Негізгі құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 19:25, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.

Оглавление

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1.0 Негізгі құралдардың жіктелуі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
1.1 Негізгі құралдардың бағалануы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
1.2 Негізгі құралдардың тозуы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
2.0 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
2.1 Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 18
2.2 Негізгі құралдарды түгелдеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28
3.0 Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32
4.0 Пайдаланған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 33
Қосымша

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 196.50 Кб (Скачать)
  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылған үлес ретінде қабылданған (акцияларға айырбастау арқылы алынған) негізгі құралдарды есепке алу

         Кәсіпорынның жарғылық капиталына  қосылған үлес ретінде кіріске  алынған негізгі құралдардың  өзіндік (бастапқы) құны олардың  әділетті (нарықтық) құны бойынша  не болмаса шығарылған акциялардың әділетті (нарықтық) құны бойынша анықталады. Мысалы, «Арман» акционерлік қоғамының акцияларына бұрын пайдалануда болған жабдық салынды делік. Жабдықтың техникалық күйі жақсы, бірақ әдетте ол пайдалану мерзімі бекіткенге дейін сатылмайды. Сондықтан оның дұрыс нарықтық бағасын анықтау қиын. Жабдықтың төлемі ретінде «Арман» акционерлік қоғамы әрқайсысының номиналдық құны 100 теңге болатын 2000 қарапайым акцияларды берді. «Арман» акционерлік қоғамы Қор Биржасында өзінің бір акциясын 120 теңгеден сатып-өткізеді. Демек, акцияға салынған жабдықтың өзіндік (бастапқы) құны – 240000 теңге болады. Бухгалтерлік есепте жабдықтың кіріске алынуын төмендегі жазу арқылы көрсетуге болады:

                                                                                                      Дт                Кт

2413 «Машиналар  мен жабдықтар»                                    240000

5020 «Төленбеген  капитал»                                                                       200000

5030 «Қосымша төленген капитал»                                                              40000

         Егер құнды қағаздардың нарықтық  құнын дұрыс анықтауға болмайтын  болса, онда алынған активтің  нарықтық құны (егер оны дұрыс  бағалауға болатын болса) пайдаланылады.  Мысалы, жабдықтың нарықтық құны  – 220000 теңге делік. Онда жабдықты кіріске алу былайша көрсетіледі:

                                                                                                  Дт                   Кт

2413 «Машиналар  мен жабдықтар»                               220000

5020 «Төленбеген капитал»                                                                     200000

5030 «Қосымша төленген капитал»                                                       20000

         Егер жақын уақытта ондай негізгі  құрал ақшалай негізде сатылмаған  болса, онда активке тәуелсіз эксперттік (сараптамалық) бағалау жүргізуге болады.

  1. Сыйға алынған және өкімет субсидиясы ретінде қабылданған негізгі құралдарды есепке алу

         Кейде мемлекеттік органдардың  қандайда бір кәсіпорынға оның өз өндірісін белгілі бір орналастыруына жағдай жасау, яғни кәсіпорынды материалдық жағынан көтермелеу мақсатында негізгі құралдар объетісін сыйлық ретінде беретін жағдайлар болады. Мұны жергілікті өкімет органдары салық базасын жақсарту және жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Ал кейбір жағдайларда негізгі құралдарды акционерлер Акционерлік Қоғам қаржылық қиындықтарға ұшыраған кезде оған көмек көрсету ниетімен береді. Сондай-ақ, негізгі құралдар кәсіпорынға белгілі бір шарттардың (мысалы, белгіленген мерзімге адамдардың белгілі бір санын жұмысқа қабылдау) негізінде сыйға тартылады.

         Өкімет субсидиясы – кәсіпорынның  операциялық қызметімен байланысты  белгілі бір шарттардың сақталуына  айырбас ретінде оған ресурстар  беру нысанындағы өкіметтің көмегі. Негізді бағалануы мүмкін емес өкімет көмегінің нысандары субсидияға жатпайды. Егер шарт орындалмаса алынған көмектің құнын қайтару талап етіледі.

         Қабылдау актісі бухгалтерлік  алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • Объектінің аты;
  • Объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
  • Салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
  • Құрылыстың салынып біткен уақыты;
  • Амортизациялық аударым мөлшері;
  • Бастапқы құны;
  • Басқа да шартты белгілері.

         Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымға бас механикалық бөлім төлқұжат толтырылады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.

         Негізгі құралдарға толтырылған  қабылдау-тапсыру актісі кейіннен  ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы  тиіс. Актімен бірге объектінің  техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

    Д-т: Негізгі құралдар – шоты

    К-т: Ақшалар – шоты;

    Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге  қарыз – шоты;

    Қоюшы мердігерлермен есеп айырысу  – шоты;

    Төленбеген капитал – шоты;

    Үкімет органдарының субсидиялары  – шоты

    деп аталатын шоттардың тиістілері.

         Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі  құралдар бұрын пайдаланылып  және оларға тозу сомасы есептелген  болса, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына есептелген болса, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

    Д-т: Негізгі құралдар – шоты

    К-т: Негізгі құралдардың тозуы  – шоты.

Негізгі құралдар кіріске  алынғанда бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны Дебиттелетін 

шот

Кредиттелетін шот
1 2 3 4
1 Ұйымның салынып  жатқан құрылысы аяқталып кіріске алынды  
 
2412
 
 
2930
2 Негізгі құралдар қатарына өткізілген жас малдарды есепке алу  
 
2520
 
 
2930
3 Көп жылдық өсімдіктерді кіріске алу  
2510
 
2930
4 Уақытша салынған құрылысты кіріске алу  
2412, 2416
 
2930
5 Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдарға:
  • келісілген құнына
  • тозу құнына
 
 
 
2411-2417

2412-2417

 
 
 
5020

2421-2429

1 2 3 4
6 Жеке немесе заңды тұлғалардан сатылып алынған  негізгі құралдарға:
  • қалдық құны бойынша;
 
  • қосылған  құн салығы сомасына
 
 
 
2411-2417 
 

1420

 
 
 
1010-1070, 4110, 4170, 4240, 4430 

1010-1070, 4110, 4170, 4240, 4430

7 Тәуелді, еншілес және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан кіріске алынған негізгі құралдар:
  • қалдық құны бойынша;
 
  • қосылған  құн салығы сомасына
 
 
 
2410, 2510, 2520, 2930 

1420

 
 
 
4120 
 

4120

8 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп түскен, әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар:
  • бастапқы құны бойынша;
 
  • қосылған  құн салығы сомасына
 
 
 
 
2410, 2510, 2520, 2930 

1420

 
 
 
 
4110 
 

4110

9 Басқа да атқарушы органдардан субсидия ретінде келіп  түскен негізгі құралдарды кіріске  алу:
  • қалдық құны бойынша;
  • тозу құнына
 
 
 
2410

2410

 
 
 
6230

2421-2429

1 2 3 4
10 Заңды тұлғарлар  мен жеке адамдардан тегін (ақысыз, қайтарусыз) алынған негізгі құралдарды кіріске алу:
  • қалдық құны бойынша;
  • тозу құнына
 
 
 
2410

2410

 
 
 
6160, 6280, 6220

2421-2429

11 Тексеру немесе түгендеу кезінде артық шыққан немесе бұрын есепке алынбаған негізгі құралдары кіріске алғанда:
  • ағымдағы құны бойынша;
  • есептелген тозу сомасына
 
 
 
 
2410, 2930

2410, 2930

 
 
 
 
6160, 6280, 6220, 2424-2429
12 Ұйымның өзінде өндіріліп, кіріске алынатын негізгі  құралдар:
  • негізгі өндірістен;
  • көмекші өндірістен
 
 
 
2410, 2930

2410,2930

 
 
 
8010

8030

2.2 Негізгі құралдарды түгелдеу

         Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын  анықтау және олардың сақталуына  бақылау жасау мақсатында субъекті  басшылары нормативтерді, заңдарды  және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

         Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік  қызметтің жұмысын ұйымдастыру»  деп аталатын стандартына сәйкес  әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

         Негізгі құралдарды мүліктік  түгелдеу жылдық қаржылық есеп  беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.

         Мүлікті түгелдеу міндетіне негізгі  құралдардың нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алумен қатар бухгалтерлік есепке алу, мәліметтермен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгелдеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізіледі. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары берілуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақтауға немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа құжаттардың нақты бар-жоғы және заңдылығы тексеріледі.

         Мүліктік түгелдеу тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгелдеу бар-жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттар мен басқа техникалық құжаттардың бар-жоғын және оларда қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттарын тексеру қажет. Егер де құжаттары жоқ болса, оларды алдыртуды және дайындаудың қолға алған жоқ. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігін тексереді.

         Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін мүліктік тізімдеріне енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

         Сондай-ақ субъектінің пайдалануындағы  (меншігіндегі) жер телімдерін, су  тоғандарын және басқа табиғи  ресурстарды иелену (қолдану) құқын  растайтын құжаттардың да бар-жоғы  тексеріледі.

         Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша – олардың қандай материалдардан (қандай мақсатқа пайдаланылатынын) салынған және сол материалдардың көлемін (іштей және сырттай өлшеу арқылы), көлемі (жалпы, пайдалы көлемін), қабаттар (этаждар) саны (подвалсыз, подвалымен) салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені (түбі мен беті бойынша), жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін (құлама бетін) бекіту материалдары; көпірдің тұрғын жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдары бойынша – жолдардың түрлері (шоссе, арнайы), қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.

         Есепке алынбаған объектілерді  мүліктік түгелдеу кезінде бағалау  әрекет етіп тұрған баға мен  ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.

         Есепке алынбаған объектілердің  қашан салынған немесе алынғанын,  жасалған шығындардың қаржыландырылған  көзін мүліктік түгелдеу комиссиясы  белгілеп, оны хаттамада көрсетуі  керек.

         Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, өз қолдану мақсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.

         Өнім беретін ірі малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркелгенде, олардың: малдың нөмірі (биркасы, ен-таңбасы); малдың аты, туған жылы, (жасы) тұқымы, қондылығы, тірідей салмағы (жылқы, түйе, бұғыдан басқалары) және алғашқы (қалпына келтірілген) құны көрсетіледі. Мал тұқымы (тегін) сапасы туралы мәліметтеріне қарап анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа (мегежін және аталық) және асыл тұқымды қой мен басқа мал түрлері (тұқымдық) тізімге бөлек жазылады. Негізгі табындағы мал топтық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жынысына қарай бөлініп, әр топ бойынша тірідей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркеледі.

Информация о работе Негізгі құралдар