Негізгі құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 19:25, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.

Оглавление

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1.0 Негізгі құралдардың жіктелуі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
1.1 Негізгі құралдардың бағалануы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
1.2 Негізгі құралдардың тозуы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
2.0 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
2.2 Негізгі құралдарды түгелдеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28
3.0 Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32
4.0 Пайдаланған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 33
Қосымша

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

         Кәсіпорынның өзі салған үйлер  мен ғимараттардың бастапқы құнына  осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.

         Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді  және жерге салынған үйлер  мен ғимараттарды біртұтас ретінде  пайдалануға сатып алса, онда  осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объект бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып кесілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.

         Мысалы: кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барасында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы). Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды (500000+25000+40000-20000+15000=560000теңге). Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

  • үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
  • ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
  • ұйымдар негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперименттік (сараптамалау) жолымен.

         Негізгі құралдардың  ағымдағы құны  – бұл кәсіпорынның негізгі белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.

         Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

         Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

         Негізгі құралдың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

         Бухгалтерлік шоттарда есептелген  негізгі құралдардың бастапқы  құндары тек мына жағдайларда  ғана өзгертіледі:

    а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

    ә) Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

         Негізгі құралдардың есебі әрбір  бөлек объекті бойынша бүтін  сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды  пайдалануға берген кезде оның  бастапқы құнымен қалпына келтіру  құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылығы жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.

         Негізгі құралдарды қайтадан  бағалау (индексациялау) кезінде  оның осы кездегі, яғни бүгінгі  күні өндіріп шығаруға кететін  құны анықталады. Бұл негізгі  құралдардың қалпына келтіру  құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан (индексациялағаннан) бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.

         Негізгі құралдардың бастапқы  бағасын белгілі бір күндегі  қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуіне:

    Д-т: Негізгі құрал – шоты

    К-т: Негізгі құралдарды қайта  бағалаудан түскен қосымша төленбеген 

            капитал – шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

         Қайта бағалау жүргізілген күні  ұйымда негізгі құралдарға есептелінген  тозу сомасы негізгі құралдардың  құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі  құралдардың пайдалану мерзіміне  қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

Негізгі құралдарды қайта  бағалау барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар

мазмұны

Дебиттелетін

шот

Кредиттелетін шот
1 2 3 4
1 Қайта бағалау  нәтижесінде негізгі құралдардың  бағасының өсуі  
2410
 
5320
2 Қайта бағалау  нәтижесінде негізгі құралдардың  бағасының кемуі  
5320
 
2410
3 Қайта бағалау  негізінде негізгі құралдардың  тозу сомасына енгізілетін түзетулер  
 
5320
 
 
2421-2429

1.2 Негізгі құралдардың тозуының есебі

         Шаруашылық жүргізуші субъектідегі  негізгі құралдардың барлық түрі  шаруашылық процессіне қатыса отырып, бірте-бірте тозады, яғни бастапқы сапасын жоғалтады. Сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге жарамай қалады да оларды жаңамен алмастыруға тура келеді.

         Тозу дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын (қасиетін) жоғалтуы.

         Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады. Жұмыс процессінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектері қажалады. Үйлер мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға айналады. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи факторлардың әсерінен де болады.

         Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналар мен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып, өндіріс процессінен шығып қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық прогресстің нәтижесі. Техникалық прогресстің нәтижесінде біршама арзан және өнімді машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшаң және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналардың табиғи тозығы жетпей-ақ ескеріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады.

         Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі  құралдар» деп аталатын халықаралық  стандартына сәйкес, тозу деп – негізгі құралдың тозушы (тозған бөлігінің) құнын оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде бөліп таратуды айтады. Яғни, негізгі құралдар объектісінің тозған бөлігінің сомасы оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде есептен шығарылуға тиіс.

         Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімі дегеніміз – актив кәсіпорында пайдаланылады деп күтілетін кезең не болмаса активті пайдаланудан алынады деп күтілетін өнім бірліктерінің немесе сол сияқты көрсеткіштердің саны.

         Негізгі құралдар объектісінің тиімді қызмет ету мерзімі кезең сайын қайта қаралып отыруға тиісті және де егер болжамдардың бұрынғы бағалаулардан елеулі айырмашылығы болса, ағымдағы және алдағы кезеңдерде тозуға жасалатынатын аударым сомасы түзетілуге тиісті.

         Барлық кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептен шығарып отырады. 
 
 
 
 

2.0 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру

         Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның  бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың  аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

         Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

         Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына,  басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындалған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқы берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

         Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз – бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеу бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ-6 ведомствоаралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

         Негізгі құралдары көп емес  шағын ұйымдар мен бірлестіктер  өздерінің негізгі құралдарын  есептеу үшін түгендеу карточкалардың  орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.

Информация о работе Негізгі құралдар