Конъюктураның циклдық толқуынан
болатын бағаның өсуін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдық түрлі
фазаларынан өту барысында (әсіресе
ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіне
тән «классикалық түрі») бағалардың
динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның
бас кезінде оның өсуі дағдарыс
пен депрессия фазасында төмендеп,
жандану кезінде баға тағы
да көтеріледі. Еңбек өнімділігін
арттыру бағаның төмендеуіне
әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының
өсуі еңбек өнімділігінен артық
кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның
инфляциясы деп аталады, ол
өз кезегінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ
апаттар да бағаның инфляциялық
өсуіне көп әсер етпейді. Айталық,
су басып кеткен аймақтардағы
құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар
нарықты толықтыру барысында,
баға төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық
себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция
көп сәйкессіздіктермен байланысты
екенін еске ұстап, оның ішіндегі
ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар
мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылып, баланстың болмауы. Ол
мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан
көрінеді. Егер дефицит Орталық
эмиссия банкісінен заем арқылы
қаржыландырылса, басқаша айтқанда
«ақша станогы» белсенді пайдаланылса,
онда айналыста ақша массасы
көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін
МV=РО еске түсірсек, М мен Р
көрсеткіштері өсуінің байланысы
анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен
инвестицияны қаржыландыру жүргізілген
жағдайда да бағаның инфляциялық
өсуі болады. Әсіресе экономиканы
милитариландырумен байланысты
инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану,
өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық
байлықты текке рәсуа етеді. Әскери
ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша
төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен
қамтамасыз етілмеген ақша массасының
өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі
Мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық
жағдайына және мемлекеттік қарыздың
ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы
өсуі қазіргі нарықтық экономикалық
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең
жетілген бәсеке кезіндегі нарықта
көптеген өндірушілер болып өнімдердің
түрі аз, капитал ауысуы оңай
уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі
нарық белгілі дәрежеде олигополиялық
нарық. Ал олигополист едәуір
дәрежеде бағаны белгілейді. Олигополиялар
бағаны өндіруді бірінші болып
бастамаса да, олар оны қолдануға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның
жоғары деңгейін ұстап тұру
үшін өндіріс пен тауар ұсынуда
қысқарту арқылы дефицит жасауға
тырысады. Өздері билік жүргізетін
нарықта бағаның төмендеуін болдырмау
үшін олигополия мен монополия
икемді тауар ұсынысына қарсы
болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге
жиынтық сұраныс пен ұсыныстың
сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының
ашық болуы оның бірте-бірте
әлемдік шаруашылық байланыстарға
тартылуы барысында «импорттық»
инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда
аталған 1979 жылғы энергияға бағаның
шарықтауы (энергетикалық дағдарыс)
сырттан әкелетін мұнайға бағаны
өсіріп, технологиялық тізбек бойынша
басқа тауарлар бағасының қымбаттауына
әкелді. «Импорттық» инфляциямен
күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине
өз валютасын ревальвациялау
ұлттық валютаның құнын жоғарлату
арқылы мұнай импортын арзандатуға
болады. Бірақ ревальвация отандық
тауарлардың экспорттық бағасын
да қымбаттады, ал бұл дүниежүзілік
нарықта бәсекелестік қабілетті
төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі
дем беретін сипат алады, ол
«инфляцияны күту» нәтижесінде
орын алады. Батыс елдерінің
көптеген экономистері және біздің
елімізде де осы факторды ерекше
көрсетуде. Халық пен өндірушілердің
инфляцияны күту себептерін жою
инфляцияға қарсы саясаттың ең
басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы
экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы
өсуі жағдайында өмір сүруге
үйренген халық бағаның одан
әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда
еңбекшілер жалақыны көбейтуді
талап етеді. Халық тауарларды
көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі
мүмкін. Өндірушілер өз өнімдеріне
өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп
қысқа мерзімде, шикізат, материал,
қосалқы бөлшектер қымбаттайды.
Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар
– сәуір 1992 жыл) инфляцияның
жоғары қарқыны тұсында өндірушілер
өздерін жабдықтаушылардың бағаны
көтеру мүмкіндігінен сақталып,
алдын ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей
экономикасындағы басқа да Тәуелсіз
Мемлекеттер Достығы елдеріндегі
бағалар бұрынғы төлем қабілет
бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны
күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық
елдерінде де инфляция өршуінің
сан түрлі себептері бар. Алайда
бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген елдің
нақты экономикалық жағдайына
байланысты. Айталық Батыс Еуропада
Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен
соң инфляция көптеген тауарлардың
тапшылығынан пайда болады. Одан
кейінгі жылдарда инфляциялық
құбылыстың күшеюіне мемлекеттік
шығыстар, баға мен жалақының
арақатынасы, инфляцияның басқа
елдерден келуі және тағы басқа
факторлар себепші болды. Бұрынғы
КСРО-ны алсақ, жалпы заңдылықтармен
қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның
себептеріне экономикадағы ерекше
тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады,
ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе
салдары еді. Кеңес экономикасына
тән жағдай: Жалпы Ұлттық Өнімдегі
әскери шығындар үлесінің көптігі,
өндіру, бөлу және қаржы-несие
жүйесін монополияландырудың жоғары
деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы
үлесінің аздығы және тағы
басқа ерекшеліктер.
Дүниежүзілік
тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге
бөледі:
- экономикадағы
қамтитын аумағына байланысты
– жергілікті және әлемдік
инфляция
- жүру
қарқынына байланысты – біркелкі
(баға үнемі төмен қарқынмен
өседі), үздіксіз және сатылы (бірқалыпты
емес) инфляция
- даму
қарқынына байланысты – жылжымалы
инфляция. Онда бағаның өсу қарқыны
жылына орташа 5-10проценттен аспайды;
қарқынды инфляция – онда бағаның
өсуі жылына орташа 10 проценттен
50 процентке дейін (ал кейде
100 процентке) жетеді; ұшқыр инфляция
(гиперинфляция) – онда бағаның
өсуі жылына 100% асады. Халықаралық
валюта қоры баға айына 50% өссе,
оны ұщқыр инфляция ішіндегі
аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция)
деп атайды. Егер инфляция өндірістің
құлдырауымен ұштасса, оны стагфляция
деп атайды.
Тауар бағасының өсуі халықтың
табысын төмендетіп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттігін талап етеді.
Жалақының өсуі өз кезегінде
өнімді өндіру шығындарының өсуіне,
пайданың төмендеуіне қолданып
жүрген баға бойынша шығаратын
өнім көлемінің қысқаруына әкеп
соқтырады. Пайданы сақтап қалу
мақсатында өндірушілер тауар
бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Нәтижесінде инфляциялық серіппе
пайда болады: бағаның көтерілуі
жалақының өсуін талап етсе, жалақының
өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы
мен бағаның «инфляциялық серіппе»
теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнімнің әрбір
өлшемінің шығыны көтеріліп, соған
байланысты баға өскенде ғана
пайда болады. Алайда жалақы бағаны
құрайтын элементтерінің тек
біреуі ғана. Сонымен қатар, тауар
өндірісі шикізат, энергия көздерін
алу, транспорт қызметін төлеу
шығындары көтерілуіне байланысты
да қымбаттайды. Шикізат пен
энергия ресурстарының және оларды
тасымалдаудың қымбаттауы, яғни
материалдық шығындардың өсуі
– бүкіл әлемдік болатын заңды
процесс. Оған қарсы тұратын фактор
- өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын
төмендететін ғана технологияны пайдалану.
Өнеркәсібі
дамыған елдерге жылжымалы
инфляция тән, яғни жылдан жылға
ауысатын бірқалыпты ақшаның
құнсыздануы. Батыс экономистерінің
жобалауынша инфляцияның бұл
түрі өндіріс пен жалпы ұлттық
өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін.
Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды
және ұшқыр инфляция басымдау
болады. Инфляцияға әсер факторлар,
оның түрлері және инфляцияның
әлеуметтік-экономикалық зардаптарын
жою шаралары да әр елдің
экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне
байланысты болады.
1.3
Инфляцияның дамыған
мемлекеттер
мен дамушы
елдердер
экономикасына
әсер етуші факторлары
Ал, енді дамушы елдерді инфляцияның
даму жағдайлары мен оған әсер
ететін факторларға байланысты
төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын
Америкасының дамушы мемлекеттері
жатады, оларда 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың
бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің
жоқтығы, мемлекет бюджетінің
тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта
ақша шығару станогы мен үнемі
индекстеу механизімінің қолданылуы
байқалып, ал сыртқы экономикалық
ортада жүйелі түрде ұлттық
валютаның курсы төмендеді. Никагуада,
мысалы 1990 жылы ақшаның құнсыздануы
8500 процентке, Перуде – 8291,5 процентке
жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор,
Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия,
Чили елдері кіреді, оларда да
экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы
байқалып, ал қаржы саясатында
аз қаржыландыруға және несиелік
экспансияға (несиені ұлғайту)
ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде
қарқынды инфляция (бағаның жылдық
орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып,
бірен-саран индекстеу жүргізілуде,
жұмыссыздықтың жоғары деңгейі
сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер
– Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея,
Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд
Арабиясы, Бахрейн – жеткілікті деңгейде
экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер.
Оларда жылжымалы инфляция (1-5%) сақталуда,
бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы
дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде.
Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды
сыртқа шығару және шетел валютасының
құйылуы зор роль атқаруда, жұмыссыздық
бірқалыпты деңгейде жүреді.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер
әлеміне теңгерілген бұрынғы
социалистік мемлекеттер кіреді
(ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам
және тағы басқалар). Бұл мемлекеттердегі
инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен
нарыққа өту барысында туындайтын
объективті процестерге байланысты
болады. Себебі инфляция факторлары,
біріншіден, мемлекеттік бюджеттің
бұрыннан келе жатқан тапшылығы
негізінде қаржыландыру мәселелерінде
анықталады; екіншіден, құрылым факторлары,
мысалы, тез қайтарылымы болмайтын
ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның
қауырт өсуі; үшіншіден, «баға
қайшысы» деп аталатын ауыл
шаруашылығы өнімдерінің бағасымен
салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері
бағасының қарқынды өсуінің арасындағы
үйлесімсіздік. Құрылым факторлары
тек бағаны қауырт көтеріп,
шығын инфляциясына жағдай жасап
қана қоймай, сонымен қатар сұраныс
инфляциясының өсуіне әсерін
тигізеді.
Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі
мен ішкі нарықтың аз сұранысы
арасындағы қайшылықтарды, бір
жағынан, зиянды қаржыландыру
жолымен, яғни ақша массасын
басып шығарумен, екінші жағынан
шетел займдарын көптеген мөлшерде
тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде
бұл топтағы мемлекеттерде көп мөлшерде
ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.
2.1.Макроэкономикалық
теориялардың пайда
болуы
Кез келген
адам өз қажеттiлiктерiн әрқашанда
барынша толық қанағаттандыруға
тырысады. Бұл қажеттiлiктердiң негiзi
ақша мен байлықта емес, адамдардың
өздерiнде. Сондықтан экономика –
адамдар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру
үшiн шектеулi ресурстарды пайдаланғанда
туындайтын таңдауларды зерттейтiн
қоғамдық ғылым. Барлық ресурс бүкiл
адамзаттың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға
жете бермейдi. Бұндай жағдайда сиректiлiк
пайда болады. Сиректiлiк – кез
келген адамның қажеттiлiгiн қанағаттандыруға
ресурс көлемi жетпейтiн жағдай. Сондықтан
да экономиканы терең зерттеу
керек. Осы зерттеудегi алғашқы қадам
– қандай тауарларды, қаншалықты мөлшерде
өндiру керек деген сұрақтарға жауап
беру. Бұл сұрақтарға жауап қазiргi
экономиканың өзектi мәселелерi тиiстi
жолмен шешуге зор әсерiн тигiзедi.
Әдетте тиiмдiлiкке жету үшiн өндiрiстiк
ресурстарды үш топқа бөлiп қарастырады.
Олар: еңбек, капитал, табиғи ресурстар.
Бұл үшеуiн бiрiктiрiп өндiрiс
факторлары деп атайды. Өндiрiс факторлары
– тауарды немесе қызметтi өндiруде
пайдаланылатын еңбектiң, капиталдың және
табиғи ресурстардың негiзгi салымдары.
Өз кезегiнде еңбек – адам өндiрiс
үрдiсiнде жұмсайтын барлық дене
және ой шығындарының жиынтығы. Капитал
– өнеркәсiптiк құрал-сайман, жабдықтар
мен инфрақұрылымды қоса алғанда
адамның жасаған барлық өндiрiстiк
құралдары. Табиғи ресурстар – өндiрiсте
өңдеусiз табиғи түрде қолданылатын
барлық заттар, мысалы, құнарлы жер,
құрылысқа арналған бос орындар,
тоғайлар, минералдар және т.б.
Жалпы
экономика ғылымы екi басты бөлiмнен
тұрады: макроэкономика және микроэкономика.
Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары,
үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын
бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн
экономиканың бөлiгі. Макроэкономика –
экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық
өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық
құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.