Инфляция теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 18:49, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция әлемдік экономиканың,сонымен қоса Қазақстан Республикасының да ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Инфляцияның теориялық негіздері...............................................................4
1.1.Инфляция ұғымы,инфляциялық процесстердің тарихы...............................4
1.2.Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері........................................7
1.3. Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдер экономикасына
әсер етуші факторлары..........................................................................................11

2.Инфляция теориясы........................................................................................13
2.1.Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы.......................................13
2.2.Әр түрлі экономикалық мектептердегі инфляция........................................18
3.Инфляциямен күресу шаралары...................................................................22
3.1.Инфляцияға қарсы саясат,әлемдік экономикада реттелуі...........................22

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

курстық.docx

— 69.23 Кб (Скачать)

        Инфляцияның әлеуметтік және  экономикалық зардаптары оған  шалдыққан елдердің үкіметін  белгілі экономикалық саясат  жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен  экономистер ең басты сұраққа  жауап іздейді. Инфляцияны төтенше  шаралар қолдану арқылы жою  керек пе, әлде оған бейімделу  керек пе? Бұл дилемма әр елде  өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне  сәйкес шешіледі. Мысалы, АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады (жалақыны индекстеу және тағы басқа).           Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн: бірінші бағыт – белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.            Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.

      Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнйы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

      Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді. Ақша-несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің – ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. Өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп, өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша инфляцияны 1%-ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2% жоғарлатады, ал нақты Жалпы Ұлттық Өнімді 4%-ке кемітеді.

     Бақылаудан шыққан инфляцияны  ауыздықтау үшін бірақ елдердің  үкіметтері 60-жылдардан бастап, бағамен  табыс арақатынасы деген саясаты  жүргізуде. Оның басты мақсаты  жалақының өсуін тежеу.

     Бұл саясат инфляциямен күресте  рыноктық стратегиядан гөрі әкімшілікке  көбірек бағыт ұстағандықтан  туындайды және оларға қойған  мақсатқа әрдайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде  түрлі экономикалық шараларды  қатар қолдану жалпы экономикалық  реттеуді тиімсіз етеді.

     АҚШ-тың тәжірибесі табыс саясатын  жоққа шығарады. Мұнда 1971-1974 жылдарда  үкімет жалақы мен баға деңгейіне  тікелей бақылау жүргізді. Одан  кейінгі жылдарда бұл мәселеде  тек кеңес берумен ғана шектелуде.  Ал үкімет басына Р.Рейганның  рспубликалық әкімшілігі келісімен  аталған мәселелермен шұғылданатын  үкімет мекемесі жойылды.

     Инфляцияның зардаптарын жойып,  ақша айналысын тұрақтандырудың  негізгі әдістері – ақша реформасын  жүргізу. Тарихта ақша реформасын  жүргізудің екі формасы бар:

- бірінші,  жаңа жүйесін құру – ол алғашқыда  металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым  өзгергенде, яғни отаршылық жүйе  құлап, оның орнына отаршылықтан  арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер  пайда болғанда және 90-жылдардың  басында КСРО-ның орнына Тәуелсәз  Мемлекеттер Достығы елдері құрылғанда, бұл елдердің даму ерекшеліктеріне  байланысты өзіне тән жаңа  ақша пайда болды.

- екіншісі, ақша жүйесінің кейбір элементтерін  өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін  енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін  және тағы сол сияқтыларды  өзгерту.

     Ақша айналысын тұрақтандыру  мен экономиканы қалпына келтірудің  ең бір қажетті жолы ретінде  мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация (ревальвация), девальвация  және деноминация.

     Нуллификация – ол құнсызданған  ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны  енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары  Германияда соғыстан кейінгі  ұшқыр инфляцияның нәтижесінде  рейхсмарка құнсызданып, 1924 жылы  енгізген жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен  айырбасталды. Сөйтіп құнсызданған  ескі марка жойылды.

     Реставрация – бұл ақша өлшемінің  бұрынғы алтын құрамын қалпына  келтіру әдісі. Мысалы, Англияда  Бірінші дүниежүзілік соғыстан  кейінгі 1925-1928 жылдарда ақша реформасы  кезінде фунт стерлингтің алтын  құрамы соғысқа дейінгі қалпына  келтірілді. Ал Екінші дүниежүзілік  соғыстан кейінгі реставрация  – ревальвация ретінде доллармен  салыстырғанда ұлттық валютаның  ресми курсын көтеру арқылы  жүргізіледі. Содан кейін халықаралық  валюта қоры ақша өлшемінің  алтын құрамын тіркеуден өткізді.

     Девальвация – ақша өлшемінің  алтын құрамын төмендету. Ол  Екінші дүниежүзілік соғыстан  кейінгі АҚШ долларына шаққанда  ұлттық валютаның ресми курсын  да, оның алтын құрамын да төмендету.  Долларды екі рет девальвациялау  нәтижесінде оның алтын құрамы 1971 жылы желтоқсанда 7,89%-ке, ал 1973 жылы ақпанда 10%-ке төмендетілді.

     Деноминация – ол «нольдерді  сызу» әдісі, яғни баға масштабын  ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы 10 есе ірілендірілді. 1961 жылы шыққан  жаңа 1 рубль – ескі 10 рубльге  тең алмастырылды. 
 
 

Қорытынды 

Зерттеу жұмысының 1 – бөлімі «Инфляцияның теориялық негіздері »  деп  аталады, онда мынадай мәселелер  қарастырылды:

- Инфляция  ұғымы және мәні;

- Инфляцияның  пайда болу себептері және  түрлері;

             - Инфляцияның   дамыған  мемлекеттер  мен   дамушы  елдердер экономикасына   әсер етуші факторлары;

Инфляция  қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл  процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде  жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі  жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі  бұзылады, тауарды тауарға тікелей  айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция  жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың  нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат  өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан  жоқ,  керісінше  экспорт көлемін  айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар  қысқарғанның  орнына арта түсті.

Курстық жұмыстың 2 – бөлімі «Инфляция теориялары» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

- Макроэкономикалық  теориялардың пайда болуы

- Әр  түрлі экономикалық мектептердегі  инфляция

Макроэкономика  экономиканың бiр үлкен бүтiн құбылыс  ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай қарастырады.

. Макроэкономика  – макроэкономикалық теория мен  агрегатталған ақпараттардың ортасындағы  байланысты нысандық тәсiлмен  зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей  мәселелер келтірілді:

      - Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның  алдын алудың басты амалы

        Инфляцияға қарсы саясатты  талдауда оның екі бағыты бар: белсенді бюджеттік саясат, екіншісі, ақша-несие саясаты.

     Ақша-несие саясаты экономикаға  қысқа мерзімдік ықпал жасау  құралы ретінде қолданылады. Ал  белсенді бюджеттік саясат мемлекеттік  шығыстар мен салықтарды икемді  пайдаланып, төлеу қабілеті бар  сұранысқа ықпал жасайды.

     Инфляциямен күресудің тағы бір  негізгі нысан ақша реформасын  жүргізу болып табылады.

     Сонымен, инфляция - өндіріс процесінің  бұзылуы, шаруашылық салаларының  бір-бірімен үйлесімсіз дамуы  және мемлекеттің эмиссиялық  саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі, әрі көп факторлы құбылыс болып табылады. 
 

                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

\ 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1.   Абрамова М.А.  Финансы, денежное  обращение  и кредит: Москва. Инст. межд. права и экономики, 1996 г.

2.   Антонов  А.Г.  Денежное  обращение,  кредиты,  банки. Москва: Финстат.  информ, 1996 г. 

3.   Әубәкіров. Экономикалық теория  негіздері. Алматы: Санат, 1998 ж.

4.   Әкімбеков С. Экономикалық теория. Астана, 2002 ж.

5.   Балабанов  И.Т.  Финансовый   менеджмент.  Москва:  Финансы   и 

      статистика, 1996 г.

6.   Бужкина М.К. Деньги. Банки. Валюта. Москва: ДИС, 1994 г.

7.   Деньги,  кредит, банки:  под. ред.  О.И.Лаврушина.  Москва:  Финансы  и  статистика

8. Дорнбуш  Р. Макроэкономика. Алматы. 1997ж.

9. Мамыров  Н. Макроэкономика. Алматы. 2003ж.

10.Экономикалық саясат. Алматы. 2002ж.

11. Жалпы экономикалық теория. Жауапты ред. Шеденов І. Алматы,2002.

12..Галерея экономистов(www.economica.ru)

13.www.enews.kz

14.  «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.

15. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОСЫМША А 
 

 
 
 
 

 
 

 
 
 

                  Cурет 1 - Инфляцияның  түрлері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОСЫМША B

 

 
 

 

 

 
 

 

 
 

Информация о работе Инфляция теориясы