Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:12, лекция
Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық көзқарастар көне заманда да кездеседі. Оның өмір сүру кезеңдерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономикалық ілімдер тарихының пәні мен зерттелуі
Экономикалық ілімдер тарихының әдістері
Экономикалық ілімдер тарихының даму сипаттамасы
1 апта
№ 1 дәріс.
Тақырып: Экономикалық ілімдер тарихы пәні.
Жоспар:
Экономикалық ілімдер тарихының пәні мен зерттелуі.
Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық көзқарастар көне заманда да кездеседі. Оның өмір сүру кезеңдерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасында классиктерді (олар экономикалық ғылым пәнін қоғамдық байлықты өндіру заңдары деп есептейді);неоклассиктерді (олардың ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында ұғымды шешімдерді іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді )оларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде туындаған экономикалық қатынастарды зерттейді); кейнсшілдерді(олар кономикалық өсу факторларын және факторлық талдау негізінде макроэкономикалық реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді (олар «экономикалық адамның» ұтымды іс – әрекетін зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы тұрақтандыру және жұмысбасталықты қамтамасыз ету факторы ретінде монетарлық , яғни ақша несие саясатын алған); институционалистерді (олар экономикалық қатынстарды әлеуметтік, саяси және рухани қатынастармен байланыстырып қарастырған) және т.с.с. бөліп қарауға болады. «Экономикалық ілімдер тарихы» кітабының авторы Титова И.Е. осы ғылымға төмендегідей анықтама береді: экономикалық ілімдер тарихы түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдардың экономикалық көзқарастарының негізгі жүйелерінің пайда болып, дамуының тарихи процесін зерттейді. Белгілі оқулықтың авторы Худокормов Г.А. курстың пәні тек қана қазіргі кезде жалпыға бірдей мойындалған тұжырымдар емес, сонымен қатар батыс экономистерін ортақ пікірге әкеліп қана қоймай , солармен ұштасып, ғылымды әрі қарай дамытып отыратын пікірталастар, дисскусиялар деп атап көрсетті. «Экономикалық ілімдер тарихы» оқулығының авторы Я.С.Ядгаров пәнге мынадай аныктама берді: «Бұл пәннің объектісі жекелеген экономистердің теорияларында, теориялық мектептерде, ағымдар мен бағыттарда орын алған экономикалық идеялар мен танымдардың, экономикадағы, ғылымдағы, техникадағы және әлеусететік саладағы өзгерістерге сәйкес құрылу , даму және ауысуының тарихи процесі болып табылады». «Экономикалық ілімдер тарихы» кітабының авторлар ұжымы ресейлік экономист ұлтшылдардың идеяларына талдау жасай отырып , курс пәніне мынадай анықтама береді: экономикалық ілімдер тарихы әлемдік экономикалық теориның даму заңдылықтарын, әр дәуірдегі және әр елдегі экономикалық көзқарастардың пайда болып, дамуының, күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесін экономика тарихымен , философиялық ойдың негізгі бағыттарымен жәе нақты экономикалық пәндермен тығыз байланыстыра отырып зерттейді». Г.А.Шмарловскаяның анықтамасы бойынша «Экономикалық ілімдер тарихының зерттеу пәні экономикалық идеялардың пайда болып, дамуының, күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесі және олардың адам өркениетінің дамуындағы рөлі».
Экономикалық ілімдер тарихының әдістері.
Экономикалық ілім шаруашылықты рационалды жүргізу заңдылықтары мен әртүрлі деңгейлер мен тарихи кезеңдердегі шаруашылық субъектілерінің мінез құлқын зерттейді.
Экономикалық заңдар дегеніміз бірнеше рет тексерілген, экономикалық процестерді дәлелді түрде жалпылау.
Экономикалық заңдар экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық әрекетінің заңдылықтары.
Экономикалық заңдар әлеуметтік, қоғамдық бола отырып, табиғи заңдардан ерекше.
Жаңа заманғы экономикс қоғамның шексіз қажеттіліктері мен сирек ресурстар арасындағы тиімділік туралы ғылым.
Экономикалық ілім пәнін әртүрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық заңдарды зерттеу деп қерастыруға да болады.
Микроэкономика жеке фирма, бірлестік сияқты шаруашылық бірлігінің экономикасын талдайды.
Мезоэкономика халық шаруашылығының салаларының және ұлттық экономика бірліктерінің іс әрекетін зерттейтін экономикалық ілім бөлімі (агроөнеркәсіптік комплекс, әскери өндірістік комплекс, аймақ экономикасы т.б.).
Макроэкономика ұлттық экономиканы тұтас объект ретінде қарастырады. Қоғамның кірісі, байлығы және экономикалық өсім факторлары объект болып табылады. Макроэкономикалық талдау инфляциямен, жұмыссыздықпен күрес, іскерлік белсенділікті ынталандыру және т.б.
Мегаэкономика әлемдік экономика әрекетін және заңдылықтарын зерттейді.
Эмпирикалық зерттеу деген фактілер жинақтаумен байланысты барлық ғылымдарға тән зерттеу әдісі.
Экономикалық ілім экономикалық әрекет принциптерін танытады.
Экономикалық саясат экономикалық мінез құлықты немесе оның салдарын бақылайды немесе оған әсер етеді.
Индукция әдісі фактілерден ілімге логика арқылы өту (жекеден жалпыға). Дедукция керісінше жалпыдан жекеге өту.
Позитивті экономика «не бар» деген сұраққа, ал нормативті экономика «не болу керек» деген сұраққа жауап береді.
Экономикалық ілім тарих, статистика, философия, математика сияқты ғылымдармен байланысты және танымдық, әдістемелік, практикалық қызметтер атқарады. Қоғамдық ғылым ретінде «не өндіру керек», «қалай өндіру керек», «кім үшін өндіру керек» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Рыноктық экономикада бұл сұрақтарға рынок жауап береді, ал үкімет әлеуметтік бағдарламалар мен кірісті қайта бөлуді қйымдастырушы болып қалады.
Экономикалық
ілімдер тарихының даму сипаттамасы.
Экономикалық ілім — ертедегі
ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың
бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін
біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда
ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д.
430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322
ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық
(тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық
тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің
пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі
жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей,
жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты
жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың
алғашқы талпыныстарымен бірге пайда
болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің
жалпы ережесі «саяси экономия» деген
атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші
жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында
Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік
тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде
қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп
айтуға болмайтын еді. Экономикалық ілімдер
тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші ғасырда пайда
болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары
кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру
мен зерттеудің бастауы болып табылады.
«Меркантилизм» бірінші экономикалық
ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі
мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың
қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы
материалдық игіліктер өндірісінде емес,
ол тауар мен ақша айналымы саласында
болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның
әл-ауқаттылығына сырткы сауданы реттеу,
тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен
артып тұруы мен елдегі ақша капиталы
(алтын, күміс) қорлануының арқасында қол
жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге
барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті
жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз
өкілдері — Вилья Стаффорд (1554-1612 ж.ж.)
және Томас Мэн (1571-1641 ж.ж) болып табылады.
Қоғам байлығы сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идея алғашқы рет физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы — Франсуа Кенэ (1694-1774 ж.ж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл шаруашылығының енбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти (1623-1687 ж.ж.), Адам Смит (1723-1790 ж.ж.) және Давид Рикардо (1772-1823 ж.ж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) болатындығын айғақ етті. Осы идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.
Саяси экономиканың классикалық мектебінің тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете зерттеу негізінде марксизм ілімі қалыптасты. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы. ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сінген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. К.Маркстың басты енбегі «Капитал» (1867-ші жылы 1-ші, 1885-шіж. 2-ші, 1894 ж. 3-ші томдары жарыққа шықты), осы енбек оны әлемдегі ұлы экономистер қатарына қосты. Бұл ілімінде жеке олкылықтар да кездеседі. Тарих К.Маркстың капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу қөрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді қатты сынай отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын мойындады.
ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм»
теориясы қалыптасты. Бұл теорияның
негізін австриялық мектептің экономистері
Карл Менгер (1840-1921 ж.ж.), Фридрих фон
Визер (1851-1926 ж.ж.), Эйген фон Бем- Баверк
(1851-1914 ж.ж.), сондай-ақ ағылшын экономисі
Уильям Стели Джевонс (1835-1882 ж.ж.) және
басқалары қалады. Маржинализмнің басты
категориялары: шекті пайдалылык, шекті
өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм
экономико-математикалық
Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнін анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.
Ағылшын ғалым-экономисі Альфред Маршалл (1842-1924ж.ж.) өзінің «Саяси экономия принциптері» (1890 ж.) Деген еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория» ұғымымен пара-парлығын айтты. Содан бері 100 жылдан астам уақыт өтті және экономикалық ғылым жаңа зерттеулермен толықтырылды. Осы зерттеулер дамыған елдерге кең тараған және «Экономикс» (авторлары П.Самуэльсон, Кэмпбелл, Р.Макконелл, Стэнли Л.Брю және басқалары) типтес оқулықтарда баяндалды. Альфред Маршаллдың шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным, сондай-ақ шығындар көлеміндегі өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашты.
Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс болып табылады. Оның басты енбегі – «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құткарады деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж.М.Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-шы жылдарына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге асты.
ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда бола бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынтатандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бойын көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнін негізін қалады.
«Неолиберализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.) Германиядан — Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы – экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.
Осы тенденцияның айқын көрінісі американ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж.) «неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық» және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның неоклассикалық синтез теориясы ерекше жаңалыққа жатпайды және ол екі бағыттың негізгі принциптерін экептикалық қосудан туындап, экономиканы мемлекетік реттеу теориясының басымды ролі атқаратындығын көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету еді.
Қорыта айтканда, қазіргі кезде экономикалық ілімдер тарихы мынадай төрт ірі ағымдармен сипатталады:
– бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер — А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономика субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет аткарған болар еді;
– екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айкындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады;
– үшінші ағым «институционализм» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы американ ғалым-экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 ж.ж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т.Вебленнің ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергенция» (латынның жақындасу, ұксайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл теорияларда «аралас экономиканың» түп тұлғасы қарастырылған.