Жергілікті бюджет негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасыда экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынысының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Оглавление

іріспе ____________________________________________________________2
1.Жергілікті бюджеттердің теориялық негіздері ________________________5
1.1.Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің буыны ретінде ________________________________________________5
1.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту тәртібі ______________9
1.3.Жергілікті бюджеттерді нақтылау ______________________________11
2.Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының атқарылуына талдау _______________________________________________________13
2.1.Жергілікті бюджет кірістерінің құрамы __________________________3
2.2.Жергілікті бюджет шығыстарының құрамы ______________________17
2.3.Жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау ____________________27
3.Жергілікті бюджеттерді құру және атқару мәселелері және оларды шешу жолдары _____________________________________________________26
3.1.Жергілікті бюджеттерді құру мәселелері ________________________26
3.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру механизмін жетілдіру бағдарламалаы _____________________________________________27
Қорытынды ____________________________________________________31

Файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 237.00 Кб (Скачать)

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.

Қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың бюджет түрінде екі үрдіс қатар өмір сүреді:

1)  дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтадырылған негіздерді дамытудың анағұрым ортақ үрдісінің бейнелеп көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;

2)  қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билік пен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны ортақсыздандыру.

Екінші үрдіс үрдіс жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді.

Қаржылық қатынастардың әкімшілігін жүргізудің қағидаты қаржының бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады: неғұрлым аз дәрежеде белгілі бір қаржылық қатынасы немқұрайды бақылауға берілсе, соғұрлым оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс.

Дүниежүзілік қаржы теорисы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп өңірлік басқару органы бекітіп берген кіріс ьазасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұсынылады. Онық атқарылуы басқарудың өңірлік бұл саладағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.

Басқа жағынан өңірлер белгілі бір матасушылықта болатын бірыңғай шаруашылық кешеннің бір бөлігі болып саналады және одан тыс өмір сүре алмайды. өңірлік ұдайы өндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріс дамуының негізгі заңдылықтарымен анықталады.

Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттілігін орынды, өндірістің нақтылы жай-күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Өңірлердің экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы және өңір неғұрлым кіші болса, бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады. Оның үстіне өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі деңгейі, бюджеттік өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық эконмикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттерінің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерлерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік-шаруашылық бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы өңірдің экономикалық мүдделерінің ең жоғары мүмкіндікте іске асыруды болып келеді.

Өңірлердің экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларды өңірлік ресурстарды жаңғырту, табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.

Өңірдің экономикасын басқарудағы орталықтандырылған және жергілікті негіздердің оңтайлы үйлесуін анықтаудың ортақ қағидаты былайша тұжырымдалады: экономикалық дамудың стратегиясын анықтаудағы централизм, оны іске асырудағы дербестік.

Оперативтік-шаруашылық дербестігі жергілікті буында шығыстардың 50%-дан кем емесін жабатын кірістердің оқшауланылған, бекітіп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіп берілуін қажет етеді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет арқылы қайта бөлу «фискалдық федерализм» теориясы негізінде жүзеге асырылады.

Теорияның мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы көп деңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияларын деңгейлер арасында бөлу және олардың саты бойынша заңды бағынушылығы болады.

Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жергілікті органдарының орталыққа қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл жергілікті бюджеттердің ғана емес, сонмен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттің де тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты дербестікке апаратын жол. Бұған өңірлердің салықтық автономиясын дамыту, мемлекеттік салықтардан үстемелер өндіріп алу немесе меншікті салықтарды белгілеу жөніндегі оларға құқық беру есебінен жетеді. Бұл орайда жергілікті органдарды қаражаттарды тиімді пайдалануға ынталандырылмайтын, оларды қаржылық дербестігінен айыратын орталық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қасқарады.

Басқа елдердегі аумақтақ басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды орталықсыздандырудың, ведомстволық бағыныстағы аумақтарды дамытудың әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуде биліктің жергілікті органдарына кең құқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлекеттің жағдайына – Қазақстанға сәйкес фискалдық федерализм ұғымының мәні сақталған кезде «фискалдық регионализмге» ауыстырылуы мүмкін.

«Бюджеттік реттеу» аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген функцияларды толық орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде мемлекеттік салықтар мен кірістерден түсетін түсімдердің бір бөлігін беру жолымен жүргізіледі. Қазақстанда салықтарды мемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты «бекітілген» және «реттеуші» кірістер мен салықтар термині пайдаланылмайды дей тұрсақта субвенциялар, бюджеттік алынымдар, есеп айырысу бойынша берілетін қаражаттар мен басқа трансферттер нысанындағы бюджеттік реттеу үрдісі сияқты іс жүзінде кірістерді бекітіп беру сақталынған.

Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер коммуналдық заңи тұлғаларға бекітілген; мүлікпен және әкімшілік-аумақтық, экономикалық және қаржылық негізін құрайды; түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.

Нарықтық қатынастар, басқарудың жергілікті органдарын реформалау жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасуына әсер етіп отыр.

Жеке аумақтар мен өңірлер бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай: қарж-бюджет саясаты, өндіріс дамуының өңірлік деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас.

 

1.2.Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту тәртібі

Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар, бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшекетері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілікті бюджеттердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Сондықтан, аймақтардың экономикалық дамуы болымды айырымдауының себебінен кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік сектор арқылы көрсететін қызметтер тең болуы үшін аймақтар бойынша бюджеттік теңестіруді қамтамасыз ету жөнінде белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмінің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша тұрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджеттік теңестіру әдісі пайдаланылады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей енгiзедi.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей енгiзедi.

Жергiлiктi атқарушы орган жергiлiктi бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1)  өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң  болжамын;

2)  мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын;

3)  жергiлiктi бюджет жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

Тиiстi мәслихаттар облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бекiтедi.

Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн облыстық бюджеттi бекiту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiне қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бекiтедi.

Егер мәслихат облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмінде жергiлiктi бюджет туралы шешiмдi қабылдамаған болса, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы қаулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткенге дейiн қолданылады. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы жергiлiктi атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары кезектi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет болжамының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.

Жергiлiктi қаржы жоспарының атқарылуы Бюджеттік кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешiктiрiлмей бекiтiлуге тиiс.

 Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бекiту туралы шешiмдер қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бекiтiлген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiн, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн ұсынады.

Мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмi қосымшаларымен бiрге және кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бiрге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Жергiлiктi бюджеттiң жобасы тиiстi мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.

Тиiстi мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерiнiң арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi тартылуы мүмкiн.

Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пiкiрлерiн ескере отырып, тиiстi негiздемелермен және есеп-қисаптармен жергiлiктi бюджет жобасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды тиiстi мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жiбередi.

Тұрақты бас комиссия тұрақты комиссиялардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады, ол мәслихаттың сессиясына шығарылады. Бұл ретте жинақтауға тиiстi негiздемелерi мен есеп-қисаптары бар ұсыныстар ғана енгiзiледi.
      Тиiстi мәслихаттың сессиясында жергiлiктi бюджеттiң жобасын талқылауға тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң немесе жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген адамының (адамдарының) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттiк параметрлерiнiң болжамы, жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкiлеттiк берген адамдарының жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамалары кiредi.

Жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулыларының жобаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулылары бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бюджеттiң уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнiнде, жергiлiктi атқарушы органдарға жоғары тұрған бюджеттен бөлiнетiн нысаналы трансферттер мен кредиттердi пайдалану бөлiгiнде тапсырмаларды көздейдi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулысына:

1)  төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;

2)  объектiлер бойынша жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi;

3)  объектiлер бойынша жергiлiктi бюджеттен коса қаржыландыруды қажет ететiн, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тiзбесi;

Информация о работе Жергілікті бюджет негіздері