Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 15:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3-4
1-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕГІЗІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................................................................5-14
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.......................5-6
1.2. Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы.............................................................................................................6-9
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары..........9-14
2-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕГІ «ТҰРАНӘЛЕМБАНК» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ........................................................................................15-22
2.1. ҚР коммерциялық банктеріне жалпы шолу............................ 15-18
2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау....19-22
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................................23-28
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................23-26
3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру.....................................................26-28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................30
Несиелеу объектісінің құнының 100%-к көлемде несиені ұсыну қарастырылған, егер келесідей шарттар орындалса:
Борышқордың төлем қабілеттігін бағалау. Борышқордың төлем қабілеттілігінің бағасы соңғы 6 айға орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған және анықтамада көрсетілген мәліметтердің борышқордың табысын растайтын басқа да құжаттар және тапсырыс берушінің анкетасы негізінде есептеледі. Борышқордың төлемқабілеттілігін есептеу кезінде оның табысынан анықтамада және анкетада көрсетілген барлық міндетті төлемдер алынады (табыс салығы, жарналар, алименттер, зиянның компенсациясы, зейнетақы аударымдары, қарызға алынған тауарлар құнын өтеуге төлемдер, әрекет ететін несиелер бойынша жарналар, коммуналдық қызметтер және т.б.).
2009 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 2,16 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 2,11 млн. адам болған (2007жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21,2% және 20,7% артқан. Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді.Олардың өзіндік үлесі 86,9%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 13,1%. 2005 жылдың 1-ші тамызында бұл арақатынас 81,4% және 18,6% құраған болатын.
Төлем жүйесі қызметінің толықтығы әр түрлі типтердегі және арналымдардағы төлем карталарының бар болуымен анықталады. АТФБанк картаны ұстаушыларға мынадай қызметтер ұсынады: теңгеде және шетел валютада қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру; басқа банктерден түскен қаражаттарды карт шоттарға қосу; несиелік лимитті, AIG ASSIST компаниясының халықаралық сақтандыру полисін, «АТФ Полис», «Интертич» компанияларының локальды сақтандыру полистерін ұсыну. Тұтас алғанда, карталық бизнес – банктің клиенттерімен өзара қарым-қатынастарды ары қарай дамытып тереңдету үшін басымды бағыт болып табылады.
2009 жыл ішінде карталардың мынадай мөлшері шығарылған:
2009 жылда көлемі 878 млн. теңгені құраған сауда және сервис кәсіпорындарында 31807 транзакция жасалған. Есеп беру кезеңінде коммерсанттар қызметтерінен түскен комиссиондық табыс 34,1 млн. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 46,7%-ке ұлғайды.
Халықаралық нарықтардан капитал тарту әлі де болса банк қорының өсуінің негізгі көзі болып табылады. Банк жыл басында жария етілген халықаралық нарықтардан қаржы тарту жоспарын әрі қарай жалғастырады. Аталған жоспарға сәйкес банк жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайтын еурооблигациялар шығару және синдикатталған несиелер арқылы ашық түрде қаржы тартпақ ниетте. [11; 211б.]
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1.
Ресурстарды тартудың
жаңарту жолдары
Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.
Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.
Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:
Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың атынан Астана және Алматы қалаларының рыногынан әділ бағамен жаға тұрғын үйлер сатып алатын болады. [12; 324б.]
Үкімет, сондай ақ тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамассыз ету бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл үшін қолданыстағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.
Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді құрылыс аяқталған және дайындығы жоғары дәрежедегі нысандардан белгіленген баға бойынша сатып алу құығы берілетін болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында арендалық тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша 265 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған барлық обектілер тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі арқылы сатылатын болады. Бұл халықтың басым санаттарына жылдық дан аспайтын пайыздық ставка бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұсынуға және тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы салымның жинақталуына байланысты қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында Үкімет үлестік құрылыс мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін болады.
Экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.
Біріншіден, осы мақсаттарға “Самұрық - Қазына ” қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. “Самұрық- Қазына ” қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі.
Үкімет “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін(14%-дан аспайтын) тұрақтандыру бойынша шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.
“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады.
Екіншіден,”Самұрық-Қазына”
Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында олардың “Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады.
Жер қойнауын пайдаланумен және сервистік компаниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.
Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамуға ерекше назар аударылатын болды.Агроөнеркәсіп секторын экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлар мыналар:
Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар 2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады.
Инвестициялар, ең алдымен,
3.2.Қаржы секторын тұрақтандыру
Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.
Отандық банктерге қолдау
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.
Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.
Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыңан байланысты банк секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.