Таза монополия жағдайындағы фирма

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 22:11, курсовая работа

Краткое описание

Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополилық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресустарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................3
Монополия және оның шығу тарихы..........................5
Монополия және оның түрлері.....................................5
Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке......7
Таза монополия жағдайындағы фирма........................9
Монополияға қарсы мемлекеттік саясат...................12
Монополияның фирмадағы қызметі.........................14
Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті жалпы табыс.................................................................14
Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі.............................................................................16
Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік.............20
Монополияға қарсы саясат.........................................23
Таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеу…………………………………………………23
Монополияның қызметін реттеу және оның салдары.........................................................................26
Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу............................................................................30

Қорытынды.........................................................................34

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................36

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 92.50 Кб (Скачать)

      Егер  нарықтағы сұраныс одан әрі төмендесе, фирмалар зиян  шегеді және нарықтан шығуға тура келеді. Ал нарықта қалған фирмалардың өніміне сұраныс  қисығымен шекті табыс қисықтары  жоғры қарай жылжи бастайды. Себебі нарықтағы тауар санының кемуі нарықта қалған фирмалардың бағалары мен шекті табыстарын өсіреді. Сұраныс пен шекті табыстың қисықтары нарықта қайтадан жаңа теңдік орнағанша жоғары қарай жылжиды.

     2.3.1 суретінде көрсетілгендей, монополиялық  бәсекелес нарықтағы тепе-теңдік  баға  (Pm) ұзақ мерзімдегі ең  төмен орташа шығын (LRMCmin) деңгейінен  жоғары. Егер фирмалар жетілген  бәсекелі нарықта жұмыс істесе, Qб өнім көлемін өндіріп, оны ең төменгі орташа шығын деңгейімен анықталынатын бағамен ұсынар еді. Монополиялық бәсекелес фирмалар орташа шығындарын төмендетуге тырыспайды. Яғни, монополиялық бәсекелес фирмалар тұтынушыларға жетілген бәсекелі нарықтағы фирмаларға қарағанда өнімді аз және жоғары жоғары бағамне ұсынады:  Qб >  Pm  және   (Pm = LRMC) > LRMCmin.

      2.3.1 сурет. Монополиялық бәсекелес  нарықтағы фирманың ұзақ мерзімдегі  теңдігі 

    

          Баға мен

           шығындар  

 

                                                                         LRMC

                                                                 

                                                      A            AC                     LRAC

                     Pm 
 

                                                                                                                         

                                                                                          D

                                                                

                           0                                     MR

        

                                                          Qm               Qб            Q

                                                            

                                                           Қолданылмаған 

                                                           өндіріс қуаты          

                                                        

      Бәсекелес  нарықта өндіретін өнім мен монополиялық бәсекелес нарықта өндіретін  өнімнің  айырмашылығын артық өндіріс қуаты дейді  (Qб – Qm). Артық өндіріс қуаты монополистік бәсекелес нарықта экономикалық ресурстардың толық қолданылмайтынын көрсетеді. Экономикалық ресурстарды толық қолдана отырып, тұтынушыларға көп өнімді аз шығынмен ұсынуға болар еді. Бірақ ұзақ мерзімде ең төменгі орташа шығын деңгейінде өнім өндіру мүмкіншілігі тек қана стандартты тауарлар өндіретін нарыққа болады. Стандартты тауарларға ұсыныс қисығы өте икемді болады. Ұзақ мерзімдегі теңдік жағдайында кез келген бәсекелес фирма ең төменгі орташа шығынмен тауар ұсынып, қарапайым пайда алады. Ал әр түрлі, бір-бірінен ерекше   қасиеттері    бар  тауар   өндірушілердің  өніміне  сұраныс  қисығы жоғарыдан төмен қарай еңкіш. Сондықтан монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық ресурстарды толық қолдану мүмкіншіліктері болмайды. Монополиялық бәсекелес нарықтағы артық өндіріс қуаты әр түрлі өнім өндіру шығынының бір бөлігін құрайды. Осыдан тұтынушылар әр түрлі тауарлар мен қызметтерді қалайтын болса, оларға жоғары баға төлеуге дайын болары керек. Бірақ әр түрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру артық өндіріс қуатын туғызады.

      Артық өндіріс қуатының мөлшері (ресурстарды  тиімді қолдану дәрежесі) нарықтағы  фирмалардың санына және моноплиялық  биліктің дәрежесіне байланысты. Нарықтағы  монополиялардың саны аз болса, тепе-тең баға мен шекті пайда жоғары болады. Артық өндіріс қуатын қысқарту үшін нарықтағы монополиялық бәсекелестің саны көп болғаны дұрыс. Монополиялық бәсекелес фирмалардың саны көбейген сайын нарықтағы монополиялық биліктің дәрежесі де төмендейді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Монополияға қарсы саясат
    1. Таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеу
 
 

Монополиялық  билікті қысқарту тәсілдері:

      1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне

    қарсы бағытталған шаралар.

      1. Табиғи монополияларды мемлекет тарапынан реттеу (тікелей немесе жанама).

    Табиғи  монополияларды реттеу моделі

     

 

                 

                   P,

                     C 
 
 
 

                                                         E

                     Pm                                                                                                                            MC 

                                      P1                                                                               F 

                                      P2                                             R                       AC 

                                                                 Q1 Q2             D

                                                                  

                                 Qm         MR                           Q 
     
     
     
     

      Тұрақты шығындардың көп болуына байланысты D қисығы орташа шығындар қисығын осы шығындардың төмендеуі кезіндегі нүтеде қиып өтеді. Қызметі мемлекет тарапынан реттелмейтін монополист  Qm өнімінің көлемін таңдап,  Pm бағасын белгілер еді. Бұл жағдайда штрихталған тікбұрышқа тең болатын экономикалық пайда алар еді.

      Жетілген бәсекелес кезінде P = MC; бұндай (Р2) қоғам тұрғысынан қарағанда оңтайлы, себебі ресуртарды тиімді бөлу көбірек қамтамасыз етеді. Егер мелекет осы бағаны монополистің тауарына белгілесе, онда фирма шығынға ұшырайды. Реттеуші агенттіктер фирмаға шын мәніндегі пайдасын алатындай орташа шығындар деңгейіндегі P1 бағаны белгілейді. Бұндай баға оңтайлы жағдаймен  (Q1 < Q2) салыстырғанда өнім көлемінің Qқысқаруына алып келсе де, тұтынушылар тауарларды реттелмейтін табиғи монополия (Q1 > Qm) жағдайымен салыстырғанда көбірек алады.    

      1. Мемлекеттік  меншікті қалыптастыру, яғни жеке иеліктегі табиғи монополияны реттеудің орнына, мемлекет өзі монополияны иемденуші бола бастайды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, пайдаға ұмтылу – фирманы кәсіби басқарудағы тіректі кепіл болып табылады.

      Таза  монополия нарығының  моделі. Монополия - өндірісті, сауданы және қызметтердің басқа да түрлерін жүргізу үшін жеке тұғаға, белгілі бір адамдар тобына немесе мемлекетке берілетін ерекше құқық.

  Қарастырып отыған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист өзінің ерекше жағдайын  пайдаланып тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсеклес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады.

      Таза  монополияға тән сипаттамалар:

      1) «фирма» және «сала» түсініктері  түйіседі;

      2) сатып алушыларда таңдау мумкіндіктері  болиайды;

      3) таза монополист өнім шығарудың  барлық көлемін бақылай   отырып  бағаныкез келген бағытта өзгертеді  және оны басқара  алады;

  4) монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма

              боғандықтан, оның сұраныс қисығы  бір мезгілде нарықтың

       да сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың  бағасын анықтайды;

       5) таза монополия бәсекелестіктен  биік кедергілермен қорғалады.

Салаға  кіруге қойылатын тосқауылдар –  бұл салаға кіргісі  келетін жаңа фирмалардың  кіру жолдарына қойылатын  кедергілер. Барлық кедергілер екі  түрге бөлінеді:

      Табиғи  – бұлар экономикалық себептердерден туындайды (өдіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау).

      Жасанды – инстиционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекетінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополистің әділетсіз іс-әрекеттері).

      Таза  монополия (pure monopoly) – бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып табылатын нарық құрылымының шеткі түрі.

      Таза  монополия – жақын алмастырушы  тауар өндіщретін немесе сататын  жалғыс фирма жұмыс істейтін жағдай. Таза монополия нарығы ұлтық экономика  дегейінде өте сирек кездеседі. Көп жағдайда таза монополияны жергілікті нарықтардан кездестіруге болады. 

      Жақын  алмастырушысы  жоқ  тауарлар  мен қызметтер де өте сирек 

кездеседі. Таза монополия, таза бәсекелі нарық  сияқты шекті жағдайға жатады. Нақты  нарықтық құрылымдар осы екі нарықтың  ортасында болады. Соған қарамастан, таза монополия моделін талдау нарықта  өзінің билігін орнатқан фирмалардың  қабылдайтын шешімдерін зерттеуге, оған әсер ететін факторларды анықтауға, олардың қызметтерін мемлекет тарапынан  реттеудің себебі мен мақсатын түсінуге көмектеседі.

   Монополияның  түрлері оның пайда болу себебтеріне  байланысты. Таза монополияның пайда  болуына  салаға немесе нарыққа кіруге қойылған кедергілер себеп болады:

  • фирмалар жеке тауарлар мен қызметтерді өндіруге мемлекеттен ерекше құқық алады;
  • кейбір фирмалар патенттер мен авторлық құқықты қолдана отырып, нарықта жеке тауарлар мен қызметтерді өндіруге немесе жаңа технологияны қолдануға жеке дара ие болады;
  • егер тауарларды өндіруге қажетті экономикалық ресурстар бір ғана фирманың иелігінде болса, ол нарықта монополиялық билік орнатуға мүмкіндік алады;
  • кіші өндірістерге қарағанда ірі өндірістердің шығындары төмен болады, сондықтан олар осы артышылықты қолдана отырып, басқа фирмаларды нарықтан  ығыстырып шығаруға және жаңа фирмаларды нарыққа кіргізбеуге алады.

   Егер  фирманың монополиялық билігі заң жүзінде  қорғалған болса, оны жабық монополия дейді. Патентер мен авторлық құқықты немесе жаңа технологияны қолдана отырып, нарықта билік орнатқан фирмаларда ашық монополистер дейді. Олардың нарықтағы билігі уақытша болады. Кейбір өнімдер мен қызметтерді (халықты ыстық сумен, жылумен, газбен қамтамасыз

ету қызметері) көлемі үлкен жалғыз фирмаларда өндірген арзанға түседі. Ол өндіріс көлемінің  үнемділігінен туындайды. Сондықтан  жеке фирмалар мемлекеттін бақылауымен  сондай өнімдер мен қызметтерді  өндіруге ие болады. Оларды табиғи монополистер дейді.                

      Таза  монополистің түсімінің  қисығы. Таза монополия тауарының сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады, сондықтан фирма өнім шығыру көлемін бақылай отырып, бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта алмыз.

Информация о работе Таза монополия жағдайындағы фирма