Қорықтар. Қызыл кітап

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:10, реферат

Краткое описание

Саяхатқа дайындық кезеңі. Оқушыларға компъютер арқылы тыңдатамын: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған «Қаратөбе мектеп-гимназиясының» әуежайы. Мектеп-гимназия – Наурызым қорығы – Қорғалжын қорығы – Марқакөл қорығы - Батыс Алтай қорығы - Алакөл қорығы - Ақсу – Жабағылы қорығы – Алматы қорығы - Барсакелмес қорығы – Үстірт қорығы- Қызыл Кітап бағыттары бойынша сағат 14:50-де «Эйр Қаратөбе» компаниясының ұшағына отырғызу басталады. «Егер сіздер қорықтар, Қызыл кітап, оған енген өсімдіктер мен жануарлар жайында тереңірек білгіңіз келсе, қорғау шараларына қатысамын десеңіз бізбен бірге саяхатқа шығыңыз».

Файлы: 1 файл

bainiyazova-gulbarshin-koriktar.doc

— 241.00 Кб (Скачать)

І санат-жойылып бара жатқандар.Бұлар туралы соңғы 50 жылда  ешқандай деректер жоқ.Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр, т.б.

ІІ санат-саны азайып  бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат-сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер).Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат- белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер).Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан,т.б.

V санат- қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген  түрлер).Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.

ІV.«Суреттер сөйлейді» бөлімі. Мұнда оқушыларға слаидтардағы Қызыл кітапқа енген жануарлардың биологиялық сипаттамасын тыңдатамын

 

V. Бекіту тапсырмалары. Фронтальды сұрақтар қою арқылы оқушыларға сұрақтар беремін.

1. Маңқыстау облысында орналасқан қорық (Үстірт)

2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық (Алматы)

3. Екі өзенніңатауынан құралған қорық аты (Ақсу-Жабағылы)

4. Қазақстанның Қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктер қандай заңдылықпен енгізілген?

5. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық (Қорғалжын)

6. Наурызым қорығы қай облыста орналасқан? (Қостанай)

7. «Қызыл кітап» поэмасының авторы? (Қ.Мырза Әли)

8. Қылқанды тайга орманы орналасқан қорық (Батыс Алтай)

9. Қазақстаннның Қызыл кітабы қай жылы шықты? (1978)

 

VІ. Қорытынды. Қ.Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі оқылады.

VІІ. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалаймын.

VІІІ. Үйге тапсырма: БҚО қорғалатын аумақтары

Қ.Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі .

Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,

Менің мазам қашады күдікті ойдан.

Жұртпен бірге мәз болып,

Ду-ду етіп

Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.

Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!

Қан жуады олардың ізін әлі.

Көргеннен-ақ мылтықты

Менің үшін

Дүниенің дидары бұзылады.

Аяймын мен анасыз,

Атасызды.

Аяймын мен құлынсыз,

Ботасызды.

Хайуанатқа жасаған қиянатың –

Бауырыңа жасаған опасыздық!

Біздің сайда болатын мия қалың,

Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.

Мия сиреп,

Ұядан құстар безіп,

Біреу үшін енді мен ұяламын.

Ұяламын қарауғада қарлығашқа

Шиқылдайсын,балапан ,қарның аш па?

Жалтаңдайсын әр Болат,

Әр Қайратқа,

Жаутаңдайсын әр Баян ,

Әр Күләшқа.

Тәрбең де жақсы еді,

Тәлімің дә.....

Аян бірақ өмірдің мәні кімге?

Торғай аттың бір кезде,

Соның үшін

Ұяламын бауырым әлә күнге.

Ұяламын қарауға қоңыр қазға

Толып –ақ тұр бүгінде өмір назға.

Балапанын шұбыртқан қасқалдақтың

Оқтан көрген қорлығы ,

Зәбірі аз ба?

Ұяламын қарауға шүрегейге

Құстың бірі туған да,

Бірі өгей ме?

Бүгін кептер атқандар

Ертең ердің

Кеудесіне тапанша тіремей ме?

Ұяламын қарауға егіз құрға

Қыра берсек қалады неміз қырда?

Жата берсін шуылдап орман-тоғай,

Жата берсін малынып теңіз нұрға!

Ұяламын қарауға қырғауылға

Аңшы деген ат бердік бір қауымға.

Кейбір көлдің орнында шалшық қалды,

Кейбір талдар айналды сырғауылға.

Ұяламын қарауға шағалаға

Мылтық ұстап шалқарды жағалама.

Құстың зарын естісе

Не демекші

Саған ана мына жер-

Маған ана?

Ұяламын аң аулап бел асқанға

Түсінбеймін сол үшін таласқанға .

Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,

Ұяламын қарауға көк аспанға.

Одан көріп,

Ақыры бұдан көріп,

Таласқаннан не таппақ құлан керік?І

Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанман,

Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!

Отыра алмас ұл шыдап, Қызың шыдап.

Жоғалғандар тізімі  - ұзын шұбақ.

Қызыл кітап-

Мезгілсіз кеткендердің

Бастарына қойылған қызыл шырақ!

Келеді кез,

Күрделі біздің бұл кез!

Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.

Қызыл кітап-

Опат боп кеткен аңның

Бастарына қойылған қызыл күмбез.

Қашқан кезде адамнан

Ізін қандап,

Тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап.

Қызыл кітап –

Тірі жан тимесін деп,

Хайуанатқа берілген қызыл мандат.

Баяғыдай бәрінің халы бірақ –

Мойындарын үзеді әлі бұрап.

Қызыл кітап –

Бұл өзі қызық кітап:

Тысы жұқа,

Астары қалыңырақ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлардың сипаттамасы

Алып көртышқан

Каспий өңірінің эндемигі. Солтүстік Каспий өңірінде таралған, Қазақстанда - Жайық, Жем өзендерінің аралығында мекендейді. Әртүрлі типтегі құмдардың ылғалы мол, жазықты және дөңесті учаскелерінде, терең сайлардың беткейлері мен құрғап қалған өзен арналарында кездеседі. Қазақстанда жалпы саны белгісіз. Шектейтін негізгі себептер - малды шектен тыс жаю, қатал қыс пен құрғақшылық. Батыс Қазақстан облысының Қарағаш құмды алқабында қорықша ұйымдастыру қажет

Барыс

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеу-лерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар паркінде өсіп-өнген. Ақсу-Жобағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет

Қарақұйрық

Сирек, кейбір аудандарда саны кеміп, мекендейтін жерлері тарылуда. Үстіртте, Қызылқұмда, Тауқұм мен Іле ойпатында таралған, сексеуіл өскен шөлдерде мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 30-50 мың бас; санының кемуінің негізгі себептері - шөлдерді қарқынды түрде игеру және қасақылық. Өзбекстан мен Түркменстанда питомниктерде өсіріледі. Үстірт пен Барсакелмес қорықтарында, «Алтынемел» ұлттық паркі мен Ақтау-Бозашы қорықшаларында қорғалоды. Бозашы мен Қызылқұм қорықтарын және бірқатар қорықшалар ұйымдастыру қажет.

Үстірт арқары

Саны мен таралу аймағы шектелген. Үстірт пен Маңқыстаудың таулары мен қырларында тараған. Қазақстанда жалпы саны - 5-6мың бас; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және арқарлар мекендейтін жерлерді шаруашылық жүргізу үшін қарқынды түрде меңгеру. 1978 жылы бұларды Ашғабад және Харьковтың хайуанаттар парктерінде ұстаған, соңғы паркте олар ойдағыдай өсіп-өнеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Маңқыстау облысында қорғалатын территориялар жүйесін құруды реттеу қажет.

Сабаншы

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Маңғыстау, Үстірт, Эмба (Жем) өзенінің бойында, Қызылқұмда, Қаратау, Тянь-Шань, Шу-Іле тауларында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Қалбы және Оңтустік Алтай мен Сарыарканың оңтустігінде таралған. Шөлді аласа таулар, жартастар мен биік таулы сырттарда жене долада мекендейді. Қазақстанда саны аз; санының аз болуының неғізғі себептері - қасақылық және қоректіқ қорлардың кемуі. Қолда өсіп-өнеді

Шағыл мысығы

Сирек, саны аз. Маңғыстау түбегінде, Үстіртте және Қызылқұмда таралған, құмды шөлдерді, әсіресе қыратты, белесті, негізінен бекітілген құмдарды мекендейді. Қазақстанда сан мөлшері белгісіз, санының кемуінің негізгі себептері - қатал әрі қалың қарлы қыс пен қоректің жетіспеуі. Үстірт қорығы мен Ақтау-Бозащы қорықшасында қорғалады. Қызылқұм қорығын ұйымдастыру қажет.

Қарақал

Сирек, жойылып бара жатқан түр. Маңқыстау мен Үстіртте таралған; сексеуіл, бұталар өскен кұмдар мен құз-жартастарды мекендейді. Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Санының азаюының негізгі себептері - қатал әрі қары көп қыс пен қасақылық. Қолда өсіп-өнеді. Ташкент хайуанаттор паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Маңқыстау облысында қорғалатын тер-риториялар жүйесін құруды реттеу қажет.

Итаю

Сирек, Қазақстанда таралу аймағының солтүстік шеті өтеді. Үстіртте таралған; сексеүіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерде мекендейді, сол сияқты баялыш, қараған, түйесіңір өскен жерлерде де кездеседі. Қазақстанда біренсаран кездесулер белгілі, қорғау шаралары дайындалмаған. Итаю кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет.

Европа қара күзені

Қазақстанда жойылған түр. Негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген, ал Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Бірен-саран күзеннің Ресейден келуі мүмкін. Күзеннің тіршілігі тұщы су қоймаларымен тығыз байланысты. Мекендейтін жайлы орындары - жағасынде қалың шөп өскен өзектер мен өзендер және көлдер. Қолда өсіп-өнеді. Түрді сақтап қолу үшін хайуанаттар паркі мен аң фермаларында өсіру қажет.

Шұбар күзен

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Қазақстанның шөлейтті-шөлді аймақтарында - батыста Еділ-Жайықтан шығыста Зайсан ойпатына дейін таралған; жазықты тау бөктерлері мен таулы шөлейтті-шөлді және далалық биотоптарды мекендейді; 0,8-1/2 шаршы шақырымда бір аң кездеседі. Санының азаюының негізгі себептері - тың жерлерді жырту және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды кең қолдану.

Ақбауыр жарқанат

Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткі шекарасы өтеді. Республикада екі жерде – Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Ақбауыр жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау мәселелерін дайындау қажет.

Түрікмен құланы

Сирек, Қазақстанда 1953 жылы жерсіндірілген. 1982 жылдан Қапшағай мемлекеттік аңшылық-қорық шаруашылығында, 1986 жылдан - Бетпақдала, 1991 жылдан – Маңғыстауда жерсіндіру жұмыстары жүргізіле басталды. Шөл және шөлейтті жерлердің жазықты, төбелі және қиыршық тасты жерлерін мекендейді; аласа таулар мен тау бөктерлерін де жайлай береді. Қазақстанда жалпы саны - 700 бас. Алматы мен Қарағанды хайуанаттар парктерінде бағылады және көбейді. «Алтынемел» ұлттық паркінде, Барсакелмес қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Түрікменстаннан қан жаңарту үшін жаңа құландар әкеліп, Оңтүстік Балқаш өңіріне жерсіндіру қажет.

Жұпар

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Жайық өзенінің жайылмасында, Еділдің атырауы мен Үй, Тобыл, Обаған және Тоғызақ өзендерінің жайылмаларында кездеседі, су өсімдіктеріне бай жайылма көлдер, ескі арналар, өзектер мен жылғаларда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 2,5-3,0 мыңдай; санының азаюының негізгі сөбептері - жайылма жерлерді құрғатү, үлкен тасқындар, қасақылық (браконьерлік). Жойық өзенінің жайылмасындағы екі қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасында қорық және Қостонай облысында Тобыл-Үй қорықшасын ұйымдастыру қажет.

Үнді жайрасы

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Оңтустік Маңқыстауда, Тянь-Шаньда, Сырдария Қаратауы мен Шу-Іле тауларында таралған. Тау бөктерлерінің тілімделген учаскелері мен аласа тауларды, сол сияқты биіктігі теңіз деңгейінен 2000 м - ге жететін тауларда мекендейді. Қазақстанда саны аз; санының азаюынының негізгі себептері - қалың қар, топырақ бетінің терең қатуы, адам баласының шектен тыс шаруашылық қызметі. Алматы хайуанаттар паркінде 1982 және 1983 жылдары өсіп-өнді. Таралуы мен сан мөлшерін анықтау қажет

Орман сусары

Сирек. Жайық өзенінің жайылмалары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында таралған; жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 200 бастың шамасындай; санының азаюының негізгі себептері - орман алқабының қысқаруы және қасақылық. Қолда ойдағындой өсіп-өнеді. Үш қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасы мен Солтүстік Қазақстан ормандарында мекендеуге жарайтын учаскелерді сақтау қажет.

Көптісті жертесер

Сирек, Қазақстанда зерттелмеген. Палеарктикада кең тараған. Қазақстанда екі жерде: солтүстік Үстірт пен Арал теңізінің солтүстік жағалауында табылған. Тау бөктерлері мен таудың төменгі белдеулерін, өзендер мен көлдердің бойындағы қалың тоғайларды мекендейді. Саны белгісіз, оны шектейтін факторлар анықталмаған. Үстірт қорығында қорғалады. Көптісті жертесердің тарауы мен биологиясын зерттеу қажет.

Anas angustirostris

Мәрмәр шүрегей

Жоғалып кету қаупы бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде-бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі кездесетін. Саны барлық жерде азайған сияқты. Түркияда 70 - шы жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу жүмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек.

Cygnus Cygnus

Сұңқылдақ аққу

Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы.

Chettusia gregaria

Тарғақ

Жойылып кетү қаупы бар түр, Қазақстан мен Ресейдің эндемигі. Қазақстандағы таралу аймағы республикамыздың солтүстігіндегі далалықты түгел қамтиды. Кәзіргі саны туралы нақтылы деректер жоқ, бірақ, барлық жерде оның санының бірте-бірте азайып келе жатқаны даусыз. Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру дағдылы жоғдай болатын. Санының азаюының негізгі себептері - жерді жырту, дала ландшафының басқа да өзгерістері, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып, оны қорғауды халық арасында насихаттау керек.

Larus relictus

Реликті шағала

Жойылып кету қаупы бар түр. Бар жоғы 3 жерде - оңтүстік - шығыс Байқал маңын-да, Ордоста (Ішкі Моңғолия) және Шығыс Қазақстанда ұялайтыны белгілі, соңғысында аумағы кішкене аралдардың бірінде оның колониялары орналасқан. Жалпы саны -5 мыңдай шамасында деп жорамалданады. Қазақстанда әр кезде 20-дан 1200-ге дейін мойнақ шағала ұялайды (ал 1973 жылы ұя баспаған). Колониялары орналасқан Алакөлде «Реликті шағала» атты қорықша ұйымдастырылған. Алакөл қорығын құру қажет.

Информация о работе Қорықтар. Қызыл кітап