Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 09:50, курсовая работа
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасыда экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынысының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
іріспе ____________________________________________________________2
1.Жергілікті бюджеттердің теориялық негіздері ________________________5
1.1.Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің буыны ретінде ________________________________________________5
1.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту тәртібі ______________9
1.3.Жергілікті бюджеттерді нақтылау ______________________________11
2.Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының атқарылуына талдау _______________________________________________________13
2.1.Жергілікті бюджет кірістерінің құрамы __________________________3
2.2.Жергілікті бюджет шығыстарының құрамы ______________________17
2.3.Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау ____________________27
3.Жергілікті бюджеттерді құру және атқару мәселелері және оларды шешу жолдары _____________________________________________________26
3.1.Жергілікті бюджеттерді құру мәселелері ________________________26
3.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру механизмін жетілдіру бағдарламалаы _____________________________________________27
Қорытынды ____________________________________________________31
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне басқа да салықтық емес түсiмдер.
3. Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
3) жер учаскелерiн жалға беру құқығын сатқаны үшiн төлемақы.
4. Облыстық бюджеттен берiлетiн трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.
5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарыздарын сатудан түсетiн түсiмдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне есептеледi.
2.2. Жергілікті бюджет шығыстарының құрамы
Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;
облыс деңгейiнде мемлекеттiк жоспарлау;
облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
облыстық коммуналдық меншiктi басқару;
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс;
облыс аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн персоналмен қамтамасыз ету бойынша жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;
азаматтық, көшiп кету және көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызмет;
уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарды, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарының, арнайы қабылдау орындарының жұмыс iстеуi және әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердi күтiп-ұстау;
мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерiн және көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу куәлiктерi бланкiлерiн дайындау ақысын қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ситуациялық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесiне қызметтер көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарына коммуналдық қызметтер көрсетуге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу жөнiндегi шығындарын қоса, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын күтiп-ұстау, оларға қызметтер көрсету және оларды жөндеу;
3) бiлiм беру:
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар және оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу және жеткiзу;
облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша бiлiм беру;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлау;
балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм;
облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;
жергiлiктi деңгейде бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-
дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз ету, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын ақысыз және жеңiлдiкпен тамақтандыру;
әдiстемелiк жұмыс;
4) денсаулық сақтау:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу;
жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын әлеуметтiк көмек түрлерiн қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
елдi мекендердi газдандыру;
облыстық коммуналдық меншiктi қорғау жөнiндегi шаралар;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткiзiлуiн қамтамасыз ету;
республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлi спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командалары мүшелерiнiң дайындығы және қатысуы;
облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткiзу;
жергiлiктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу;
жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
облыстық деңгейде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiнде iс-шаралар өткiзу;
8) агроөнеркәсiптiк кешен, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсiмдiк шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеудi және өткiзудi реттеу;
арнайы қоймаларды (көмiндiлердi) күтiп-ұстау, салу және жөндеу;
бюджет қаражаты есебiнен алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру;
коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
суды қорғау аймақтарын, су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу;
облыстық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
облыстық маңызы бар су құбырларын салу және реконструкциялау;
ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтiп-ұстау және қорғау;
қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткiзу;
ІІ, ІІІ, ІV санат объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу;
II, III, IV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру;
жануарлар дүниесiн қорғау;
облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
инновациялық тәжiрибенi тарату және қолданысқа енгiзу жөнiнде iс-шаралар өткiзу;
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру және бақылау;
10) көлiк және коммуникациялар:
әлеуметтiк мәнi бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
11) экономикалық қызметтi реттеу:
кәсiпкерлiк қызметтi қолдау;
12) өзге де бағыттар:
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне трансферттер;
республикалық бюджетке трансферттер;
жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оларды өтеу;
жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелерiн орындау.
Сонымен катар, облыстық бюджеттерден:
1) мемлекеттiк қызмет көрсететiн немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделi шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шығыстарға;
2) бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген облыстың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының өзге де көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметiне және қызмет түрлерiнiң бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
Шығыстарды бюджеттiң басқа деңгейлерiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың шығыстары, мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң заттай нормалары мен стандарттары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
Аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетiнiң шығыстары:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
аудандық (қалалық) деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;
аудандық (қалалық) деңгейде мемлекеттiк жоспарлау;
аудандық (қалалық) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
салық салу мақсатында мүлiкке бағалау жүргiзу;
аудандық (қалалық) деңгейдегi коммуналдық меншiктi басқару;
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсетушi персоналмен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
елдi мекендерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету;
3) бiлiм беру:
мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту;
кешкi (ауысымдық) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру;
аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткiзу;
мектепалды дайындық, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алу және жеткiзу;
балалар үшiн қосымша бiлiм беру;
бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;