Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Кіріспе
I Бөлім. Негізгі құралдарды мойындау
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
II Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі
2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік
2.2 Амортизацияның әдістері
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі
Қорытынды
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс
істеген бүкіл кезең ішіндегі
амортизациялық жарналардың жалпы
мөлшері амортизацияланатын құнға
немесе бастапқы және тарату құндары
арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
2.2 Амортизацияның әдістері
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
ТОО «Каzжиһаз» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 200 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік:
7210 2420 30 000
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын смасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:
1 800 000 * 20% = 360 000
Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады
Мерзімі | Бастапқы
құны |
Амортизацияның
жылдық сомасы |
Жинақталған
тозу сомасы |
Қалдық құны |
Сатып
алынған кездегі
1-ші ж/аяғында 2-ші ж/аяғында 3-ші ж/аяғында 4-ші ж/аяғында 5-ші ж/аяғында |
2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 |
---------- 360 000 360 000 360 000 360 000 360 000 |
---------- 360 000 720 000 1 080 000 1 440 000 1 800 000 |
2 000 000 1 640 000 1 280 000 920 000 560 000 200 000 |
Өндірістік әдіс.
Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 15 (он бес) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бәр дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.
Бастапқы құн – қалдық құны әр жылдағы
Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны * өндірілген өнім саны =
= әр жылда өндірілген өнім саны = теңге * әр жылдағы өндірілген өнім саны
Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,12 теңгені құрайды, яғни он екі (12) тиын.
Егер станок бірінші жылы 4 миллион
өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері
бірінші жылы 480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000
екінші жылы 480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000
үшінші жылы 360 000тг = 3 миллион * 0,12 = 360 000
төртінші жылы 240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000
бесінші жылы 240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000
Станокқа өндірістік әдісі бойынша амортизациялық аударым кестесі
Мерзімі | Бастапқы құны | Өндірілген өнім көлемі | Амортизацияның
жылдық сомасы |
Жинақталған
тозу сомасы |
Қалдық құны | Айға есептелген амортизация сомасы |
Сатып
алынған кездегі
1-ші ж/аяғында 2-ші ж/аяғында 3-ші ж/аяғында 4-ші ж/аяғында 5-ші ж/аяғында |
2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 |
------------- 4 000 000 4 000 000 3 000 000 2 000 000 2 000 000 |
---------------- 480 000 480 000 360 000 240 000 240 000 |
------------ 480 000 960 000 1 320 000 1 560 000 1 800 000 |
2 000 000 1 520 000 1 040 000 680 000 440 000 200 000 |
----------- 40 000 40 000 30 000 20 000 20 000 |
7210 2420 40 000
8040
Кумулятивті әдіс.
Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді.
Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:
АА = Қалған жылдар саны * (бастапқы құн – қалдық құн)
Пайдаланатын жыл
сандарының қосындысы
Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны кумулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеркіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни
Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда онығ амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды (2 000 000 - 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:
Сандардың қосындысын, яғни кумулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:
мұндағы,
S – сандардың қосындысы;
N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл).
Біздің мысалымыз бойынша
егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, кумулятивтік сан 55-ке тең болады.
Кумулятивтік әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі
Мерзімі | Бастапқы құны | Амортизацияның
жылдық сомасы |
Жинақталған
тозу сомасы |
Қалдық құны | Айға есептелген амортизация сомасы |
Сатып
алынған кездегі
1-ші ж/аяғында 2-ші ж/аяғында 3-ші ж/аяғында 4-ші ж/аяғында 5-ші ж/аяғында |
2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 |
---------------- 5/15*1 800 000
= 600 000 4/15*1 800 000
= 480 000 3/15*1 800 000
= 360 000 2/15*1 800 000
= 240 000 1/15*1 800 000 = 120 000 |
------------ 600 000 1 080 000 1 440 000 1 680 000 1 800 000 |
2 000 000 1 400 000 920 000 560 000 320 000 200 000 |
----------- 50 000 40 000 30 000 20 000 10 000 |