Негізгі құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 19:25, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.

Оглавление

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1.0 Негізгі құралдардың жіктелуі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
1.1 Негізгі құралдардың бағалануы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
1.2 Негізгі құралдардың тозуы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
2.0 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
2.2 Негізгі құралдарды түгелдеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28
3.0 Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32
4.0 Пайдаланған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 33
Қосымша

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

         Егер де комиссия күрделі сипаттағы  жұмыстар (этажға этажды қосу, жаңа  бөлмелерді салу) немесе ішінара  құрылыстар мен құрылымдардың  жойылуы (конструкциялық элементтерінің кейбір қабаттарын жою) бухгалтерлік есепте көрсетілгенін байқаса, онда олар арнайы құжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықтап, тізімге өзгерістерді енгізу тиіс. Сонымен қатар, комиссия кейбір объектілердің күрделі өзгертілгенін анықтап, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлерінде көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

         Машиналар, құрал-жабдықтар мен  көлік құралдары мүліктік түгелдеу  тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік нөмірі, шығарылған мерзімі, арналымы, қуаты және т.б. көрсеткіштері жеке көрсетіледі.

         Бір тектес шаруашылық заттарының, саймандардың, станоктрадың құндары  бірдей болса, бір цех немесе  кәсіпорынның құрылымдық бөліміне бір уақытта түссе, мүліктік түгелдеу тізімдеріне осы заттардың атауы мен саны бойынша көрсетіледі.

         Негізгі құралдардың мүліктік  объектілеріне берілген реттік  сандары (нөмірлері) ешқашан өзгермеуі  тиіс. Нөмірлерді өзгерту объектілерді байқамай (қателесіп) негізгі құралдардың басқа тобына, яғни техникалық-өндірістік мақсатына сай емес топқа жазғанда немесе реттеу (нөмірлеу) дұрыс болмағаны анықталғанда ғана жүзеге асырылады. 
 
 

3.0 Қорытынды

         Курстық жұмысымды қорытындылай келе, мен негізгі құралдарды кіріске алудың есебі туралы түсінігімді толықтырдым, сонымен қатар негізгі құралдар, олардың жіктелуі, бағалануы, түгелденуі және негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру туралы көп білдім. Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін» (№НҚ-1 нысанындағы) толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды мына мәліметтер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, қабырғасы мен едендерінің салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері көрсетіледі. Қабылдаған объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық номер бекітіледі.

         Кәсіпорынның бухгалтериясында  негізгі құралдың инвентарлық  объектілері бойынша есебі типтік нысандағы Мүліктік (инвентарлық) карточкаларда жүргізіледі (№НҚ-6 нысанындағы).

         «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал– саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:

    1. Негізгі құралдар туралы ұғым және оның жіктелуі тәртібін қарастыру.

    2. Негізгі құралдардың бағалану және тозу жолдарын анықтау.

    3. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебін және ұйымдастырылуын зерттеу. 
 

4.0 Пайдаланылған әдебиеттер

1. Радостовец  В. К., Радостовец В. В., Ғабдуллин Т. Ғ., Шмидт О. И., Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы. – Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002 ж.

2. Кеулімжаев  Қ. К., Құдайбергенов Н. А. Бухгалтерлік  есеп теориясы және негіздері.  Оқулық. – Алматы: экономика, 2006 ж.

3. Баймуханова  С. Б. Қаржылық есеп. Оқулық. –  Алматы, 2007 ж.

4. Қабылова  Н. Қ., Доспалинова Ш. А., Оразалинов  Е. Н. Бухгалтерлік есеп теориясы. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2007 ж.

5. Әшкербекова  С. И., Хамиева Л. М. бухгалтерлік  есеп негіздері. Эуономика, 2004 ж.

6. Әбдішүкіров  Р. С. Бухгалтерлік есеп. Оқу  құралы. – Алматы: Нұр-Пресс. –  2008 ж.

7. Сейдахметова  Ф. С. «Современный бухгалтерский  учет» Алматы, «Издательство LEM» 2005 ж.

8. Қалдыбаев  О., Темирбаев А. Экономика предприятия  (фирмы). – учебное пособие. – Алматы, «Самат» 1997 ж.

9. Экономика  предприятия: Перснем-М: ИНФРА-М, 1999 ж.

10. Темірбекова  А. Б., Байшоланова Қ. С., Бектұрсынова  Ж. Ж. Экономикалық теория негіздері:  Оқулық – Алматы, 2008 ж.

11. Мыржақыпова  С. Т. Бухгалтерлік есеп: Оқу қүралы. – Алматы, 2006 ж.

12. Сарыбаев  Ш. Х., Маманов И. В., Бегалиев  Ғ., Жиенбаев С., Аяпова Т. Бухгалтерлік  есеп теориясы: Оқулық. – Астана, 2008 ж.

13. Әбдішүкіров  Р. С., Мырзалиев Б. С. Бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. – Алматы: Нұр-Пресс. – 2008 ж.

14. Жалпы экономикалық теория Шеденов Ө. Қ., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин. Жалпы ред.басқарған Шеденов Ө. Қ. – Ақтөбе, 2004 ж.

15. Ә. Әбдіманапов, Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. Алматы, 2006 ж.

Информация о работе Негізгі құралдар