Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 09:50, курсовая работа
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасыда экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынысының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
іріспе ____________________________________________________________2
1.Жергілікті бюджеттердің теориялық негіздері ________________________5
1.1.Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің буыны ретінде ________________________________________________5
1.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту тәртібі ______________9
1.3.Жергілікті бюджеттерді нақтылау ______________________________11
2.Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының атқарылуына талдау _______________________________________________________13
2.1.Жергілікті бюджет кірістерінің құрамы __________________________3
2.2.Жергілікті бюджет шығыстарының құрамы ______________________17
2.3.Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау ____________________27
3.Жергілікті бюджеттерді құру және атқару мәселелері және оларды шешу жолдары _____________________________________________________26
3.1.Жергілікті бюджеттерді құру мәселелері ________________________26
3.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру механизмін жетілдіру бағдарламалаы _____________________________________________27
Қорытынды ____________________________________________________31
жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз ету, оларды мiндеттi түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
мектепке дейiнгiлердi қоспағанда, бiлiм беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет ету;
оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын ақысыз және жеңiлдiкпен тамақтандыру;
4) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
тұрғын үй көмегi;
үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшi, құлағы естiмейтiн мүгедектер үшiн - ымдау тiлiнiң мамандарын ұсыну;
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiн қорғау жөнiндегi шаралар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
тұрғын үй қорын түгендеу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен жер учаскелерiн алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес авариялық және ескi тұрғын үйлердi бұзу;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн салу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауiптi өңiрлерiнде орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн нығайтуға бағытталған iс-шаралар;
коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру және реконструкциялау;
елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
6) мәдениет және спорт:
жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
хайуанаттар парктерi мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;
аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейiнде спорттық жарыстарды өткiзу;
облыстық спорттық жарыстарға әртүрлi спорт түрлерi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерiнiң дайындығы және қатысуы;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiнде iс-шаралар жүргiзу;
7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары:
мал шаруашылығында мал көмiндiлерiн (биотермиялық орларды) жасау, күтiп-ұстау;
ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
алынатын және жойылатын ауру малдардың, малдан алынған өнiмдер мен шикiзат құнын иелерiне өтеу;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;
8) көлiк және коммуникациялар:
аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
кент iшiндегi (қала iшiндегi) және аудан iшiндегi қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
9) экономикалық қызметтi реттеу:
кәсiпкерлiк қызметтi қолдау;
10) өзге де бағыттар:
облыстық бюджетке трансферттер;
жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.
Сол сияқты, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен:
1) мемлекеттiк қызмет көрсететiн немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделi шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шығыстарға;
2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қызметiнiң бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.
3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттiң басқа деңгейлерiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың шығыстары көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң заттай нормалары мен стандарттары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң шығыстары көзделедi:
1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;
4) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту, оның iшiнде мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
5) ауылдық (селолық) жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейiн тегiн алып баруды және қайта алып келудi ұйымдастыру;
6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;
7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;
8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
9) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
10) жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;
11) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
12) елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;
13) жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;
15) елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру.
2.3.Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей есептi қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi әкiмдiкке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органына ұсынады.
Есептi қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихаттың шешiмiне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректердi бiлдiретiн тиiстi қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы есептен;
2) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң түсiмдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың есептi қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелерiне, мақсаттарына қол жеткiзiлуiн және мiндеттерiнiң шешiлуiн талдау нәтижелерi туралы талдамалық есептен;
3) түсiндiрме жазбадан тұрады.
Түсiндiрме жазба экономикалық ахуал және тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында және бюджеттiк өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарының iске асырылуы туралы, тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiктерi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей есептi қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса облыстық мәслихатқа, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей есептi қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi органға ұсынады.
Есептi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi туралы мәслихаттың шешiмiне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректердi бiлдiретiн тиiстi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептен;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң түсiмдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың есептi қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелерiне, мақсаттарына қол жеткiзiлуiн және мiндеттерiнiң шешiлуiн талдау нәтижелерi туралы талдамалық есептен;
3) түсiндiрме жазбадан тұрады.
Түсiндiрме жазба экономикалық ахуал және тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында және бюджеттiк өлшемдерде қабылданған салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарының iске асырылуы туралы, тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей есептi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.
3. Жергілікті бюджеттерді құру және атқару мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1.Жергілікті бюджеттерді құру мәселелері
Жергілікті бюджеттердің теңестірулігін қамтамсыз ететін, трансферттердің орта орта мерзімдік тұрақты нормативтеріне негізделген бюджетаралық қатынастар моделін құрғанда, жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен басқа шеттен алып пайдаланудың қажеттілігі болмайды. Сонымен бірге, әкімшілік-бюджеттік реформанаң басымды бағыттарын іске асырудың мімкіндігі туады, яғни ауылды жерлерде, аудан маңындағы қалаларда тиімді жергілікті басқаруды ұйымдастыру мен олардың институционалдық және функционалдық бекінісі.
Осы мақсаттарда ауылдар мен шағын қалаларда әкімнің аппараттарын қалыптастыру және оларға заңды тұлғалар мәртебесін беру қарастырылған. Мұндай шара жергілікті әкімдіктерге жекеленген мүлік бөлу және олар өз аттарынан мүліктік және мүліктік емес құқықтықтар мен міндеттемелер табу және іске асыру жөніндегі құқықты қамтамасыз ету іске асырылады.
Жоғарыда айтылған шаралар ауылдар мен шағын қалалар әкімдерінің шаруашылық және экономикалық салалар бойынша шешім қабылдау уәкілеттіктерін кеңейтеді және ең төменгі деңгейдегі басқарудың қаржылық дербестігін қамтамасыз етеді, себебі олардың бюджеттік бағдарламалары аудан бюджетінің құрамында тиісті маслихаттармен бекітіледі де тек солар арқылы өзгертіледі.
Аймақиық саясатты жетілдіру мен мемлекеттік басқару деңгейлері арасында уәкілеттікті шектеу мақсатымен ауыл мен шағын қала басқару деңгейлерінің функциялары кеңейтіледі. Жекелеп айтқанда, оларға келесі қосымша функциялар жүктеледі:
елді-мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
зираттар мен басқа қабырлау орындарын тиісті қалыпта ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;