Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 16:29, курсовая работа
ҚР жеке тұлғаларды несиелендіру жағдайы мен дамуы, ипотекалық, тұтынушылық несие жайында мәлімет.Нарықтық экономикада несие – банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
— жеке куәлік немесе төлқұжат.
— ҚР салық төлеушінің куәлігі
БТА Банкі жалақы карталарын ұстаушы клиенттер үшін:
— азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросынан анықтама.
— әлеуметтік жеке код .
— жұмыс
орнынан анықтама/еңбек
Қазіргі
коммерциялық банктер туралы сөз
қозғағанда, несиелік жүйенің басқа
да буындары сияқты олардың үнемі
дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері,
бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктер негізінен
өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік
есеп айырысу және қаржылық операциялардың
барлық түрлерімен айналысады.
Кесте-8.
CREDO кредиттік картасын шығару және қызмет
көрсетудің негізгі талаптары.
Кредиттік лимит валютасы | теңге, АҚШ доллар, евро | |
Сыйақының базалық ставкасы, жылдық % | номиналды | тиімді |
24% жоғары | 28,9% жоғары | |
Сыйақының қосымша ставкасы, жылдық % | 20% жоғары | 26,7% жоғары |
Кредиттік лимит | төмен
20 000 теңге немесе 150 АҚШ доллар немесе 100 евро |
жоғары
3 (үш) жалақыға дейін |
Кредиттеу мерзімі және карточканың қолданылу мерзімі | 12, 24 немесе 36 ай | |
Берешекті өтеу | Ай сайын берешек сомасының 10% немесе 100%, бірақ 2 000 теңгеден/15 АҚШ доллардан/10 евродан кем емес | |
Мерзімінен бұрын өтеу | толығымен немесе ішінара – айыппұлсыз | |
Жылдық қызмет көрсету үшін комиссия, теңге | Банк тарифтеріне сәйкес пластик түріне байланысты айына 350 теңге мөлшерінде комиссияны ай сайын төлеу мүмкіндігі бар | |
Банкоматтарда және бөлімшелерде қолма-қол ақшаға айналдыру үшін | комиссия базалық опция | қосымша опция |
2% (Банк желісінде) / 2% мин. 465 тг. (басқа Банктер желісінде) | 3% (Банк желісінде) / 3% мин. 465 тг. (басқа Банктер желісінде) | |
Ескерту: кесте АҚ «БТА» ресми сайтынан алынған мәліметтер негізінде жасалды |
Сегізінші кестеде көрсетілген талаптарға сай ашылған CREDO кредиттік картасын пайдалану мысалын келтірейік. Айталық, CREDO кредиттік картасы БТА Банкінің дебеттік карточкасына жалақы алушы клиентке ашылған. CREDO картасының кредиттік лимиті 50 000 теңгені құрайды. Айталық, клиент соның ішіндегі 10 000 теңгені жаратты (ағымдағы берешек). Жалақы карточкасына жалақының немесе басқа аударымдардың түсуі бойынша, одан ағымдағы берешектің 10%-ы, яғни 1000 теңге және есептелген пайыз, CREDO карточкасына есептен шығарылып, аударылады.
Егер клиент жүз пайыздық өтеу сұлбасын таңдаса, яғни жалақы картасынан ағымдығы берешектің бүкіл сомасы, яғни 10 000 теңге және есептелген пайыз есептен шығарылады.
Көріп отырғаныныздай бұл CREDO кредиттік картасын ашудың көптеген жақсы жақтары бар. Кез-келген жағдайда сіз карточканызды қолдану арқылы өзінізге қажетті сомаға ие боласыз.
БТА банкінің осы үш жыл,яғни,2009-2011 жылдар аралығында берілген несие сомалары жайында айтатын болсақ. Банктің несиеге берген сомалары жыл сайын көбеюде. Бұл көрсеткіштер келесі диаграммада бейнеленген.
Осылай, диаграммадан көріп отырғанымыздай клиенттерге берілген несие жыд сайын өсуде. 2009 жылы бұл көрсеткіш 201436597 мың теңгені құраса 2011 жылы 318693969 мың теңгеге жетті.
“БТА”
банкінің бүгінгі күнгі басты жаңалықтары
жайында айтатын болсақ 2009 жылдың қорытындысы
бойынша «БТА Ипотека» АҚ-ның шығыны 4,7
миллиард теңгені құрады, несие портфелінің
жағдайы 2009 жылдың басында 9 процентке
ол көрсеткіш 2010 жылдың басында дейін
18 процентке төмендеді. Бұған қарамастан
2010 жылда несие портфелінің жағдайын 12-13%
жақсарту жоспарлануда.
2.3 Жеке
тұлғаларды несиелендіру жағдайы
Осы қызметтердің басты ерекшелігі ол назар аударылатын даму процесінде жеке тұлғаларға несие беру және олардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында клиенттердің көп болуымен сипатталады. Тұтыну несиесінің басқа банктік несиелерден айырмашылығы ол қарызды алған кезден бастап белгіленген сый ақы мөлшерін барлық мерзім ішінде жазылып қалады, базалық және басқа ставкалардың өзгерісіне тәуелсіз. Егер ставка тұтас өссе ол клиентке пайдалы, ал егер олар түссе банкке пайдалы.
Несиеге
берілген төлемді өтеу бұл ең кең
тараған тұтыну қарызының стандарттық
атауы, осындай немесе басқа формада
ұсынылуы мүмкін және басқа атаулармен
де, мысалы, несие арқылы алу, меншік
несиелер, ұсақ несиелер, жеке және жедел
несиелер. Осындай несиелердің жалпы
белгісі мерзімнің басында
Клиенттерге осы несиенің артықшылығы қарыз алудың қарапайым-дылығы мен жылдамдығы болып табылады. Банктің тарту факторлары несие өңдеуінің жылдамдығы мен қарапайымдылығы, жеңіл бақылануы, несиеге жоғары процент тәуекелділіктің төмен болуы болып табылады, сонымен қатар, тұтыну несиесі әртүрлі банктік тауарлар мен қызметтерді іске асырудың алғышарты болып табылады.
Қарыз алушының өтінішімен тұтыну несиесіне рәсімдеу басталады. Тұтыну несиесіне түскен өтініш банк үшін мына жағдайда негіз болып табылады: [14,24б]
-қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігін тексеру;
-несиелік келісім-шарт жасау;
-қарызды қамтамасыз етуге келісім-шарт жасау.
Жеке қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін талдау дегеніміз жеке тұлғалардың несие алуға заңды құқығына және жекелеген қасиеттеріне баға беруді айтамыз. Қарыз алушыны бағалағанда банк оның жеке өміріне, өмірлік стиліне көп мағына береді. Банк негізінен өтімділік қозғалмайтын мүліктерін, жұмыс орнын жиі ауыстырмайтын, жанұясы бар клиенттермен жұмыс істеуге тырысады. Осының бәрі банктің алдында клиент өз міндеттерін орындайтынына сенім білдіреді. Банк клиентпен бірінші рет кездескенде оны мұқият зеттейді және оның жеке өмірі мен тұрмыс жағдайы туралы ақпаратты көп мөлшерде алуға тырысады.
Төлем қабілеттілігін талдаған кезде банк керекті деректерді сұрауы мүмкін, сонымен қатар жұмыс орнынан да және берілген деректерді тексеруі мүмкін. Егерде банк құжаттарының дұрыс емес жағын анықтаса онда қарыз алушыға тұтыну несиесін беруден бас тартады. Егер қарыз алушы банктің клиенті болса, онда несиелік қатынастардың банктік тарихы берілген қарыз алушымен бағаланады.
Потенциалды қарыз алушының несиелік өтеу қабілеттілігін талдағанда оны екі негізгі әдіспен анықтауға болады: эксперттік бағалау және балдық жүйенің көмегімен.
Эксперттік талдау негізінде әдістерді пайдалана отырып, банктер жалпы экономикалық тұрғыдан қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауға енеді. Ақпараттарды талқылаған соң эксперттер тұтыну қарыз беру мүмкіндіктерін қарастырады.
Балдық
жүйені қолдану эксперттік бағалауды
қолдануға қарағанда бұл
Қарыз
алушының несиені өтеу қабілеттілігінің
балдық жүйесінің жеткілікті дәрежесін
Д.Дюран моделінің көмегімен
Потенциалдық қарыз алушыларға балды есептеу келесі коэффициенттермен анықталады:
-жасы: 20 жылдан жоғары жыл сайын 0,01 балл (максимум 0,3);
-белгілі бір тұру тәртібі: жыл сайын тұрған сайын 0,042 балл (максимум 0.42);
-мамандығы: мамандығына тәуекелдің төмен болуы 0,55 балл, жоғары болуы 0 балл және 0,16 балл басқа мамандықтар үшін;
-жұмыспен қамтылу: берліген кәсіпорында жыл сайын жұмыс істеу 0,059 балл;
-қаржылық көрсеткіштер: 0,45 балл банктік шоттардың қолда барына, 0,35 балл қозғалмайтын мүліктерге иеленуіне, 0,19 сақтандыру полисінің бар болуына.
Төлем қабілеттілігін талдау деп, қарыздық міндеттемелерді қарыз алушының тұтыну қарыз есебіне күнделікті өтеудің қаржылық мүмкіндіктерін талдау. Банк жеткілікті жеке құралдарды потенциалдық қарыз алушылар үшін дер кезінде қарыздардың орнын толтырудан кейін басқаларға наразылықтарын қанағаттандыру және осы соманың өтелген қарыз төлемімен ссуданы өтеу және ол бойынша проценттер талданады. Жеке тұлғаның пайда көзі жұмыс ақысы болғандықтан банк оның орташа деңгейін тексереді. Банк шотына жұмыс ақысы тікелей салынса осы жөнінде клентпен келісу керек. Ең алдымен оның табысының сенімділігін анықтау қажет [15,22б].
Қарыз
алушы банкке тұтыны судасын өтінген
өтінішімен бірге банк ақпараттарының
талаптарына жауап беретін
Қарыз алушының тұтыну ссудасын өтеудің басты көзі оның айлық табысы болып табылады, сондықтан оның өтінішінің басты бөлігі “айлық табыспен есеп айырысу”. Таза сомасын алу үшін ол оның шығындарын есептеу керек. Осындай есептеу банкте былай жүргізіледі:
А. айлық табыс: жұмыс ақысынан салықты ұстап қалу, балалар жәрдем ақысы, зейнетақы, бағалы қағаздар және депозиттер бойынша сыйақы, басқа табыстар, барлығы;
Б. Айлық шығын: ағымдағы шығындар, сақтандыру салымдары, бұрын берілген ссудаларды өтеу, пәтерге төлем ақы, басқа шығындар, барлығы.
Жайғастырылған табыс = А – Б. Қарыз алушының айлық қарызды өтеуді жайғастырылған табыс мүмкіндіктерімен салыстырып, бөліп оның төлем қабілеттілігін анықтайды. Егерде қарызды өтеу сомасы жайғастырылған табыстың сомасынан асып кетсе банк қарыз алушының өтінішінен бас тартады. Д (Д = процент + негізгі қарыз); Егерде қарызы 60 % төмен болса ғана банк потенциалдық қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалайды.
Арнайы коэффициенттерді банк тұтыну ссудасының барабар несие тәуекелділігінің мөлшерін жабу үшін қолданады, ссуданы өтеудің төлемінің мөлшері аз және қарыз алушының табысын максималды қарызын сипаттайды (к1 және к2); [16,6б]
к1
= қарызды өтеудің төлемінің
к2 = берешектің максималды жіберілген мөлшері / қарыз алушының табысы
Осы
коэффициентерді пайдалана
Жақсы
көрсеткіштер шыққанда, банк тұтыну қарызының
келісім-шарты негізінде
Сызба-7.
Тұтыну қарызының негізгі сипаттамасы.
Тұтыну несиесін рәсімдегенде оның құнына назар аударылады, оған сыйақы мөлшері, беру комиссиясы, ссуданы өтеуді рәсімдеу, бақылау кіреді және басқа факторлар есептелінеді. Банк ресурстарымен тартылған нақты құны ссудамен байланысты қарыз алушының сенімділігі және тәуекел дәрежесі қарыз алушы мен банк арсындағы қарым-қатынас. Тұтыну ссудасындағы банктің минималды табысын мына формуламен анықтайды:
D = (S + M) x K + R
D – қарыз бойынша кіріс