Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:50, сочинение
Техникалық және технологиялық тұрғыдан ақпараттық қоғам жоғары өнімді ақпараттық құралдар мен техникаларды және сәйкес ақпараттық технологияларды, жоғары дәрежедегі сапалы телекоммуникациялық тораптарды жаппай пайдалануға көшумен сипатталады. Осы құбылыстың өзі ақпараттың тек ақпарат ретінде ғана шектелмей, ендігі кезекте оның ресурсқа айналуының негізі болады. Бұл ресурсты тиімді пайдалану және оны жасап дамыту – ақпараттық қоғамның өмір сүруінің қажетті шарты. Бұдан туатын қорытынды, ақпараттық қоғам дегеніміз – адамзат дамуының тағы бір баспалдағы, алдымыздағы жаңа дәуір. Ал енді осы мәселені саяси тұрғыдан қарастыратын болсақ, ақпараттық қоғам саяси құрылымдарға шектеулер қоймауы мүмкін