Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:50, сочинение
Техникалық және технологиялық тұрғыдан ақпараттық қоғам жоғары өнімді ақпараттық құралдар мен техникаларды және сәйкес ақпараттық технологияларды, жоғары дәрежедегі сапалы телекоммуникациялық тораптарды жаппай пайдалануға көшумен сипатталады. Осы құбылыстың өзі ақпараттың тек ақпарат ретінде ғана шектелмей, ендігі кезекте оның ресурсқа айналуының негізі болады. Бұл ресурсты тиімді пайдалану және оны жасап дамыту – ақпараттық қоғамның өмір сүруінің қажетті шарты. Бұдан туатын қорытынды, ақпараттық қоғам дегеніміз – адамзат дамуының тағы бір баспалдағы, алдымыздағы жаңа дәуір. Ал енді осы мәселені саяси тұрғыдан қарастыратын болсақ, ақпараттық қоғам саяси құрылымдарға шектеулер қоймауы мүмкін
1 - Техникалық және технологиялық тұрғыдан ақпараттық қоғам жоғары өнімді ақпараттық құралдар мен техникаларды және сәйкес ақпараттық технологияларды, жоғары дәрежедегі сапалы телекоммуникациялық тораптарды жаппай пайдалануға көшумен сипатталады. Осы құбылыстың өзі ақпараттың тек ақпарат ретінде ғана шектелмей, ендігі кезекте оның ресурсқа айналуының негізі болады. Бұл ресурсты тиімді пайдалану және оны жасап дамыту – ақпараттық қоғамның өмір сүруінің қажетті шарты. Бұдан туатын қорытынды, ақпараттық қоғам дегеніміз – адамзат дамуының тағы бір баспалдағы, алдымыздағы жаңа дәуір. Ал енді осы мәселені саяси тұрғыдан қарастыратын болсақ, ақпараттық қоғам саяси құрылымдарға шектеулер қоймауы мүмкін. Бірақ ақпараттық ресурстар мен технологиялар өзінің даму барысында ерте ме, кеш пе қоғамды демократияландыруға қарай алып келетіндігі қазірдің өзінде басы ашық мәселе. Демек, жалпы қоғам мен адам, адам мен адам арасындағы қарым-қатынасты реттеудің жаңа заңдылықтары мен дәстүрлері өркениеттің жетілуіне сәйкес бірте-бірте қалыптасатын болады. Қоғамның негізгі даму ресурсына ақпараттың айналуы, ақпараттық сектордың экономикадағы басымдыққа ие болуы бұл секторға адам және қаржы ресурсының молынан шоғырлана бастауынан да көрініс беріп отыр. Егер әлем бойынша айтсақ, ақпаратты өндіру мен өңдеу өндірістік негізге қойылуда. Кез келген ақпарат түрлері жинақталып, сигналдар түрінде өлшеніп, коммуникациялық тораптармен тасымалданып, жоғары өнімді есептегіш жүйелерде өңделуде. Бұл адамзатқа осы заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен қандай да бір үрдісті тікелей басқару немесе басқарушы шешімдер қабылдау мүмкіндігін ұсынып отыр. Осының негізінде ой еңбегінің өнімділігі және ой еңбегімен шұғылданушылар қатары шапшаң өсу үстінде. Демек, ақпараттық қоғамға жоғары өнімді есептегіш техникалар мен машиналарды және оған сәйкес ақпараттық технологияларды, жоғары дәрежеде дамыған ақпараттық телекоммуникациялық тораптарды жаппай қолдану тән болып отыр. Ресурсқа түскен қарапайым ақпараттың өзі оперативті тиімді басқарушы шешімдер қабылдаудың негізінде түрлене түсетін болады. Бұл жағдай, яғни ақпараттың ресурсқа айналуы қоғамның ақпараттық мәдениетін көтеру талабын қояды. Қазіргі жалпылай компьютерлік сауаттылық осының қажет элементі болып табылады.
Мәселеге экономикалық тұрғыдан келетін болсақ, өкінішке орай, Қазақстанда ақпарат әлі де болса қоғамның бірден-бір негізгі ресурсына айнала қойған жоқ. Ал техникалық және технологиялық тұрғыдан келгенде Қазақстанда жаңа ақпараттық құрылымдар мен технологияларды жаппай өндіріп немесе қолданысқа енгізудің материалдық-техникалық, технологиялық және интеллектуалдық негізі толық қалыптаса қойған жоқ. Мұның басты себептерінің бірі, біздің елімізде осы заманғы ақпараттың технологиялар мен жүйелерді, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді, интернет-технологияларды жете зерттеп, жобалап жасай алатын және оларды сауатты пайдаланатын кадрлардың өте тапшылығында болып отыр. Міне, осы бір аса өткір әрі шетін жәйтті, мұнан кейінгі дамуымыздың өзекті проблемасын біздің әлі айқын сезінбей отыруымыздың өзі бұл саладағы жағдайдың біз үшін қаншалықты күрделі екендігін көрсететін болса керек.
2 - ресурстарының жіктелуі
Шығу көзіне байланысты: биологиялық, минералдық, энергетикалық ресурстар
Өнеркәсіпте қолданылуына
байланысты: жер қоры, орман қоры,
су ресустары,
Экологиялық жіктелуі
– сарқылу деңгейіне
ресурстарының жіктелуі
(сарқылу деңгейіне байланысты)
Табиғат ресурстары
Сарқылмайтын
Сарқылатын
Күн энергиясы, жел энергиясы, су энергиясы,
Су, Ау
Қалпына келеті
Қалпына келмейтін
Флора, фауна, топырақ, тұщы су,ауа
Пайдалы қазбалар
ресурстар жағдайы
Сарқылмайтын ресурстар – күн энергиясы және оның тудыратын табиғат күштері(жел,тасулар) мәңгі және шектелмеген мөлшерде
Сарқылатын қалпына келетін ресурстар мөлшері шектелген, бірақ олар табиғи түрде немесе адам көмегі арқылы қайта жаңартылынады
Флора және фауна жағдайы
Түрлі геологиялық кезеңдерде өткен эволюциялық процесстер, Жер бетіндегі тіршілік етушілердің түрлік құрамының өзгеруіне әкелді
Адамзат қоғамының белсенді қызметі әсерінен биологиялық ресурстар тез азаюда.
3 -