Жергілікті бюджет негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасыда экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынысының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Оглавление

іріспе ____________________________________________________________2
1.Жергілікті бюджеттердің теориялық негіздері ________________________5
1.1.Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің буыны ретінде ________________________________________________5
1.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту тәртібі ______________9
1.3.Жергілікті бюджеттерді нақтылау ______________________________11
2.Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының атқарылуына талдау _______________________________________________________13
2.1.Жергілікті бюджет кірістерінің құрамы __________________________3
2.2.Жергілікті бюджет шығыстарының құрамы ______________________17
2.3.Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау ____________________27
3.Жергілікті бюджеттерді құру және атқару мәселелері және оларды шешу жолдары _____________________________________________________26
3.1.Жергілікті бюджеттерді құру мәселелері ________________________26
3.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру механизмін жетілдіру бағдарламалаы _____________________________________________27
Қорытынды ____________________________________________________31

Файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 237.00 Кб (Скачать)

   өртке қарсы қауіпсіздік пен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылауын іске асыру;

   жер мен суды пайдалануын реттеу және елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

   заң бекіткен тәртіп бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікке берілген коммуналдық меншікті басқару.

Келешекте республикада жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін қалыптастыру жоспарлануда. Бүгінгі күні мұндай институттарды енгізу бірсыпыра мәселелерді шешуіне тіреліп тұр. Мысалы, биліктің ауылдық органдар деңгейінде басқарудың нақты механизмдері қалыптаспаған, кірістердің өздік қайнар көздері белгіленбеген, меншік мәселелері шешілмеген.

Бюджеттердің түрлері мен деңгейлері арасындағы өзара байланыс аймақтық бюджетаралық теңестіру механизмі арқылы іске асырылады. Бұл механизмнің маңызы – ол бюджеттік жүйенің буындары арасында кірістер мен шығындарды бөлу процесі, ал мұндай бөлудің негізін жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетпен және аудандық бюджеттердің облыс бюджеттері арасындағы арақатынастарының тепе-теңдік принципі құрастырады. Мұндайды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған қаржы шығындарының номативтер мен жергілікті бюджеттерге көрсететін қаржылық жәрдем нормативтерін есептейтін біріккен әдіс және салықтар есептеу мен төлеудің біріккен тәртібі пайдаланылады.

Жергілікті бюджеттердің мәселесі олардың меншігін құайтын шаруашылық салалары (тұрғын-үй шаруашылығы, мәдениет және шығармашылық мекемелері, коммуналдық инфрақұрылым – су құбыры, көлік тазалау қызметтері және басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл, өздері залалды болып келеді және жергілікті бюджеттер қаражаттарының едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдық етіп бөлген кезде биліктің жергілікті органдарының басқаруына залады кәсіпорындар немесе аз мөлшерде кіріс әкелетіндері берілді.

Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару органдарыдың заңдарына көзделген өзге де функцияларына жұмасалатын шығындар да қаржыландырылады.

 

3.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру механизмін жетілдіру бағдарламалары

Бюджеттеді қалыптастыру жергілікті өкілетті органдар әзірлейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылық негіздеу және іске асыру жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, жергілікті атқарушы органдар мен оларға бағынышты мемлекеттік мекемелерге жүктелген.

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында қаладағы ауданның, аудан (олыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді: қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі; шаруашылық бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейін тәрбие беру мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдары дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау мекемесіне жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді-мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерді жабдықтандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамсыз ету және басқа да бағдарламалар.

2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімге мыналар қоса тіркеледі:

 1)  Бюджеттік кодексте белгіленген құрылым бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет.  Бұл ретте түсімдер - санаттар, сыныптар және ішкі сынып­тар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционал­дық топтар,  бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)” бөлімі жалпы сомамен ұсынылады;

2) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асы­руға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджет­тік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдар­ламаларының тізбесі;

3) 2009 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңмен (2009 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шеші­мімен) белгіленген жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаске­лерін сатудан республикалық маңызы бар қаланың, астананың (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың бюджетіне) бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі;

5) қаладағы әрбір ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары;

6) басқа да деректер.

Бюджеттік бағдарлама – мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамыту­дың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттер.

Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік басқару функ­ция­ларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттерді бюджеттік бағдарлама шеңберінде нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу нәтижеле­рін көрсететін мақсаты, міндеттері және индикатор­лары болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жекелеген міндеттерге бөлінеді, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің жолдары болып табылады.

Индикаторлар мақсатқа сай және оңай есептелетін болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның атауы Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасымен қабылданған мемле­кеттік функциялардың мақсаттарын, стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалар мен даму жоспарларының міндеттерін бейнелеуге тиіс.

Бюджеттік бағдарламаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған, мемле­кет көрсететін тиісті қызметтерді бейнелейтін мемле­кет­т­ік функцияларға, республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарлары міндеттерінің іс-шараларына сәйкес болуға тиіс.

Бюджеттік бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға  және бюджеттік даму бағдарлама­ларына бөлінеді.

 Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар –  олардың нәтижелері:

 1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемле­кеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі тұрақты сипаты бар қызметін қамтамасыз етуге;

2) республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарла­рының мақсатына қол жеткізуге, олардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.

Бюджеттік даму бағдарламалары – нәтижелері республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткізу дәрежесіне және олардың міндеттері мен іс-шараларын шешуге тікелей ықпал ететін, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.

Мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін іске асыру туралы жергі­лікті атқарушы органның қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде қабылданады. 

Мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы жергілікті бюджетті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органның уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы көздейді.

Қаулыға мыналар қоса беріледі:

1) бекітілген  жергілікті бюджет. Бұл ретте түсімдер ерекшеліктер деңгейіне дейін ұсынылады, ал бюджет­тік бағдарламалар кіші  бағдарламаларға бөлініп ұсы­нылады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру (про­фи­цитті пайдалану)” бөлімі жалпы сомада беріледі;

2) нысаналы трансферттер мен кредиттерді төменгі тұрған бюджеттерге бөлу;

3) оларды айқындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға жүктел­ген 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асы­ру үшін қажет басқа да деректер немесе көрсеткіштер.

Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқару­шы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихаттың 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.

2009 жылға арналған бюджетті атқару негізі мыналар болып табылады:

1) Бюджеттік кодекс; 

2) 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдері; 

3) 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулылары;

4) жергілікті бюджеттерді атқару барысында ағымдағы қаржы жылы қабылданатын жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;

5) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорт­тары;

6) міндеттемелер бойынша  қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;

7) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері­нің  міндеттемелері және төлемдері бойынша  қар­жыландыру жоспарлары;

8) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және төлемдері бойынша  қаржыландырудың жеке жоспар­лары;

9) Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

2009 жылға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде жергі­лікті атқарушы орган бекітеді.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорт­тары бюджетті бекіту (нақтылау, түзету) кезінде қа­был­данған шешімдерді ескере отырып, бюджет комис­сиясы мақұлдаған және бюджеттік өтінім құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарлама  паспорты жоба­сының негізінде жасалады.

Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына мына­дай жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

 1) бюджетті  нақтылаған;

 2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың функциялары  өзгерген;

3) мақсаттары, міндеттері, іс-шаралар, жауапты орындаушылар, іске асыру мерзімдері, күтіліп отырған нәтижелері және индикаторлары өзгерген жағдайда, 2009 жылға арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар  енгізілген;

4) Қазақстан Республикасының саяси, экономика­лық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қатер төндіретін ахуалдарды жою қажеттігі;

5) мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламаның жоспарланған іс-шараларын тиісті тауарларға (жұмыс­тарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған нақты баға­лардың болжамды бағалармен салыстырғанда төмен­деуі салдарынан бекітілген сомадағы бюджет қаражатының аз көлеміне орындаған жағдайда пайда болған, пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы мақсаттарға барынша жақсы қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламаның міндеттері мен іс-шаралар тізбесін кеңейтуге қажетті қосымша іс-шараларды орындауға жіберілген жағдайларда.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттары бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жатады.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Жергілікті бюджет негіздері