Сақтандырудың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:52, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру нарығын толықтай ашу. Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мү

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................3
І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері...............6
1.1.Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері ...............................6
1.2. Сақтандырудың жіктелуі......................................................................15
1.3. Сақтандыру нарығы..............................................................................17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру..........................22
2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары.............22
2.2. Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы.....................................23
2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы..........................24
III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы.......................................28
3.1. Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері......................................................................................................28
Қорытынды.................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................39

Файлы: 1 файл

Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері, ку1р.doc

— 1.36 Мб (Скачать)

     

                                       «AMANAT  INSURANCE»

Акционерлері: 100% қазақстандық капитал

Ұраны: Біз- клиенттің бақытымыз.

Жетістіктері :

  • Компания сақтандыру нарығында 12 жыл жақсы жұмыс істеп келе жатыр.
  • ҚР-ң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау агенттігі 2008 жылдың нәтижесі бойынша “AMANAT INSURANCE” Қазақстандағы ірі сақтандыру компаниялары арасында 6 орынды иеленіп отыр.
  • «AMANAT INSURANCE» сақтандыру компакниясы Қазақстанның 15 ірі қаласында ашылған.
  • Шетелдік қайта сақтандыру компанияларымен ұзақ жылдар бойы тиімді қызмет етіп келеді. 

AMANAT INSURANCEтың қайта сақтандыру бойынша батыстық серіктестері:

  • Корпорация Lloyd`s (Ұлыбритания)
  • Hannover Re (Германия)
  • SCOR (Франция)
  • Korean Re (Корея)
  • General Insurance Corporation (Үндістан)
  • Malaysian Re (Малайзия)
 
 
 
 
 
 
    1.   Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы

 

  «АТФ  Полис» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік  қоғамы 1999 жылдың 22 желтоқсанында құрылды, 2004 жылы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы»  Заңына сәйкес ЖАҚ-нан АҚ болып қайта тіркелді. Қазақстандағы екінші деңгейдегі ірі банктердің бірі – «АТФ Банк» АҚ компанияның Құрылтайшысы болды.

   2003 жылғы 1 сәуірден бастап Сақтандыру Компаниясы «Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясының» заңды тұлғалар Бірлестігінің толық құқықты мүшесі болып табылады. 2003 жылдың қараша айынан бастап Компания «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қорының» қызметтес қатысушысына айналды.

   2007 жылдың қыркүйек айында компанияның 100% акция пакетін Allianz Group халықаралық сақтандырушы топ сатып алды, компания 2008 жылдың сәуір айында «Allianz S.E.» еуропалық акционерлік қоғамының еншілес компаниясы «Allianz Kazakhstan» акционерлік қоғамы ретінде бақылау органдарынан тіркеуден өтті.

    Жан-жаққа тараған филиалдар желісі Қазақстанның барлық аймақтарында және Алматы, Астана қалаларында қызмет көрсетеді.

    Allianz Kazakhstan әмбебап компания болып есептеледі, өйткені ол сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға қатысты.

    2009 жылдың қорытындылары бойынша Allianz Қазақстан сақтандырушылардың үздік бестігіне кіреді.

    Allianz Kazakhstan тобының қызметін халықаралық және отандық ірі компаниялар қолданып жүр, олардың арасында атап айтсақ, Agip North Caspian Operating Company N.V., «Maersk Oil Kazakhstan GMBH» компаниясының филиалы, «КАЗЦИНК» АҚ, Enka Insaat ve Sanayi A.S., ҚР Президентінің істері жөніндегі Басқарманың «Беркут» мемлекеттік авиакомпаниясы РГП, «Каспий құбыр-өткізгіш консорциумы – К», «Делойт и Туш» ЖШҚ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» филиалы, «Кар-Тел» ЖШҚ, «ТД Heaven house» ЖШҚ, «Тенгизстройсервис» ЖШҚ, «Michael Wilson and Partners», «Procter & Gamble Kazakhstan» ЖШҚ, TH KazmunaigazAG, «Нефтестройсервис Лтд» ЖШҚ, «31 арна ТРК», «Тенгизнефтестрой» АҚ.

     Сенім, клиентке бейімделушілік және жаңашылдық Қазақстандағы Allianz қызметінің негізгі принциптері болып саналады. Allianz қазіргі сақтандыру технологияларын дамыту, қызмет көрсету саласында жаңашыл компания екендігімен, сондай-ақ клиентке компания өнімінің сақтанушылардың қажеттіліктеріне аса толық деңгейде сәйкесуіне мүмкіндік беретін жекеше қадам жасауымен, қызмет көрсету сапасының халықаралық қалыпқа бейім болуымен ерекшеленеді. 
 
 

               2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының  қаржы жағдайы 

      Allianz S.E әлемнің ірі корпорациялары тізімінде top 25-ке кіреді. Allianz бренді 24 млрд. евродан артық тұрады.

Allianz Қазақстан  – халықаралық стандарттар бойынша  есеп жүргізетін, бәсекеге бейімді  сақтандыру өнімдерін ұсынатын  және қызмет көрсетудің жоғары  деңгейімен ерекшеленетін ашық  та адал компания. Allianz Қазақстанның тармақталған филиалдар желісі еліміздің барлық облыс орталықтарына және Алматы, Астана қалаларына таралған.

Міндетті  сақтандыру бойынша (серия  ОС № 2.1.24 29 cәуір 2009 жылғы):

1.      көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін сақтандыру;

2.      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру;

3.      жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін сақтандыру;

4.      қызметтері үшінші тұлғалардың  өміріне, денсаулығына қауіп төндірумен байланысты қауіпті нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

5.      жұмысшының еңбек (қызметтік)  міндеттемелерін орындау кезінде  оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлігіне келтірілген залалды  өндіру бойынша жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

6.      экологиялық сақтандыру. 

                                                                                                  

Ерікті  жалпы сақтандыру бойынша (29 cәуір 2009 жылғы  ЕЖС сериялы № 2.1.24):

1.      жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

2.      ауырған жағдайдан сақтандыру;

3.      автокөлікті сақтандыру;

4.      әуе құралын сақтандыру;

5.      жүкті сақтандыру;

6.      мүлікті залалдан сақтандыру;

7.      басқа да қаржы шығындарынан  сақтандыру;

8.      автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін сақтандыру;

9.      әуе көлік құралдары иелерінің  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру;

10. Cу көлік  құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін сақтандыру;

11. 8-10 тармақтарда көрсетілген топтарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.

12.қарызды сақтандыру. 

 
 

                                          Қаржылық жағдайы:

   

    

   

 
 
 

   
 
 
 
 
 
 
 

                III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы 

3.1.  Қазақстанда сақтандыру  нарығының даму  перспективалары  мен міндеттері 

     Мемлекет Ұлттық сақтандыру индустриясын дамыту және мемлекеттің, тұрғындар мен шаруашылық субъектілер мүдделерін қаржылық, әлеуметтік және өзге тәуекелдер мен ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімді механизмі ретінде сақтандыру рөлін тұрақтандыруға бағытталған реформалау мақсатында экономикалық сақтандыру секторын дамытудың белгілі бір деңгейіне жетуге және бұл салада болашаққа тұрақтануға мүмкіндік беретін шаралар жүргізілді.

     Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде сақтандыру заңнамасының негізі бар, ол толығымен реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын ескеріп құрылған, міндетті сақтандыру түрлерін оңтайландыру бойынша шаралар қолданылды, сақтандыру ұйымдарының қызметіне талаптардың жаңа сапалық деңгейі көтерілген, оның ішінде олардың тұрақтылығы мен айқындылығына талаптар, сақтандыру қызметін пайдаланушылардың заңды мүдделерін қорғау жүйесін құру жөнінде, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнату мен дамытуда алғашқы шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, Ұлттық сақтандыру индустриясы алдында мемлекет ішінде де, әлемдік деңгейде де экономиканы дамыту тенденцияларына негізделген жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда. Сондықтан республиканың сақтандыру нарығының дамуының тиімді бағыттарын және оларды жүзеге асыру жолдарын бегілеу маңызды.

      2004 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2004-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада 2003 жылдың 28 шілдесінен № 753 [3] Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен  мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту Концепциясымен анықталған отандық сақтандыру нарығын дамыту бойынша негізгі шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Қазақстанның  сақтандыру нарығы қазіргі кезде  көптеген мәселелерді бастан кешуде, оларды келесілерді қатыстыруға  болады, өмірді сақтандыру мен жеке сақтандырудың өзге түрлері нарығын дамытудың кемшіліктері, сақтандыру ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін енгізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық база мен өзге де мәліметтердің жариялылығын құру және қамтамасыз ету, сақтандыру компанияарының қызметін автоматизациялау. Сақтандыру секторының мәселелерінде тағы атап өтуге болатындары, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулілігі, оған қоса ұзақ мерзімді және жинақтаушы өмірді сақтандыруда сақтандыру өнімдерінің қымбаттылығы (міндетті сақтандыру түрлерін қоспағанда, онда құн шарттары заңмен бекітілген) мен сұраныстың жоқтығы, нарықта жеке сақтандыру ұйымдарының пассивтілігі мен сақтандыруға, потенциалды сақтанушылардың қызығушылығының төменділігі, негізінен өмірді сақтандыру, сақтандыру ұйымдары өздерінің тәуекелін басқару сапасының төмендігі, жинақтаушы өмірді сақтандыру ұйымдары сақтанушыларға займдарды ұсыну жүйесінің дамымағандығы, халықтың сақтандыру нарығына сенімінің жетіспеуі, сақтандыру компанияларында қызмет көрсету сапасының төмендігі, сақтандыру бизнесі саласындағы алаяқтық.

    Алдыңғы бөлімдерде атап өткендей, жеке сақтандыру жеткілікті түрде дамымаған, оның ішінде оның ұзақ мерзімді түрлері. 36 сақтандыру ұйымдары ішінде екеуінің ғана «өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша лицензиясы бар. Ал Ресейде өмірді сақтандырумен бүгінгі күні 1408-дің 200 компания айналысады. Дамыған елдерде ұзақ мерзімді өмірді сақтандыру жинақтаудың басты инструменттерінің бірі болып табылады. Орташа есеппен дамыған елдерде өмірді сақтандыру сыйақысының ЖІӨ-ге қатынасы 5,9%. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,003%.

    Жеке сақтандыруды дамытудың тиімділігі, ол ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстар көзі болып табылатын қосымша ресурстарды тартуға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде мемлекеттік мәселелерді шешуге қаражат табу мәселесін шеше алады. Дамыған жеке сақтандыру нарығының болуы бюджеттің шығыс бөлігіне жүктемені азайтып, мемлекеттің азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға шығындарды азайтады. Сонымен, мемлекет халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеке сақтандыруды дамыту сақтандырудың еңбек пен білімді көп қажет ететін саланың бірі, бұл жаңа жұмыс  орындарын ашуға әкеледі.

     Қазіргі кезде әлеуметтік салада және сақтандыру саласында жүргізіліп жатқан реформалар, және де ел экономикасындағы тиімді өзгерістер жеке сақтандыру институттарының дамуына негіз болады. Жеке сақтандыру, сонымен қатар аннуитеттерді дамыту саласында мәселелерді шешу мақсатында 2004-2006 жылдарға сақтандыру нарығын дамыту Бағдарламасымен келесі бағыттар қарастырылады:

1. Аннуитеттерді ұсыну, өмірді сақтандыру мен еңбек қабілеті облысындағы, оның ішінде жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуын қамтамасыз ететін, сонымен қатар сақтандыру сыныптары мен салаларының сыныпталуын нақтылау мүмкіндігін қарастыруда сақтандыру заңнамасын реформалау.

2. Өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдарда жинақтардың сақталуын қамтамасыз ету.

3. Ұзақ мерзімді (жинақтаушы) сақтадыруды дамыту мақсатында салық салу режимін жетілдіру.

4. Өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың институционалды құрылуына жағдай жасау.

5. Өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың ұзақ мерзімді инвестицияларына мүмкіндіктерді шешу.

    2004 жылдың 24 желтоқсанынан №1377 [5] Қазақсьтан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Мемлекеттік аннуитеттік компания ұзақ мерзімді жеке сақтандыруды дамытуда қосымша импульс болуы қажет.

     Қазақстан Республикасында бірін-бірі сақтандыру мүлдем дамымаған. Ал әлемдік тәжірибеде бірін-бірі сақтандыру қазіргі сақтандыру нарығын басты элементтерінің бірі болып табылады. Бірін-бірі сақтандыруда бірін-бірі сақтандыру ұйымдарынқұру арқылы мүліктік және заңды және жеке тұлғалардың өзге мүліктік мүдделерін сақтандыру жүргізіледі. Әдетте, мұндай ұйымдарды біртекті тәуекелмен байланысты қызметпен айналысатын тұлғалар құрады. Бұл сақтандыру түрінің қажеттілігі тәуекел санының көптігімен сипатталады, коммерциялық сақтанушылар әр түрлі себептерге байланысты сақтандыруды қабылдағысы келмейді, олар: шығындардың жиілілігі; сақтандыру сомасының жоғарғы мағынасы.

     Халықаралық тәжірибе бойынша бірін-бірі сақтандыру ұйымдарының көптігін көрсетеді: АҚШ-та 2 мың шамасында, Нидерландия мен Швецияда 500-ден жоғары, Германияда 300-дей, Ұлыбритания, Франция мен Данияда 100-ден жоғары. Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, АҚШ пен Жапонияның – бес ірі ұлттық сақтандыру нарығында бірін-бірі сақтандыру операциялары бойынша сыйақы мөлшері барлық сақтандыру сыйақыларының 40%-ын құрайды. [Каримуллин с.18].

      Қазақстанда бірін-бірі сақтандыру институтының дамымағандығы бірін-бірі сақтандыру ұйымдарының құқықтық мүддесі мен олардың қызметінің шарттарын анықтайтын заңнамалық актінің жоқтығымен сипатталады. Мұндай заңнамалық актінің жасалуы 2005 жылдың аяғына жоспарланып отыр.

      Мемлекеттегі сақтандыру мен сақтандыру қызметіндамытудың басты міндеті халықтың сақтандыру мәдениетін құру мен көтеру болып табылады. Қазіргі кезде сақтандыру нарығы дамуының деңгейінің төмендігі халықтың сақтандыру мәдеиетінің жоқтығымен айқындалады.

     Мұның себептерінің біріне халықтың сақтандыруға теріс қатынасы, мемлекет тарапынан әлеуметтік және өзге көмекке халықтың тарихи тұрақталған қатынасы, сақтандыру өнімдері туралы ақпараттың шектеулілігі, сақтандыру ұйымдарының қызметі, оның ішінде жарнаманың аздығы, сақтандыру қызметі мағынасының анықсыздығы, БАҚ-да сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы жөнді материалдардың жоқтығы, сақтандырудың жоғары тарифтері, олар халықтың табысына сай келмеді, сақтандырудың тиімсіз шарттары.

     Халықтың сақтандыру мәдениетінің құрылуында БАҚ-мен қатынасты жиілендіру, білім беру ұйымдары бұқара халыққа арналған бағдарламаларға үйрететін, маркетингтік зерттеулер жүргізетін, сақтандыру қыфзметіне халықтың сұранысын зерттейтін, және қажет болған жағдайда жаңа өнімдерді жасауда сақтандыру ұйымдары мен олардың бөлімшелерінің рөлі маңызды.

Информация о работе Сақтандырудың экономикалық мәні