болып табылатын барлық жұмыстардың ең әуелгі (минималды) соңғы бастау уақытымен сәйкес келеді, яғни LETj=min { LSTjr, LSTjn,…, LSTjm}, мұндағы jr,jn,…., jm – j жағдайы бастапқы болып табылатын жұмыстар индексі.
  7. Желілік үлгінің бастапқы жағдайы үшін EETs=LETs=0 теңдігі әділ болады, ал соңғы жағдай үшін – EETF=LETf =TK – күрделі (критический) жолдың ұзақтылығы.
  8. ij – жұмысын орындаудың толық уақыт қоры тең: TFij = LETj-EETi-tij
  9. ij – жұмысын орындаудың еркін уақыт қоры тең: FFij=EETj-EETi-tij
  10. ij – жұмысын орындаудың тәуелсіз уақыт қоры тең: IFij=EETj-LETi-tij

Жобаның желілік үлгісінің уақыттық параметрлерін  анықтаудың матрицалық әдісі.

Квадраттық  матрица құрамыз, мұндағы жолдар мен бағаналардың саны желілік үлгідегі жағдайлар санына тең, ал индекстер  жағдайлар индекстерімен сәйкес келеді. Матрица торларын диагональ  бойынша екі бөлікке бөлеміз, олар сол жақ төменнен оң жақ жоғарыға жүргізіледі. Тордың сол жақ жоғарғы  бөлігі алымы деп, ал оң жақ төменгі  бөлімі – бөлімі деп аталады.

Матрица торларын толтыруда келесі ережелерді пайдаланамыз. Егер і және j жағдайлары қандай –  да бір жұмыспен қосылса, онда оның tij ұзақтылығы екі клетканың алымына  жазылады: і – ші жол мен j –  ші бағананың қиылысында жатқан торға; және j-ші жол мен і-ші бағананың  қиылысында жатқан торға.

Мұндай процедура  желілік үлгінің барлық жұмыстары  үшін орындалады, бұдан кейін матрицаның басты диагоналында орналасқан тордан басқа қалған торлардың алымдары нөлмен толтырылады.

Бұдан кейін  басты диагональдың бірінші торына 0 жазылады. Бұл желілік үлгінің  бастапқы жағдайы басталуының әуелгі уақыты 0-ге тең дегенді білдіреді. Алымының мәні 0-ден көп басты  диагональдың үстінде орналасқан бірінші  жолдың әрбір торының бөліміне, басты  диагональда жатқан осы жол торының  алымы мен толтырылатын тордың алымының қосындысы жазылады.

Осыдан кейін 2-ші бағана торларының бөлгіштерінің  мәні жоғарыдан төменге қарай  басты диагональға дейін қарастырылады  да, олрадың ішінен максималды мән  таңдалып, диагональдың 2-ші тордың алымына  жазылады. Бұл мән 2-ші жағдайдың  әуелгі басталуына тең болады да, осы  жағдаймен аяқталатын ең соңғы жұмыстың әуелгі аяқталу кезеңіне тең болады.

Диагональдан  жоғары бірінші жолдағы торлардың  бөлгіштері есептеледі.

Жоғарыда  айтылған барлық процедуралар соңғы  диагональдық тордың алымы табылмағанға дейін қайталанады, онда желілік  үлгінің аяқтаушы жағдайының әуелгі басталу уақытының мәні орналасады да, ол күрделі (критический) жолдың қзақтылығына тең болады. Аяқтаушы жағдай үшін әуелгі уақыт оның басталуының соңғы уақытына тең болғандықтан, осы тордың алымы мен бөлгішіндегі мәндер бір-біріне тең болады.

Соңғы диагональдық тордың бөлгішінің мәнін біле отырып, сол жолдағы басты диагональдан сол жақта (төмен) орналасқан және алымдары 0-ден жоғары торлардың бөлгіштерінің  мәнін есептеуге болады. Олар сәйкес диагональдың тордың бөлгіштерінің  мәні мен есептеу жүргізілетін тор  алымының мәні арасындағы айырмаға мең  болады.

Соңғы жолдың барлық бөлігіштерінің мәнін есептегеннен кейінғ соңғының алдындағы жолдағы  диагональдық тордың бөлгішінің мәнін  анықтауға болады. Ол басты диагональдан төмен берілген бағанада жатқан барлық торлар бөлгіштерінің минималды  мәніне тең болады.

Соңғының  алдыңдағы жол да осыған ұқсаса есептеледі, бұдан кейін диагональдық тордың соғынан үшіншінің бөлгішінің мәнін  анықтаймыз.

Соңғы диагональдық тордың алымы мен бөлгішінде күрделі (критический ) жолдың ұзақтылығының  мәні орналасады, ал күрделі жолдың өзі басталудың әуелгі және соңғы  уақыты бір-біріне тең жағдайлар  арқылы өтеді. Осы жағдайларда сәйкес диагональдық торларда алымдар мен  бөлгіштердің мәні сәйкес келеді.

і және j жағдайларының  арасында орналасқан жұмысты орындаудың толық уақыт қоры j-j диагональдық тордың бөлгішінің мәні мен басты  диагональдан жоғары і-ші жолдағы j-ші тордың бөлгішінің мәні арасындағы айырмамен  анықталады.

і және j жағдайларының  арасында орналасқан жұмысты орындаудың еркін уақыт қоры j-j диагональдық тордың алымының мәні мен і-і диагональдық тор мен і-j торының алымдары мәндерінің қосындысы арасындағы айырмамен  анықталады.

і және j жағдайларының  арасындағы орналасқан жұмысты орындаудың тәуелсіз уақыт қоры j-j диагональдық тордың алымының мәні мен і-і диагональдық тордың бөлгіші мен і-j торының  алымы мәндерінің қосындысы арасындағы айырмамен анықталады.

Кестелік  әдіс. Кесте құрамыз, ондағы жолдар саны жұмыстар санына тең, ал бағаналарда (слдан оңға қарай) келесі деректер бар: 1 – жұмыс индексі; 2 – тікелей алдыңғы жұмыстардың индекстері; 3 – кейінгі жұмыстардың индекстері; 4 - жұмысты орындаудың ұзақтылығы; 5 - жұмыс орындалу басының әуелгі уақыты; 6 - жұмыс орындалу басының соңғы уақыты; 7 - жұмысты орындауды аяқтаудың әуелгі уақыты; 8 - жұмысты орындауды аяқтаудың соңғы уақыты; 9 – жұмыс уақытының толық резерві; 10 - жұмыс уақытының еркін резерві; 11 - жұмыс уақытының тәуелсіз резерві.

1, 2 және 3-ші бағандарға желілік үлгінің топологиясын бейнелейтін бастапқы ақпарат енгізілді.

1 қадам. Тікелей  кейінгі жұмыстардың индексін  анықтау. І – индексі бар  жұмысты қарастырамыз. Одан кейінгі  орындалатын жұмыстар і-жұмысы  тікелей алдында болып табылатын  жұмыстар. Сондықтан тікелей кейінгі  жұмыстардың индексі і-жұмысының  индексі бар 2-ші бағанадағы  жұмыстардың индексі.

2 қадам. Жұмыстардың  басталуы мен аяқталуының әуелгі  уақыттарын анықтау, яғни 5-ші  және 7-ші бағаналарды толтыру,  бір уақытта орындалады, өйткені  бір жұмыстардың басталу уақыты  басқалардың аяқталу уақытына  тәуекелді болады.

Берілген  бағаналарды толтыру желілік  үлгінің басынан аяғына дейін, яғни жоғарыдан төменге қарай тізбектей  орындалады. Мұнда келесі ережелерге сүйену қажет;

а) қарастырылатын жұмыстың аяқталуының әуелгі уақыты оның басталуының (5 бағанадан) әуелгі уақыты мен жұмыстың ұзақтылығының (4-ші бағанадан) қосындысына тең.

б) жұмысты  орныдауды бастаудың әуелгі уақыты 0-ге тең егер жұмыстың алдында желілік  үлгінің ешбір жұмысы болмаса  немесе оның алдындағы барлық жұмыстардың 7-ші бағанадан максималды әуелгі аяқталу  уақытына теі болады.

в) күрделі (критический) жолдың ұзақтылығы 7-ші бағандағы максималды мәнге тең.

3 қадам. Жұмыстың  аяқталуы мен басталуының соңғы  уақытын анықтау.

Жұмыстың  аяқталуы мен басталуының соңғы  уақытын анықтау, яғни 6-шы және 8-ші бағаналарды толтыру бір уақытта  жүзеге асырылуы керек, өйткені бір  жұмыстардың басталу уақыты басқалардың  аяқталу уақытына тең. Берілген бағаналарды  толтыру желілік үлгінің аяғынан  басына дейін, яғни төменнен жоғарыға қарай, тізбектей орындалады. Мұнда  келесі ережелерге сүйену қажет:

а) қарастырылатын жұмыстың басталуының соңғы уақыты оның аяқталуының соңғы уақытынан (8-ші бағанадан) жұмыстың ұзақтылығын (4-ші бағанадан) алып тастағанға тең.

б) жұмысты  орындауды аяқтаудың соңғы уақытын  күрделі (критический) жолдың ұзақтылығын  тең, егер осы жұмыстан кейін желілік  үлгінің ешбір жұмысы болмаса (3-ші бағанадан) немеес осы жұмыстан кейінгі  барлық жұмыстардың арасынан минималды  соңғы басталу уқытына тең  болады (6 - шы бағанадан).

4 қадам. Жұмысты  орындау уақытының толық резервін  анықтау.

і – жұмысының  толық уақыт резерві оның соңғы  және әуелгі аяқталу уақыты мәндерінің (сәйкес 8-ші және 7-ші) және әуелгі басталу  мәндерінің (сәйкесінше 6-шы және 5-ші бағаналар) айырмасымен анықталады.

5 қадам. Жұмысты  орныдау уақытының еркін резервін  анықтау.

і – ші жұмыс  уақытының еркін резерві  = осы  жұмыстан кейінгі кез-келген жұмыстардың  басталуының әуелгі уақытының мәні – (і-жұмысы басталуының әуелгі уақыты + оның ұзақтылығы).

6 қадам. Жұмысты  орындаудың тәуелсіз уақыт резервін  анықтау.

і – жұмысының  тәуелсіз уақыт резерві = осы жұмыстан кейінгі кез-келген жұмыстардың  басталуының әуелгі уақытының мәні – (і-жұмысының бастапқы жағдайы  басталуыныңы соңғы уақыты + оның ұзақтылығы) і-жұмысыныңы бастапқы жағдайы басталуының  соңғы уақыты, і-жұмысымен құрамы бірдей жұмыстардың басталуының  минималды соңғы уақыты ретінде  анықталады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 4 нег. (3-85), 6 нег. (1-35), 9 нег. (1-39), 21 нег. (1-7)

Қосымша әдебиеттер:

Бақылау сұрақтары:

  1. Желілік үлгінің уақыттық параметрлерін есептеу әдістері қандай ара-қатынастарға негізделген?
  2. Желілік үлгінің уақыттық параметрлерін есептеудің матрицалық әдістерінің мәні неде?
  3. Желілік үлгінің уақыттық параметрлерін есептеудің кестелік әдісінің мәні неде?
  4. Желілік үлгінің уақыттық параметрлерін есептеудің матрицалық әдісіне мысал келтіріңіз.

 

 

№ 9 дәріс тақырыбы. Жоба құнын басқару.

Жоба құнын  басқару оның бюджетін жоспарлаудан басталады, яғни жобаның құндық бағасын анықтау дегеніміз жобамен қарастырылған жұмыстарды орындауға қажетті қорлардың ықтималды құнын бағалау болып табылады.

Кез-келген жоба уақыт бойында жүзеге асырылатындықтан, жобаның құндық бағалары оның толық  өмірлік циклының бойында есептеледі. Жобаның басталуына рұқсат беру үшін оның құнының концептуалдық (жоба алдындағы) бағасын анықтау қажет. Бұл кезеңде жоба құнының шамаланған бағасы пайдаланылады – былайша айтқанда «шама тәртібін» бағалау (order of magnitude estimate) ол жобаның нақты құнынан -25%- тен + 75 %-ке дейінгі диапазонда ауытқиды.

Жобаны жүзеге асыру үрдісіне жобаның сметалық құнын дәл бағалаулар (budget estimates) қолданылады, ол – 10%-тен + 25%-ке дейінгі  дәлдікпен анықталады.

Жобаның келісілген негізгі бағасын есептеу кезеңінде (project cost baseline) жобаның қорытынды  құндық бағасының мәні нақты құннан 5%-ке дейін аз болмау керек және  10%-ке жоғары болуы қажет.

Жобаның құндық бағасын есептеудің бірнеше жалпылама  әдістері бар. Бұлардан бағалаудың талап  теілген дәлдігін қамтамасыз ететін жәнеақшалай, еңбек шығындарының мүмкіндіктеріне  сәйкес келетін әдіс таңдалады.

«Жоғарыдан  төмен қарай» бағалау әдісі. Жоба жайлы ақпарат шектеулі болғанда, жобаның бастапқы сатысында шығындарды бағалау үшін қолданылады. Мұндай іріленген сараптық бағалау жалпылама жүргізіледі де, үлкен қаражаттар мен уақыттың шығындарын талап етпейді. Ал жоба бір көрсеткіш бойынша бағаланады. Бұл әдістің кемшілігі оның төмен дәлдігі.

«Төменнен жоғарғы қарай» бағалау әдісі. Ол жобаның клісілген базалық бағасын немесе жобаның қорытынды құндық бағасын жасап шығару үшін қолданылады, ол жобаның әрбір деңгейіндегі шығындарды бағалау мен оларды жоғарғы деңгейлерде қосумен есептеуге негізделген. Шығындарды осылайша «жинақтауды» жүзеге асыру үшін жоба жұмыстарын декомпозициялау (ЖЖД немесе WBS) құрылымын қолдануға болады. Бұл әдістің артыұшылығы – алынатын нәтижелердің жоғарғы дәлдігі, кемшілігі – оны қолданудағы уақыт пен қаражаттың үлкен шығындары.

Информация о работе Дәрістік сабақтарының конспектілері