Негізгі құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 19:25, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.

Оглавление

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1.0 Негізгі құралдардың жіктелуі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
1.1 Негізгі құралдардың бағалануы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
1.2 Негізгі құралдардың тозуы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
2.0 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
2.2 Негізгі құралдарды түгелдеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28
3.0 Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32
4.0 Пайдаланған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 33
Қосымша

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

Жоспар

         Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3

1.0 Негізгі құралдардың жіктелуі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5

1.1 Негізгі құралдардың бағалануы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8

1.2 Негізгі құралдардың тозуы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13

2.0 Негізгі  құралдарды есептеуді ұйымдастыру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15

2.1 Негізгі  құралдарды кіріске алудың есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18

2.2 Негізгі құралдарды түгелдеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28

3.0 Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32

4.0 Пайдаланған  әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 33

         Қосымша  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

         Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі.

         Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

         Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.

         Кәсіпорындарға негізгі құралдар  сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай–ақ жоғарғы үкімет орындарының беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ–1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.

         Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда олардың бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.0 Негізгі құралдардың жіктелуі

          Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал– саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

         Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдаланып мерзімі  бір жылдан аспайтын өндіріс  құралдарын негізгі құралдардың  қатарына жатпайды. Сонымен қатар  негізгі құралдардың құрамына  кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс–монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

         Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдарды қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларына пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шарушылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, білім және ғылым беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

         «Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындағы негізгі алынады.

         Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы  негізгі құралдардың бәрі тек  қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

         Мысалы: өнеркәсіптік ұйымдағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлық халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.

         Егер кәсіпорынның балансында  осы ұйымның негізгі қызметінен  басқа салаларында қызмет атқаратын  өндірістері мен бөлімшелері  болса, онда осы бөлімшелер  мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

         Кәсіпорынның балансындағы тұрғын  үй шаруашылығының негізгі құралдары  халық шаруашылығының тұрғын  үй шаруашылығы және халыққа  тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

         Негізгі құралдар алдына қойған  мақсатына және атқаратын қызметіне  қарай мынадай топтарға бөлінеді:

    а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үй, қойма тағы басқалары);

    ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанда су қоймалары, эстокадалар, скважиналар тағы басқалары);

    б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары);

    в) машиналар (бумен жұмыс істейтін  двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, мономерлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары);

    г) тасымалдау құралдары (жолаушылар  және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелі (прицеп), тракторлар және тағы басқалары);

    ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар  (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы  да басқа негізгі құралдар);

    д) шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер, тағы да басқалар);

    е) жұмыс және өнім малдары;

    ж) көп жылдық өсімдіктер мен  көшеттер;

    з) жер (ұйымның сатып алған  жер көлемінің құны);

    и) жерді жақсартуға (өндеуге)  жұмсалған күрделі шығын;

    к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары).

         Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік,  яғни кәсіпорынның  өзіне тиісті  және уақытша жалға алынған  болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын  уақытша жалға алған негізгі  құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.

        Сонымен қатар пайдалану барысына  қарай негізгі құралдар жұмыс  істейтін, жұмыс істемейтін және  сақтауда тұрған деп үш топқа  бөлінеді.

         Жұмыс істейтіндерге өндіріс  үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

         Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен  басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

         Сақтауда тұрған негізгі құралдардың  қатарына келешекте, яғни алдынғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

         Материалдық активтер сатып алыну  мақсатына қарай былай бөлініп  есептеледі:

а) негізгі құралдар;

ә) тауарлық- материалдық қорлар;

б) қаржылық инвестициялар.

         Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметтің атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

1.1 Негізгі құралдардың бағалануы

         Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда  олардың бағалаудың маңызы зор  болып табылады. Негізгі құралдар  бастапқы құнымен, баланстық құнымен,  ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

         Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларына, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөңдеуде кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:

    а) жер учаскесінің  бастапқы құнына:

         Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайданалуға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).

    ә) құрал- жабдықтардың  бастапқы құнына:

         Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге  кеткен шығындар оның ішінде  тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға  жарамдылығын тексеру мақсатында  кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі).

         Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау,  тасымалдау кезінде болған бүліну  нәтижесін жөндеу үшін кеткен  сомалар ағымдағы шығындарға  жатқызылады. Егер негізгі құралдар  несиеге алынған болса, ол үшін  төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың құнына қосылмайды.

         Ескерту: салынатын немесе салынып жатқан құрылыс үшін алынған несиеге есептелген пайыз (процент) сомасы бұған жатпайды. Сатып алынған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына шот бойынша сатып алу бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың құжаттарын реттеу барысында заңгерге төленген төлемдер кіргізіледі.

Информация о работе Негізгі құралдар