Коммерциялық банктер маңызы мен қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 15:13, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Оглавление

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-4
1-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕГІЗІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................................................................5-14
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.......................5-6
1.2. Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы.............................................................................................................6-9
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары..........9-14
2-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕГІ «ТҰРАНӘЛЕМБАНК» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ........................................................................................15-22
2.1. ҚР коммерциялық банктеріне жалпы шолу............................ 15-18
2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау....19-22
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................................23-28
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................23-26
3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру.....................................................26-28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................30

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктердин манызы мен банктик операциялар кызмети.doc

— 310.00 Кб (Скачать)

     Егер  несиелік жүйені  реформалаудың  бастапқы кезеңінде коммерциялық банктер  негізінен пайлық  негізде құралса, ал қазіргі кезең пайлық банктерді  акционерлік банктер формасы  етіп қайта құрумен сипатталады. Акционерлік қоғамда капиталдың иемденушісі қоғамның өзі, яғни банк болып табылады. Ал пайлық коммерциялық банктерде  капиталдың иегерлері бола алмайды, себебі әрбір пай иегері өзінің капитал үлесіне ғана иемденуге құқығы бар болады.  Пайлық коммерциялық банктер жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық негізінде құрылған, яғни әрбір пай иегерінің жауапкершілігі оның банктің ортақ капиталына  салымына тәуелді. Жарғылық капиталды кеңейту банк қатысушыларының қосымша салымдары, сонымен қатар, банктің құрамына жаңа қатысушылардың  еңгізілуі арқылы жүзеге асырылады. Жаңа қатысушылардың еңуі туралы мәселе банктің қатысушыларының жиынында шешіледі. Ал акционерлік қоғам ретінде жұмыс атқаратын банктерде жарғылық капитал бірдей номиналды құны бар анықталған акциялар (заңды және жеке тұлғалар арасына) санына орналастырылған.  Акционерлер банктен осы салымды қайтаруға міндет ете алмайды. Осы жағдай банктің тұрақтылығын, беріктігін қамтамасыз етеді және оның ликвидтілігін басқаруға негіз құрады.   Акционерлік банктер ашық және жабық түрлі болады. Жабық банктердің акциялары басым акционерлердің келісімімен ғана бір-біріне беріле алады. Ал ашық түрлі банктердің акциялары басқа акционерлердің келісімінсіз ауыстырыла алады.

     Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар  бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді.

     Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен; өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен; басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.  Коммерциялық банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және  оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.    
Қазіргі банктік жүйе – бұл өз клиенттеріне ұсынылатын банк ісінің негізін анықтайтын дәстүрлі депозиттік-қарыздық және есептік-кассалық операциялардан бастап, банктік құрылымдармен (лизинг, факторинг, траст және т.б) қолданылатын ақша-несие және қаржылық құралдардың жаңа түрлеріне дейінгі әртүрлі қызметтер саласы.  
Қазақстанда нарықтық қатынастар жүйесі дамыған және банк маңызды құрылымдардың бірі болып табылады. Қазақстанда банк ісі бұрын даму және оқу орындарына бөлінетін көңіл бойынша өте төмен деңгейде болса, қазір ол өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқан ғылымдардың бірі болып табылады.  

    Банк секторының дамуындағы жағымды тенденцияларды анықтасақ та, бірқатар шешілмеген мәселелер әлі де толғандыруда, әсіресе, ең алдымен жеке несие ұйымдары деңгейіндегі, сонымен қатар жалпы банк секторы көлеміндегі тәуекелді басқарудың өспелі қиындықтарымен байланысты мәселелер.1-кестеде көріп отырғанымыздай еліміздің  банк  жүйесі әлемдік  нарықпен  салыстырғанда  едәуір  төмен жағдайда.Келтірілген екінші  деңгейлі  банктер  өз қызмет  спектрін  жоғары  пайыздық үстемемен  ұсынып келеді.Республикамыздағы  35-36 банктің 80%-ы  ақша  сұранысы мен  ұсынысын  тепе-теңдік  жағдайда  ұстап  тұруға ықпал жасайды.  
Соңғы жылдары отандық банк жүйесінде болған банктердің банкроттыққа ұшырауының жиілеуі («Наурызбанк» АҚ, «Валют Транзит Банк» АҚ /7/) оның тұрақты дамуына кедергі келтіретін инфрақұрылымдық және қаржылық сипаттағы күрделі мәселелердің туындауын білдіреді. Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) жоспарланатын енуінің жағымсыз нәтижелері Қазақстандық банктердің жағдайын одан сайын қиындатып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкін отандық банк жүйесінің дамыған елдердің банк жүйесімен жақындасуына бағытталған белсенді әрекеттер жүргізуге мәжбүрлейді. Сондықтан олардың салыстырмалы талдауын өткізу шешімі әлемдік банк жүйесінің негізгі даму бағыттарын анықтауға және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің отандық банктер мен дамыған елдер банктерінің арасындағы айырманы қысқарту бойынша жүргізетін әрекеттерінің дұрыстығын талдауға мүмкіндік беретін өзекті мәселе болып табылады.
  

[19; 4б.]  

1 –  кесте.

                                                                                                            млрд.теңге

 
 
Банктер атауы
 
 
Несие портфелі
 
 
ҚР  бойынша  берілген займдар
ҚР резиденті  еместерге

берген займдарының

үлесі, %               

1 «Казкоммерцбанк»АҚ 2 344,3 245,0 18,3
2 «БТА БАНК»  АҚ 1 644,7 882,2 66,0
3 «Альянс Банк»  АҚ 545,5 15,9 1,2
4 «Қазақстан  Халық Банкі» 1 224,4 90,3 6,8
5 «Kaspi bank» АҚ 288,7 0,0 0,0
6 RBS (Kazakhstan) АҚ 14,4 - -
«HSBC Банк Казахстан»АҚ 87,5 0,4 -
8 «Delta Bank» АҚ 41,1 - -
9 «Al Hilal Ислам Банкі» АҚ 0,4 0,0 0,0
10 « Хоум Кредит Банк»  АҚ 14,2 - 0,0
11 «Цеснабанк»  АҚ 149,3 0,1 -
12  «Еуразиялық Банк» АҚ 227,5 18,7 1,4
13 «ЭСКИМБАНК  ҚАЗАҚСТАН»  АҚ 66,7 6,4 2,8
14 «СитиБанк Казахстан» АҚ 38,1 0,1 0,0
15 «Казинвестбанк»  АҚ 50,4 0,0 0,0
16 «Сбербанк»  ЕБ»  АҚ 176,6 10,9 3,5
17 «Данабанк»  АҚ 2,3 - -
18 «Сенім -Банк»  АҚ 3,1 0,0 0,0
19 «Заман - Банк»  АҚ 3,9 - -
20 «Казинкомбанк»  АҚ 2,7 1,5 0,7
21 «МЕТРОКОМБАНК»  АҚ 7,6 0,0 0,0
22 «Банк Астана-финанс»  АҚ 13,4 0,0 0,0
23 "Шинхан Банк  Казахстан" АҚ 0,1 0,9 0,5
24 "Банк Kassa Nova" АҚ 5,0 0,5 0,2
25 "Пəкістан  ҰБ" Қазақстандағы ЕБ  2,2 - -
26 "Кредит Алтын  Банк" АҚ 3,5 0,0 0,0
27 "Банк Позитив  Қазақстан" АҚ 3,3 0,1 1,8
28 "КЗИ БАНК" ЕБ" АҚ 3,7 0,4 0,0
29 Банк ВТБ (Қазақстан) ЕҰ АҚ 10,3 0,2 0,1
30 "AsiaCredit Bank" АҚ 5,3    
31 "Қазақстанның  Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкі"  АҚ 67,7 - -
32 "ТАИБ ҚАЗАҚ  БАНКІ" ЕБ АҚ 1,0 0,0 0,0
33 "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ҚЫТАЙ БАНКІ"  2,8 - -
34 "АЛЬФА-БАНК" ЕБ" АҚ 31,4 0,2 0,0
35 "ТЕМIРБАНК"  АҚ 212,2 1,7 0,1
  Барлығы 7295,3 1275,6 103,4
 

Қорлар  бойынша деректер ұлттық валютаның миллион бірлігінде келесі түрде беріледі:

1)  Ақша агрегаттары: М0 айналыстағы  қолма-қол ақша ақша, М1 тар  ақша массасы (М0 плюс плюс  банкіге жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың ұлттық валютадағы аудармалы депозиттері), М2 кең ақша массасы (М1 плюс банкіге жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың ұлттық валютадағы басқа депозиттері және шетел валютадағы аудармалы депозиттері) және М3 ақша массасы (М2 плюс банкіге жатпайтын заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютадағы басқа депозиттері).

2) Ішкі  кредит - орталық Үкімет (таза түрде), аймақтық және жергілікті басқару органдары (2001 жылғы желтоқсанға дейін жалпы Үкімет бойынша деректер келтірілген), банкіге жатпайтын қаржы ұйымдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес  болып бөлінген қаржы институтына жатпайтын ұйымдар (2001 жылғы желтоқсанға дейін қаржы институтына жатпайтын ұйымдар бойынша бүтін деректер келтірілген), үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылықтары бойынша бөлініп берілген.

3) Таза  шетелдік активтер (таза шетелдік  позиция), резиденттік белгілерінің негізінде жинақталады.

4) Басқа  таза ішкі міндеттемелер/активтер  таза түрде беріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   

2.1. «ТұранӘлемБанк»   АҚ-ның экономикалық  жағдайын талдау. 

      “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады. “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.

        Қызмет көрсетудің артықшылықтары:

  1. Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
  2. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
  3. Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  4. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  5. Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

          ТӘБ несиелендірудің  келесі түрлерін ұсынады:

      Тұран Әлем банкі өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне арналған Любимая "несие желісі" жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл несие желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда көптеген артықшылықтарды пайдалана аласыз.

     ТұранӘлем банкінің “Любимая” несие желісі – бұл Сіздің тұрмыс жағдайыңызды әп-сәтте жақсартудың ең дұрыс  шешімі. Бір сөзбен айтқанда, әдемі  өмір сүргіңіз келсе, ТұранӘлем банкі  ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланып көріңіз. Ақшаңызды айқын болашақ пен ауқатты өмір үшін жұмсаңыз. Осы орайда ТұранӘлем банкі Сізге қолдау көрсетеді, өйткені Банк үшін ең басты құндылық – бұл оның клиенттері!

      "ТұранӘлем"  банкі көп жылдар бойы жеке  тұлғаларға арналған депозиттер рыногында алдыңғы қатарда келеді. Қаржы - қаражаттарыңызды орналастыру мерзімінің өзіңізге тиімді түрін таңдай алу мүмкіндігі Нақты таңдалған уақытта қаржыңыздың қозғалысын жоспарлауға көмек береді. "ТұранӘлем" банкі Қазақстан Республикасы аумағында есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің кең желісіне ие, бұл бөлімшелердің кез келгенінде депозит рәсімдеуге болады. Сондықтан, депозит рәсімдеу үшін үйіңізден алысқа ұзаудың қажеті   жоқ. ТӘБ   филиалдық  желісінің   тағы   да  бір

ерекшелігі - кез келген жақын жерде орналасқан есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде (нақты  бір ЕКБ-де ғана емес) депозитт ашуға  да, жабуға да болады. [9; 152б.]

        Банктің клиенттермен өзара қатынастарының  келешекте дамуы барлық клиент  сегментін мұқият зерттеуін талап  етеді. Осы мақсатта банк мамандары  қаржы нарығының тұтынушылық  талғамдарын және даму тенденцияларын  күрделі зерттеуін жүргізу шараларын  қолданады. Осы зерттеулердің нәтижелері банктің ұзақ мерзімді клиенттік саясатының негізін құрамақ. Оның ішіндегі маңызды принциптерінің бірі «банк-клиентке» қатысты серіктестік жағдайларын және өзара тиімділікті құру болып табылады. Бұндай қатынастарды құрудың инструменттеріне тарифтік саясатты жетілдіру және де сатуды ынталандыру және қолдау бағдарламаларын құру және іске асыру кіретін болады; осы шаралардың кешені банктің клиенттік менеджерлерінің құрамын күшейтуге, олардың білімдерін және мотивация деңгейін жоғарлатуға бағытталған.2007 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша ТұранӘлем банкінің активтері жыл басынан бері 18,5 пайызға өсіп, 19,4 млрд. долларды құрады, нәтижесінде активтер бойынша ТӘБ-нің нарықтағы үлесі 24,6 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштер 2007 жылдың 1-тоқсанының соңында активтердегі үлесі 66,5 пайызды құраған банктің несиелік портфелінің өсуімен байланысты. 1- тоқсанның соңында шағын, орта бизнес және бөлшек саудаға берілген несиелер барлық несие портфелінің шамамен 40 пайызын құрады.

     2009 жылғы 01 сәуірде таза пайда 103 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 1,9 есеге өскенін көрсетеді және пайданың 65 пайызынан тұрады, сыйақы мен комиссия бойынша – 15%, сондай-ақ қазынашылықтың саудалық мәмілесі бойынша -20%-ды құрайды.

     Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуымен және тұрақтылығымен байланысты банк тауарлар мен қызметтерді несиелеу           сферасын айтарлықтай кеңейтті. Банктің  тұтынушылық несиелеу процесі жылжымайтын  мүлікті, автокөлікті, оқуды, емдеуді, салтанатты өткізуді, күрделі жұмысты, демалысты несиелеу бағдарламасымен көрсетілген.

     Жеке  тұлғаларды несиелеудің жалпы жағдайлары. Несие Қазақстан Республикасының  резиденттері мен бейрезиденттеріне  беріледі:

  • әйелдерге 21 ден 56 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 58 жасқа толғанға дейін іске асатын болса;
  • еркектерге 21 ден 61 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 63 жасқа толғанға дейін іске асатын болса.

    Жеке  тұлғаларға несиенің берілуі несиенің қайтарылуына және ол бойынша сыйақыны төлеуге жеткілікті тұрақты табыс көзі – жалақы, зейнетақы (отбасы мүшелерінің табыстарын қосқанда), кәсіпкерлік қызметтен табыс болған жағдайда ғана жүргізіледі. Несиенің сомасы борышқорлардың (созаемщик) айлық табысына, сатып алынатын мүлік құнына және қамтамасыз етілетін кепілдігіне байланысты. Созаемщик ретінде борышқордың жұбайы және жақын туысқандары, (ұлы, қызы, шешесі, әкесі, туған ағалары және әпкелері) бола алады. Созаемщик барлық міндеттемелерді атқарады және банктік қарыз келісімшарты бойынша борышқордың барлық құқықтарына ие. Несиелеудің параметрлері, алғашқы жарнаның төменгі мөлшері, борышқорлар үшін талап етілетін құжаттар тізімі Банктің Директорлар Кеңесімен немесе нақты несиелеу бағдарламасы бойынша Банктің басқа өкілетті органымен бекітіледі. [10; 41б.]

     Алғашқы жарна сомасы:

  • Клиент өзінің ағымдық шотына келешекте алу және сатушыға беру үшін енгізеді;
  • Валюталық заңнамаға сәйкес Банк Борышқордың ағымдық шотынан

Сатушының банктік шотына аударады;

  • Борышқор қолма-қол ақшамен Сатушыға береді, бұл кезде борышқор алғашқы жарна сомасын бергенін растайтын құжатты Банкке береді. Бұл құжат несиелеу бағдарламасымен анықталады.

Информация о работе Коммерциялық банктер маңызы мен қызметі