Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:12, лекция
Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық көзқарастар көне заманда да кездеседі. Оның өмір сүру кезеңдерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономикалық ілімдер тарихының пәні мен зерттелуі
Экономикалық ілімдер тарихының әдістері
Экономикалық ілімдер тарихының даму сипаттамасы
– төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы теорияның негізін калаушылар неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 ж.ж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950 ж.ж.) болып табылады.
«Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті» – дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық экономика ғылымына берілер баға жоқ секілді. Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты экономистер экономика ғылымында түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық жүйелердің нарықтык, жоспарлы, аралас түрлерінің негізін қалаушылар.
Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялык негізі – экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономикалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.