Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 06:04, курсовая работа
Елдегі экономикалық және әлеуметтік дамудың өзгерістеріне сәйкес қызметкерлердің еңбекақысы , әлеуметтік қолдау мен қорғау саласындағы саясат та мәнді түрде өзгеруде Қазақстан Республикасының « Еңбек туралы» Заңы Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек еркіндігіндегі конституциялық құқығын іске асыру үрдісінде туындайтын еңбектік қатынастарды реттейді . Осыған байланысты осы саясатты іске асыру бойынша мемлекеттің көптеген қызметтері еңбекақының нысандарын , жүйелерін және мөлшерін өздігімен тағайындайтын , оның нәтижелерін материалды түрде ынталандыратын кәсіпорындарға жүктелген .
Кіріспе
Нарықты экономика жағдайында еңбекақының экономикалық мәні және маңызы
1 . 1 . Қызметтердің еңбекақысының ұйымдастыру
1 . 2. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және нысандары
1 . 3. Еңбекақының есептелуі мен одан ұсталымдардың бухгалтерлік есебі .
2 . Еңбекақыға шығындарды талдау
2. 1. Еңбекақы қорының өзгермелі бөлігін талдау .
2. 2. Еңбекақы қорының тұрақты бөлігін талдау .
2. 3 . Еңбекақы қорының қолданылу тиімділігін талдау .
3 . Еңбекақы аудиті
3. 1. Аудиторлық қызмет
3. 2. Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеру кезектілігін анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
1. орташа күндік еңбекақыны анықтаймыз: 2070207/333=811.43
2. 24 күнтізбелік күнге демалыс үшін төлемді анықтаймыз, біржарым жылға 811,43*24=19474,32 теңге
Егер жұмысшы кезекті демалысын қолданбай жұмыстан босатылатын болса немесе басқа кәсіпорынға ауысатын болса, оған компенсация есептелінеді.
Мерзімді еңбекақыны иеленетін жұмысшыларға (айлық оклад, күндік немесе сағаттық тарифтік ставканы) жәрдемақыны есептеу үшін, еңбекке жарамсыздығы туындаған күнде алынатын, тұрақаты қосымша төлемдерді есепке ала отырып, айлық лауазымдық немесе жеке оклады күндік немесе сағаттық тарифтік ставкасы және сыйақының орташа айлық сомасы алынады.
Мерзімдік және айлық еңбекақы кезінде орташа күндік еңбекақы айлық оклад (қосымша төлемдерді және сыйақылардың орташа айлық сомасын есепке ала отырып ) сомасын еңбекке жарамсыз болған айдағы жұмыс күндерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Егер бір айда басталған еңбекке жарамсыздық келесі айда жалғасатын болса, онда жәрдемақы мөлшері әр ай үшін жеке есептелінген күндік жәрдемақы мөлшеріне байланысты анықталады.
«Қармаш зауыт» акционерлік қоғамының техникалық жұмыскері 2005 жылдың кыркүйек айының 1 нен14 не дейінгі мерзімде шықпаған жағдайды қарастырайық.( анықтамалық қағазы бар). Есепті кезеңде оған 70000 теңге мөлшерінде еңбекақы есептелінген. Есепті кезең толығымен атқарылған, кәсіпорында жұмыс аптасының ұзақтығы 6 күн.
Осылайша:орташа еңбекақы 70000/12/21=277,78 теңге.
Ауруханалық қағазының мөлшері 277,78*10=2777,8 теңге.
Жәрдемақы орташа еңбекақының есептелуіне байланысты төленеді, сонымен қатар айлық жәрдемақы мөлшері 10( АЕК) мөлшерінен асырылмауы тиіс.
Қыркүйек айындағы күндік жәрдемақының максималды мөлшері:
919 теңге *10=9190 теңге- жұмысшының ақпан айындағы орташа күндікнақты еңбекақы мөлшерінен көп.
Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы келесіні құрайды: 2777,8 теңге.
Қатар екі жұмыс істеу – жұмысшының негізгі жұмысынан басқа, еңбектік келісім шарт жағдайларында орындалтын, тұрақты төленетін жұмысы болып табылады.
Қатар екі жұмыс істеу бойынша жұмысы туралы еңбектің келісім шарттардың жасалуы, заңға қайшы келмейтін болса, жұмыс берушілердің санымен шектелмейді.
Жұмысшы қосымша жұмыс атқаруы оның негізгі жұмыс орны бойынша, сонымен қатар басқа кәсіпорындар мен ұйымдарда да атқара алады.
Қатар екі жұмыс істеу он сегіз жасқа дейінгілерге, сонымен қатар жұмысшының негізгі жұмысы ауыр, зиянды немесе қауіпті болса, онда қосымша атқаратын жұмысы аталған сипаттарда болатын болса, жол берілмейді.
Негізгі жұмысына қосымша атқарылатын жұмысы бойынша төлем атқарылған уақытына пропорционалды, өңдеуг байланысты және еңбектік келісім шартта көрсетілген жағдайлар мен шарттарға сәйкес орындалады.
Негізгі жұмысымен қатар ат салысатын жұмысы мерзімді еңбекақылы болған кезде, еңбекақы жұмыстың нақты атқарылған көлеменің соңғы нәтижелеріне байланысты есептелінеді.
«КарМашЗауыты» Акционерлік қоғамында «Комбинатта негізгі жұмысына қосымша жұмысты ішкі ұйымдастыру тәртібі туралы» Ереже қолданылады. Осы ережеге сәйкес, қосымша жұмыс істеу уақытылы (жұмыстың басталуына дейін) комбинат бойынша бұйрықпен рәсімделуі керек. Қосымша атқарылатын жұмыстан босатылу жұмысшының қосымша жұмысын тоқтату туралы өтініші негізінде жүргізіледі.
Қосымша жұмыс атқарушылардың еңбекақысы келесідей түрде болуы мүмкін:
еңбекақысының мерзімді жүйесі негізінде жұмысшыға тағайындалған разрядқа (оклад) сәйкес нақты атқарылған уақыты үшін;
нормаланған тапсырмаларды берумен мерзімді еңбекақы кезінде – нақты атқарылған жұмыстардың көлемі үшін соңғы нәтижелері бойынша;
еңбекақының кесімді жүйесі кезінде – кәсіпорындағы нормалар мен бағалауларға сәйкес орындалған жұмыс көлемі немесе өндірілген өнім үшін.
Қосымша атқарылатын жұмыс кезінде сыйақылау, ұқсас жұмыстарды орындайтын, негізгі жұмыслар үшін қарастырылған тәртіп және жағдайлар бойынша жүргізіледі.
Қосымша жұмыс атқаратындарға комбинаттың жұмысшылары мен қызметкерлері үшін еңбектік тәртіптің жағдайлары толығымен қатысты болып саналады.
Жұмыспен қатар, оқу орындарында оқитын қосымша жұмыс атқарушылар үшін кепілдіктер мен төлемдер толық көлемде жасалынады.
Қосымша жұмыс атқарушы – жүк тасушы (сағаттық тарифтік ставкасы 487,5 теңге) 2005 жылдың наурыз айында 64,0 сағат атқарды. Еңбекақысы келесіні құрайды:
487,5*64,0 = 31200 теңге.
Кәсіпорынның жұмыскеріне берілуге тиіс еңбекақы сомасы, барлық негіздер бойынша есептелінген еңбекақы сомасы арасындағы айырмашылықты білдіреді. Еңбекақыдан ұсталымдарды келесі түрлерге бөліп қарастыруға болады:
міндетті ұсталымдар;
кәсіпорын әкімшілігінің ұсынысы бойынша ұсталымдар;
жұмысшының өтініші бойынша ұсталымдар.
Міндетті ұсталымдарға келесілер жатады:
жеке табыс салығы;
міндетті зейнетақылық аударымдар.
Міндетті емес аударымдарға келесілер жатады:
орындаушы қағаздар бойынша ұсталымдар;
алименттердің ұсталымы;
кәсіпорын әкімшілігінің ұсынысы бойынша ұсталымдар;
еңбекақы есебінен баланың балабақшасына төлемдер.
«КарМашЗауыты» Акционарлік қоғамында жұмысшылардың еңбекақыларынан жеке өтініштер негізінде химкомбинат жатақханасында тұратындардың пәтерлік төлемі және ерікті сақтандыру төлемдері жасалынады.
Еңбекақысының синтетикалық есебі және жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысулар есебі 3350 «еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз» шотында жүргізіледі.
3-кесте: Жұмыскерлердің еңбекақысын есептеу кезінде берілетін бухгалтерлік жазулар.
Жұмыскерге соңғы нәтиже бойынша айлық еңбекақысы 13753,20 теңге сомасын құраған.
Бухгалтерлік есепте келесі жазу жүргізіледі:
Д-т 8012 К-т 3350 13753,20 сомасына.
Есептеуде келіп түскен барлық алғашқы құжаттарды өңдегеннен кейін әрбір жұмыскер бойынша есптеу қорытындыларын келтіреді және еңбекақыдан ұсталымдар жасауға көшеді.
Еңбекақыдан жасалынатын ұсталымдарды есептеу:
1. 1% кәсіподақтық төлемдер
Д-т 3350 К-т 639 = 13753.20*0.01= 137.53 теңге.
2) 10% - міндетті зейнетақылық аударымдар = 13753.20*0.1 = 1375.32 теңге.
3) 5% жеке табыс салығы
Д-т 3350 К-т 3120 = 468.00 теңге.
Бір жұмыскерге 919 теңге мөлшерінде немесе бір балаға 919 теңге мөлшерінде стандартты есептен шығару белгіленген.
(13753,20 – 137,53 – 1375,32 – 919 - 919)*5 = 520,12 теңге.
4) 25% алименттер
Д-т 3350 К-т 3390 (13753,20 – 137,53 – 1375,32 – 919 – 919 – 520,12)*25%/100% = 2471 теңге.
4-кесте: жұмыскердің еңбекақысынан жасалынатын ұсталымдарға берілетін бухгалтерлік жазулар
Есептелінген еңбекақы сомасынан есептелген ұсталымдардың алынып тасталып берілетін сомасы:
13753,20 – 4504 = 9249,2 теңге.
Бухгалтерияда берілегн еңбекақы соамсына келесідей жазу жүргізіледі
Д-т 3350 К-т 1010 9249,2 теңге.
Жұмыскерге еңбекақы төлемдік ведомості (Д қосымшасы) немесе шығыс кассалық ордері (Е қосымшасы) негізінде беріледі.
Еңбекақы бойынша бухгалтер төлемдік ведомосінің сыртқы бетінде келесідей мәліметтерді көрсетеді: кәсіпорын енмесе ұйым атауы, құрылымдық бөлімше, корреспонденцияланатын шот, мерзімінде төленуі үшін кассаға, төлемдік ведомостінің күні, құжаттың нөмірі, есептік кезеңі, беттерінің саны.
Ақшаның берілуіне байланысты толтырылған құжаттарда кәсіпорын басшысының, бас бухгалтерінің немесе алмастырушы лауазымды тұлғалардың қолдары қойылуы тиіс.
«КарМашЗауыты» Акционерлік қоғамында еңбекақысының берілуін, толық материалды жауапкершілік туралы келісімшарт жасалған цех кассирлері жүргізеді.
Еңбекақысының берілуі аяқталғаннан кейін цех кассирі міндетті:
1)төлемдік ведомостте төлемдер жасалмаған тұлғалардың аты-жөндерінің қасына «депоненттелді» мөрін қойып, соманы қызыл сиямен қоршап қоюы;
2)депоненттелген сомалардың реестірін құруы қажет;
3)төлемдік ведомосттің сыртқы бетінде нақты төленген және депоненттелетін сомалар жайлы жазу жазуға, оларды төлемдік ведомость бойынша жалпы қорытындымен салыстырып, өзінің қолын қоюы тиіс.
Бухгалтер төлемдік ведомостте кассирмен жасалған жазбаларды тексереді және ол бойынша берілген және депоненттелген сомалардың есептерін жүргізеді.
Кәсіпорын жетекашісінің лауазымын жазады және қойылған қолдарды, яғни кәсіпорын жетекшісі мен бас бухгалтердің толық аты жөндерін жазады. Төменде «бухгалтерлер тексереді» деген жерге өзінің қолын қояды, аты – жөнін және ағымдағы күнді көрсетеді.
Төлемдік ведомасть бойынша берілген еңбекақы сомасына шығыс кассалық ордерлері құрастырылады.
Шығыс кассалық ордерлері,сонымен қатар кіріс кассалық ордерлері және оларға қосымшалар бухгалтермен нақты және түсінікті жазылуы тиіс. Түзетулер, тазалау өшірулерге жол берілмейді.
Кіріс және шығыс кассалық ордерлері немесе оларды алмастырылатын құжаттар кассаға берілгенге дейін кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі. Еңбекақыға және соған ұқсас төлемдерге арналған төлемдердің ведомстерге (есептік- төлемдік) рәсімделген шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналын жүргізу еңбекақы есебі және жеке тұлғалармен есеп айрысулар бойынша бөлімде жүргізіледі.
Осы тәртіпте бір рет ақшаның берілуі, сонымен қатар депоненттелген соманың берілуі де рәсімделуі мүмкін. Жеке тұлғаларға бір реттік ақшаның берілуі, тәртіп бойынша жүргізіледі.
Еңбекақы үш күн мерзімінде беріледі, бірақ барлық жұмыскерлер оны уақытында ала алмайды. Себебі жұмыскердің біреуі ауырып қалуы, ал біреуі іс сапарда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда берілмеген еңбекақы депоненттеледі.
Егер жұмыскер кәсіпорында еңбекақының берілуі кезінде өзінің болмайтынын білетін болса, онда ол осы сомаға сенім хатты рәсімдей алады. Сенім хат осы кәсіпорынның мөрімен немесе нотариуспен расталған болуы тиіс. Сенім хатты кез келген адамға рәсімдеуге болады: ұжымдасына, туысына, жолдасына. Бұл тұлға ақшаны алған кезде кассирге сенім хатты және өзінің куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Төлемдік ведомастің «ескерту» бағанасында кассир «сенім хат бойынша»деп көрсету, ал лаушы «қолы» бағанасында қолын қоюы тиіс. Алынуға тиісті сома төленген кейін, сенімхат бухгалтерияда қалдырылады, және ведоместе тіркеледі.
Егер жұмыскер еңбекақысын алуға келмесе және оны сенім хат негзінде ешкім алмаса кассир міндетті:
Төлемдік ведомсте еңбекақы берілмеген жұмысшылардың фомилияларының тұсына «депонентелді» деп белгі қоюы тиіс;
Ведомстің соныңда қанша ақшаның берілгендігі және қаншасы депненттелгенін көрсетуі қажет;
Жұмыскерлерге берілген соманы кассалық кітапқа жазуы керек,
Депоненттелген сомалардың реестрін құрастырып және оны келесі күні банкке тапсыруы тиіс.
«Қармаш зауыты» акционерлік қоғамында депоненттелген еңбекақы есебінің кітабы жургізіледі. Кітап бір жылға ашылады. Кітапта әрбір депонент үшін жеке жол беріледі, онда жұмыскерлердің табельдің номері, аты жөні, депоненттелген сома көрсетіледі, ал болашақта оның берілген сома көрсетіледі, ал болашақта оның берілгені туралы белгі жасалады. Сомалардың берілуі туралы белгі жасау үшін айлардың саны бойынша он екі бағана қарастырылған, берілу туралы белгі берілуге тиісті соманың төлемі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі шоттарының типтік жоспарының ережелеріне сәйкес депоненттелген еңбекақы 687 «басқалары» )»депоненттелген сомалар бойынша есеп айырысулар» субшотында) шотында бейнеленеді.
Депоненттелген еңбекақы келесі жазулар бойынша жүргізіледі:
Дт 681.1 кт 687-22000 теңге сомасы депоненттелді
Дт 441 Кт 451-22000 теңге сомасы есеп айырысу шотына депоненттелген сома енгізіледі.
Депонентелген еңбекақыны кәсіпорын жұмыскердің бірінші талап ету жағдайына беруі тиіс. Ол үшін жұмыскер бухгалтерияға айтуы тиіс. Депонент бойынша соманы төлей отырып, бухгалтер шығыс кассалық ордері рәсімдейді және оған егер ақшаны бірнеше адамға беру қажет болса, төлемдік ведомстісін құруға болады.
Депоненттелген еңбекақының берілген сомасына бухгалтерияда келесідей жазу жүргізіледі:
ДТ 687 КТ 451 - 22000 теңге сомасында
2 еңбекақыға шығындарды талдау
2.1 еңбекақы қорының өзгерілмелі бөлігін талдау
Қазақстан республикасының заңдылық ережелеріне және нормаларына сәйкес, еңбекақының құрамына кәсіпорынмен, ұйыммен есептелінген атқарылған және атқарылмаған уақытқа ақшалай және натуралды нысандағы еңбекақы сомасы, байланысты ынталандарушы қосымша төлемдер, сыйақылар мен бір уақыттық марапаттау төлемдері, сонымен қатар тұрақты сипатты иеленетін тамақтануға, тұрғын үйге, отынға төлемдер жатады.
Әр жылдық және қосымша демалысқа есептелінген сомалар есепті айдың еңбекақы қорына, есептік айдағы демалыс күндеріне келетін сомада енгізіледі.
Еңбекақы жеке тұтынуға түсетін қоғамдық өнімдегі жұмыскерлердің еңбектерінің ақшалай сипатын білдіреді.
Кәсіпорын еңбекақының нысандарын жүйелерін және мөшерлерін сонымен қатар жұмыскерлердің басқа да табыстарын өздігімен белгілейді.
Кәсіпорындағы еңбектік ресурстардың қолданылуын, еңбек өнімділігінің деңгейін талдауды еңбекақымен тығыз байланыста қарастыру қажет. Еңбек өнімділігінің өсуі оған төленетін ақының деңгейін жоғарылатуда нақты алғышарттарды құрайды. Мұнда еңбекақыға төлемді, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны оған жасалынатын өсім қарқынынан озып кететіндей етіп қалыптастыру қажет. Осындай жағдайда ғана кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқынын ұлғайту үшін мүмкіндіктер туындайды.
Осыған байланысты еңбекақыға қаражаттар қалданылуын талдау әрбір кәсіпорында маңызды болып табылады. Оның үлесінде еңбекақы қорының қолдануына жүйелі түрде бақылау жасау, еңбек өнімділігінің өсуі және өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету есебінен қаражаттарды үнемдеу қажет.
6-шы кестеде көрсетілгендей тұтынуға қолданылған қаражаттардың құрамында өнімнің өзіндік құнына қосылатын еңбекақы қорының үлес салмағы өте жоғары,онда еңбекақы қорының 117 мың теңгеге, оның ішінде кесімді бағалаулар бойынша 108 мың теңге және өндірістік нәтижелер үшін сыйақылар 30000теңгеге азайған.
Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеру кезектілігін анықтау