Қорықтар. Қызыл кітап

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:10, реферат

Краткое описание

Саяхатқа дайындық кезеңі. Оқушыларға компъютер арқылы тыңдатамын: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған «Қаратөбе мектеп-гимназиясының» әуежайы. Мектеп-гимназия – Наурызым қорығы – Қорғалжын қорығы – Марқакөл қорығы - Батыс Алтай қорығы - Алакөл қорығы - Ақсу – Жабағылы қорығы – Алматы қорығы - Барсакелмес қорығы – Үстірт қорығы- Қызыл Кітап бағыттары бойынша сағат 14:50-де «Эйр Қаратөбе» компаниясының ұшағына отырғызу басталады. «Егер сіздер қорықтар, Қызыл кітап, оған енген өсімдіктер мен жануарлар жайында тереңірек білгіңіз келсе, қорғау шараларына қатысамын десеңіз бізбен бірге саяхатқа шығыңыз».

Файлы: 1 файл

bainiyazova-gulbarshin-koriktar.doc

— 241.00 Кб (Скачать)

Pelecanus onocrotalus

Қызғылт бірқазан

Аз санды, шектеулі жерлерде ұя салатын түр. Саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, кәзір оның оңашаланған ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурзым қорығында, Балқаш көлінде жене Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері-заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау. Іленің атырауында қорық уйымдастырып, торғайдың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек. Бүл бірқазандардың мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарды тиып, оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек

Phoenicopterus roseus

Қоқиқаз

. Таралу аймағы шектелген сирек кездесетін түр. Әлемде ең терістіктегі ұялайтын орны Қазақстанда Теңіз көлінде (Ақмола облысы). Әр жылдары бұл жерде 5-9 мыңнан (1972-1976 жылдары) елу төрт мыңға дейін (1979 ж.) қоқиқаз ұялады. Дала мен шөлейтті жерлердегі кең байтақ су қоймаларын жайлайды. Негізгі шектеу факторлары - ұялауға жарамды жерлердің азаюы және мазалау. Қорғалжын қорығында қорғалады. Торғай өзенінің төменгі саласында қорық, сонымен қатар Каспий теңізінің солтүстік-шығысындағы Комсомол шығанағы мен Қолтық сорында қорықшалар ашу қажет.

Bubo bubo

Үкі

Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендейді. Санының қанша екені белгісіз, бірақ, көпшілік жерлерде сирек. Санын шектеуші себептер: электр сымдарында және уланған жемді жеп өлгенінен басқа, кауырсынынан ұлттық әшекейлер мен бой тұмарлар жасау үшін ұядағы балапандарын алудың да кері әсері үлкен. Сондықтан оны қорғаудың тағы бір жолы - оның қауырсынын пайдалану үшін қолдан өсіру керек

Hieraaetus pennatus

Бақалтақ қыран

Сирек, аз зерттелген құс. Евразия мен Солтүстік-ботыс Африканың орманды аудандарында кең тараған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы ор-манды тауларында, шөл өзендерінің жайылмаларында мекендейді. 50-60 -шы жылдары, жыртқыш құстармен күресу шаралары кезінде, саны күрт төмендеді, ал қазір саны өте жай қалпына келуде. Бүркіттерді қорғауды насихаттау, сонымен қатар Қаратауда, Жоңғор Алатауында және Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет         

Haliaeetus leucoryphus

Кезқұйрықты субүркіт

Жойып жіберу қаупы бар түр. Оңтүстік және Орталық Азияда біршама кең тараған. Қазақстанда үстіміздегі ғасырдың ортасында оның ұясын Алтайда, Сырдария мен Іле өзендерінде, Маңқыстау түбегінде кездестіруге болатын. Жыртқыш құстарды жою науқанынан кейін ол өте сиреп кетті: соңғы 25 жылда ұя басатын мезғілінде 5, ал, барлығы 50-дей ғана кездескен. Ұялары табылмаған. Ұялайтын жерлерін тауып, оларды қорғау керек.

Haliaeetus albicilla

Аққұйрықты субүркіт

Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін құс. Евразияның солтүстік белігінде, оңтүстігінде Орталық Азия мен Моңғолияға дейін кең тараған. Соңғы 30-40 жылда Қазақстанның бұрын дағдылы суларының көпшілігінде кездеспейтін болды. Кәзір Қазақстанда 200-дейі ұялайтын болса, оның жартысынан көбі Жайық пен Іле өзендерінің су алқаптарында. Сонының азаюының негізгі себептері - тікелей жою, сулардың жағаларын шаруашылыққа пайдалану, өрт кезінде ұяларының жой-ылуы. Балқашмаңы, Торғай және Алакөл қорықтарын ұйымдастыруды тездету ке-рек

 

 

Circaetus gallicus

Жыланжегіш қыран

Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Африка мен Евразиядо кең тараған, Қазақстанның барлық оңтүстік бөлігіндегі құмды шөлдерде, шөлді таулар мен құрғақ тау бөктерлерін мекендейді. Саны нақты анықталған, бірақ соңғы он жылдықтарда оның кемуі жақсы байқалады. Негізгі себептер: электр тарату жүйелерінің тіректеріндегі өлім-жітім, қасақылардың тікелей кыруы, ұя маңында мазалау факторлары. Қаратауда, Бетпақдалада және Қызылқұмда, Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет.

Syrrhaptes paradoxus

Қылқұйрық бұлдырық

Саны кеміп бара жатқан түр. Еділден Моңғолияға дейінгі шөл және шөлейт зоналарда мекендейді, Қазақстанда шөлдің барлық түрлерінде кездеседі. Топырағы қатты шөлдерді ұнатып, құмды жерлерде сирек ұялайды. Суатқа үлкен топ құрап жиі-жиі ұшып келетіндіктен және есепсіз аулауға, атуға байланысты саны кемуде. Барлық жерлерде суат басында атуға толық тиым салынып, олар басқа жануарлар сияқты қорғалуға тиіс.

Pterocles orientalis

Қарабауыр бұлдырық

Саны кеміп бара жатқан сирек кездесетін тур. Қазақстанның оңтүстік бөлігінің шөл жене шөлейтті аудандары мен Алдыңғы Азия және Солтүстік Африканың шөл далаларын мекендейді. Сазды немесе қиыршық тасты шөлдерді ұнатады, бірақ оларды меңгеруге байланысты құмды аудандарға ығыстырылуда. Бір кезде мың-мыңдаған топтары кездессе, қазір саны бір ретке төмендеген және суат басынан бұлдырықтарды ретсіз ату нәтижесінде саны кемуде. Бұл жерлерде аулауға тиым салу және қорғалатын территориялар құру қажет.

Pterocles alchata

Ақбауыр бұлдырық

Таралған аймағы тарылып жөне саны кеміп бара жатқан түр. Солтүстік Африка, Алдыңғы және Орта Азия шөлдерін мекендейді. Қазақстанда Арал теңізінен Бетпақдала шөліне дейін таралған. Соңғы жылдары таралу аймағы тарылып, саны едәуір кеміді: 60-шы жылдары ондаған, тіпті жүздеген мың құстардың жиынтығы байқалса, ал қазір бірнеше жүздеген құстар тобы өте сирек кездеседі. Негізгі себептер - суат басында қасақылық (браконьерлік), жене де ұя басу кезінде құс-тарды мазалау. Бетпақдала және Қызылқұм қорықтарын құру және суат басынан аулауға тиым салу қажет.

Columba eversmanni

Қоңыр кептер

Соңғы жылдары саны күрт кеміп баро жатқан оңтүстікте ғана аздап кездесетін түр. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның шөлді жазықтары мен тік жарлары немесе ағаштары бар тау бөктерлерін (ұяларын індер мен ағаш қуыстарына салады) мекендейді. Саны анықталмаған, бірақ жылма-жыл қонысын аударатын құстарға бақылау жасау, оның санының кеміп бара жатқанын көрсетеді. Қазақстанда бұл түрдің ұялайтын жерлерінде қорғалатын территориялар жоқ. Ең алдымен тіршілік ететін ортасы әлі де болса сақталған Іле өзенінің бойынан қорғалатын территориялар құру қажет.

Platalea leucorodia

Қалбағай (тәуекел, жалбағай)

Саны тез азайып бара жатқан құс, бір жердің шеңберінен аспайтын қоныстарда мекендейді. Бұрын Қазақстанда кең таралған еді, кәзір оның жекелеген ұялары Сарысу мен Сырдарияның сағасында, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Батыс Қазақстанда ғана ұшырасатын болды. Қалбағай, басқа құтандармен қатар, қамысты қопаларды мекендейді. Қазақстандағы жолпы саны 1300-ден аспайды. Санының азаюына әсер ететін негізгі факторлар - өзен-көлдердегі су жүйесінің тұрақты болмауы, қамыс пен құрақты шауып алу және онда жиі болатын өрт, аңшылық, ұялау кезіндегі мазасыздық. Қорықшалар құру қажет.

Ciconia nigra

Қара ләйлік

Саны тұрақты сирек кездесетін түр. Қазақстанда орманды, таулы аймақтарда таралған, кейде тіпті ағашы жоқ жартасты тауды да, жазықты да мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 300 - де , негізгі мекендейтін жерлері - Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань таулары. Ұя маңындағы мазасыздыққа төзе алмайды. Бұл құсты сақтау үшін ұяның айналасынан радиусы0,5 шақырымнан кем емес тыныштық аймағын ұйымдастыру керек

Ardeola ralloides

Сары құтан

Өзінің таралу аймағында саны кеміп бара жатқан сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділдің атырауы мен Жайықтың төменгі ағысында ұялайды, бұрын аздап Сырдарияның сағасында мекендейтін. Солтустік Каспийдегі жалпы саны 2 мыңдай. Өзендер мен көлдердегі қамысты қапаларды мекендейді. Санының кемуіне әсер ететін факторлар - су жүйесінің өзгеруі, аңшылық, ұяны жыртқыш құстардың бұзуы, мекенін адамдардың мазалауы. Бүл түрдің ұялайтын аймақтарын маусымдық қорыққа айналдыру қажет

Numenius tenuirostris

Шитұмсық шалшықшы

Өте сирек, жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық емес, себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әртурлі аудандарында шашырап жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып өту кезеңінде дала көлдерінде кездеседі. Қазақстанда Еділ-Жайық өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10-ға дейін шалтықшы есепке олыноды. Шектеу факторлары анықтал-маған. Сақталған популяциясын іздеу және олардың биологиясы мен экологиясын жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықшыларды қорғау керек.

Numenius minutus

Құртамыш шалшықшы

Сирек, таралған аймағы шағын, реликті түр, Сібір эндемигі. Шығыс Сібірде ұялайды, Шығыс Австралия мен Тасманияда қыстайды. Қазақстанда қонысын аудару кезінде бірен-сараны кездесетіні және жаз кезінде сирек болса да ұшырасып қалуы қызық оқиға. Тау және тау бөктеріндегі селдір ормандарды мекендейді. Табиғаттағы жалпы саны - шамамен 5 мыңдай және ол біртіндеп кемуде, оның себептері айқындалмаған. Қазіргі ұялайтын орындарын тауып, оларды қорғалатын территориялар деп жариялау қажет.

Limnodromus setipalmatus

Тарбақ шырғалақ

Сирек, аз зерттелген, реликті түр. Сібірдің солтүстігінен бастап Моңғолия мен Қиыр Шығысқа дейін таралған. Қазақстанның ең шығысында. Алтайға жақын оңтүстік аудандарында кездеседі. Түрдің жалпы саны - 5-6 мыңнан артық емес. Сақталып қалған ұялайтын жерлерін іздеу және онда қорғау режимін орнату, тұрғындар арасында үгіт - насихат жүр гізу, қолда өсіру әдестерін дайындау қажет

Larus ichthyaetus

Қарабас өгіз шағала

Сирек, реликті түр, саны кемуде. Қара теңізден Оңтүстік Сібірге дейін жекелеген топтармен ұялайды. Қазақстанда колониялары Балқаш, Алакөл, біренсаран Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары мен Каспий теңізінің аралдарында сақталған. Жалпы саны - 40 мың шамасында, Қазақстанда 4 мыңдай. Саны кемуде. Алакөл қорығын құруды тездету және Балқаш көлінің аралдарында қорықша құру қажет.

Rufibrenta ruficollis

Қызылжемсаулы қарашақаз

Таралу аймағы шағын, саны кеміп келе жатқан сирек кездесетін түр. Қазақстаннан көктем мен күзде ұшып өтіп, Сібір тундрасында ұялайды. Республикамыздың солтүстік, батыс бөлігіндегі көлдерде кездеседі. 70-шы жылдардың өзінде 10 мыңға дейін ұшырасатын. Соңғы жылдары саны күрт азайған болатын, кәзір сәл-пәл болса да көбейіп келе жатыр. Осы түрді және басқа су құстарын қорғау үшін олардың ұшу жолында қорықтар жүйесін ұйымдастыру қажет.

Oxyura leucocephala

Ақбас үйрек

Саны тез азайып бара жотқан, ала-құла тараған, сирек кездесетін түр. Қазақ-станның солтүстік бөлігінде қалың сулы терең көлдерде кездейсоқ ұялайды. Қазақстандағы саны белгісіз, бірақ, шамамен бірнеше жүзден аспайтын шығар. Санының азаюының негізгі себептері - шөп шабу, өрт, өзен-көлдердің су жүйесінің бұзылуынан, қамысты қопалардағы тіршілік жағдайының нашарлауы. Торғай өзенінің сағасы мен Шаны көліндегі қорықтарды ұйымдастыру жұмысын жеделдету керек.

Melanitta fusca

Қара тұрпан

Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген. Жалпы санын анықтап, биологиясын, тіршілік ортасын зерттеу қажет.

Melanitta deglandi

Дөңтұмсық тұрпан

Өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр. Шығыс Сібір мен Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары үстіміздегі ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау шараларын үйымдастыру қажет.

 

Cygnus bewickii

Кіші аққу

Ұялайтын жерлері - тундра мен орманды түндрада саны бұрынғы қалпына келе бастаған түр. Қазақстанның батыс бөлігінен көктем мен күзде 1 мыңдайы ұшып өтеді. Бізде ұяламайды. Санының азаюының негізгі себебі - заңсыз аулау. Ұшып өту кезінде оны қорғауды күшейтіп, ол үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет.

Cygnopsis cygnoides

Қытай қазы, Құтұмсық

Жойылып кету қаупы бар түр, бұл қытай үй қаздарының арғы ата-тегі. Кәзіргі уақытта бүкіл Сібірде Торей көлдерінде ғана ұялайды. Бір кездері Қазақстанда Зайсан көлі мен Ертіс өзені жағасында ұялаған, ол үшып өту кезеңінде Сырдарияда байқалатын. Қалың қамыс-қоғалы, әсіресе таудағы, көлдерде мекендеген. Саны ондаған есе кеміп кетті, Қазақстанда соңғы 30 жылда екі-ақ рет - 1967 және 1978 жылдары кездескен. Бұл қазды қолдан өсіріп табиғи санының кобеюіне көмектесу керек.

Aythya nyroca

Алакөз сүңгуір

Саны күрт кеміп кеткен сирек кездесетін түр. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарында ұялайды. Бұл құстың шамалысы республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысындағы суларда қыстайды. Саны туралы нақтылы деректер жоқ, санының кемуіне әсер ететін факторлар зерттелмеген. Бұл түрдің бірте-бірте азаюы оны құстарды зерттеушілер мен аңшылық мамандарының назарына ерекше алу керектігін талап етеді.

Phrynocephalus versicolor

Жұмырбас шұбар кесіртке

Алакөл және Іле ойпаттарында тіршілік ететін, таралу аймағы шағын түр. Саны-ның азаюына негізгі себептер - су деңгейінің тұрақсыздығы, сексеуіл дайындау және өрт.Қолдан өсірілмеген. Түрдің Іле ойпатындағы таралу аймағының батыс бөлігі жоспарланып отырған Орта-Іле қорығына енеді. Таралуын егжей-тегіжейлі анықтап, биологиясын зерттеуді жалғастыру қажет.

Phrynocephalus melanurus

Зайсан жұмырбас кесірткесі

Зайсан ойпатында аумағы шағын жерлерде оңашаланған популяциялар түрінде тіршілік ететін, таралу аймағы шағын кесіртке. Саны, негізінен, табиғи факторларға байланысты. Қолдан өсірілмеген. Оны қорғау мақсатында тың жерлерді сақтау қажет. Бөкен құмдарын мекендейтін жұмырбас кесірткенің популяциясы жоспарланып отырған Зайсан қорығының құрамына түгелімен енеді.

Ophisaurus apodus

Сары жылан

Шектеулі шағын аймақта тіршілік ететін, сирек кездесетін түр. Туыстың жалғыз өкілі. Оңтүстік Қазақстанда тіршілік етеді. Санының кемуіне жер жырту, шоп шабу, малдың шектен тыс жайылуы және жол салу елеулі әсер етеді. Белгілі тежрибе-лерге сүйеніп қолда асырау және қолдан өсіруді жүзеге асыру қажет. Сары жылан-нын таралу аймағының бір белігі Ақсу-Жабағлы қорығына кіреді және жоспар-ланып отырған Қаратау қорығында да қорғауға алынады.

Информация о работе Қорықтар. Қызыл кітап