Инфляция теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 18:49, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция әлемдік экономиканың,сонымен қоса Қазақстан Республикасының да ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Инфляцияның теориялық негіздері...............................................................4
1.1.Инфляция ұғымы,инфляциялық процесстердің тарихы...............................4
1.2.Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері........................................7
1.3. Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдер экономикасына
әсер етуші факторлары..........................................................................................11

2.Инфляция теориясы........................................................................................13
2.1.Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы.......................................13
2.2.Әр түрлі экономикалық мектептердегі инфляция........................................18
3.Инфляциямен күресу шаралары...................................................................22
3.1.Инфляцияға қарсы саясат,әлемдік экономикада реттелуі...........................22

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

курстық.docx

— 69.23 Кб (Скачать)
ign="justify">                                                  Филипс қисығы

Ұлыбританияның 1861-1956жж.статистикалық мәліметтерін пайдалана отырап,ағылшындық экономсит  А.Филипс  1958жылы қызметақы ставкасы мен жұмыссыздың деңгейі арасындағы кері байланысты көрсететін өзінің қисығын ұсынды.Бұл ретте  Англиядағы жұмыссыздық 2,5-3 пайызда арта өссе,онда бұнын еңбекақы мен бағының  өсуінің кенеттен тез баяулауы  анықталды.Осыдан төмендету баға мен еңбекақының өсуімен қатар жүреді деген байламға келеміз.Ақырында жұмыссыздық деңгейі инфляция қарқының жеделдету арқылы төмендетуге болады. 
 

 

Филипстің есептеулерінің теоретикалық базасын экономист Р.Липси еңгізді.Ары қарай американдық экономистер П.Самуельсон мен Р.Солоу Филипс қисығын еңбекақы қарқыны мен тауарлы бағаның өсу қарқындылығымен алмастырып,модифицирлады.Осындай күйінде қисықты экономикалық саясатта,ең алдымен жұмысбастылық пен өнімділік деңгейін және  бағалардың тұрақтылығын анықтау үшін қолданды.

Абцисса осінде жұмыссыздық деңгейі,ал оордината осінде-тауарлы бағалардың өсу қарқыны көрсетілген.

Егер  мемлекет жұмыссыздық деңгейін U1  өте үлкен деп санаса,онда оны төмендету үшін сұранысты ынталандыратын бюджеттік және ақша-несие шараларын қолданады.Өз кезегінде бұл өндірісті кеңейту мен жаңа жұмыс орындарын құрады.Жұмыссыздық деңгейі U2 дейін төмендеп,бір уақытта инфляция қарқыны P2 дейін қатар өсіп отырады.Пайда болған жағдай мемлектетті шаралар қолдануға мәжбүрлейді.Бұдан бағаның өсу қарқының P3   төмендейтін,ал жұмыссыздық деңгейі U3   өсетін кризистік жағдай туындайды .

     Практика  көрсетіп отырғандай Филипс қисығы тек  қана қысқа экономикалық периодта ғана қолданылады.Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда жұмыссыздықтың үлкен деңгейіне қарамастан,бірқатар коплексті жағдайлармен түсіндірілетін инфляция  өсе береді.

Осы жағдайлардың ішіне сұранысты ынталандыру  саясатын ерекше атап өту керек.Мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін инфляцияны жоғарлату арқылы төмендету,жұрттың ʺжалған күтулерʺжағдайын орнату кезінде ғана сәтті болады.Мысалы,жалдамалы жұмысшы еңбекақы ставкасының жоғарлауын байқап,өзінің еңбек ұсынысының арттырады.Сонда Филипс қисығының концепциясының тұжырымдауы бойынша инфляцияның өсуімен байланысты номиналды еңбекақы да өседі. Алайда,адамдар реалды еңбекақы кеми бергендігін байқайтын болса,онда ешкім еңбек ұсынысын арттырмайтын болады.

Осындай байланыстарға 60-шы жылдары америкалық экономист М.Фридман назар аударған болатын.Ол жұмыссыздықты инфляциялылық  шараларды ʺүйіп тастауʺ әдісі  арқылы шешу тиімсіздеп атап кеткен.Бұдан  жұртшылық өздерінің жалған күтулерін  айрылғанда, инфляция еңбек ұсынысының азаюымен,яғни жоғарлай беретін жұмыссыздықпен жалғаса береді.Филипс қисығы тек  біркелкі инфляция мен тұрақты темп жағдайында талдау жасау үшін іске асатын қисық.Күтпеген экономикалық күйзеліс кезінде инфляция шапшаңдылығы кенеттен өседі және жұмыссыздықтың күрт өсуімен  қоса жүреді.

Бұл үлгі жоғарыда атап кеткендей экономикада  не инфляция,не жұмыссыздық пайда  болады деп көрсетеді.Бірақ екеуі  де бір уақытта пайда болмайды.Алайда,70-80жылдары  АҚШ-та болған жағдайға(баға мен жұмыссыздық  деігейінің қатар өсуі)қарап,біз  кейнстік теорияның дұрыстығына  күмән келтіреміз.Теорияны қайта  қарауға  мүмкіндік беретін объективті себеп пайда болды.Кейнсшілдер бұл жағдайды ұсынып толықсытпасының топтамаларымен,филипс қисығын жоғары оңға жылжытқан бағалық талықсумен түсіндірді.

Мұндай  толықтыруларға қарамастан,1983-1988 жылдары  экономикалық көтерілу кезінде болған инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің қатар өсуін  көбі инфляция мен жұмыссыздық арасында қайтарымды байланыс бар деп ойландырды. 
 

                     Бейімделген күтулер  теориясы

Монетаристермен ұсынылған бейімделген күтулер  теориясын қарастырайық.Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі жағдайында,яғни еңбек  нарығында жұмыс күшінің не артықшылығы,не кемшілігі байқалмайтындығанда құрылған.Берілген теория Филипс қисығын қысқа және ұзақ мерзімді деп бөліп қарастырады.Біріншісі кейнсиандықпен сәйкес келеді дерлік және онымен жылжып отыру келесі принциппен түсіндіріледі:Инфляцияның нақты деңгейі күтілетін деңгейден артық болса,онда жұмыссыздық деңгейі түседі және керісінше.Ұзақ мерзімді Филипс қисығы табиғи жұмыссыздық деңгейі  ординатасы нүктесімен тік түрге ие.Ол  бейімделген күтулер теориясымен түсіндіріледі.Нәтижесінде монетаристер мынадай байламға келеді:кез-келген берілген инфляция деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгеймен үйлеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.1.Инфляцияға  қарсы саясат,әлемдік  экономикада реттелуі

      Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық саясаттың  мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың  әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.

1)жанама  әдістер: а) оларды Орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу; ә) оларды Орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу; б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.

2)Тура  әдістер: а) мемлекеттің несиелерді  және сонымен  бірге ақшалай  салмақты тура және тікелей  реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік  реттеу; б) жалақыны мемлекеттік  (кәсіподақтармен келісу бойынша)  реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды  әкелу мен әкету және валюта  бағамын мемлекеттік реттеу.

Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы, ортодоксальды және гетеродоксольды.

          1) Ортодоксальды нұсқасы экономикаға  мемлекет жағынан аз араласудың  классикалық емес тұжырымдамасына  негізделген. Бюджеттің теңгерілу  және айналымда ақшалай салмақтың  өсу темпін ұстап тұру проблемаларын  шешуде оның қызмет саласын  шектеуді ұсынады.

          2)Гетеродоксальды нұсқа экономикалық  үрдістердің барысына аса белсенді  мемлекеттік араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының  өсімін уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың  жинақтарын ынталандыру жөніндегі  шаралар, ең алдымен салықтық  ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту  және өмірге маңызды салалар  мен өндірістерді қолдау; сыртқы  сауда мен валюталық операцияларды  реттеу.

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер  үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл  жерде экономистер ең алдымен  мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар  арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

Бұл екі ұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .

Инфляцияға  карсы саясатты сипаттағанда, екі  әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші  әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі  Кейнс теориясының өкілдері зертейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің  мүмкіншілігі қысқарады.

     Екінші  әдістемені жана классикалық бағыттағы  экономистер ұсынады. Олар бірінші  орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына  жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын  Орталық банк жүргізеді. Орталық  банк айналымдағы ақша  көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

     Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар  жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру  және жұмыссыздықты қысқарту саясаты  инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі  нарықтық экономиканың табиғатына сай  келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

     Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар  саясатын қолдану кажет. Бұл шаралар  жиынтығын келесі схема түрінде  сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

     Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

     Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

     Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі  меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша  өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі  жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның  өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Күнделікті  сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары  қысқарады.

     Инфляцияға  қарсы саясаттық байланысты инфляциямен  күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты  арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы  мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты  оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру  қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.

     Инфляцияны  ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтері 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе  бермеген.   АҚШ  тәжірибесі   көрсеткендей,  табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың  соңында  табыс  пен  бағаны  тікелей  реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің  ұсынысы   ретінде   сақталған   болатын.   Ал   80-жылдардың басында президент  Р. Рейганның әкімшілігі  бұл мәселемен     айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.

Информация о работе Инфляция теориясы