ҚР жеке тұлғаларды несиелендіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 16:29, курсовая работа

Краткое описание

ҚР жеке тұлғаларды несиелендіру жағдайы мен дамуы, ипотекалық, тұтынушылық несие жайында мәлімет.Нарықтық экономикада несие – банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

Файлы: 1 файл

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕНДІРУ22.docx

— 135.99 Кб (Скачать)

    Қалдық  бойынша несиелеу барысында несие  ссудаға деген қажеттілікті туындататын  тауарлы-материалды құндылықтар мен  шығындар қалдықтары-мен өзара байланысқан. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылық-тардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде  беріледі, ал қажетті материалдарды  сатып алу шығындары авансылау  үшін берілмейді. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде объектісі толығымен қамтылады.

    Айналым және қалдық бойынша несиелеудің  іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде  айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.

  Несиелеу  әдістері  несиені беру және қайтаруға  арналған  ссудалық шоттар формаларын  анықтауға  негіз  болады.  Несиенің  ұйымдастырылу  қозғалысы банктің  клиентке ашқан ссудалық шотында  көрсетіледі.

    Ссудалық  шот – клиенттің банктен олған  несиесіне байланысты қарызы көрсетілетін, яғни ссуданың берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді.

      Несиенің берілуі мен өтелуі, қарыздың көрсетілуінің ортақ біртұтас сызбасы барысында ссудалық шоттар өзара бөлінеді:

  • ашылу мақсатына қарай;
  • айналыммен өзара байланысы бойынша.

    Ашылу мақсатына қарай ссудалық шоттар депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда, клиент өзінің банктік  депозитке салынған меншікті қаражатын  жұмсап қойған кезде ғана белгілі  бір мөлшерде несие алуға хұқық  алады. Егер бұл шотта дебеттік қалдық шықса, онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.

    Айналымы  мен өзара байланысы бойынша  ссудалық шоттардың үш типі болуы  мүмкін: [12,26б]

  1. айналым-төлемдік;
  2. қалдықты-компенсациялық;
  3. айналым-қалдықтық.

    Осы үш типі мәні жағынан несиелеудің  үш әдісіне сәйкес келеді.

    Айналым-төлемдік шотты ашу барысында клиент әр түрлі қажеттіліктерге байланысты төлем құжаттарын: тауарлар мен қызметтер  шотын, жалақыға берілетін чектерді, берешек қарызды өтеуге, салықтар мен басқа да төлемдерді аударуға байланысты төлем тапсырмаларын  төлеуге мүмкіндік алады.

    Сонымен,несие экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономикалық тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады. 
 
 
 
 
 
 

2. Республикадағы коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіруі

2.1 Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендірудің  анализі

 

Қазақстан Республикасының банктік жүйесі олигополиялық болып табылады. Үш ірі банкке,яғни бұл, АҚ «Казкоммерцбанк»,АҚ «Банк ТұранАлем» және АҚ «Халық банк»-ке банктік жүйе активтерінің 60,95% тиесілі. Іскерлiк белсендiлiктiң анализін анықтау мақсатында қаржы мәлiметтерi Қазақстан Республикасының он ірі банк негізінде 2010 жылдың көрсеткіштері алынған. Бұл көрсеткіштер бірінші кестеде көрсетілген.  

    Кесте-1. Екінші деңгейлі банктердің 2010 жыл бойынша активтер анализі 

Банк  аты  Банк валютасы Өтімділік активтер 1санатты капитал Клиенттер алдындағы  міндеттеме Қаржылық активтер Материалдық активтер
АҚ  “Казкомерцбанк” 286.04 12.62 25.37 359.52 257.72 4.42
АҚ  “БТА” 228.68 11.50 22.35 335.54 215.17 1.46
АҚ  “Халық банк” 219.11 13.45 16.76 333.15 201.10 7.07
АҚ"АТФБ” 68.00 7.49 5.48 234.40 63.30 1.83
АҚ“БанкЦентрКредит” 59.66 6.75 4.99  233.75 55.41 1.22
АҚ  “СитиБанк” 29.24 3.13 5.47  215.72 28.19 0.49
АҚ  “Нурбанк” 46.95 11.39 5.70 214.82 44.48 0.65
АҚ“ДАБ ABN AMRO БанкКазахстан” 29.88 2.36 5.38  209.46 27.95 1.02
АҚ“Евразиялық Банк” 32.55 2.78 4.32 207.76 30.87 0.28
АҚ  “Темір Банк” 24.22 2.47 3.83  210.59 21.98 1.27
Басқалары 179.56 14.61 32.46  301.52 162.15 8.89
Ескерту: кесте Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі банк секторының жағдайы  туралы жасаған отчет негізінде құрастырылды.
 

Əлемдік қаржы дағдарысының шиеленісуіне байланысты 2009 жылы кредит нарығы тоқыраушылық жағдайында болды. 2009 жылы банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 7 644,0 млрд. теңгеге (51,5 млрд. долл.) дейін 2,5%-ға өсті. Банктердің экономикаға   кредиттерінің ЖІӨ-ге қатынасының көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы  46,9%-дан 48,1%-ға дейін көтерілді. 2008 жəне 2009 жылдары (өсуі тиісінше 2,8% жəне 2,5%) байқалған кредиттік белсенділіктің айтарлықтай баяулауы, 2010 жылы кредиттеудің төмендеуіне əкелді. 2010 жылы банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 7 596,5 млрд. теңгеге (51,3 млрд. АҚШ долл.) дейін 0,6%-ға төмендеді[26].

  Банктердің экономикаға кредиттерінің ЖІӨ-ге қатынасының көрсеткіші 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 44,9%-дан 35,3%-ға дейін төмендеді.

Диаграмма-1. 2008-2010 жылдар аралығында Республикада жеке тұлғаларға берілген несие.  

       Диаграммадан көріп отырғанымыздай 2008 жылы тұтынушылық кредиттер 1 063,7 млрд. теңгеге дейін 11,9%, ал ипотекалық кредиттер 650,6 млрд. теңгеге дейін 4,7% төмендеді. Ал 2009 жылы тұтынушылық кредиттер 928,1 млрд. теңгеге дейін 12,7%-ға төмендеді, ал ипотекалық кредиттер 690,2 млрд. теңгеге дейін 6,1%-ға ұлғайды. 2010 жылы бұл көресткіш жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 29,1%-дан 27,9%-ға дейін төмендеді.

           2009 жылдың жəне 2010 жылдың бастапқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша несие портфелінің неғұрлым өсу қарқыны – 7,6%, 2010 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша – шетелдің қатысуы басым (капиталға қатысуы 50% астам) банктер алда болды. Шетелдік банктердің кредиттік белсенділігінің жоғары болуы, ең алдымен, осы банктердің негізгі компаниялар тарапынан қорландыруға рұқсатының болуымен байланысты. Сонымен қатар банк жүйесінің жиынтық жарғылық капиталына шетелдік қатысу үлесі 2009 жылы айтарлықтай азайды, бұл бірқатар банктерді мемлекеттің есебінен қосымша капиталдандырудың айтарлықтай көлеміне байланысты. Мəселен, банктердің жиынтық жарғылық капиталына шетелдік қатысу үлесі 2008 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 47,8%-дан 2010 жылдың үшінші тоқсанының аяғында 14,0%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіштер  екінші диаграммада көрсетілді.[26]

    Тұтастай  алғанда, Қазақстандағы шетелдік банктер  неғұрлым сапалы заемшылармен жұмыс  істегенді жөн көреді. Алайда 2008-2010 жылдардағы кезеңде банктердің осы  тобының шеңберінде проблемалық  заемдар үлесінің барынша тез  өскені байқалды: 2010 жылғы үшінші тоқсандағы жағдай бойынша несие портфеліндегі 5-ші санатты күмəнді жəне үмітсіз  заемдардың үлесі 14,5% болды (2007 жылдың аяғында – 2,9%). Шетелдік банктер  тобының несие портфелі сапасының  төмендеуі көп жағдайда 2008 жылы шетелдік банктердің санындағы портфельге салыстырмалы түрде алғанда жоғары тəуекелді кредиттердің – тұтынушылық, ипотекалық жəне құрылыс компанияларына берілетін заемдардың айтарлықтай көлемі кірген АТФ Банктің кіруіне байланысты болды. 

    Диаграмма-2. Күмəнді заемдардың жəне үмітсіз заемдардың банктер топтары бойынша несие портфеліндегі үлесінің динамикасы.  
 

    Тұтастай  алғанда, 2009 жылы – 2010 жылдың бастапқы үш тоқсанында қазақстандық банктер, ірілері  де жəне ұсақтары да несие портфелі өсімінің барынша аз қарқынын көрсетті. Бұл ретте, егер дағдарыстың «өткір»  кезеңінде банктердің кредиттік  белсенділігі төмен болуы негізінен  қорландырудың жеткіліксіз болуынан жəне өтімділік проблемаларымен  түсіндірілсе, 2010 жылы бұл проблемалар  банктер үшін өзінің маңыздылығын жойды. Қазіргі кезде жаңа заемдарды  беру көлемінің төмен болуы, ең алдымен, көптеген банктердің «тəуекелге тəбетінің» төмендігінен, бірқатар жағдайларда  заемшылар тəуекелдерінің жоғары бағалануынан деп түсіндіріледі.

    Сонымен қатар мынаны атап өту қажет, ірі  банктер портфелінің сапасы 2009 жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай  төмендеді: несие портфеліндегі 5-ші санатты күмəнді жəне үмітсіз  заемдардың үлесі 8,5%-дан 22,5%-ға дейін  өсті. Бұл ретте, егер 2009 жылы дағдарыстың  өткір кезеңі басталғанға дейін  банктер кредиттік портфельдің  сапасын қайта құрылымдау арқылы басқарса, 2009 жылдың бірінші жартысында проблемалық жəне əлеуетті проблемалық  заемдарға қайта құрылымдауды жүргізуге  арналған ресурс айтарлықтай мөлшерде таусылды. Мұның салдары – ірі  банктер портфелінің сапасы күрт құлдырап кетті, оның қарқыны 2010 жылы ғана баяулады.[26]

    Сонымен бірге басқа (ұсақ жəне орташа) банктердің кредиттік портфелі сапасының нашарлауы  айтарлықтай аз көрініс тапты: 2010 жылдың үшінші тоқсанының аяғындағы  жағдай бойынша банктердің осы топтарындағы жиынтық портфельдегі 5-ші санатты  күмəнді жəне үмітсіз заемдардың үлесі 10%-дан аз болды. Банктердің осы  тобындағы кредиттік портфель сапасының  нашарлау қарқыны дағдарысқа дейінгі кезеңде қарқынды кредиттік экспансияны жүргізген ірі банктер шағын банктермен салыстырғанда латенттік тəуекелдердің айтарлықтай үлкен көлемін өзіне қабылдауынан айтарлықтай төмен болды.

2010 жылы  қайта құрылымдау аяқталған үш  банкке қатысты алатын болсақ, олардың кредиттік портфелінің  жиынтық көлемі үмітсіз заемдарды  баланстан есептен шығару үрдістерінің  қарқындауына байланысты төмендеді.  Мəселен, егер 2009 жылдың аяғында  банктердің осы тобының жиынтық  портфеліндегі 5-ші санатты жəне  үмітсіз заемдардың үлесі 75,3% құраса, 2010 жылғы үшінші тоқсанның  аяғында 68,6%-ға дейін төмендеді.  Жүйе бойынша тұтастай алғанда,  проблемалық заемдардың неғұрлым  көп бөлігі банктердің осы  тобының кредиттік портфеліне  шоғырланғанын атап айту қажет.

Төменде көрсетілген кестеде сіз Республика бойынша жеке тұлғаларға берілген барлық кредиттер санын көре аласыз.(кесте-2)  

Кесте-2. 2010 жыл ішінде аймақтар бойынша банктердің берген кредиттері

                                                                                                          

Облыстар                         Жеке тұлғаларға
Республика  бойынша барлығы 186 339 Қысқа мерзімді млн теңге Ұзақ  мерзімді млн теңге
Ұлттық  валютада Шетел валютада Ұлттық валютада Шетел валютада
5019 380 13080 3574
Ақмола  1 319 133 0 221 35
Ақтөбе 5318 141 0 455 167
Алматы  1263 92 1 372 18
Атырау 8200 251 9 633 174
Шығыс Қазақстан 5069 196 23 1201 184
Жамбыл 1129 105 2 304 36
Батыс Қазақстан 3522 111 1 285 110
Қарағанды 5333 323 13 626 512
Қостанай 3760 105 3 263 176
Қызылорда 1171 53 3 337 42
Маңғыстау 1559 182 0 494 117
Павлодар 5703 514 1 371 41
Солтүстік Қазақстан 2131 105 1 225 3
Оңтүстік  Қазақстан 1441 99 0 582 140
Алматы 124096 2455 321 5654 1511
Астана 15326 155 3 1027 308
Ескерту: Қазақстанның Ұлттық Банкі сайтынан алынған мәлімет негізінде жасалған

Информация о работе ҚР жеке тұлғаларды несиелендіру