Жергілікті бюджет негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасыда экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынысының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Оглавление

іріспе ____________________________________________________________2
1.Жергілікті бюджеттердің теориялық негіздері ________________________5
1.1.Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің буыны ретінде ________________________________________________5
1.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту тәртібі ______________9
1.3.Жергілікті бюджеттерді нақтылау ______________________________11
2.Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының атқарылуына талдау _______________________________________________________13
2.1.Жергілікті бюджет кірістерінің құрамы __________________________3
2.2.Жергілікті бюджет шығыстарының құрамы ______________________17
2.3.Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау ____________________27
3.Жергілікті бюджеттерді құру және атқару мәселелері және оларды шешу жолдары _____________________________________________________26
3.1.Жергілікті бюджеттерді құру мәселелері ________________________26
3.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру механизмін жетілдіру бағдарламалаы _____________________________________________27
Қорытынды ____________________________________________________31

Файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 237.00 Кб (Скачать)

4)  облыстық бюджеттен аудан (облыстық маңызы кала) бюджетiне нысаналы даму трансферттерi және бюджеттiк кредиттеу есебiнен қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi;

5)  жергiлiктi атқарушы органға айқындау жүктелген, мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiн iске асыруға қажеттi басқа да деректер немесе көрсеткiштер қоса берiледi.

Жергiлiктi бюджет нақтыланған жағдайда, мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихат шешiмi бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде бекiтiледi.

 

1.3.Жергілікті бюджеттерді нақтылау

 

Тіистi қаржы жылы iшiнде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң көрсеткiштерiн өзгерту республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау болып табылады.
          Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау – тиiстi қаржы жылы iшiнде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің көрсеткiштерiн өзгерту.

Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджеттiк комиссия қарайды.

Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау кезiнде облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн әзiрлеу мен бекiту кезiнде осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.

Облыстық бюджеттердi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн нақтылау республикалық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджеттiк комиссия қарайды.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау кезiнде Бюджеттік кодексте белгiленген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн әзiрлеу мен бекiту кезiндегi талаптар сақталады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттер мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау облыстың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша жүргiзiледi.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн нақтылау облыстық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмге қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының атқарылуына талдау
2.1.Жергілікті бюджет кірістерінің құрамы

Жергілікті бюджеттің кірістер құрамы Бюджеттік кодекс ережелерімен анықталған, бірақ әлдебір ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер әрбір мемлекеттік басқару деңгейі бойынша өздерінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатында тұрақты кірістік қайнар көздерді бекіту мен билік құрылымдарының өкілеттіктерін шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге сәйкес бюджеттер деңгейлері арасында шығындарды бөлумен шарттасады.

Облыстық бюджет келесі түсімдерден құрылады:

1.   Облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері:

1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық;

3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;

4) облыстық маңызы бар мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алым;

5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;

6) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

7) орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

8) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.

2.   Облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер:

1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:

облыстық әкiмдiктiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;

облыстық коммуналдық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;

облыстық коммуналдық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;

облыстық коммуналдық меншiктiң мүлкiн жалға беруден түсетiн түсiмдер;

облыстық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;

облыстық коммуналдық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;

2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдер;

3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсiмдер.

3.   Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша облыстық бюджетке негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.

4.   Трансферттер түсімдері:

1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен трансферттер;

2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер.

         5. Облыстық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, облыстық коммуналдық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер облыстық бюджет есебiне жазылады.

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері келесі түсімдерден құрылады:

1.   Салық түсімдері:

1) жеке табыс салығы;

2)әлеуметтiк салық;

3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсiпкерлердiң мүлкiне салық;

4) жер салығы;

5) бiрыңғай жер салығы;

6) көлiк құралдарына салық;

7) тiркелген салық.

2.   Салықтық емес түсімдер:

1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:

республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнен түскен түсiмдер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялар кiрiстерiнен түсетiн түсiмдер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдер;

3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне басқа да салықтық емес түсiмдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне салықтық емес түсiмдер).

3.   Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер:

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сатқаны үшiн төлемақы.

4.   Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.

5.   Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнiң есебiне жатқызылады.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi келесі түсiмдер құрылады:

1.   Салық түсімдері:

1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық;

3) жеке және заңды тұлғалар, дара кәсiпкерлер мүлкiне салық;

4) жер салығы;

5) бiрыңғай жер салығы;

6) көлiк құралдарына салық;

7) тiркелген салық;

8) мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыраға;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейiмделген автомобильдерден басқа);

бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

9) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;

10) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

11) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;

12) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;

13) аукциондардан алым;

14) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым;

15) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

16) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;

18) республикалық бюджет есебiне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж.

2.   Салықтық емес түсімдер:

1) коммуналдық меншiктен түсетiн кiрiстер:

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнiң түсiмдерi;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетiн кiрiстер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнен түсетiн басқа да кiрiстер;

2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетудi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер;

Информация о работе Жергілікті бюджет негіздері