Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:37, курсовая работа

Краткое описание

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................3

I Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері
1.1 Инфляция ұғымы мен мәні..................................................................5
1.2 Инфляцияның түрлері және олардың жіктелуі....................................7

II Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
2.1 Инфляцияның пайда болуының себептері...........................................12
2.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары....................................14

III Қазақстан Республикасындағы инфляция көрсеткіші және антиинфляциялық саясат
3.1 ҚР инфляция деңгейі және көрсеткіштері...........................................18
3.2 ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деңгейін төмендету жолдары ........................................................................................................22

Қорытынды..............................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................32

Файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 252.00 Кб (Скачать)

Дефляциялык, саясат— мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты— бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. /16, 506б./

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:

1.  Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.

2.  Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредитер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.

3.  Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

4.  Сондай мақсаттарда Орталық банктің кедитерін тікелей қысқарту.

Инфляцияға қарсы фискалдық  саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің  шығыстарын қысқарту жөне осының негізінде  мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

бірішіден, мемлекеттік  бюджеттің тендестігіне жету жәнетапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен  айырбас сферасында экономикалык белсенділікті жандандыру қажет.

Инфляцияға қарсы салық  саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр . Жанама салықтардың  инфляциялық сипаты болады, өйткені  олар бағаны өсіреді, сүранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мүның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына  да, мемлекеттің шаруашьшық жүргізуші  субьектілеріне қатысты материалдық  өндіріс сферасына да таратуды қажет  етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне - шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары  жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша  қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а)  тура әдістермен — шектеумен(рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ө) секвестірлеуәдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді  төмендетумен;

б)  қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік бюджет тапшьшылығының деңгейін шектеумен.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген үлттық бағдарламаларының  іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін  әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

Мыналардың нәтижесінде  инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен  туатын инфляцияны жою проблемаларын  шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:

1)  жалақыны көбейту;

2)  үйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

3) шикізат жөне энергетикалық  ресурстар иелерінің инфляциялық  тосулары, осыған қарай олар өндірістің  бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.

Инфляцияны төмендету  проблемаларының бірінші блогы  экономикалық тұрақтандырудың бүкіл  жүйесінің орталық буыны ретіндегі  өндірістің құлдырауын жоюда болып  отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ұшырайды.

Біріншіден, еңбек өнімділігінің  уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту  меселелерін шешу, басымдық ретіндегі  өндірістік еңбек қызметін қалпына  келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

Сауда - делдалдық сфераға  қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды .

Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі  қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі — бағалардың төмендеуі — өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы - ұсынымның көбеюі— сүранымның қанағаттандырылуы.

Бәсеке механизмін жасау  монополияға қарсы шараларды  жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық- қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде  қамтамасыз етумен байланысты болады.

Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады.  Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын тандау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп оырады. Базалық технологиялық шекте - шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор .Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.

Жалақыны реттеу бастапқы ( қол жеткен ) деңгейден еңбек  өнімділігінің нақты артуына  қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің  еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына  тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы  тарапынан инфляцияны төмендету  шаралары оның құрлымын жақсартуда болады . Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық- импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша тендікке жетуге қатысты болады.

Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын  тауарлар мен қызметтерге ішкі сүранымды  отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляция-лық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

Инфляцияны басқаруды  жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі  кезде инфляциялық таргеттеугеүлкен маңыз беріледі.

Ұлттық Банктің негізгі міндеті ретінде бағалардың түрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидатарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге кешуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді артырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания  инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.

Ұлттық Банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде үстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық Банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшер-лемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргетгеу кезіндегі негізгі құралдар ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар.

Қазіргі уақытта инфляциялық  таргеттеуді еңгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты керсеткіштер — "базалық инфляция" индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ыкдалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық Банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді.

Инфляциялық таргеттеуге  көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті түр:

- ашық рынок операцияларын  кең ауқымды көлемде жүргізуге  көшу үшін жағдайлар жасау;

- өзінің бағалы қағаздар  портфелін ұлғайту;

- бағалы қағаздардың  қайталама рыногын дамыту;

- трансмиссиялық тетіктің  үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;

- инфляциялық таргеттеуді  пайдалана отырып, шешім қабылдау  қағидаттарын іске асыру рәсімін  өзірлеу және т.б.

Жоғарыда жазылған мәселелерді  қортындылай келе қазіргі таңда біздің экономикамызда жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатындағы ең тиімді жолы – инфляциялық таргеттеуді қолдану. Әлемдік тәжірибе көрсеткедей бұл ең дұрыс та, тиімді бағыт болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Зерттеу жұмысының І – бөлімі «Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері»  деп  аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

- Инфляция ұғымы мен мәні;

- Инфляция түрлері және олардың  жіктелуі.

    Информацияның жеке жағдайлары тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.

        Инфляция қоғамда  ақшаның құнсыздануы, бұл процесс  қарқынды да ұлғаймалы түрде  жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі  жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс пен нарық екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

Информация о работе Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері