Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:52, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру нарығын толықтай ашу. Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мү
Кіріспе.............................................................................................................3
І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері...............6
1.1.Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері ...............................6
1.2. Сақтандырудың жіктелуі......................................................................15
1.3. Сақтандыру нарығы..............................................................................17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру..........................22
2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары.............22
2.2. Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы.....................................23
2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы..........................24
III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы.......................................28
3.1. Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері......................................................................................................28
Қорытынды.................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................39
Жоспар:
Кіріспе.......................
І
тарау. Сақтандырудың
экономикалық мәні және
рөльдері...............6
1.1.Сақтандыру
ұғымы, объектілері мен субъектілері ..............................
1.2. Сақтандырудың
жіктелуі......................
1.3. Сақтандыру
нарығы........................
ІІ
тарау. Қазақстан
Республикасындағы
сақтандыру....................
2.1. Қазақстан
Республикасындағы сақтандыру
2.2. Allianz Кazakhstan
сақтандыру комапаниясы...................
2.3 . Allianz Кazakhstan
компаниясының қаржы жағдайы.......................
III
тарау. Қазақстандағы
сақтандыру нарығы........................
3.1. Қазақстанда
сақтандыру нарығының даму перспективалары
мен міндеттері....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Менің курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру нарығын толықтай ашу. Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары болады.
Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі-халық өздерінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына мүмкіндіктің бар болуы, сонымен бірге өмірін, денсаулығын сақтандыруына да болады. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсіп келеді.
Бұл курстық жұмыстың міндеті: теория жүзінде қаралатын тақырыптар:
Ал, зертханада:
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективаларын талдау.
Әр қайсысына қысқаша тоқталып өтсек:
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Мақсаты-қоғамның, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау. Сақтандыру функциялары:
Ең маңыздылары: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы: қайта бөлу ретінде көрінеді. Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдырып, сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру түрлері:
Міндеттілік дәрежесі бойынша:
Сақтандыру объектісі бойынша:
Сақтандыру өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша:
Сақтанушы-белгілі
бір қажеттіліктерді қажет
Сақтандырушы-сол
қажеттіліктерді
Сақтық нарығы дегеніміз-ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасының сақтық нарығына қатысушылары:
жатады.
Сақтандыру нарығының масштабы 3-ке бөлінеді:
Міндетті
әлеуметтік сақтандыру-азаматтарды
еңбек ету қабілетін жоғалтуына
және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ
асыраушысынан айрылуына
Қазақстан
Республикасының қазіргі
Қазақстанның
сақтандыру нарығы қазіргі кезде көптеген
мәселелерді бастан кешуде, оларды келесілерді
қатыстыруға болады, өмірді сақтандыру
мен жеке сақтандырудың өзге түрлері нарығын
дамытудың кемшіліктері, сақтандыру ұйымдарында
корпоративтік басқару жүйесін енгізу,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
қызметі туралы статистикалық база мен
өзге де мәліметтердің жариялылығын құру
және қамтамасыз ету, сақтандыру компанияарының
қызметін автоматизациялау. Сақтандыру
секторының мәселелерінде тағы атап өтуге
болатындары, ерікті сақтандыру бойынша
ұсынылатын қызметтердің шектеулілігі,
оған қоса ұзақ мерзімді және жинақтаушы
өмірді сақтандыруда сақтандыру өнімдерінің
қымбаттылығы (міндетті сақтандыру түрлерін
қоспағанда, онда құн шарттары заңмен
бекітілген) мен сұраныстың жоқтығы, нарықта
жеке сақтандыру ұйымдарының пассивтілігі
мен сақтандыруға, потенциалды сақтанушылардың
қызығушылығының төменділігі, негізінен
өмірді сақтандыру, сақтандыру ұйымдары
өздерінің тәуекелін басқару сапасының
төмендігі, жинақтаушы өмірді сақтандыру
ұйымдары сақтанушыларға займдарды ұсыну
жүйесінің дамымағандығы, халықтың сақтандыру
нарығына сенімінің жетіспеуі, сақтандыру
компанияларында қызмет көрсету сапасының
төмендігі, сақтандыру бизнесі саласындағы
алаяқтық.
І. Сақтандырудың
экономикалық мәні және
рөльдері.
1.1.Сақтандыру
ұғымы, объектілері
мен субъектілері
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушінің, олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру дегеніміз-сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты кешені. Сақтандыру қызметі-сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметтері. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті-уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады. Сақтық қорлар қоғамның ұлттық шаруашылығы әр түрлі алдын-ала болжауы мүмкін емес, оқиғаны сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорларының жүйесі-қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын таптыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қоры нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады. Сақтандыру қорларының басқа қорлардан ерекшелігі, олар тұтынушының қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Сақтандырудың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір тікелей арналымда сақтық төлемді төлеу үшін
пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберуі мүмкін. Бұл табыстың бір бөлігін табыскерлерді тарту үшін, сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық жүйе Республикада экономикалық сенімді әрі орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуі тиіс.
Сақтандырудың жалпы жүйесі 3 бөлімнен тұрады:
Сақтандырудың жалпы жүйесінің дербес бөлігі-медициналық сақтандыру. Сақтандыру-сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатарлар кешені. Ерекше сақтық қатарлар сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғаныс. Сақтандырудың қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы мен сақтандыру мәселелері жөніндегі үкімет қаулысымен және Ұлттық Банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Сақтандыру процесі-сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру кезінде-сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі бар:
Қорларды
қалыптастырудың бюджеттік
Сақтандырудың мақсаты-қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді: