Сақтандырудың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:52, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру нарығын толықтай ашу. Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мү

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................3
І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері...............6
1.1.Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері ...............................6
1.2. Сақтандырудың жіктелуі......................................................................15
1.3. Сақтандыру нарығы..............................................................................17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру..........................22
2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары.............22
2.2. Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы.....................................23
2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы..........................24
III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы.......................................28
3.1. Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері......................................................................................................28
Қорытынды.................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................39

Файлы: 1 файл

Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері, ку1р.doc

— 1.36 Мб (Скачать)

    Сақтандыру  қоры-қоғамдық ұдайы өндіріс элементі, сақтанушылардың және сақтандырушының  жедел ұйымдастыру басқармасындағы  жарналар есебінен құралады. Сақтандыру мүддесімен  жағдайластырылған. Сақтандыру қоры қаржысының  жартысы мынадай өтімді нысанында тұрақты болуға тиіс: банкілердегі депозиттер түрінде, биржада көшірілетін акциялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және т.б.

    Сақтандыру  полисі-белгіленген үлгідегі ақша құжаты, оны сақтандырушы сақтанушыға шартқа отырғандығын растап, оның ережесімен таныстыру үшін береді. Бір қалыпты үлгідегі сақтандыру полисімен жеке сақтандыру полисінің айырмашылықтары бар. Қалыпты үлгідегі сақтандыру полисі көпшілік сипаттағы әдеттегі сақтандыру қатерлері шеңбері бойынша сақтандырушының қолымен толтырылады. Ал, жеке сақтандыру полисі болса, ол әдетте кәсіпқой мансапқа байланысты әр адамның сақтандырудағы жеке мүддесін көрсетеді.

      
     

Сақтандыру  шартының мазмұны  және қолданылуы. 

      Сақтандыру шартының мазмұны   тараптардың келісімімен айқындалады.  Сақтандыру шартында шарт тараптары, сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайы, сақтандыру сомасының мөлшері, оны өтеудің тәртібі мен мерзімі, сақтандыру төлемінің мөлшері, оны өткізудің тәртібі мен мерзімі, шарттың қолданылу мерзімі, шарт талаптарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі қажет.Екі немесе одан да көп адамдардың азаматтық-құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісім-шарт деп аталады. Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті, шарт жасасуға  мәжбүр етуге жол берілмейді. Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады. Шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе заңды азаматтың тұрғылықты жерінде немесе заңды ұйымның, тұлғаның орналасқан жерінде жасалады. Шарттың тараптары келіспеген жағдайда оның ережелері сот шешіміне сәйкес белгіленеді. Тараптардың келісімі бойынша шартқа басқа да  талаптар мен міндеттемелер енгізілуі мүмкін. Қолданылып жүрген заңдармен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлата түсетін және осы Заңға қайшы келетін шарт талаптары жарамсыз деп танылады. Сақтандыру талаптары сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шартпен белгіленеді.Шарт, егер онда өзге тәртіп көзделмеген болса,  алғашқы сақтандыру төлемін төлеген кезден бастап бекітілді деп саналады.Сақтандыру төлемдерінің мөлшері шартпен белгіленеді, заңдармен белгіленген мөлшерлер бұған кірмейді. Тараптардың келісімімен сақтандыру төлемдері шетел валютасымен төленуі мүмкін.Сақтандыру төлемін шартта көрсетілген мерзімде төлемеу, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, шарттың тоқтатылуына әкеліп соғады. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт төлем бойынша қарыздар өтелген жағдайда  бір ай ішінде қайта жалғастырылуы мүмкін. Шартта неғұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін. Бұл ретте шартты жалғастыру жөнінде жазбаша өтініш талап етілмейді. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт сақтанушы қарыз сомасы төлеген күннің ертеңінен бастап қайта күшіне енеді.

    Сақтандыру  төлемін уақтылы өткізбеу себепті  шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда, сақтанушыға төленген сақтандыру төлемінің шартта көрсетілген бөлігі қайтарылып беріледі. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемінің мөлшері  заңдармен белгіленбеген жағдайлардың бәрінде, шартпен белгіленеді. Жеке басты сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы  сақтанушыға оған әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша және шеккен зиянның орнын толтыру ретімен тиесілі сомаға қарамастан төленеді. Мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемі, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушы тікелей шеккен нақты зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушыға сақтандыру сомасын, шартта көрсетілген тәртіп  пен мерзімде төлеуге, сондай-ақ өтелуге тиісті зардапты азайту мақсатында жұмсалуға қажетті шығынның орнын сақтандыру сомасы ауқымында толтыруға міндетті. Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы шартта белгіленген мерзімде және үлгіде хабарлап, сақтандырылған мүліктерді құтқару мен сақтау шараларын жасауға, сондай-ақ кінәлі адамнан өндіріп алу құқығын қамтамасыз етуге міндетті.Сақтанушының келтірілген зиянға жауапты адамнан өндіріп алу құқығы мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеген сақтанушыға осы сома ауқымында көшеді.Сақтанушы осы талапты  орындату құқығы үшін қажетті қолында бар құжаттардың барлығын сақтандыру өтемін алған кезде  сақтандырушыға беруге міндетті. Сақтанушының азаматтық заңдарында белгіленген тіртіп пен тигізген зияны үшін жауапты адамдарға сақтандыру өтемі сомасының ауқымынан жоғары талаптар  қоюды тапсыруға құқығы бар. Бұл құқықтардың көшуін сақтандыру шартында ресімдеуге де болады. Сақтанушы сақтандыру жағдайы туғаннан кейін сақтандырушыға өзінің сақтандырылған мүлікке деген құқығынан бас тартатынын хабарлап, сақтандыру сомасын толық көлемінде алуына болады. Сақтандыру шартында туындайтын дауларды белгіленген тәртіпке сәйкес сот немесе төрелік сот қарайды. Бұл ретте сақтандырушылар мен сақтанушылар осы істер бойынша баж салығын төлеуден босатылады. Сақтандыру шартының іс үстіндегі мерзімі өтіп, ал сақтандырушының жауапкершілігі пайда болмаса(несие толық және де өз мерзімінде сақтанушы заемшілерінің тарапынан өтелсе), сақтанушыға ол төлеген сақтандыру төлемінің 20%-ы қайтарылады. Сақтандыру шартын жасау тәртібі:

  • сақтандыру шарты сақтанушының ауызша жасаған өтініші негізінде жасалады,және ол әкеп көрсеткен несие шартының көшірмесімен бірге 2дана болып қатталады(сақтандыру шартының үлгісі қоса тіркеледі).Сақтандыру шартының бір данасы-сақтандырушыда, екіншісі-сақтанушыда сақталады.
  • сақтандыру төлемі бірден(1-ақ рет) төленеді. Төлемді төлеген күн болып сақтанушының есеп шотынан қаражатты шығыстаған күн есептеледі;
  • сақтандыру шарты сақтандыру өтемі төленген күннің келесі күнінде күшіне кіреді;
  • сақтандырушы сақтанушының кітаптары мен жазбаларының заемшілердің несиелерін өтемегені үшін жауапкершілігін сақтандыру бөлігіне қатыстысын тексеруіне құқы бар. Сақтандыру оқиғасы басталған кездегі шарттасушы жақтардың міндеттері:
 

    1. сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтанушы 5күндік мерзімде сақтандырушыға оқиға туралы өтініш беру жолымен хабарлауға міндетті;

    2. сақтандыру өтемінің мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне байланысты анықталады, яғни несие шартында көрсетілген күнде өтелген берешекке сүйенеді;

    3 .сақтанушы несие берген банкке сақтандыру өтемін 15күннің ішінде төлеуге міндетті;

    4. банкке сақтандыру өтемін төлеген соң,сақтандырушыға төленген сома мөлшерінде банк–кредитордың барлық құқы беріледі, сақтанушыға несие шарты бойынша;

    5. сақтанушының сақтандыру төлеуден бас тартуға құқы бар,егер сақтанушы:

    а) сақтандыру қатері туралы байымдауға аз да болса  маңызы бар жағдай туралы жалған мәлімет  хабарласа;

    б)сақтандырудың  осы шарттарына орай өзіне жүктелген  міндеттерді орындамаса;

    в) сақтандыру шартынан туындайтын айтыс тартыстарды мемлекеттік арбитраж бен сот қарайды.

        Сонымен, сақтандыру шарты:

    1)сақтанушы  мен сақтандырушы арасында;

    2) сақтанушы  мен белгілі бір ұйым: банктік  мекеме, салық органдары т.б арасында  болуы мүмкін.

         Сақтандыру шартында көрсетілуге  тиіс талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының пайдасына шешіледі.Сақтандыру шарты бойынша бір тарап(сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап(сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. 
     
     
     
     

                              1.2.  Сақтандырудың  жіктелуі 

          Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

    - міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;

    - сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;

    - сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және жинақтаушы емес.

          Міндетті сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді.

          Ерікті сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

         Сақтандыру қызметі-сақтық ұйымының сақтандырудың шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.

    1. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі-“өмірді сақтандыру” саласы және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.

    2. “Өмірді сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 1. өмірді сақтандыру;

       2. аннуитеттік сақтандыру;

    3.“Жалпы  сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру  нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

    1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

    2. медициналық сақтандыру;

    3. автомобиль көлігін сақтандыру,

    4. темір жол көлігін сақтандыру;

    5. әуе көлігін сақтандыру;

    6. су көлігін сақтандыру;

    7. жүктерді сақтандыру;

    8. мүлікті сақтандыру;

    9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

    10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

    11. темір жол көлігі иелерінің  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

    12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

    13. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

    14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

    15. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

    16. зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

    4. Ерікті  сақтандыру нысанындағы әрбір  сыныптың мазмұны мен оны жүргізу  жағдайлары бойынша қосымша талаптар  уәкілетті мемлекеттік органның  нормативтік құқықтық актілерімен  белгіленеді.

    5. Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметтерін уәкілетті мемлекеттік органдармен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.

    6. Міндетті  сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың  бөлек сыныбы    болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша  әрбір сыныптың мазмұны және  оны жүргізу жағдайлары бойынша  қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді.

    Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық процесіндегі зиянның орнын, егер бұл  процес дүлей апат пен басқа да төтенше немесе күтпеген оқиғаның нәтижесінде  бұзылса толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушының төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай сақтық қорларын құрайды

                             1.3. Сақтандыру нарығы 

    Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.

     Сақтық нарығы дегеніміз – ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным пен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасы сақтық нарығының қатысушылары мыналар болып табылады:

        1 сақтық ұйым;

        2 сақтық брокері;

        3 сақтық агенті;

        4 сақтанушы;

        5 сақтандырушы;

        6 пайда алушы;

Информация о работе Сақтандырудың экономикалық мәні