Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 22:11, курсовая работа
Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополилық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресустарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Кіріспе....................................................................................3
Монополия және оның шығу тарихы..........................5
Монополия және оның түрлері.....................................5
Нарықтық экономикадағы монополиялық бәсеке......7
Таза монополия жағдайындағы фирма........................9
Монополияға қарсы мемлекеттік саясат...................12
Монополияның фирмадағы қызметі.........................14
Монополиялық фирманың өніміне сұраныс, шекті жалпы табыс.................................................................14
Монополиялық фирманың қысқа мерзімдегі пайданы өсіруі.............................................................................16
Ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік.............20
Монополияға қарсы саясат.........................................23
Таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеу…………………………………………………23
Монополияның қызметін реттеу және оның салдары.........................................................................26
Монополияға қарсы заңдар және экономиканы реттеу............................................................................30
Қорытынды.........................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................36
Антимонополиялық заңдар 1880 жылы АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылайды.
Қазақстанда 1996 жылы «Бәсеке және сауда
нарығындағы монополиялық қызметті шектеу»
туралы заң қабылданды және антимонополиялық
саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды.
Бірақ, заң әлі жетілмеген және толық қолданылмайды.
Нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін талдау: өндіруші үшін өндірілетін таңдау еркі, тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі қамтамыз ете алмайды. Ал, оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп алады.
Бәсеке (лат, concurred – қақтығысу) – бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.
Бәсеке – нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі форма болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі (біртектес тауарлар арасында) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында) бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.
Бағалық бәсеке таулармен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.
Нарықтықтық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногы деп бөлінеді.
Жеке фирмалардың өнім бағасына
(базар нарқына) әсер етуі
Жетілген бәсеке (еркін бәсеке нарығы) дегеніміз нарықта бір-біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері мен құқықтары бар бәсекенің идеалы бейнесін айтады.
Жетілген бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге шыққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлек бағаға әсері өте төмен болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.
Монополиялық бәсеке кезінде нарықта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жағары болмағандықтан, бірде монополист – фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі нарықтық; бағаны шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісі көрсетіледі.
Монополиялық
бәсекелес нарықта фирмалар тауарлардың
сапасына, түрі мен түсіне, қасиеттеріне,
тауарды өткізудің әр түрлі әдістеріне
көп көңіл бөледі. Сондықтан монополиялық
бәсекелес нарықтағы фирмалар үнемі
жаңа тауар өндіру немесе ескі тауарларға
жаңа қасиеттер беру сияқты қызметтермен
көп айналасады. Атақты фирма белгілерімен
өндірілген тауарлар белгісіз фирмалардың
тауарларына қарағанда қымбат болады.
Фирманың алдындағы негізгі мақсат
– тұтынушыларды өздерінің
Жетілген
бәсекелес нарықта стандартты және
бір-бірінен айырмашылығы жоқ тауарлар
сатылатын болғандықтан, шығын шығарып
жарнама жасау немесе тауарды
өткізудің жолдарын іздеу сияқты
жұмыстар атқарылмайды. Жетілген бәсекелес
нарықта бәсекге түсудің
1.1.1 сурет.
Тауарды өткізу шығындары, жарнама, экономикалық
пайда, сауда көлемі
Монополиялық
бәсекелес нарықта тауарға
Фирма ұтымы жарнама жасау арқылы сұраныс қисығын D2 -ге жылжытады. Жарнамадан кейінгі фирманың орташа шығыны AC+AC* болады. Өнім көлемі Q*(MR2=MC+MC*). Осы өнім көлемі D2 сұраныс қисығының бойымен анықталатын P* бағасымен сатылады. АВ кесіндісі бір өнім бірлігіне шыққан жарнама шығыны. Егер оның мөлшерін сатылатын өнім көлеміне (Q*) көбейтсек, фирманың жалпы жарнамаға шыққан шығынын анықтаймыз. Ұтымды жарнаманың нәтижесінде фирма P*DAC төртбұрышының ауданына тең экономикалық пайда алады. Егер жарнаманың нәтижесінде өскен сұраныс болашақта қысқармайды деген үміт болса, фирма тауарды өткізуге шығатын шығынды қысқарта отырып, экономикалық пайданы одан ары өсіруге тырысады.
Монополистік
бәсекелес фирмаға экономикалық
пайда әкелген жарнама ұзақ мерзімде
нарыққа жаңа фирмаларды тартады
да, бәсекені өсіру арқылы экономикалық
пайданың жойылуына себеп болады.
Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
Әлеуметтік
баға – монополилық билктің
P
A E
Pk
B
1.3.1- сурет
Qk
A
Pm
B
Qm
MR
Таза монополия, жетілген бәсекелес нарықтарындағы тауарды ұсыну көлемі мен оның бағасын салыстырайық. Басқа шарттардың бәрі тұрақты деп санайық.
Жетілген бәсекелес нарығында P = MC (1.3.1- сурет). Штрихталған үшбұрыш А – тұтынушы ұтымы. В үшбұрышы – сатушы ұғымы. Таза монополия нарығында P > MC, тұтынушы ұтымының бөлігі азаяды, ал сатушы ұтымы көбейеді. «D» мен «MC» графиктерінің арасындағы штрихталған үшбұрыш қайтарылмайтын қоғамдық зиянды көрсетеді. Осы айтылғанның өзі монополиялық нарықтың тиімсіздігін көрсетеді.
Таза монополияның жағымсыз салдарлары:
1) Qm < Qk - өнім көлемін азырақ өндіреді;
2) Pm > Pk – бағаны жоғары белгілейді;