Инфляция теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 18:49, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция әлемдік экономиканың,сонымен қоса Қазақстан Республикасының да ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Инфляцияның теориялық негіздері...............................................................4
1.1.Инфляция ұғымы,инфляциялық процесстердің тарихы...............................4
1.2.Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері........................................7
1.3. Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдер экономикасына
әсер етуші факторлары..........................................................................................11

2.Инфляция теориясы........................................................................................13
2.1.Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы.......................................13
2.2.Әр түрлі экономикалық мектептердегі инфляция........................................18
3.Инфляциямен күресу шаралары...................................................................22
3.1.Инфляцияға қарсы саясат,әлемдік экономикада реттелуі...........................22

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

курстық.docx

— 69.23 Кб (Скачать)

                                             
 
 
 

Экономика факультеті

УиА-21

Құдайбергенова  А.

Курстық жұмыс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          Мазмұны 

Кіріспе.......................................................................................................................3 

1.Инфляцияның  теориялық негіздері...............................................................4 

1.1.Инфляция  ұғымы,инфляциялық процесстердің  тарихы...............................4 

1.2.Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері........................................7 

1.3. Инфляцияның  дамыған мемлекеттер мен дамушы  елдер экономикасына 

әсер  етуші факторлары..........................................................................................11 
 

2.Инфляция  теориясы........................................................................................13 

2.1.Макроэкономикалық  теориялардың пайда болуы.......................................13 

2.2.Әр түрлі экономикалық мектептердегі инфляция........................................18 

3.Инфляциямен  күресу шаралары...................................................................22 

3.1.Инфляцияға  қарсы саясат,әлемдік экономикада  реттелуі...........................22 
 

Қорытынды 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

Қосымшалар 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе 

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Инфляция  теориясы,оның әлемдік экономикадағы  реттелу мәселелері». Біздің және де өзге елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,нарықтық қатынастарға көшу-бағалардың тез өсуімен,инфляциялық факторлардың әсерінің күшеюімен қатар жүреді екен.

“Мықты  стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен  еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасының  президенті Н.Ә.Назарбаев.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда  инфляция әлемдік экономиканың,сонымен қоса Қазақстан Республикасының да ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

Курстық жұмыстың мақсаты – макроэкономиканың  теориясын,инфляция теорияларын оқып түсіну және инфляцияға қарсы саясатпен танысу болып табылады.

Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде  қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн  және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен  жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем  балансының жағдайын зерттейдi.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан  Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық  ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар  шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.1.Инфляция  ұғымы,инфляциялық  процесстердің тарихы.

Инфляция  мәселесі ең алғаш адамзаттың алдына қашан келгенің анықтау айтарлықтай  қиын.Дегенмен,инфляция ақша және ақша айналымен тікелей байланысты.Сондықтан  инфляцияның пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты деп айта аламыз.

Ерте  замандардағы билеушілері бюджеттегі кірістер мен үнемі артушы шығындар арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысқан.Бұл мәселені шешудің біраз жолдары бар:мемлекет шығындарын азайту,салықтар мен тарифтерді өсіру,ел ішінде және сырт елдердең қарызға ақша алу.

Бірақ өзін-өзі шектеу адами табиғатқа  қарсы.Салықтарды көбейтудің қысымының  объективті шегі бар.Ал қарыздарды болса  қайтару керек.Сонда ертедегі елдердің экономикалық ойлары мемлекеттік бюджетті баланстаудың төртінші жолын ашты:қосымша  ақшаны шығарып,оны айналымға еңгізу.Ертеде ақшаның рөлін бағалы металлдардың құймалары орындаған.Олардың салмағы  мен сынамасын көпестердің одағы  немесе қала басшылары анықтаған.Мұндай ақшалар Ежелгі мысыр елі мен  Вавилонда б.д.д IV-VI мыңжылдар бұрын  пайда бола бастаған,бірақ ең алғаш  Лидияда VII-VI ғ.жасалына бастаған.Бағалы металлдардан,кейіннен мыс пен темірден жасалынған тиындар мемлекеттік  монополияның ең бастысы болды.

Алайда  бұл мемлекетке ешқандай пайда алып келмейтін болды.Өйткені монетаның  мазмұны номиналга сәйкес.Бірақ  бағалы металлдардың құрамын оның алғашқы номиналын сақтап өзгертсе,онда мемлекет бюджетті толықтырудың жаңа бастамасын алады.Бұл процесс ʺмонетаны бұзуʺдеген ат алды.Бұны ең алғаш Афинада Гиппий еңгізген болатын.Ол монетадағы күмістің мөлшерін екі есе азайтқан болатын.Ақшаны бүлдіруді римдік императорлардың жүзеге асырып отырғандығы анық ақпарат.Нерон билік жүргізген кезде(54-68жж.)алтын монета мөлшері 10пайызға,ал күміс денаридікі 12 пайызға азайған.Сонымен қоса оның бағамы 10 пайыз мыстың қосылуымен азайған.Троян императордың билік етуі кезінде(98-110жж.)денаридегі күміс сынамасының азайтылуы жалғаса берді,ал мыстық лигатура 15 пайызға өсті.Император Каракалла(211-217жж.) денаридегі мыстың көлемін 50 пайызға дейін көбейтуді санкциялады.Бұдан монетадағы күміс мөлшері 5 пайызға дейін түсті.Ал Аврелиан император болса монетаны таза мыстаң жасауға үкім шығарды.Біздің күндерімізге дейін жеткен тарихи хроникалар.Тіпті Ежелгі Римде де инфляциялық процесстердің болғандығын дәлелдейді.Әсіресе Киракалле императорның билеуі кезінде бағалардың күрт көтерілуі көрінеді.

Гиперинфляцияның  алғашқы мысалы ретінде Қытайдың ерте ортағасырларын келтірсек болады.Бұл кезде қола ақшаларының өндірісте аз шығынды қажет ететін темір ақшаларымен итерілуін айтсақ болады.Алайда номиналы бастапқыдай сақталған болатын.Тарихи хроникалардың көрсетуі бойынша Путунның билігі кезінде(520-527жж.)мыс монеталарының жүруін тоқтатып,тек қана темір ақшаны құюға деген шешім шығарылған екен.Датунның билігі кезінде(535-545жж.) және кейінірек барлық жерлерде темір ақшалар жүріп,ал тауарларға деген баға күрт өсіп кеткен.Барлық жерлерде тау болып темір ақшалар жүріп,ал тауарларға деген баға күрт өсіп кеткен.Көпестер монеталарын арбамен тасып,тіпті оларды санауға да шамалары жетпеген,олар бір бау монеталарды ғана санаған екен.(Ақпарат дерекнамасы «Қытайдың ортағасырлардағы экономикалық тарихы»)

            Инфляция экономикалық құбылыс ретінде ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның  шығуымен, қызметімен байланыстырады.

     Инфляцияның мәні – ол тауарлар  мен көрсетілген қызметтердің  бағасының өсуі және тауар  тапшылығымен қызмет сапасының  төмендеуі салдарынан ақшаның  құнсыздануы, оның сатып алу  мүмкіндігінің құлдырауы.

     Инфляция – қоғамдық ұдайы  өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен  шығынының үйлеспеуі салдарынан  кездесетін кез келген экономикалық  формацияға тән құбылыс.

     Инфляция ұлттық табысты экономикалық  салалары арасында, коммерциялық  құрылымдар, халықтың топтары мен  мемлекеттің және шаруашылық  субъектілері арасында қайта  бөлуге тірейді.

     «Инфляция» - қабару, көтерілу, ісу деген  мағынаны білдіретін – латын  сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда  (мысалы, соғыс, революция және  сол сияқты кездейсоқ жағдайларда  экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік  шығындарды қағаз ақша шығарумен  қаржыландыру ақша айналымының  күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның  құнсыздануына әкеп соқтырады.  Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы  ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 ж.ж. соғыс және 1861-1865 ж.ж. Азамат  соғысы (оның соңғы екі жылында  доллардың сатып алу мүмкіндігі 60% дейін төмендеген); ХІХ ғасырдың  бас кезіндегі Англияның Наполеонға  қарсы соғысы; 1789-1791 ж.ж. Француз  революциясы. Әсіресе, Бірінші  дүниежүзілік соғыстан кейін  Германияда инфляция жоғары қарқынға  жетті, 1923 жылдың күзінде айналымдағы  ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға  жетіп, ал ақша өлшемі триллион  есе құнсызданды. Осы келтірілген  тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан  келе жатқан феномен (айырықша  құбылыс) екенін дәлелдейді.

     ХІХ ғасырда инфляция термині  Англия мен Францияда қолданыла  бастады. Экономикалық әдебиеттерде  инфляция түсінігі ХХ ғасырда  Бірінші дүниежүзілік соғыстан  кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің  экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың  орта кезінде көрінді.   

 Инфляцияға  тән біраз ерекшеліктер бар.  Олар:

- егер  бұрын инфляция бір жердің  шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция  елдің бүкіл жерін қамтиды;

- егер  бұрын инфляция бір мезгілде  ғана жүрсе, қазіргі инфляция  көп уақытқа созылған құбылыс;

- егер  бұрын инфляция тек ақшаның  әсерімен туындаса, қазіргі инфляция  көптеген ақшасыз және тағы  басқа фокторларға байланысты  болады.

     Инфляция айналымдағы ақша массасының  қажеттіліктен тыс артып кетуі.  Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына  және тауар бағаларының соғұрлым  өсуіне әкеледі. Алайда, инфляцияны  айналым процесін құнсызданған  қағаз ақшамен толтыра беру  деп, түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция  тауар бағаларының өсуімен көрінгенімен, ол топ ақшаға тән «ғажайып»  құбылыс емес. Ол – күрделі  әлеуметтік-экономикалық құбылыс,  оны тудырушы нарық шаруашылығының  түрлі саласындағы ұдайы өндіріс  сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция  дүниежүзіндегі көптеген елдердің  экономикалық өміріндегі ең өткір  проблемалардың бірі.

     Көп уақыттар бойы айналыстағы  ақша массасы мен инфляция  арасындағы тәуелділік экономисмонетаристердің  назарында болды, солардың ішінде  танымал Минтон Фридмэнде бар.  Монетаристер ақша массасындағы  өзгеріс – инфляцияның негізгі  факторы болады деп санайды.

     Экономикадағы инфляцияның деңгейін  сипаттайтын басты көрсеткішке  тұтыну бағаларының индексі жатады. Ол үй шаруашылығының «тұтыну  қаржысына» жататын жекелеген  тауарларға, қызметтерге оның үлес  салмағын ескере отырып, бағаның  өсуі индексі негізінде анықталады.

     Егер инфляция экономикадағы  құлдырауға байланысты болса,  онда бұл стагфляция деп аталады. 

     Қорыта келгенде, инфляция - өндіріс  процесінің бұзылуы, шаруашылық  салаларының бір-бірімен үйлесімсіз  дамуы және мемлекеттің эмиссиялық  саясаты мен коммерциялық банктердің  іскерлігінің икемсіздігі салдарынан  туындайтын күрделі, әрі көп  факторлы құбылыс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2.Инфляцияның  пайда болу себептері  және түрлері

Ақша  абсолютті өтімділігін мойындайтын  тауар. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғы ақша сияқты жалпылама эквивалент деп  қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның  өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болумен байланысты. Белгілі  тауар нарығында сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы  әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне  нақтылы экономикалық жағдайлар  да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық  дағдарыс тек мұнай бағасының  өсуінен емес, басқа да тауар мен  қызмет көрсету бағаларының өсуімен  байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның  деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі  еңбек өнімділігінің артуына, циклдық  және маусымдық толқуларға, ұдайы  өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы  мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің  девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок конъюктурасының өзгеруі  мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және тағы басқаларға байланысты. Өйткені бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері  болады.

Информация о работе Инфляция теориясы