Жергілікті бюджет негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасыда экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынысының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Оглавление

іріспе ____________________________________________________________2
1.Жергілікті бюджеттердің теориялық негіздері ________________________5
1.1.Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің буыны ретінде ________________________________________________5
1.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту тәртібі ______________9
1.3.Жергілікті бюджеттерді нақтылау ______________________________11
2.Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының атқарылуына талдау _______________________________________________________13
2.1.Жергілікті бюджет кірістерінің құрамы __________________________3
2.2.Жергілікті бюджет шығыстарының құрамы ______________________17
2.3.Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау ____________________27
3.Жергілікті бюджеттерді құру және атқару мәселелері және оларды шешу жолдары _____________________________________________________26
3.1.Жергілікті бюджеттерді құру мәселелері ________________________26
3.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру механизмін жетілдіру бағдарламалаы _____________________________________________27
Қорытынды ____________________________________________________31

Файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 237.00 Кб (Скачать)


ЖОСПАР

 

Кіріспе ____________________________________________________________2

   1.Жергілікті бюджеттердің теориялық негіздері ________________________5

     1.1.Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің           буыны ретінде ________________________________________________5

      1.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту тәртібі ______________9

     1.3.Жергілікті бюджеттерді нақтылау ______________________________11

    2.Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының атқарылуына    талдау _______________________________________________________13

      2.1.Жергілікті бюджет кірістерінің құрамы __________________________13

     2.2.Жергілікті бюджет шығыстарының құрамы  ______________________17

2.3.Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау ____________________27

3.Жергілікті бюджеттерді құру және атқару мәселелері және оларды шешу жолдары _____________________________________________________26

3.1.Жергілікті бюджеттерді құру мәселелері ________________________26

3.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру механизмін жетілдіру бағдарламалары _____________________________________________27

Қорытынды ____________________________________________________31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Қазақстан Республикасыда экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынысының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы – бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құрылуын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол – жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2008 жылы желтоқсан айының 4 жұлдызында Қазақстан Републикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2009 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.

Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатысушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жақты жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толық анықталған.

Жергілікті қаржы – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану үрдісіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.

Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер 1938 жылдан бастап елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне енгізілген, жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.

Бүгінде, жұртқа мәлім, қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда өңірлердің дербестігі мен ролін асырып отыр.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы мәселелерді шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады.

Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиісінше, жергілікті қаржының ролі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызыметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға – жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпы мемлекеттік құрылысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.

Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік қаржыға ұқсас.

Жергілікті қаржының ролі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншеден, тиісті аумақтардың экономикалық әлеуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.

Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану үрдісінде едәуір роль атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттін жалпы жүйесіне кірмейді.

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің өңірлік кезеңіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және  атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің көрнісін тапқан.

«Бюджеттік бөлініс» салықтар мен алымдардың әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда корпорациялық табыс салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздер, жеке тұлғалардаң алынатын табыс салмағы мен әлеуметтік салық жергілікті бюджетке қалдырылды. Бұл әкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынатын айыппұлдар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында тепе-тең бөлінетін болды.

Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эвалюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Өңірлер Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз өңірінің халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.

1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджеттер болған еді; 1994 жылдың басына жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты 2500 жергілікті бюджеттер – селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі едәуір бәсеңсіді.

Өңірлердің шаруашылық қызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарының проблемасына, жергілікті бюджеттердің мемлекеттік қаржыландырудағы және оны жүзеге асыру нысандарындағы қажеттілектерін дұрыс ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді.

Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы бюджеттік құқықтарды айқын шектеу және орталық пен өңірлердің бюджеттік мүдделерін теңестіру туралы мәселе айрықша мәнділікке ие болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қатынастардың жүйесі қалыптасу мен даму сатысында тұр, оның оңтайлы механизмі іздестірілуде.

Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік басқару мен бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты бөлуді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Жергілікті бюджеттердің теориялық негіздері

1.1.Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің буыны ретінде

 

Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды роль беріледі.

Жергілікті бюджеттер – Бюджеттік кодекспен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

 Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындғы макроэкономиканың өндірістік және қызметтер көрсету салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді:

   билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;

   бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергіліктк деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі роль атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылықты дамытудағы, әкімшілік-аумақтыұ бөліністерді қаражаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сонай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстауда жергілікті (муниципалды) қаржының маңыздылығын дәлелдеп отыр. Осылай әлдеқашан болған және бұл үрдістер ХХ ғасырдың 80-90 жылдары күшейді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30 – 60%-ын қайта бөледі (Англия, АҚШ, Жапония, Германия және т.б.) және өңірдің өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды роль атқарады:

   олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді (жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);

   жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалары;

   тұтынудың қоғамдық (әлеуметтік) қоларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс кұшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала бюджетін, астана бюджеттерін, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерін қамтиды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50% аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды.

Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi тиiсiнше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешiмдерiмен бекiтiледi.

Бюджеттік кодекспен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиiстi ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.

Информация о работе Жергілікті бюджет негіздері