Инфляция теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 18:49, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция әлемдік экономиканың,сонымен қоса Қазақстан Республикасының да ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Инфляцияның теориялық негіздері...............................................................4
1.1.Инфляция ұғымы,инфляциялық процесстердің тарихы...............................4
1.2.Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері........................................7
1.3. Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдер экономикасына
әсер етуші факторлары..........................................................................................11

2.Инфляция теориясы........................................................................................13
2.1.Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы.......................................13
2.2.Әр түрлі экономикалық мектептердегі инфляция........................................18
3.Инфляциямен күресу шаралары...................................................................22
3.1.Инфляцияға қарсы саясат,әлемдік экономикада реттелуі...........................22

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

курстық.docx

— 69.23 Кб (Скачать)

Макроэкономика  экономиканы бiр үлкен бүтiн  құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп  жалпылай қарастырады. Белгiлi бiр уақыт  аралығында кейбiр фирмалар өндiрген өнiмдерiне бағаны өсiредi, кейде төмендетедi. Бағаның жиынтық өзгерiс талдау кезiнде зерттеушiлер көптеген баға өзгерiстерiнiң iшiнен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық  динамикасын өлшеу үшiн баға индексi қолданылады. Макроэкономиканың негiзгi мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың  дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан  тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнiм, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексi, инфляция деңгейi, жұмыссыздық  деңгей және өндiрiс көлемiнiң өзгеру қарқындылығы секiлдi көрсеткiштер экономиканың бiр бөлек элементiн ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын  зерттеуге мүмкiндiк бередi.

Макроэкономика  ғаламдық мәселелердi де зерттейдi белгiлi бiр уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өстi ме, әлде кемiдi ме? Қарастырып отырған мемлекеттегi халықтың қор жинағының мөлшерi қандай? Неге кейбiр мемлекеттерде инфляция бар, ал тағы бiреулерiнде ол жоқ? Мiне, осындай және тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап бередi.

Экономикалық  өсу халық санының артуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерiнiң нәтижесi болып табылады. Осы факторлардың ұзақ мерзiмдегi динамикасы әлуеттi өндiрiс  көлемiнiң динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзiмде экономика осы  негiзгi траекториядан ауытқып отырады. Сол себептi тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн осы  циклдiк толқуларды басқарып отыру  қажет.

Ресурстардың  толық пайдаланылуы және экономиканың инфляциясыз өсуi мақсатында экономикалық циклдердi басқару макроэкономикалық  саясат арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық  саясат бюджет-салық немесе қазыналық  және ашқа-несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет-салық саясаты  сыртқы саудада, тек қана үкiмет арқылы, ал ақша-несие саясаты Орталық  банк арқылы жүзеге асырылады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың көмегiмен  мемлекет iшкi және сыртқы макроэкономикалық  тұрақтылық орнатуға және оны ұстап  тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшiн макроэкономикалық  саясатын қатесiз анықтау, оны таңдалған  бағытта дұрыс жүргiзу ең өзектi де басты мәселе болып табылады.

Макротеорияны зерттеушi ұлы макроэкономистер Джон Мейнард Кейнс, Нобель сыйлығының иегерi Милтон Фридмен, Массачусетс технологиялық  институтынан Франко Модильяни және Роберт Солаз, Иель университетiнен  Джеймс Тобин, одан кейiнгi жас буындар  Харвард университетiнен Роберт Барро, Мартин Фелдстейн, Чикаго университетiнен  Томас Сарджент, Джон Тейлор бiрлесе  отырып мемлекеттiң баға жөнiндегi саясатына  талдау жасайды.

Макроэкономикалық теорияның дамуы бүгiнгi таңдағы  экономикалық проблемаларға тiкелей  қатысты. Кейнс экономикасы 1930 жылдарғы тоқырау тұсында дамып, сол тоқыраудан қалай шығу жолдарын көрсеттi. Ал монетаризм теориясы инфляция проблемасын шешу мақсатында 1960 жылдары кеңiнен өрiс  алды, кейiн, 1980 жылдары пайда болған ұсынымды жақтайтын экономика бұл  саладағы ретсiздiктi салықтарды қысқарту жолымен шешуге тырысты, бiрақ бұдан  ешқандай нәтиже шыға қоймады. Роберт Лукас жетекшiлiк ететiн ойлау  мектебi өте ықпалды.

Макроэкономикада  күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш мәселе бар. Бiрiншiсi –  тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн  қалай түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары  жұмыссыздық бiрнеше  жылға созылып, 20 проценттен астам  болды, ал соғыс жылдарынан кейiн  әр түрлi жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде  болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн  төмендедi. Кейбiр Еуропа елдерiнiң, дәлiрек  айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.

Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады.

Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу  барысында қандай шараларды қолдану  тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң  пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн  мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға  компенсация жүйесiн дұрыс жолға  қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы  пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн  Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден  өзгеше болып көрiндi.

Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық  өскен кезде мемлекет өз тарапынан  қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты  төмендету немесе мемлекет шығынын  өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге  саяды.

Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның  себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен  асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты  көтермей оны қалайда қысқарту.

Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу  мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл  әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда  соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония  экономикасы, егер табыс мөлшерi жан  басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе  де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық  мәселесi зерттелуде деген сұрақ  макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ  төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын  өткен жағдайларды, әсiресе 1930 жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы  тиiс. Расында инфляция туралы экономистердiң  ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн ақшаның өсуiн тежеу  қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң  себебiн анықтау мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.

Тағы  бiр маңызды мәселе – халықаралық  макроэкономиканың аумағына, әлемдiк  экономиканың тұтастануына, Нью-Йорктегi қор биржасының сәтсіздiкке душар  болуы себептi оның шұғыл түрде  Лондонға, Токиоға, Франкфуртқа, Сиднейге, Гонгконгқа, Мехико қаласына, басқа  қор биржасына таралуына қатысты  болып отыр. Сол секiлдi өмiрлiк  маңызы бар сұрақтың бiрi – еңбекақы не себептi тек бiр орынға “жапсырылып” қалған. Неге өзгеруi баяу, осы сұрақтардың  жауабын iздеу – жұмыссыздықтың шығу төркiнiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.

Макроэкономикада  екi негiзгi бағыт бар. Ойлау мектебiнiң  пайымдауынша, мұның бiрiншiсi – нарықты  өз еркiне жiберу, екiншi бағыт – бұл  салаға мемлекет араласқан жағдайда экономика жақсарады-мыс дегенге  сүйенедi. Сөйтiп 1970 жылға дейiн созылған осынау пiкiр таластар жаңа бiр топтың, яғни жаңа классикалық макроэкономистердiң пайда болуына жол ашты.

1970 жылдары  дамыған жаңа классикалық макроэкономика 1980 жылдары да ықпалды болды.  Бұл бағыттың жетекшiлерi Роберт  Лукас, Томас Сарджзент, Роберт  Барро, Едвард Прескот және  Миннесота университетiнен Нейл  Уолис өз ойларын Фридменмен  бөлiседi. Егер жеке адам өзiн  қамтамасыз ететiндей қызмет жасаса, жағдай өзгередi. Ал мемлекеттiң  араласуынан өзгеретiн мәселе  шамалы.

Жаңа  классикалық мектептiң негiзгi үш болжамы бар:

- Экономикалық  агенттiктiң өрiсi кеңейе түседi. Ауыл шаруашылықтары және фирмалар  оптимальды (оңтайлы) шешiмдер қабылдайды. Бұны былай түсiнуге болады: белгiлi  бiр шешiмге келу үшiн олар  қолда бар ақпараттарды пайдаланады,  ал осы шешiмдер өздерi тап  болған әр түрлi жағдайларда өте  қажет.

- Шешiмдер  ұтымды ақпараттарды пайдалана  отырып, болашақта жақсы болжаулар  жасау көзделедi. Шындығында, жаңа  классикалық мектептi кейбiр жағдайларда  “ұтымды” күтулер мектебi деп  суреттейдi. Бұл жерде халық мемлекет  қолданып отырған саясатты түсiнетiнi, оларды ұзақ уақыт бойы ешкiм  алдай алмағаны сөзсiз.

- Нарық  тазалығы. Фермерлер мен жұмысшылар  үшiн өздерiн байыта түсетiн  еңбекақыларын реттеудiң негiзi  жоқ. Өйткенi баға мен жалақы  сұраным мен ұсынымды теңестiру  үшiн реттеледi, яғни нарық тазаланады.

Қазiргi кезде оның маңызы зор. Жұмыссыз қалған әрбiр адам, егер ол шындығында жұмыс iстегiсi келсе, басқа жалдаушының  назарын өзiне аудару үшiн аз жалақымен  де жұмыс iстеуге келiсiм бередi. Осылайша артық тауары бар адам, тауарын  тез өткiзу үшiн бағасын төмендетедi. Икемдi реттелген баға мен жалақы үшiн жұмыскер тиiстi жұмыс атқарады, фирмалар өзiне қажеттi керек тауарларын шығарады.

Ұтымды  күтудiң мәнi – нарық әрдайым  тепе-теңдiкте деген болжамға саяды. Iс жүзiнде жаңа классикалық макроэкономистердiң  ұмтылыстары әлi де жеткiлiктi дәрежеде емес, немесе олар жеке адамдар сауда жасау арқылы тұрмысын жақсарта алады дегеннiң шешiмiн таба алмайды. Мұны Лукас былай баяндайды: тротуарда 50 доллар жатпайды, яғни жеке адам өзiнiң материалдық жағдайын жақсартатын кез келген мүмкiндiктi қалт жiбермеуi тиiс.

Бүгiнгi таңдағы макроэкономикада аталмыш  топтың ықпалы жоғары. Кейнс мектебiнде  тәрбиеленген жаңа Кейнсшiлдер 1980 жылдары  пайда болды. Бұл топтың өкiлдерi: Джордж Акерлоф, Жаннет, Иеллен – Калифорния университетiнен, Оливер Бланчард –  Массачусетс технологиялық институтынан, Грег Манкив, Ларри Саммерс –  Гарвард университетiнен, Бен Бернанк  – Принсетон университетiнен. Олар нарық мазмұнына онша сене қоймағанымен, нарықтың не себептi сәтсiздiкке ұшырауын түсiндiруге тырысады.

Кейнсшiлдердiң  пiкiрiнше, кейде жеке адамдар өз пайдасы  үшiн қаншама әрекет еткенiмен, олар нарықты тазалауға ат салыспайды, ал осыған байланысты бағаның өзгеруi әдеттегiдей жалпы бағаның тұрақсыздануына  әкелiп соғады да, ақырында өнiм өндiру мен жұмыспен қамтамасыз ету iсiнде  макроэкономикалық ауытқулар туындауы мүмкiн. Мысалы, еңбек нарығында фирмалар еңбек бағасын азайту үшiн жалақыны қысқартпайды, Өйткенi олар сол арқылы жұмысшы күшiнiң сапасыздығын жоюға  күш салады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2.Әр  түрлі экономикалық  мектептердегі инфляция 

Қазіргі кезде экономика тарихы көптеген экономикалық мектептер мен ағымдар  мен оқытуларды анықтаған:мерканталистер,физократтар,классиктер мен неоклассиктер,марксистік экономия,институтционалды экономика,либералділік,ʺұсыныс экономикасыʺтеориясын жақтаушылар және де көптеген тағы басқалары.Осы аталған бағыттардың өкілдері өздерінің көзқарастарын қалыптастыруда немесе қалыптастырып қойған.Көбінесе бұлар адамзаттың глобалды экономикалық мәселелеріне қарама-қарсы.Әрине,олардың инфляция теориясын экономиканың толыққанд дамуындағы өзекті проблема деп қарастыған теориялары бар. 

                                     Марксистік теория

Дәстүрлі  марксистік экономикада инфляция(лат.inflatio-көтерілу)деп  капиталистік формация кезеңіне дейінгі  және капитализм жағдайында қоғамдық өндіріс процессінің бұзылуын айтамыз.Бұл  шаруашылықтың нақты қажеттіліктерінен  ақша белгілерінің айналымы сферасының артуы мен олардың құнсыздануыңда көрініс табады.Марксистік мектеп бойынша,инфляция қайта қалпына келтіру циклімен,шаруашылық процесстерді мемлекеттік-монополиялық реттеумен, экономиканы милитиризациялаумен,жұмыссыздықпен және тағы басқаларымен тығыз байланысты.Капиталистік өндірістің әлеуметтік-экономикалық қайшылықтары мен,қоғамдық өнімнің нақты көлемі мен оның бағалық көрінісі арасындағы диспропорционалдығынын көрініс табады.Сонымен қатар үстем етуші езуші класстардың арасында ұлттық табыс пен ұлттық байлықты  қайта бөлуде өз пайдасына шешу үшін жұмысшылардың шынайы табысын төмендету арқылы жүзеге асырады.Оның себебі ретінде  марксистік мектеп тікелей қоғамдық өндіріс көлемі мен құрылымында объективті түрде болатын өзгерістері мен ең бастысы  бюджет тапшылығы деген монополиялық саясат пен импералистік мемлекеттерді жатқызған. 

                            Инфляцияның монетаристік  теориясы 

Инфляция  мәселесі монетаристік әдебиетте де басты проблемалардың бірі болып  табылады.Мұнда ақшаның көлемі мен  баға деңгейінің мағыналық байланыстылығы ең басты экономикалық заңдылық ретінде  қарастырылады.Монетаристер инфляциялық  процесстердің ең басты және іс жүзіндегі  бірден бір себебі - ұлттық ақша массасының тауарға қарағанда тез өсуінде  деп есептейді.Олардың қағидасына орай,ұзақ уақыттылы келешекте ақшалар  нейтралды және ақша импульстерінің эффектісі- өндіріс көлеміне,инвестиция мен жұмысбастылыққа айтарлықтай  әсер етпей,тек бағаның ортақ  деңгейінде ғана көрінеді.Алайда қысқа  периодтар кезіңде ақша массасының өзгерісі өнімділік пен жұмысбастылыққа  ықпал етеді,бірақ эффектісі ұзақ болмайды:белгілі бір уақыт өткеннен кейін өнімділіктің нақты өсу қарқыны бастапқы деңгейіне оралады.Осымен кейнсшілердің экономикалық өсу қарқының инфляцияның белгілі бір  өсу қарқының құрбан ету арқылы ұстап тұруға болады деген идеясын жоққа шығарды.Монетаристік модельде басты рөлді бұрында бағалар болжамының қателігін ескере айтылған инфляциялық күтулерге де жатады. 

                                      Инфляцияның кейнстік  теориясы 

Информация о работе Инфляция теориясы