Egretta garzetta
Кіші аққұтан
Өзінің таралу аймағында сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділдің атырауы мен Жайықтың сағасының аралығымдағы Каспийдің солтүстік жағалауында тал мен қамысы қалың көлдер мен өзендерді, оның тармақтарын және теңіз жағалауын мекендейді. Кейінгі жылдары саны азайып кетті. Бүкіл Солтүстік Каспий аймағында небәрі 1 мыңнан аспайтын кіші аққұтан тіршілік етеді. Олардың Еділ атырауы мен Жайық сағасындағы мекенінде қорықтар ашу қажет.
Ciconia ciconia asiatica
Ақ ләйлік
Аз санды түрше Қазақстанда жойылып бора жатса, көршілес Өзбекстанда оның саны айтарлықтай сақталған. Ақ дегелектің ұясы Шымкенттің оңтүстігінде ғана сақталған, кәзір мұнда 15-30-дай ұясы бар. Жалпы саны жылдан-жылға кемуде. Елді мекендерге жақын орналасады, сондықтан адамдардың қарым-қатынасы оларға көп әсер етеді. Таяз сулпардың азаюынан азық қорының кемуі, улы химиялық заттарды пайдалану дегелектердің жойылуына бірден-бір себеп болып отыр. Бұл құстың әрбір ұясын қорғауға алу қажет.
Plegadis falcinellus
Қарабай
Саны күрт кеміп бара жатқан тур, таралуы ойдым-ойдым. Үстіміздегі ғасырдың ортасында Арал мен Торғай су алаптарында, Балқаш маңында ұялайтын. Кәзіргі кезде тек Солтүстік Каспий маңын мекендейді. Мұндағы сирақты құстардың аралас тобында қарабайдың 173 қана ұясы бар. Қамысты жерлерде тіршілік етеді. Санының азаюына әсер ететін негізгі факторлар - су деңгейінің көтеріліп кетүі, қамысты шауып алу, өрттің ж иілігі, аңшылық, ұялы мекенін адамдардың мазалауы
Aquila rapax
Дала қыраны
. Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған. Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп - жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет.
Aquila chrysaetos
Бүркіт
Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.
Aquila heliaca
Қарақұс
Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Қазақстанда солтүстік ендік бойынша 53-ші градусқа дейін кең тараған; ол тек биік таулар мен мүлдем орманы жоқ аудандарда ғана кездеспейді. Саны белгісіз, бірақ 50-60-шы жылдардағы күрт төмендеуден кейін қайтадан қалпына келуі өте баяу жүрсе, ал кейбір жерлерде - мүлдем жоқ. Басқа бүркіттер сияқты электр жүйесін тарату тіректерінде жиі өлім-жітімге ұшырайды, кейде бүркіт орнына аулаушы қүс ретінде қолда ұстау үшін ұядан да балапандарын алады. Қарақұсты қорғау үшін үгіт насихатты жандандыру, белгілі ұя салатын орындарды қорғау және орманы жоқ, аудандарда оларды ұялауға тарту үшін ағаш басына жасанды ұялар тұғыры н жасау қажет
Gypaetus barbatus
Сақалтай
. Саны тұрақты болғанымен аз, сирек кездесетін түр. Қазақстандо Талас Ала-тауынан Жоңғар Алатауына дейінгі тау жоталарында таралған, ұясын таудың жартасты-құзды жерлеріне салады. Санының қанша екені белгісіз, дегенмен 100-ге жете бермес. Ақсу-Жабағылы және Алматы таулы қорықтарында 20 шақтысы қорғауға алынған. Олардың қорықтардан тысқары ұяларын тауып, оны қорғап, саяхатшылардың сақалтайдың ұясы бар шатқалдарға бармауын қадағалап, қолдан өсіруді жолға қою керек
Gyps himalayensis
Құмай
Аз зерттелген, сирек кездесетін құс. Тибет, Гималай, Памир-Алай жене Тянь-Шаньды мекендейді. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы биік тау жоталарында, тау орманынан жоғары тіршілік етеді. Санының азаю себептері анықталмаған, шамамен оған улы жемдерден өлуі және оның қорегі-жабайы тұяқтылардың азаюы себеп болуы мүмкін. Ұяларын тауып, оларды қорғауға алу керек, мүмкін, қыста қосымша жемдеуді үйымдастырып, қолдан өсіру тәсілдерін табу керек шығар. Neophron percnopterus
Жұртшы
Сирек кездесетін түр. Африканың, Оңтүстік Европаның және Азияның тауларында кең тараған. Қазақстанда Тянь-Шань сілемдерін, Үстірт пен Маңқыстаудың құлама жарларын мекендейді. Шөлдегі таулардың құзды-жартасты жерлерін немесе ірі жоталардың құрғақ бөктерін ұнатады. Саны аз әрі біраз кеміп келе жатыр. Санының азаю себептері - заңсыз аулау, қақпанға түсуі, қақпан маңындағы уланған жемді жеп алуы. Қаратау мен Іле алқабында қорықтар ұйымдастырып, заңсыз аулаушылармен күресті күшейтіп, сондай-ақ уланған жемдерді пайдалануды шектеу шараларын белгілеу керек.
Falco cherrug
Ителгі
Қазақстанда бұл түрдің кейінгі 3-4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупы бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сатү үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағлы, Наурзым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек.
Falco pelegrinoides
Бидайық
Жойылып кету қаупы бар өте сирек түр. Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы жене Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ал Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулардың шағын аймақтарында мекендейді. Қазақстанда саны өте аз, солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1 -5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ. Олардың ұяларын тауып, оны қорғоу керек және қолдан өсіру әдістерін зерттеу қажет
Falco peregrinus
Лашын
Жойылып кету қаупы бар түр. Лашын жер шарында кең тарағанмен, Қазақстанда анық екі-ақ жерде ұясын тапқан-біреуі Наурыз қорығында 1935 ж., екіншісі -Оңтүстік Алтайда 1958 жылы табылған. Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкімде көрген емес. Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен, біздө қыстайтындарының саны азаюда; мысалы, Алматыда 1883-1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған. Қолдан өсіріп, жетілген балапандарын еркіне жіберу керек.
Falco rusticolus
Ақ сүңқар
Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен Ев-разияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақ-станда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлык, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет.
Pandion haliaetus
Балықшы тұйғын
Жойылып кетү жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл (Оңтүстік Алтай), Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60-70 -ке дейін (оның жартысы Шығыс Қазақстанда) кеміді. Негізгі себептер - орманды кесу, балық қорларының таусы-луы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет.
Tetraogallus altaicus
Алтай ұлары
Таралу аймағы шағын сирек кездесетін тур. Қазақстанда Оңтүстік Алтайдың таулы аймағында (оған Марқакөл қорығы да кіреді) мекендейді. Саны белгісіз, бірақ, осындай шағын аумақта бірнеше ондап кездесуі мүмкін. Өте сирек бұл құсты қорғауды онан сайын күшейтіп, шопандар мен аңшылар арасында үгіт-насихатты кең таратып, оның заңсыз аулануын тежеу керек.Питомниктерде қолдан өсіруді жолға қойып, табиғи санын көбейту орынды болар еді.
Anthropoides virgo
Ақбас тырна
Саны қалпына келе жатқан түр, туыстың Солтүстік Евразиядағы бірден-бір өкілі. Қазақстанның солтүстік бөлігі мен оңтүстік-шығысының далалары мен шөлейттерін мекендейді. 60-шы жылдары тың даланың қабырғасы сөгілген соң, саны күрт төмендеді, бірақ 80-ші жылдардың саңына қарай бүл тырна дәнді дақылдар егістіктерінде ұялай бастады, оның саны 50-60 мың басқа дейін өсті. Ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде бұл түрдің жұмыртқалары мен балапандарын сақтап қалудың жан-жақты шараларын дайындау қажет.
Grus grus
Сұр тырна
Саны үздіксіз кеміп бара жатқан кең тараған түр. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды-далалы аудандарда көптеп, ал республикамыздың оңтүстік-шығысындағы өзен алқаптарында өте сирек кездеседі. Қамыс пен құрақ қалың өскен таяз өзендер мен көлдердің батпақты учаскелерін мекендейді. Негізгі биотоптарын меңгеру және құрғату түрге қауып-қатер төндіреді. Саны анықталмаған, оның кеміп бара жатқаны ғана белгілі. Тырнаның мекендейтен жерлерінде қорықтар мен қорықшалер аз. Оларды, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында құру қажет.
Grus leucogeranus
Ақ тырна
Жойылып кету жағдайында тұрған түр, Солтүстік Азияның әндемигі. ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелген. Ресейдің солтүстігінде ұялайды, Қазақстанда наурыз-мамыр және қыркүйек-қараша ойларында, ондада республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғой қорығын құруды тездету қажет.
Chlamydotis undulata
Жорға дуадақ
Өзінің таралу аймағының әр жерінде жойылып кету қаупы бар түр. Қазақстанда оның саны әліде жеткілікті. Шөл мен шөлей таймақтарын - Қазақстан жазықтығының оңтүстік бөлігін түгел мекен етеді. Республикамыздағы жалпы саны 30 мың шамасындай. Үстірт қорығында тіршілік ететін популяциясының шамалы бөлігі ғана қорғалады. Бұл түрді заңсыз аулайтындардан қорғау үшін тағы да екі қорық үйымдастырып, Бетпақдала мен Қызылқұмда, сонымен қатар заңсыз аулайтындармен күрес ш араларын қатайту керек.
Otis tarda
Дуадақ
Жойылып кетү қаупы бар тур. Бұрын Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы дала мен тау бөктерлеріне кең тараған еді. 50-шы жылдары тың жерлерді игерудің нәтижесінде көп жерлерде жойыла бастады, екіншілерінде саны оншоқты есе азайды. Кәзіргі уақытта Қазақстандағы саны белгісіз, өте сирек кездеседі және әр тобында 18-ден аспайды. Қазақстанның далалық аймағында оларды қорғайтын қорықтар жүйесін ұйымдастыру қажет.
Otis tetrax
Безгелдек
Осының аз-ақ алдында жойылып кетуге жақындаған, ал, кәзір өзінің санын шамалап көбейтіп келе жатқан түр. Бұрын республикамыздың далалық аймағының барлық жерінде кездесетін, әсіресе, ақ селеулі және бидайықты аудандарын ұнататын. Тыңды жаппай игергеннен кейін, негізінен батыс облыстарда сақталып қалды. Қәзіргі сақталған аудандарында жүздеп кездеседі, жалпы саны мыңдап есептелінеді. Барлық жерде де саны көбейіп келеді, кейбір бұдан 20-30 жыл бұрын жойылып кеткен жерлерде де кездсетін болды. Бұл турдің жиі мекендеген жерінде оны корғайтын қорықшалар ұйымдастыру қажет.
Porphyrio porphyrio
Көкмаңдай
Саны аз түр, Қазақстан территориясында таралу аймағының солтүстік бөлігі тек солтүстік-шығыс Каспий өңіріне еніп жатыр. Жағасында су құрақ пен қамыс өскен ащы және тұщы су қоймаларын мекендейді. Қазақстандағы саны - оншақты жұп. Республикада арнайы еш жерде қорғалмайды. Түрді қорғау үшін Жайық өзенінің сағасындағы олар ұялайтын жерлерде қорықша құру қажет.
Ibidorhyncha struthersii
Орақтұмсық
Сирек кездесетін шағын аймақта ғана мекендейтін, Орталық Азия биік таула-рының эндемигі. Биік таулардағы аумағы кішкентай үсақ тасты биотоптарды өзгерту құстың оңай құрып кетуіне себепші болады. Қазақстанда Солтүстік Тянь-Шанның биік тауларында бірнеше жерлерде ғана ұялайды. Республикадағы жалпы саны 200-ден аспайды, соңғы жылдары санының азаю тенденциясы байқалмайды. Түрдің ұялайтын негізгі екі ошағында екі қорықша ұйымдастыру және Алматы төңірегінде түрді қорғауды тәртіпке келтіру қажет.
Podoces panderi ilensis
Іле жорға торғайы
Таралу аймағы шағын әрі оңашаланған жорға торғай түршесі, Қазақстан әндемигі. Оңтустік Балқаш өңірінің шөлдерінде, негізінен Балқаш көліне құятын Іле мен Қаратал өзендерінің аралығында кездеседі. Сирек сексеуіл өскен құмды шөлдерді мекендейді. Саны толық анықталмаған, бірақ кейбір жылдары ол күрт өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Мекендеуге өте қолайлы жерлерде 5x3 шақырым аймақта 13-ке дейін ұя есепке алынды. Түршеге нақты қауып - сексеуіл тоғайын кесу және ол мекендейтін жерлерді өзгерту. Балқаш өңірі қорығын құруды тездетү қажет.
Carpodacus rubicilla
Үлкен құралай
Сирек кездесетін, аз санды, жете зерттелмеген құс. Орталық Азияның биік тауларын мекендейді, Қазақстандағы ұялайтын жерлері белгісіз. Саны анықталмаған, дегенмен оншо көп болмаса керек; әзірге белгелі бізге қыстайтын екі жер: Алматының төңірегі мен Ақсу-Жабағылы қорығы. Үлкен құралай бірнеше ондап қана кездеседі. Бұл түрге негізгі қауып - сайрағыш құстарды аулап, сатуды кәсіп еткендер. Қысқы мекені көлемі жағынан шағын, әрі қолайлы болғандықтан оларды аулау оңай. Аз зерттелген бұл түрді қорғау шараларын белгілеу үшін оның таролуын, санын, биологиясын анықтау қажет.
Myophonus caeruleus
Көкқұс
Сирек кездесетін шағын аймақты мекен-дейтін туыстың Қазақстандағы бірден-бір өкілі. Тянь-Шанның кейбір шатқалдарында, қүздардың таудың тасқынды суларына түскен жерлерінде тараған. Теңіз деңгейінен 1200-2700 м биіктіктегі сарқырамалар мен тар жерлерді ұнатады. Саны толық анықталмаған, десе де қолайлы қоныстарында біршама жағоры - 5 шақырым өзен арнасында 7 ұяға дейін болады. Ақсу-Жабағылы мен Алматы қорықтарында қорғалады. Алматы маңында ұялардан балапандарды алуды қатаң бақылау қажет.
Pelecanus crispus
Бүйра бірқазан
Аз санды, шектеулі жерлерге ұя салатын түр. ТҚХО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Евразияның оңтүстік бөлігіндегі көлемді суларды мекендейді. Қазақстанда ұялары Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шымкент облыстарының, Балқаш-Алакөл және Зайсан ойпаттарының өзен-көлдерінде сақталған. Республикамызда 4 мыңдайы ғана ұялайды. Санының азаюына негізгі себептер-заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау. Бұл түрді сақтау үшін Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында қорықтар ұйымдастырып, оны заңсыз аулаушыларға және өртке қарсы күрес шараларын жүргізу керек.