Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 22:11, курсовая работа
Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополилық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресустарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Кіріспе....................................................................................3
Монополия және оның шығу тарихы..........................5
Монополия және оның түрлері.....................................5
Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке......7
Таза монополия жағдайындағы фирма........................9
Монополияға қарсы мемлекеттік саясат...................12
Монополияның фирмадағы қызметі.........................14
Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті жалпы табыс.................................................................14
Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі.............................................................................16
Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік.............20
Монополияға қарсы саясат.........................................23
Таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеу…………………………………………………23
Монополияның қызметін реттеу және оның салдары.........................................................................26
Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу............................................................................30
Қорытынды.........................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................36
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ
ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
«Экономикалық
теория» пәнінен
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Таза монополия жағдайындағы фирма
басқару мамандығының 1-курс
Тексерген: Каримова М.Д.
Алматы 2011
Мазмұны
Кіріспе.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Монополияның
ролі экономикада екі жақты. Оның
жақсы жағы монополилық компаниялардың
өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді,
ал ірі масштабты өндіріс
Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-тендікті мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті болып қабылданады.
Антимонополиялық заңдар 1880 жылы АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылайды.
Қазақстанда 1996 жылы «Бәсеке және сауда нарығындағы монополиялық қызметті шектеу» туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Бірақ, заң әлі жетілмеген және толық қолданылмайды. Монополиялық бәсекелес нарықта фирмалар тауарлардың сапасына, түрі мен түсіне, қасиеттеріне, тауарды өткізудің әр түрлі әдістеріне көп көңіл бөледі. Сондықтан монополиялық бәсекелес нарықтағы фирмалар үнемі жаңа тауар өндіру немесе ескі тауарларға жаңа қасиеттер беру сияқты қызметтермен көп айналасады. Атақты фирма белгілерімен өндірілген тауарлар белгісіз фирмалардың тауарларына қарағанда қымбат болады. Фирманың алдындағы негізгі мақсат – тұтынушыларды өздерінің тауарларының ерекше екеніне сендіре отырып, оларды қымбат баға төлеуге дайындау. Ол үшін фирмалар белсенді түрде жарнамамен айналысады.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өту жолында көптеген қиындықтар мен кедергiлерге тап болуда. Оның объектiвтiк және субъективтiк себептерi бар. Солардан туындап отырған қазiргi дағдарыс кезеңiнен тез шығудағы маңызды шарттардың бiрi — экономикалық бiлiм берудi осы замандық деңгейге көтерiп, жоғарғы бiлiктi кадрлар даярлау. Менiң ойымша, ол үшiн дамыған Батыс елдерiнiң тәжiрибелерi мен экономикалық ой-пiкiрлерiн оқып-үйрену қажеттiлiгi даусыз.
Нарық механизмiнде жеке-дара адам ұйымдар “ненi”, “қалай” және “кiм үшiн” деген үш экономикалық проблеманы шешу үшiн өндiрушiлер мен тұтынушылар рынокта өз еркiмен кездесiп, баға мен өндiрiстiң көлемiн анықтайды.
Бұл
фактiнi бағалау үшiн нарықтық экономиканы
қалыптасқан мысал ретiнде
Тәуелсіздiкке
қол жетуi Қазақстанның көптеген дамыған
және дамушы мемлекеттермен экономикалық
байланыстарын жолға қоюға, бұрынғы
әрiптестерiмен қарым-қатынастарды қайта
құруға, дүние жүзiлiк нарыққа кiру жолымен
iлгерi басуға мүмкiндiк бередi. Сыртқы экономикалық
қызметтi ырықтандыру мемлекеттiң бұл
саладағы монополиясын жойды, кәсiпорындардың,
фирмалардың және жеке тұлғалардың шетелдiк
әрiптестерiмен емiн-еркiн байланыстар
орнатуына мүмкiндiк бередi, қызмет саласында
бәсекелiк негiздер қалады. Қазiргi кезде
республикада бiрлескен кәсiпорындар саны
күрт көбеюде, дүние жүзiндегi аса iрi компаниялардың
өкiлдерi ашылуда, табиғи ресурстарды бiрлесе
пайдалану, шикiзат пен материалдарды
өңдеу жобалары жүзеге асырылуда, аграрлық
салада прогрестi технологиялар енгiзуде
және тағы басқа. Менiң ойымша бәсекелестiк
нарыққа қажеттi. Ендi осыған тоқталайық.
Бәсеке сөзi қақтығысу, жарыс деген
сөздi бiлдiретiн латынның «concurrentia»
деген сөзiнен шыққан. Экономикалық
тiлмен айтқанда, бәсеке - бұл олжалы мәміле
үшiн, барынша көп тиiм алу үшiн нарықтық
қатынастарға қатысушылар арасындағы
күрес.
Монополия (грек – moons – жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополияның мақсаты – нарықта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.
Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құралады және мынадай ұйымдық формалары бар:
Картель – шығарылып отырған өнім мен өткізу нарығын бөлу туралы келісім квотасы (саны).
Синдикат - өнімі бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
Трест – монополияға ететін фирмалардың меншік, өндіріс және өнімді өткізуге байланысты бірігуін айқындайды.
Концерн – қаржы орталығы бір, бірақ жалпы техналогиясы кіріккен әртүрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.
Конгломерат – басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технология байланысы жоқ, ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке нарығы) сипатта дамытады.
Жетілмеген
бәсеке деп еркін бәсекенің
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде нарықта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жағары болмағандықтан, бірде монополист – фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі нарықтық бағаны шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісі көрсетіледі.
Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін нарық (грек. oligos – аздаған, polio – сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылытынын білдіреді.
Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсоня табылады. Ол нарықта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырады, яғни тұтынушылар нарығы монополиясы белең алады.
Таза монополия нарықта ешқандай бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілекттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда нарықта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсоня деп аталады (жалғыз сатып аламын).
Монополиялық билік (monopoly power) – бұл фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті.
Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте салыстырмалы болады.
Моноплиялық биліктің қажетті – фирма тауарының сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болады.
Монополиялық биліктің сандық түрдегі симаттамасын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:
1) моноплиялық биліктің Лернер көрсеткіші: L = (P – MC)/P
тауар бағасының оны өндірудегі шығындардан асып
түсу деңгейін көрсетеді. 0<L<1, L неғұрлым үлкен болған
сайын, фирманың моноплиялық
болады;
2) моноплиялық биліктің индексі (М) бағаның ұзақ мерзімдегі
орташа шығындардан (LRAC):M = (P – LRAC) асып түсу
деңгейін көрсетеді:
3) Херфендаль-Хиршман индексі
мұндағы H – шоғарлану (концентрация) көрсеткіші, Pn – фирманың нарықтағы пайыздық үлесі немесе салалық ұныстағы үлес салмағы. H-ң ең жоғары шамасы – 10000. Егер H-тың шамасы 10000-нан төмен болса, онда нарық шоғарланған болып есептеледі, ал егер H ≥ 1800 болса, онда өндіріс саласы жоғары деңгейде монополияндырылған деп атаймыз.
Монополиялық биліктің негіздері немесе факторлары: