Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 22:11, курсовая работа
Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополилық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресустарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Кіріспе....................................................................................3
Монополия және оның шығу тарихы..........................5
Монополия және оның түрлері.....................................5
Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке......7
Таза монополия жағдайындағы фирма........................9
Монополияға қарсы мемлекеттік саясат...................12
Монополияның фирмадағы қызметі.........................14
Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті жалпы табыс.................................................................14
Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі.............................................................................16
Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік.............20
Монополияға қарсы саясат.........................................23
Таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеу…………………………………………………23
Монополияның қызметін реттеу және оның салдары.........................................................................26
Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу............................................................................30
Қорытынды.........................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................36
3) тұтынушыларға монополистермен қарым-қатынасқа түсу
экономикалық тұрғыдан
алады;
4) монополиялық
билік ҒТП-ті тежеу мен
бюрократизациялаудың тенденциясын қалыптастырады;
5) монополияның
іс-әрекеті табысты
күшейтеді, ал бұдан
6) монополия
салаға кіруге тосқауылды
шығындар жұмсайды.
Монополиялық биліктің экономикалық және әлеуметтік шығындары. Монополиялық нарықта тепе-теңдік болғанымен, нарықтағы экономикалық игіліктердің бағасы олардың шекті шығындарынан жоғары. 1.3.3 суретінде көрсетілгендей, монополия бәсекелес фирмаға қарағанда өнімді аз өндіреді (Qm < Qб) және оның ұзақ мерзімдегі орташа шығыны ең төмен деңгейге түспейді.
Монополист
өніміне бәсекелес фирмаға
Монополиялық нарықтың әлеуметтік-экономикалық шығындарын түсіну үшін тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстарын талдау қажет. 1.3.3 суретінде шекті шығындардың қисықтары бірдей екі фирманың теңдігі көрсеттілген. Бәсекелі фирма тұтынушыларға Qб өнім көлемін Pб бағасымен ұсынады. Тұтынушының ұтысы PбE2C үшбұрышының ауданына тең. Егер осы өнім немесе қызмет монополиялық нарықта ұсынылатын болса, онда монополист фирма E1 нүктесіндегі MR=MC теңдігімен анықталатын Qm өнім көлемін Pm бағасымен ұсынады. Pm > Pб болғандықтан тұтынушының ұтысы PmCA үшбұрышының ауданына дейін қысқарады. Тұтынушының ұтысының PmА E2Pб көпбұрышының ауданына тең бөлігі жойылды.
1.3.3.Монополиялық
биліктің әлеуметтік-
С
Баға мен шығындар
С
Pm A
Ac
Pб
Тұтынушы ұтысының бір бөлігін (монополияның экономикалық пайдасы – боялған төртбұрыш) монополист иеленеді. E1E2A үшбұрышының ауданы ешкімнің үлесіне тимейді. Ол қоғамның шығыны немесе таза шығын. Оның ішінде E1E2В өндірушінің шығыны немесе зияны. Осы шығындарды монополиялық биліктің әлеуметтік шығыны немесе зияны дейді. Qm < Qб монополистік нарықта экономикалық ресурстардың толық қолданбайтынын көрсетеді.
Экономистердің арасында таза монополиялық нарықтың әлеуметтік-экономикалық шығындарына қарамастан, оның қоғамға әкелетін зияны аса көп емес деген көзқарастар да бар. Біріншіден, таза монополист фирмалар сирек кездеседі, екіншеден, қоғамда монополияның билігіне қарсытұратын факторлар бар. Сонымен қатар, монополияның қоғамға әкелетін пайдасы да бар. Монополия өзінің нарықтағы билігін жаңа технология мен төменгі шығынның арқасында орнатады. Сондықтан монополиялық нарықта ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін өндіріске кең енгізуге, жаңа технологияны қолдануға болады деген ойлар айтылады.
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің
нарықты монополияландыруынан қорғау
мақсатында монополияға қарсы реттеу
үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және
заң актілерін қолданады.
Монополияға
қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру
және монополиялау деңгейін реттеуге,
кәсіпорынның стратегия және тактикасын,
шетелдік экономикалық қатынастарды,
баға және салықты реттеуге араласады.
Монополияға қарсы комитеттің негізгі
функциялары:
- өндіріс және айналым сфераларында монополияны
тежеу үшін шаралар жасақтау және оны
іске асыру;
- тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету
шаралары жөнінде нұсқау жасақтау;
- шаруашылық субъектілерді құрғанда,
қайта құрғанда және жойғанда монополияға
қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;
- шаруашылық субъектілерінің өндіріс
саласында дара басымдылығы болмау үшін
ірі мөлшерде акциялар сату және сатып
алуды бақылау;
- монополияға қарсы комитет тауар нарығын
және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында
билік және басқару органдарына кепілдеме
жасақтау;
- еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген
бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту;
- шетел инвестициясын ынталандыру, біріккен
кәсіпорындар жасақтау;
- экспорт-импорт операцияларына лицензия
беру;
- еркін экономикалық аймақтарды жасақтау
және дамыту.
Кәсіпкерліктің субъектісі
– жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар,
біріккен серіктестер: арендалық ұжым,
ашық және жабық акционерлік қоғамдар,
шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Экономиканың негізін
екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар
шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын
қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық
қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар
шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар
дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын
барлық табиғат, адам және адамдардың
өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар:
фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары;
әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік
тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі
транспорт, байланыс құралдары; материалдық
байлықты өндіруге қатынасатын алуан
түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар.
Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи
байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік
қабілеттілік.
Жер – деген түсінікке
барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте
қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін
байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді:
жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар
мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары
т.б.
Капитал немесе «инвестициялық
ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс
құралдары, яғни инструменттер, машиналар,
жабдықтар, фабрика – зауыттар, қойма,
тарнспорт, құралдарының барлық түрлері
және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды
өндіру және қорландыру процесін инвестициялау
дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық
тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді
қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары
қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады.
Инвестициялық тауарға ақша капиталы
кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни
экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша
– бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал
емес, жалған капитал.
Еңбек – бұл кең
мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың
тауар өндіру және қызмет көрсетудегі
күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.
Фирманың нарықта монополиялық билік орнатуы, оның сататын тауар көлемін өзгерте отырып бағаға әсер ету мүмкіншілігіне байланысты. Нарықта монополиялық билік орнатудың негізгі алғышарты – фирманың өніміне нарықтық сұраныс қисығыеың жоғардан төмен қарай еңкіш болуы.
Сұраныс
қисығының жоғарыдан төмен
Бәсекелес фирманың шекті табысы тауардың бағасына тең. Себебі фирма тауардың бағасына әсер ете алмайды. Барлық тауар бір бағамен сатылады. Ал, монополист қосымша тауар сату үшін оның бағасын арзандатуы керек. Себебі оның тауарына нарықтық сұраныс абсолютті икемді немесе икемсіз емес. Яғни, сатылатын тауар саны өскен сайын монополист фирманың шекті табысы біртіндеп төмендейді. Монополистің шекті табысы бағадан төмен. Оны былай дәлелдейдіз:
MR=ΔTR/ΔQ.
Монополист
қосымша өнім сату үшін бағаны төмендетсе,
Q1(ΔР)-ға тең табыстан айыралады.
Бірақ қосымша сатқан өнімнен Р2(ΔQ)-ге
тең табыс алады. Онда жалпы тастың өзгерісі:
ΔTR=Р(ΔQ)+ Q(ΔР).
Енді осы теңдікті өнім көлемінің өзгерісіне (ΔQ) бөлсек, мына теңдікті аламыз:
ΔTR/ΔQ=
MR=Р+QΔР/ ΔQ,
мұндағы ΔР/ ΔQ сұраныс қисығының еңкіштігін көрсетеді.
Сұраныс қисығы еңкіш болғандықтан, монополист фирманың шекті табысы бағадан төмен (MR<P) болады.
Шекті
табыспен сұраныс қисығының еңкіштігінің
арасындағы байланыс болса, онда шекті
табыс пен сұраныстың бағаға икемділігінің
арасында да тығыз байланыс бар. Сұраныс
қисығының кез келген нүктесіндегі сұраныстың
бағаға икемділігі:
Ed=P/Q· ΔQ/ΔР,
яғни, QΔР/ ΔQ= Р/ Q Ed. Осы теңдікті шекті табыстың теңдігіне қойсақ:
MR=Р+QР/ QEd= Р+ Р(1/Ed).
Демек, MR=Р(1+1/Ed). Осы теңдік шекті табыстың бағадан аз екенін дәлелдейді. Сонымен, кез келген өнімнің шекті табысы баға мен сұраныстың бағаға икемділігіне байланысты. Сұраныстың бағаға икемділігі, шекті табыс және
Жалпы табыстың арасындағы тығыз байланыстар бар. Оны 2.1.1. суретіндегі графиктердің көмегімен талдаймыз.
P,MR
MR
0
TR