Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:52, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру нарығын толықтай ашу. Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мү
Кіріспе.............................................................................................................3
І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері...............6
1.1.Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері ...............................6
1.2. Сақтандырудың жіктелуі......................................................................15
1.3. Сақтандыру нарығы..............................................................................17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру..........................22
2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары.............22
2.2. Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы.....................................23
2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы..........................24
III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы.......................................28
3.1. Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері......................................................................................................28
Қорытынды.................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................39
7 актуарий;
8 уәкілетті аудиторлық ұйым;
9 өзара сақтандыру қоғамы.
және т.б. заңды және жеке тұлғалар.
Сақтық қызмет сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады, бұл қызметтен басқа ол қызметтердің мынадай түрлерін: инвестициялық қызмет, тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді, сақтық ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды, ақпарат берілімдерінің кез-келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды, бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағына сақтық шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды немесе жалға беруді, сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді, сақтық саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді, сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды, консорциум және жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, сақтық төлем ақыларын кепілдендіру қоры құрылған.
Мемлекет
Қазақстан Республикасының
Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын салық ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделсе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады. Сақтық ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық орган құра алады: директорлар кеңесі-басқару органы. Сақтық ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлтық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтық ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекет тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтың жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтық нарығын реттеу және сақтық қызметін қадағалау, сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу, сақтанушылардың және сақтандырушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Сақтық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтық нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтық ұйымы мен сақтық брокерінің сақтандыру қызметіне араласуына тыйым салынады.
Уәкілетті
орган – Қазақстан
Сақтық ұйымының төлем қабілеттігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау қабілетімен анықталады. Сақтық ұйымы төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері, активтердің өтімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады. Сақтық ұйымының қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер ету мүмкіндігін ескере отырып, сақтық және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттігін сақтау қабілетімен айқындайды. Сақтық ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері мыналарды кіріктіреді: жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін, активтердің құны және олардың әртараптандырылу дәрежесін, сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелерінің мөлшерін, төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін, сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатынасын, көрсетілетін сақтық және қайта сақтандыру қызметінің пайдаланылған жүзеге асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігін. Сақтық ұйымының және шоғырланған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау олар үшін пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимидтер белгілеу арқылы жүргізіледі. Пруденциялық нормативтерді уәкілетті орган белгілейді және ол, атап айтқанда төлеген қабілеттілігінің нормативтерін, қаржылық тұрақты нормативтерді кіріктіреді. Сақтық ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандыру жекелеген шарттары бойынша міндеттемелерінің ең көп көлемі өз капиталы мен сақтық резервтері сомасының 10 пайызынан аспауы керек. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін сақтық ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтық резервтерінің болуы міндетті.Сақтық резервтерінің қаражаты тек қана сақтық ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты сақтық төлемдерін жүзеге асыруға арналған. Сақтық ұйымына санкцияларды уәкілетті орган не сот қолданады: уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға: айыппұл салуға, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға, лицензияны кері қайтарып алуға, сақтық ұйымдарының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттіліктерін атқарудан шеттетуге құқылы. Сақтық ұйымы өз қызметінің жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізіп отырады. Жыл қорытындысы бойынша жасалған аудиторлық қорытынды сақтық ұйымының жылдық қаржы есептемесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Негізгі сақтық қызметінен алатын сақтандырушының табысы сақтық төлемдерімен және өзге сақтық қызметінен алынған табыстармен шығыстардың айырмасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс қызметтің осы түріне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынатын табыс резервтік қорларға аударылған аударымдардың сомасына азайтылатынын ескере отырып есептеп шығарылады. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық нарығын қалыптастыру. Қазіргі заманғы ұлттық сақтық жүйесін құру сақтық қызметі нарығын сапалы, жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
-әлеуметтік
сақтандыру түрі ретіндегі
-сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
-сақтық
нарығының қазіргі заманғы
-халықаралық
стандарттарды ескере отырып, сақтық
қадағалауының жүйесін
-сақтық
және қайта сақтындыру
-осы
заманғы сақтандыру
-сақтандыру
саласында кадрлар даярлау,
Қазіргі заманғы сақтандыру
-мемлекеттік
бюджеттің табиғи-техногендік
-нарықтық
экономика қағидаттарында
-халықтың, және ұйымдардың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктермен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі сияқты сақтық ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген өнімнің деңгейіне байланысты. Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша, кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады. Қазіргі заманғы сақтық нарығының толыққанды жұмыс істеуі сонымен қатар актуарий институтын еңгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді. Қазақстанның сақтық нарығы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол небары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты. Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнесі кең таралған және пайдалы сфера екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты нарықтық құрылым бола отырып, нарықтық экономикада тұрақты жайғасымдарды алып отыр. Ерекеше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау сақтық қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық нарығы қатысушыларының ассоцияциясы құрылған. Ассоцияцияның негізгі міндеттері – Қазақстан Республикасының сақтық нарығын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың орталық нарығында оң тенденциялар байқалуда. 2003 жылы сақтық сыйақыларының көлемі 27,1%-ға көбейіп , 28,9 миллиард теңгені құрады. Міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйақыларының көлемі 136,4%-ға, яғни 2,8 миллиард теңгеге өсті. Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша ол 18,6%-ға, яғни 23,3 миллиард теңгеге дейін, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5%-ға , яғни 1,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Ал, сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3%-ға, яғни 9 миллиард теңгеге дейін көбейді, сақтық резервтері 66,7%-ға, яғни 4,5 миллиард теңгеге дейін өсті. Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылы Қазақстанда 65,6%-ға көбейіп, яғни 0,7 миллиард теңгені құрады,ал 2005 жылы70%-ға жетті.
Қазіргі кезде Қазақстанда 36 сақтық ұйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6 шетелдіктердің қатысуымен және екеуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар, 6 сақтық брокерлерінің, 30 актуаршілердің, 34 аудиторлық ұйымдарының және 67 аудиторлық сақтық қызметінің аудитін жүзеге асыруға лицензиялары бар. Сақтандыру нарығы масштабына қарай 3-ке бөлінеді:
1.аймақтық;
2.ұлтық;
3.халықаралық.
Аймақтық сақтандыру нарығы – сақтандыру ұйымдарын ұлттық сақтандыру нарығының басқа аймақтары мен өзара интеграциялық тығыз қатынаспен байланыстырады.
Ұлттық сақтандыру нарығы – белгілі бір мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет сферасы. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарығы – АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда қалыптасқан.
Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық сақтандыру нарығының бірлігі.
Сақтандыру
нарығынсыз бәсекелестік болуы ақылға
қонымсыз, сондықтан да ол шаруашылық
өмірінің динамикасы мен сипатына,
сақтандыру қызметін жаңартып әрі кеңейтуге,
сақтандыру процесіне соңғы жетістіктер
мен жаңартуды енгізуге игі әсер етуге
тиіс. Мұндай бәсекелестік жаңа клиенттермен
белсенді әрі белгілі мақсаттағы жарналар
арқылы жаңа клиентураларды тарту жолымен
жүргізілетін жұмыстарды қарастырады.
Өзара бәсеке сақтандыру ұйымдарын түгел
алғанда, олардың бәрінің нақты қаржылық
мүмкіншілігін жабу мақсатына осындай
жолмен қол жетеді. Қазақстан аумағында
сақтандыру нарығын жүргізуде ешқандай
қарапайым шешім жоқ, түбегейлі мақсатқа
жету үшін, қажыр-қайратты барынша жұмсау
талап етіледі. Бұл жерде соңғы уақыттар
ішінде Үкіметпен, Президент тарапынан
халық шаруашылығындағы мемлекет меншігінен
алу мен жекешелендіру, қаржылық-несиелік
қатынас саласындағы, яғни экономикалық
реформаны заң шығару мен ұйымдық жағынан
қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар
комплексінің барлығы іске жұмылдыруда.
ІІ тарау. Қазақстан
Республикасындағы
сақтандыру
Қазақстан Республикасында 41 сақтандыру компаниясы бар:
«Алматы
Халықаралық Сақтандыру Тобы» сақтандыру
компаниясы» Kaspi Bank" Акционерлік
қоғамынның Еншілес компаниясы"
АҚ
"Amanat Insurance" СК" АҚ "Атланта Полис" СК" АҚ «Allianz S.E.»
Еуропалық Акционерлік «Альянс Полис» СК” АҚ «АСКО» СК» АҚ «Алатау» СК АҚ «БТА Страхование» БТА Банкінің еншілес компаниясы” АҚ (алғашқы «БТА Страхование» Тұран Әлем Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы” АҚ) “БТА Забота” БТА Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы” АҚ (алғашқы “БТА Забота” Тұран Әлем Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы” АҚ) “БТА Өмір”БТА Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы” АҚ "Виктория" СК» АҚ Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ «Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ |
"ДСжМСҚК
"Интертич" АҚ
«Халық - Казахинстрах» Қазақстан Халык Банкі Еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ «Мемлекеттік аннуитеттік компания” Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ "Қазақмыс" СК” АҚ «Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» "Коммеск-Өмiр" СК" АҚ АҚ «Лондон-Алматы» СК «Нұрполис» сақтандыру компаниясы» АҚ "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ “НОМАД Иншуранс”СК” АҚ "Пана Иншуранс" СК" АҚ "САЯ" СК” АҚ "СЕНТРАС ИНШУРАНС" СК АҚ "ТрансОйл" СК» АҚ "Темiр Ат" СК” АҚ "ЦАСО" СК" АҚ "ЭкоПолис"СК” АҚ «ЭйАйДжи Қазақстан» Сақтандыру компаниясы» АҚ «Халық-Life» АҚ АҚ«Казкоммерц-Life» ӨСК » («Казкоммерцбанк» АҚ-ның еңшілес ұымы) «GENERALI LIFE» "Alliance -Өмірді Сақтандыру Сақтандыру компаниясы» АҚ «Астана-финанс» Сақтандыру компаниясы” АҚ «Астана-финанс» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ “Архимедес - Қазақстан” медициналық сақтандыру компаниясы” «Цесна Гарант» Сактандыру компаниясы» АҚ "Trust
Insurance" сактандыру компаниясы АҚ |