Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:20, статья

Краткое описание

Қазақстан республикасы, аяғына жаңа тұрып, ар қадамын нықтап басып , бой көтеріп келе жатқан жас мемлекет. Әрине , бар жоғы 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз мақтан тұтынуға тұрарлық жайт. Жеткен жетістіктерімізге дәлірек айғақ ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауынан мәлімет ккелтіруге болады:

Файлы: 1 файл

статья жұмыссыздық Смагулова.docx

— 21.57 Кб (Скачать)

Қазақстандағы жұмыссыздық  мәселесі.

Қазақстан республикасы, аяғына жаңа тұрып, ар қадамын  нықтап басып , бой көтеріп келе жатқан жас  мемлекет. Әрине , бар жоғы 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріміз, бағындырған белестеріміз мақтан тұтынуға тұрарлық жайт.  Жеткен жетістіктерімізге дәлірек айғақ ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауынан мәлімет ккелтіруге болады:

  • Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті.
  • Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 процентке өсті.
  • Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
  • Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.
  • Барлық акциялардың пакеті Қазақстанға оралып, оларға өзіміз басшылық ететін нәтижеге қол жеткіздік, т.б.

Міне, осының өзі Қазақстанымыздың алға қарай біраз қадам жасағынын  көрсетеді. Дей тұра, ақсаңдайтын жерлерімізде баршылық. Осындай үлкен мәселелердің маңыздыларының бірі, ол әрине -  мемлекет тұрғындарын жұмыспен қамту. Жұмыссыздық проблемасы тек қана Қазақстанда емес, сондай- ақ әлемнің көпшілік мемлекеттерінде орын алып отырған мәселе..

Бұл үлкен де күрделі мәселені шешу ге көптеген әрекеттер жасалып  жытыр.Осы қатарда Елбасымыздың 2012 жылғы жолдауынан ақпарат келтіргім  келіп отыр, себебі жұмыссыздық проблемасын  елбасы , бірінші кезекте шешімін  табу керек мәселеле ретінде белгіледі. Бұл бағытта:

  • Елбасы  тапсырмасы бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті.
  • Онда үш маңызды міндет қойылған.
  • Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.
  • Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу.
  • Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.
  • 2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті.
  • Бүкіл дайындық жұмыстары, заңнамалық база бойынша жұмыстар аяқталды.
  • Енді бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек.
  • Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамтамасыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналастыру қажет. Бағдарламаның соңына қарай, 2020 жылға қарасты біз осылайша 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруымыз қажет деді Елбасы, өзінің 2012 жылғы Жолдауында.

Жұмыссыздық  дегеніміз  – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай  дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Оның бірнеше түрі болады:

Құрылымдық жұмыссыздық- егер адам бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілік, білімі жоқ болғандықтан жұмыс таба алмай жүрген адамдар. Жұмыстың бұл түрінің пайда болу себебі: техникалық прогресс себепші. Мыс: банкомат, компьютер…. т/б.

Циклдік жұмыссыздық- егер өндіріс  қысқарса, кәсіпорындар, фирмалар қысқарса, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуын айтамыз.

Уақытша жұмыссыздық(фрикциондық)- егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде  орын алатын жұмыссыздық.

Маусымдық жұмыссыздық- егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы  мезгілінде жұмыс істемей, жазда  жұмыс істейтін адамдар тобын  айтамыз.

Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық  қатынастарының қалыптасу барысында  жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа  айнала бастады.1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңейе түсті. Осы аталған  жылдық желтоқсан айының өзінде-ақ 138 (адам) мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа  жіберілді.

Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-технологиялық  процесс. Ғ.Т.П. жаңа қосымша жұмыс  күшін қажет ететін жаңа өндіріс  түрлері мен шаруашылық салаларын  тудырады, ол материалдық өндіріс  саларында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды  көбейтеді. Жалпы ғылыми-технологиялық  революция жағдайында жұмыспен қамтуды  тұрақты түрде өсіру, негізнен өндірістік емес  салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы тұрғындардың әртүрлі  қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы, жоғары еңбек айқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80 жылдары жұмыспен қамтытуды  көбейтуде өндірістік емес саланың  үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90 пайыз, ал Батыс Еуропада 100 пайыз құрады.

Қазақстан Республикасының  “Халықты жұмыспен қамту туралы”  заңына сәйкес жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрын жұмыс орнындағы негізгі жалақысының орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.

  Осылармен бірге мемлекет  жұмыс күшінің ұсынымын азайту  үшін иммигрцияны (шетел азаматтарының  келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының  репартиясы (отанына қайту) ынталандыру,  жұмыс аптасының ұзақтылығы қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен  бұрын құрметті демалысқа шығару  сияқты жұмыспен қамту саясатын  жүргізген еді. Мемлекет қосымша  жұмыс орындарын жасау, жұмыссыздықтан  мейлінше жапа шеккен, бірінші  кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз  болатындарға жәрдем көрсетеді.

 Еңбек нарығы да  басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен  сипатталады. 

Жұмыссыздықтың болуына  көптеген себептер бар. Солардың біріне жұмыс күші құрылымы  мен бос жұмыс  орындары  арасындағы  сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады. Еңбек нарығының тепе-тендік үлгісі жұмысшылар деңгейінің бос жұмыс орындарына сәйкестігін  болжайды, жұмысшы кез келген жұмыс орнына лайықты. Егер ол шынында солай болса, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болып, онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын еді: еңбек нарығына шығарылғандар тез арада нарықта белгіленген жалақысы бар жаңа жұмыс табар еді. Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне  деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Құрылымдық ығысу ұдайы болгандықтан және жұ-мысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажетігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатта болады.

Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы босатылуы мен уақытша жұмыссыздықтың жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма банкротқа түссе, егер олардың жұмысының сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады. Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында фирмалар арасындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады.

Жұмыссыздыққа қарама-қарсы  толық жұмысбастылық ұғымы бар. Дегенмен,  толық жұмысбастылық  жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп  санайды, осыдан толық жұмысбастылық  ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық  болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі  жұмыссыздық деңгейі уақытша  және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің  қосындысына тең.

Сонымен қатар, жұмыссыздық  деңгейі деген де түсінік бар. Ол дегеніміз- жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды. Енді сол статистикалық мәліметтерге көз жүгіртіп өтсек:

                                                                                                                                                                                                                                    ҚР статагенттігінің мәліметтерінше, Қазақстандағы жұмыссыздар саны сәуір айында 473 мың адам болып, жұмыссыздық деңгейі 5,5% (2010 жылы сәуірде – 6%) болды, делінген статагенттік хабарында.

 Құжатта көрсетілгендей, республика экономикасында 2011 жылғы  сәуірде (бағалау бойынша) 8,2 млн.  адам  жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны  102,6 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,5 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,2%) құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 жылғы сәуір айының соңына 62,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2010ж. сәуірде – 1,0%).

2011 жылғы сәуірде бағалау  бойынша жасырын жұмыссыздық  деңгейі экономикалық тұрғыдан  белсенді халықтың 0,5%-ын құрады.

Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінде  жүзеге асырудың маңыздылығы жұмыссыздарға  материалдық жәрдемақы беруден  ешбір кем емес.

Осы тұрғыдан жұмыссыздықтан қорғаудың жүесінде бір біріне бағынышсыз үш түрлі қызмет бағыты бар;

Біріншісіне- жұмыспен қамтуды  жаңа жұмыс орындарын құру кеңейтудің жағдайымен мүмкіншіліктерін жақсартуды қаржыландыру.

Екіншісі – кадрларды  даярлауды және қайта даярлауды (кең білікті мамандарды даярлау) қаржыландыру.

Үшіншісі – жұмыссыздарға  жұмыс іздеуде  ұтқыр қоныс  аударуға мүмкіндік тудыру.

Мақаламды қорыта келе айтарым, Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта  дайындаудың тым қарапайым жүйесінің  тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз  түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік -әміршілдік басқару  жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды, ал ол өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін, халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет. Содан соң осындай теориялық жағдайлар негізінде оны жүзеге аырудың практикалық негізін жасау керек.

Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің  негізгі мақсаты-ол өзінің қызмет ету  белгісіне қарай екі түрлі  бөлек жүйеден тұрады: біріншібөлек жүйе өзінің ішкі мағынасы бойынша  жұмыссыздарға материалдық көмек  көрсету қызметін атқарады. Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі  шұғыл шараларды жүзеге асырады.  Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады-жұмыс  берушілер, жұмыскерлер және мемлекет.

Жұмыспен қамту қызметі  адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс  орындарын жасағаны үшін ынталандыруға  бағдар беру керек.

 

 

 

 

http://kk.wikipedia.org/wiki/Жұмыссыздық

http://www.akorda.kz/kz/speeches/addresses_of_the_president_of_kazakhstan/poslanie_prezidenta_respubliki_kazahstan_na_nazarbaev

http://karmakshy.gov.kz/prezidentt_halya_zholdauy/


Информация о работе Жұмыссыздық