Негізгі құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 19:25, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.

Оглавление

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1.0 Негізгі құралдардың жіктелуі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
1.1 Негізгі құралдардың бағалануы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
1.2 Негізгі құралдардың тозуы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
2.0 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
2.2 Негізгі құралдарды түгелдеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28
3.0 Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32
4.0 Пайдаланған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 33
Қосымша

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

         Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар  немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру,  ауыстыру актілері, техникалық паспорттар  және басқа да негізгі құралдарды  сатып алу, сату, салу, орнату, бір  жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері, тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтериясында сақталады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жіктелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың атқаратын қызметіне және түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер тағы да басқалар) орналастырылады. Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымның ішінде бір жерден екінші жерге ауыстырған негізгі құралдардың түгендеу карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-ақ, келешекте пайдалану үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқтатылып қойылған негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бөлек қойылуы қажет.

         Түгендеу карточкалар мен кітапшалар  талдамалық (аналитикалық) есептің  негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амотизациялық аударым мөлшері, зауыттық нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) тағы да басқа шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу карточкалар үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкалардың түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеге тіркейді.

         Негізгі құралдардың сақталып  және жұмыс істеп тұрған жері бойынша үлгілі түрі НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға қарағанда бұл тізімдеме келіп-түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша тек қана қысқаша мәліметтер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарлық нөмірі, түгендеу карточка немесе түгендеу кітапшаға жазылған нөмірі, басқа да мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде үлгілі түрі НҚ-13 түгендеу тізіміне кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметтер жазылып, бухгалтерлік есептің ақпараттарымен салыстырып, тексеріліп отырады. Бұл түгендеу тізіміне көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады. Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының түгендеу карточкалары мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдың жіктелу топтары мен түрлері есеп беретін айдың басындағы құны бойынша қалдығы, олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығысы етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточкадағы қалдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырып, тексеріліп отырады.

         Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар  және түгендеу кітапшалармен  қатар ірі машиналар мен механизмдерге,  жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Бұндай төлқұжаттарда негізгі құралдардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері, тағы да басқа деректер жазылуы тиіс.

2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі

         Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен (жолдармен) алынуы мүмкін:

а) нақты  ақша қаражаттарына сатылып алынады;

ә) несиеге  алынады;

б) кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым  ретінде (акцияларына айырбастау жолымен) алынады;

в) басқа  кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретінде (тегін) алынады;

г) салу (құру), жасау арқылы алынады;

д) басқа  активтерге айырбастау арқылы алынады.

         Кәсіпорынға қабылданған негізгі  құралдар «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін» (№НҚ-1 нысанындағы) толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды мына мәліметтер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, қабырғасы мен едендерінің салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері көрсетіледі. Қабылдаған объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық номер бекітіледі. Акт тиісті комиссиямен толтырылады.

         Кәсіпорында негізгі құралдың  есебін дұрыс жүргізу және  олардың тиісті түрде сақталуын  қамтамасыз ету үшін негізгі құралдың әрбір түріне инвентарлық номер беріледі. Олар тұрақты түрде белгіленеді. Инвентарлық номер негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдың өзіне бояумен жазылады.

         Кәсіпорынның бухгалтериясында  негізгі құралдың инвентарлық объектілері бойынша есебі типтік нысандағы Мүліктік (инвентарлық) карточкаларда жүргізіледі (№НҚ-6 нысанындағы).

         Инвентарлық объект деп - өзінің құрамына кіретін яғни өзіне тиісті жабдықтары мен саймандарымен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе біріктірілген бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

         Мүліктік карточкаға жазулар  бастапқыда түгелдеу негізінде орындалады, ал одан кейінгі жазулар негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару құжаттарының, техникалық паспорттардың және тағы басқалар негізінде орындалып отырады.

         Карточкаларда объектілердің қысқаша  сипаттамасы мен жеке ерекшеліктері беріледі. Карточкалар әдетте бір дана етіп толтырылады.

         Толтырылған мүліктік карточкалар  «Негізгі құралдардың мүліктік карточкаларының тізімдемесінде» (№НҚ-10 нысанындағы) тіркеледі. Бұл құжат субъект бухгалтериясында бір данада негізгі құралдардың жіктік топтары бойынша жүргізіледі.

         Объект есептен шыққанда тізімдемеде бұл жөнінде белгі жасалады, тиісті карточка жабылады. Барлық мүліктік карточкалар негізгі құралдардың картотекасында сақталады. Картотекада карточкалар бойынша орналасады. Картотекамен жұмыс пайдалану орындары бойынша орналасады. Картотекамен жұмыс істеудің оңайлату үшін әр топ бір-бірінен арнайы бөлшектермен бөлінеді. Картотекада негізгі құралдардың әрбір жіктік тобының алдына «Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу карточкасы» (№НҚ-12 нысанындағы) орналастырылып, онда әр топтағы объектілердің барлық қозғалысы көрсетіліп отырады. Бұл карточкаларда негізгі құралдардың есебі әр топ бойынша жиынтық сомамен ғана беріледі. Әрбір жіктік топ бойынша айдың басындағы қалдық көрсетіледі. Есеп беру кезеңінің (кварталдың, жылдың) аяғында жинақтары есептеледі. Бұл мәліметтермен қатар карточкада негізгі құралдар қалпына келтіруге есептелген амотизациялық аударымдар сомасы мен күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар көрсетіледі. Сонымен аталған карточка негізгі құралдардың әрбір жіктік (классификациялық) тобы бойынша қозғалысын көрсететін аналитикалық шот десе де болады.

         Кәсіпорынға қабылданған негізгі  құралдар Бас шоттар жоспарының 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттарының дебеті бойынша кіріске алынады.

         Ары қарай жоғарыда аталған  әдістер бойынша кәсіпорынға  алынған негізгі құралдардың  өзіндік (бастапқы) құнын анықтауды  және негізгі құралдардың кіріске  алынуы бойынша операциялардың  бухгалтерлік есепте тіркелуін қарастырамыз.

  1. Нақты ақшаға сатып алынған негізгі құралдарды есепке алу

         Жер. Жерді сатып алу кезінде оның құнынан басқа төленетін қосымша шығындар жиі пайда болып отырады. Бұл шығындарды жердің құны сияқты 2411 «Жер» шотының дебетінде көрсету керек. Ондай шығындарға: агенттерге төленетін ақы, адвокаттар қызметінің төлемі, сатып алушы төлейтін салық сомасы, жерді құрғату, тазалау, тегістеу шығындары жатады.

         Мысалы, «Тұлпар» акционерлік қоғамы жаңа қызметтің түрін ұйымдастыру үшін жер учаскесінің сатып алды делік. Ол жердің сатып алу бағасы бойынша құнын – 1700000 теңге төледі, брокердің қызметін пайдаланғаны үшін 60000 теңге төленді және адвокаттың қызметіне 20000 теңге төледі, сол жерде тұрған жойылу құны 4000 теңге тұратын ескі ғимаратты бұзу үшін 10000 теңге төледі, жерді тегістеу үшін – 10000 теңге төледі. Сөйтіп сатып алынған жер учаскесінің өзіндік (бастапқы) құны 1806000 теңге болды.

Дт                                                2411 «Жер»                                                     Кт

Сатып алу бағасы бойынша 1700000

Брокер  қызметінің ақысы     60000

Адвокат қызметінің ақысы   20000

Ескі  ғимаратты бұзу үшін

төленді                                    10000

Минус:

Ғимараттың  жойылу құны   4000

Жерді тегістеу шығындары  10000

 
Жиынтығы                              1806000  

Осы сомаға төмендегі шот корреспонденциясы  анықталады:

                                                                                                Дт                   Кт

2411 «Жер»                                                                       1806000

1060 «Есеп  айырысу шотындағы нақты ақша»                                     1806000

         Ғимараттар мен құрылғылар. Дайын ғимараттарды сатып алу кезінде оның өзіндік (бастапқы) құнына сатып алу бағасы жөндеуге және басқадай ғимаратты жұмыс істейтін жағдайға жеткізу үшін жұмсалған шығындар кіреді. Егер фирма ғимаратты өзі салатын болса, онда оның өзіндік (бастапқы) құнына барлық қажетті шығындар (материалдар, еңбек ақы, сәулетші қызметінің ақысы, құрылыс жүргізу мерзіміндегі сақтандыру шығындары, құрылыс жүргізу мерзімі ішінде объектіге берілген несие бойынша процент (үстеме), құрылыс жүргізуге берілген рұқсаттың құны) кіреді. Егер ғимаратты салу кезінде мердігерлердің қызметі қажет болса, онда оның өзіндік (бастапқы) құнына келісім бағасымен бірге салынып жатқан объектіні пайдалануға беру қажетті шығындар да кіргізіледі.

         Құрал-жабдықтар. Құрал-жабдықтардың құны оны сатып алуға және жұмысқа дайындауға байланысты барлық шығындар (шот-фактура бойынша құны, сақтандыру шығындары, салық сомасы, сатып алуға байланысты шығындар, монтаждау құны және құрал-жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатында жүргізілетін сынақтың бағасы) кіреді.

         Паушальдық төлем. Кейде жер және басқа объектілер паушальдық сома бойынша сатып алынады.

         Паушальдық төлем дегеніміз – қандай да болмасын жеке объект үшін емес, олардың жиынтығы үшін төленген сома. Жерге амортизациялық аударым сомасының есептелінбеуіне байланысты, ол бухгалтерлік есепте жеке синтетикалық шотта көрсетіледі. Осы себептен сатып алудың паушальдық бағасы жер мен онда тұрған ғимараттың арасында пропорционалды түрде бөлінуге тиісті. Мысалы, ғимарат және ол тұрған жер учаскесінің паушальдық баға бойынша 850000 теңгеге сатылып алынды. Егер де объектілер жеке-жеке сатылып алынған болса, аталған соманы – 850000 теңгені әрбір объектінің бағасын анықтау жолымен пропорционалды түрде бөлуге, одан соң паушальдық құннан тиісті процентті есептеуге болады.

         Мысалы, егер олар жеке сатылып  алынған болса, жер 100000 теңгеге,  ал онда тұрған ғимрат 900000 теңгеге  бағаланар еді делік. Онда паушальдық  құнның 10 пайызы немесе 85000 теңге  жердің құны, ал 90 пайызы немесе 765000 теңге ғимараттың құны болады.

  Бағалау Проценттік  үлесі Паушальдық  бағаны бөлу
Жер 100000 10 85000
Ғимарат 900000 90 765000
Жиынтығы 1000000 100 850000
  1. Несиеге алынған негізгі құралдарды есепке алу

         Негізгі құралдарды төлем жасаудың әдеттегі жағдайынан артық кезеңге төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған кезде олардың өзіндік құны сатып алу бағасына тең болады. Осы шамамен төленетін соманың арасындағы айырмашылық несие бойынша процент төлеу шығыстары ретінде танылады (есепке алынады). Ал егер несие негізгі құралдар объектісін салу үшін алынатын болса, онда процент бойынша шығындар сол объектінің өзіндік құнына жатқызылады.

Информация о работе Негізгі құралдар