Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 22:11, курсовая работа
Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополилық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресустарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Кіріспе....................................................................................3
Монополия және оның шығу тарихы..........................5
Монополия және оның түрлері.....................................5
Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке......7
Таза монополия жағдайындағы фирма........................9
Монополияға қарсы мемлекеттік саясат...................12
Монополияның фирмадағы қызметі.........................14
Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті жалпы табыс.................................................................14
Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі.............................................................................16
Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік.............20
Монополияға қарсы саясат.........................................23
Таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеу…………………………………………………23
Монополияның қызметін реттеу және оның салдары.........................................................................26
Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу............................................................................30
Қорытынды.........................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................36
2.1.1 сурет. Монополистің өніміне сұраныс,
шекті табыс, жалпы табыс пен сұраныстың
бағаға икемділігі
2.1.1
суретіндегі графиктерде
Егер монополистің өніміне сұраныс бағаға икемді болса,
бағаның төмендеу шекті табысты төмендеткенмен, жалпы табысты өсіреді. Демек, сұраныстың бағаға икемділігі монополиске бағаны жалпы табыс ең жоғарғы деңгейге жеткенше төмендете отырып, сататын өнім көлемін өсіруге мүмкіндік береді. Егер сұраныстың бағаға икемділігі бірге тең болса, бағаның өзгерісі жалпы табысты өзгертпейді, себебі шекті табыс нөлге тең. Осы жағдайда бағаны ары қарай арзандату сұранысты икемсіз жасайды, шекті табыс нөлден төмен түсшреді, ал жалпы табыс қысқара бастайды. Демек, монополист баға мен өнім көлемін өзгерте отырып, пайданы муйлінше арттыру туралы шешімді тек қана сұраныс бағаға икемді болған жағдайда ғана қабылдайды. Монополист сататын өнім көлемін өсірген сайын шекті табыстың төмендеуі бағаның төмендеуінен жылдамдау болады.
2.1.1 кесте.
Ed, MR, TR арасындағы байланыстар
Сұраныс
бағаға икемділігі |
Шекті табыс
(MR) |
Жалпы табыс(TR) |
1. Сұраныс икемді | MR>0 | TR өседі |
2.Сұраныстың икемділігі бірге тең | MR=0 | TR ең жоғарғы мөлшерге өседі |
3. Сұраныс икемсіз | MR<0 | TR төмендейді |
Сонымен
монополист фирманың өніміне сұраныстың
бағаға икемділігі, шекті табыс және
жалпы табыстың аралығындағы байланыстарды
2.1.1 кестенің көмегімен қорытындылаймыз.
Пайданы ең жоғарғы деңгейге көтеретін өнім көлемін анықтау үшін шекті табыс шекті шығынға тең болуы керек (MC=MR). Бірақ монополист фирманың шекті табысы сататын тауар бағасынан төмен (MR<P). Монополист пайданы ең жоғарғы деңгейге көтеру үшін шекті табыспен шекті шығынды теңестіру керек (MC=MR). Өндіріс процесін оңтайландыру үшін кез келген өндіріс көлемінің шекті табысы нөлден жоғары және жоғарыда аталғандай сұраныс бағаға икемді болуы қажет. Осыдан көретініміз: шекті табыс нөлден жоғары болады, егер монополистің өніміне сұраныс икемді болса. Егер сұраныс икемсіз болса, онда шекті шығын мен шекті табыстың тең болуы мүмкін емес. Яғни, монополист фирма сұраныс икемді болған жағдайда ғана өндіріс көлемін ұлғайта алады.
Монополист
фирмаға пайданы мейлінше көтеру
үшін екі мәселені шешуге тура келеді.
Біріншісі – пайданы мейлінше
жоғарғы деңгейге көтеруге мүмкіншілік
беретін өндіріс көлемін
шешу жолдарын 2.2.1 суретіндегі графиктің көмегімен талдауға болады. Пайданы көтеретін өндіріс көлемі Qmax. Е нүктесіндегі шекті табыс пен шекті шығынның теңдігімен анықталынады.
Енді сататын тауардың бағасын анықтауымыз керек. Ол үшін Е нүктесінен сұраныс қисығына қарай (Е нүктесінен А нүктесіне қарай) тік сызық жүргіземіз. Содан кейін А нүктесінен абсцисс осіне қарай түзу сызық жүргізу ақылы бағаны анықтаймыз. Qmax өнім көлеміне сұраныс туғызу үшін фирма өзінің өніміне Pm бағасын белгілейді. Баға белгілі болғаннан кейін оны орташа шығынмен салстырамыз.
Орташа шығының мөлшерін анықтау үшін А нүктесінен өнім көлемінің осіне қарай жүргізілген тік сызықтың орташа шығынның қисығын қиып өтетін В нүктесін белгілейміз. Енді В нүктесінен абсцисс осіне қарай түзу жүргізу арқылы AСm мөлшері анықталады. AСm бағадан төмен. Демек, Qmax өнім көлемін Pm бағасымен сата отырып, монополист фирма әрбір өнімнен (Pm- Aсm) экономикалық пайда алады. Әрбір өнімнен түскен пайданы жалпы сатылған өнім көлеміне көбейтсек, фирманың жалпы пайдасын анықтаймыз:(Pm-ACm)·Qmax .
Сонымен, монополист фирманың қысқа мерзімде экономикалық пайда алуының алғышарты:
(MR=MC)<P>
Егер монополист өзінің өніміне Pm бағасынан жоғары баға белгілесе, фирманың шекті табысы шекті шығыннан артық болады. Бұл пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтайтын ереже сәйкес келмейді (MR=MC). Шекті табыстың шекті шығыннан артық болуы фирманың өнім көлемін өсіруге әлі де мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Яғни, фирма өнім көлемін өсіре отырып, жалпы пайданы өсіре алады. Ал, егер фирма өніміне Pm бағасынан төмен баға белгілесе, шекті шығын шекті табыстан асып кетеді. Бұл жағдайда пайдасын мейлінше көтерем деген фирмаға өнім көлемін қысқартуға тура келеді.
Нарықтағы сұраныс қысқарса, оның қисығы орнын төмен солға қарай жылжытады. Сұраныс қисығымен бірге шекті шығынның қисығы да орнын төмен қарай өргетеді. Шекті табыс пен шекті шығынның теңдігіне (MR=MC) сәйкес келетін Qmax өнім көлемінде пайда алу үшін сұраныс жеткіліксіз және ACm > Pm. Сондықтан фирманың зияны ACmABPm төртбұрышының көлеміне тең. Демек, қысқа мерзімде (MR=MC)<P<AC жағдайында монополист фирма экономикалық зиян шегеді.
Сонымен, нарықтағы монополиялық билік туралы мынадай тұжырымдар жасауға болады:
1) Монополист фирма нарықта өзінің билігін орната отырып,
өніміне ең жоғарғы баға белгілей алады, деген ой туындамауы керек. Ең жоғарғы баға белгілей отырып, барынша көп пайда алуға сұраныс қисығының еңкіш болуы жол бермейді.
2) Нарықта
монополиялық билік орнату
пайда алуға кепілдік бермейді. Экономикалық пайда тек қана баға емес, сұраныс пен шығынға да байланысты.
3) Нарықта монополиялық билік орнатудың шегі болады.
Мемлекет тарапынан қойылатын бақылау, бәсекелес
Фирмалардың пайда болу мүмкіншілігі, нарықта
субституттардың пайда болуы және тұтынушылардың
сұраныстарының
монополистердің
нарықта орнататын билігін
Монополист тауар бірлігінің бәріне бірдей баға белгілейтін болғандықтан тауардың бағасы монополистің орташа түсімін (AR) көрсетеді. Демек моноплиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы болып табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын сипаттайды:
Графиктен көріп отарғанымыз: белгіленетін баға (Pm) оңтайлы өнім көлеміне сәйкес келеді және ол әрқашан шекті шығыннан (МС) жоғары болады. Бұдан: MR= МС<P – таза монополистің қысқа уақыт мерзіміндегі (MS) тепе-теңдігінің шарты.
P
Pm
Монополиялық пайданы анықтау үшін баға (Pm ) мен орташа шығындардың (АТС) араұатнастарын білу қажет:
¶=(P > ATC)· Q және оны мейлінше арттрады;
- егер AVC <P < ATC болса, онда монополист шығынға
ұшырайды, бірақ оны мейлінше азайта отырып өндірісті
жалғастарады;
-
егер P = ATC болса, онда монополист экономикалық
шығындарын
түгелімен өтейді, бірақ экономикалық
пайдасы 0-ге тең болады.
Монополияланған нарық кезінде фирманың өзі саланы құрайды және оған басқа фирмалардың кіруіне жол жоқ, себебі олар кедергілер көмегімен қорғалады. Бұл, әрине монополия жаңа зауыттар енгізе алмайды деген мағына емес. Салынатын зауыттар монополист-фирманың бір бөлігі (бөлімшесі) болады, сондықтан олар да осы фирманың пайдасын арттырады.
Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды санын LRMC = MR болғанда анықтайды. Бұндағы LRMC – монополистің ұзақ мерзімдегі шекті шығындары.
MR
– монополистің шекті түсімі.
Ұзақ уақыт мерзімінде
Ұзақ
мерзімде нарықтағы фирмалар жаңа кәсіпорындар
салу арқылы өнім көлемін өсіре алады.
Экономикалық пайда нарыққа жаңа
фирмалардың кіруіне себеп
Осы өзгерістер сұраныс пен шекті табыс қисықтарының орнын төмен экономикалық жойылғанша жылжытады. Нарыққа кіретін фирмалардың саны азаяды. Нарықта ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік орнайды. Оны 2.3.1 суретінен көреміз. Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайында сұраныс қисығы ұзақ мерзімдегі орташа шығынның қисығына жанама болып сызылады. Сұраныстың төмендеуінен MR = LRMC теңдігімен анықталатын өнім көлемін (Qm) сату бағаны (Pm) ұзақ мерзімдегі орташа шығын (LRMC) деңгейінде белгілейді. Яғни, А нүтесінде экономикалық пайда нольге тең.