Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 06:04, курсовая работа
Елдегі экономикалық және әлеуметтік дамудың өзгерістеріне сәйкес қызметкерлердің еңбекақысы , әлеуметтік қолдау мен қорғау саласындағы саясат та мәнді түрде өзгеруде Қазақстан Республикасының « Еңбек туралы» Заңы Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек еркіндігіндегі конституциялық құқығын іске асыру үрдісінде туындайтын еңбектік қатынастарды реттейді . Осыған байланысты осы саясатты іске асыру бойынша мемлекеттің көптеген қызметтері еңбекақының нысандарын , жүйелерін және мөлшерін өздігімен тағайындайтын , оның нәтижелерін материалды түрде ынталандыратын кәсіпорындарға жүктелген .
Кіріспе
Нарықты экономика жағдайында еңбекақының экономикалық мәні және маңызы
1 . 1 . Қызметтердің еңбекақысының ұйымдастыру
1 . 2. Кәсіпорындағы еңбекақы түрлері және нысандары
1 . 3. Еңбекақының есептелуі мен одан ұсталымдардың бухгалтерлік есебі .
2 . Еңбекақыға шығындарды талдау
2. 1. Еңбекақы қорының өзгермелі бөлігін талдау .
2. 2. Еңбекақы қорының тұрақты бөлігін талдау .
2. 3 . Еңбекақы қорының қолданылу тиімділігін талдау .
3 . Еңбекақы аудиті
3. 1. Аудиторлық қызмет
3. 2. Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеру кезектілігін анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Еңбекақының тарифтік жүйесі келесілерден тұрады: тарифтік ставкалар (окладтар), тарифтік кесте тарифтік коэффициенттер.
Орындалатын жұмыстың күрделілігі оларды тарификациялау негізінде анықталынады.
Жұмысшылар тарифтік разрядтарды тағайындау және жұмыстарды тарификациялау жұмыскерлердің мамандығы және бірлік тарифтік –біліктілік анықтамасын есепке ала отырып жүргізеді.
Осыған байланысты кәсіпорындағы еңбек шарттары зиянды қатарға (ауаның ластануы) жатқызылады, еңбектің зиянды шарты жұмыстарында жұмыс атқаратын жұмыскерлердің еңбекақысы еңбектің қалыпты шарттарында ғы жұмыстардың әр түрлері үшін белгіленген (тарифтік) ставкалармен(окладпен)
Жоғарылатылған еңбекақының нақты мөлшері жұмысшылардың өкілді ұйымының көзқарасы немесе ұжымдық келісім шартын есепке ала отырып жұмыс берушілермен тағайындалады.
Ауыр және зиянды, ерекше ауыр және ерекше зиянды еңбек шарттарында жұмыс атқаратын комбинат еңбек шарттарына қосымша төлемдер келесідей жағдайларда жүгізіледі.
Еңбектің ауыр және зиянды шарттары үшін
40 сағаттық жұмыс аптасы кезінде еңбектің ауыр және зиянды шарттары үшін 139 тг, ерекше ауыр және ерекше зиянды еңбекақы шарттары кезінде 235 тг;
36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде
Еңбек шартының зиянды және аурлығы үшін 154 теңге және еңбек шартының ерекше ауыр және ерекше зияндылығы үшін 260 теңге.
өндіріс типтері немесе жұмыс түрлері бойынша еңбек шартына қосымша ақылардың белгіленетін жұмысшылар мамандықтарының атаулары құрылымдар құрылымдар бойынша әрекет ететін және белгіленген тәртіпте бекітілетін « еңбек шарттары үшін қосымша ақылар бекітілетін жұмысшылар мамандықтары және жұмыстар тізімі» негізінде анықталынады.
Түнгі уақыт болып, 22 сағаттан таңғы алтыға дейінгі уақыт болып есептелінеді. Ол ай бойындағы қорытынды санының жұмыс уақытының есептік табелінде есепке алынады.
Түнгі уақыттағы барлық жұмыс кәсіпорында бекітілген алғашқы құжаттармен рәсімделеді және кәсіпорынның ұжымдық келісім шартымен (еңбекке ақы төлеу жағдайы туралы) бекітілетін жоғарылатылған мөлшерде төленеді, бірақ бұл мөлшер заңдылықта көрсетілген деңгейден төмен болмауы тиіс.
Көп ауысымдық тәртіпте жұмыс атқаратын комбинат жұмысшыларына кешкі және түнгі ауысумдағы жұмыстары үшін қосымша ақылар келесідей бекітіледі:
Түнгі ауысымдағы жұмыстың әрбір сағаты үшін сағаттық тарифтік ставканың (окладтың) 40%,
Кешкі ауысымдағы жұмыстың әрбір сағаты үшін сағаттық тарифтік ставканың (окладтың) 20%,
Жұмыстан тыс уақыттағы еңбек жұмыстың бірінші екі сағатында бір жарым есе мөлшерде, ал одан кейінгі сағаттар екі еселенген мөлшерде төленеді. Жұмыскердің қалауы бойынша жұмыстан тыс кезіндегі еңбек жоғарылатылған төлемнің орнына демалысқа қосымша уақытпен алмастырылуы мүмкін, бірақ ол уақыт жұмыстан тыс уақыттағы атқарылған уақыттан төмен болмауы тиіс мұндай жұмыстар жұмыс уақытының есеп табелімен бухгалтерияның есептеу анықтамасымен рәсімделеді.
Жұмыстан тыс уақыттағы еңбегі үшін қосымшаларды есептеуде жұмыс уақытының есептік табелі негіз болып табылады.
«Қармаш зауыт» кәсіпорнында мереке күндері жұмыс істеу рұқсат етіледі, себебі өндірістік техникалық шарттар бойынша өндірістік циклдды тоқтату мүмкін емес. Мереке күндердегі жұмысқа төлем келесідей жүргізіледі:
Кесімді жұмыскерлерге кесімді бағаларды екі еселенген мөлшерінен кем емес;
Сағаттық немесе күндік тарифтік ставканы жұмыскерлерге – екі еселенген сағаттық немесе күндік ставкадан төмен емес;
Айлық олады бар жұмыскерлерге жұмыс айлық уақыт нормасынан артық жүргізілсе, окладқа қосымша екі еселенген сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде егер атқарылған еңбек жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде орындалса, окладқа қосымша бір еселенген мөлшерде.
Жұмыс атқарушының келісімімен ақшалай екі еселенген төлем басқа бір демалыс күнінің берілімен алмамтырылуы мүмкін, бірақ бір еселік мөлшерде міндетті түрде төлем жасалынуы тиіс.
Мереке күндеріндегі жұмыстан тыс уақыттағы еңбекке қосымша төлем жасалмайды, бірақ барлық сағаттар екі еселенген мөлшерде төленеді.
Жоғарыда айтылған қосымша төлемдерден басқа комбинатта «ынталандырушы сипаттағы қосымша төлемдерді бекіту тәртібі. Және шарттары туралы әдістемелер» қолданылады. Бұл нұсқау еңбекақы қорын пайдалану бөлігіндегі құрылым бөлімшелерінің жауапкершілігін жоғарылату, ынталандырушы қосымша ақыларды бекіту тәртібі мен төлемінде бірыңғай жүйенің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Осы нұсқауға сәйкес қосымша төлемдердің ынталандырушы рөлін қолдану нәтижесінде бір мақсатты көздейді- өндіріс тиімділігін жоғарылату еңбектің жоғарғы сапасына қол жеткізу, ресурстардың барлық түрлерін жан- жақты үнемдеу, еңбек тәртібінің сақталуы және еңбектің соңғы нәтижесіне қол жеткізу болып табылады.
Нақты бір жұмыскерге қосымша төлемнің тағайындалуы қызметтің белгілі бір бағытында, құрылым бойынша орташа қол жеткізілген деңгеймен салыстыру бойынша, осы жұмыскердің жетістіктері жөнінде кепілдік беруі тиіс. Қол жеткізілген бір ғана жетістік үшін әр түрлі қосымша төлемдерді тағайындау жолымен екі еселенген ынталандыруға жол берілмейді.
Ынталандырушы әсер етуді тұрақты қолдау мақсатында төменда көрсетілген қосымша төлемдер мөлшерінежәне ларды алушы тұлғалар қатарына, міндетті түрде сәйкес деңгейдегі басшылықпен балдау жүргізілуі тиіс. Еңбектік қызмет көрсеткіштерінің жақсаруы кезінде қосымша төлемдер мөлшері мүмкіндікке сәйкес жоғарылауы,ал керісінше нашарлауы кезінде төмендетілуі немесе мүлдем алынып тасталуы тиіс.
Ынталандырушы сипатта иеленетін нұсқаумен қосымша төлемдерді бекіту тәртібі қарастырылады және оны келесі түрде белгілеуге болады.
«Қармаш зауыты» акционерлік қоғамындағы қосымша төлемдер
Қосымша төлемдер атауы | Төлем түрі |
1 | 2 |
Ғылыми дәрежесіне байланысты окладқа қосымшалар | 007 |
Уақытша орынбасарлық қызметке төлем окладтағы артықшылықтар төлемі | 008 |
Бригаданың топтық басшылығы үшін босатылмаған бригадирлерге төлем | 015 |
Қосымша жөнелтулерге төлем | 016 |
Орындалатын жұмыстар көлемінің ұлғаюы немесе қызмет көрсету аумағының кеңеюіне байланысты төлем | 021 |
Жұмыскерлерге білікті шеберлігі үшін төлем | 022 |
Еңбектегі жоғарғы жетістіктері үшін төлем | 022 |
Жоғары мастерлерге қосымша төлем | 022 |
Көлік жүргізушілерінің кластылығына төлем | 024 |
Тепловоз жүргізушілеріне білктілік класы үшін төлем өзінің жұмысымен қөатар уақытша жоқ жұмыскерлерді алмастырғаны үшін төлем | 025 |
Еңбек ақы бойынша ақша қаражаттарын беруге төлем | 050 |
Окладка арнайы жеке қосымша төлем | 070 |
Мемлекеттік құпийны сақтау бойынша ұйымдарға жұмыс тәжірибесіне қосымша төлем | 071 |
Жас жұмыскерлерді оқытытатын тәжірибелі жұмыскерлерге қосымша төлем | 084 |
Ілігіне байланысты жұмысшыларға қосымша төлем | 108 |
Дайындық қорытынды жұмыстарды орындау немесе қозғалмалы құрамға күнделікті қызмет көрсеткені үшін механизаторларға және көлік жүргізушілдеріне қосымша төлем | 121 |
Мамандықтарды және лауазымдарды біріктіре атқарғаны үшін төлем | 124 |
Шет тілдерді қолданғаны үшін төлем | 268 |
Аса ерекше тапсырмаларды орындағаны үшін төлем | 322 |
Жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы құрылымның еңбекақы қоры есебінен бекітіледі, ал жеке жағдайларда оның үнемделу есебінен және шегінде тағайындалады.
Қосымша төлемдер берілетін жұмыскердің негізгі жұмысы бойынша тарифтік ставкаға (лауазымдық окладқа) пайыздық қатынаста және абсалюттік сомада бекітілуі мүмкін. Қосымшаларды ұжымдқ тағайындау және бөлу нұсқаумен немесе құрылым жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі.
Қызметтің әр түрлі бағытындағы жетістіктерін ынталандыру үшін жұмыскерлерге қосымша төлемдердің бірнеше түрлерін тағайындауға жол беріледі.
Нақты бір жұмыскерге қосымша төлемдерді есептеу кезінде жоғарыда айтылған қосымша төлемдердің барлық сомасы (сыйақыларды және аудандық коэффициенттерді есептемегенде ) негізгі жұмыс бойынша тарифтік ставканың (окладтық) 55% - нан жоғары болмауы тиіс.
Жұмыскер кәсіпорында бола отырып, бірақ жұмыс уақыты қолданылмаған, жұмыстағы мәжбүрлі үзілістер уақыты тұрып қалулар деп аталады.
Тұрып қалулар өнімнің өзіндік құнын жоғарлатады, пайданы азайтады, кәсіпорынға зиянын тигізеді. Жұмысшының кінәсімен болған
тұрып қалулар төленбейді.
Егер жұмысшы тұрып қалулардың басталуы туралы жұмыс берушіні жазбаша түрде ескертсе, жұмыс берушінің кінәсінан болған тұрып қалулар уақыты жұмысшының орташа еңбек ақысының 2/3 –нен кем емес мөлшерде төленеді.
Егер жұмысшы жұмыс берушіні тұрып қалулардың басталуы туралы жазбаша түрдехабардар етсе, жұмыс берушіге және жұмысшыға байланысты емес себептер бойынша тұрып қалулар уақыты тарифтік ставканың (окладтың) 2/3 –нен кем емес мөлшерде төленеді.
Жыл сайын штатты жұмысшыларға кезекті демалыс ақы беріледі. Бірінші демалыс ақы жұмысшы кәсіпорында 11 ай жұмыс атқарғаннан кейін беріледі. Одан кейінгілері – кәсіпорынның әкімшілігімен бекітілген және кәсіподақ комитетімен келісілген кесте бойынша беріледі. Жыл сайынғы төленетін демалыс ақы жұмыскерлерге 24 күнтізбелік күн ұзақтығында беріледі.
24 күнтізбелік күннен артық демалыстың бөлігі, жұмысшының жазбаша өтініші бойынша ақшалай түрге алмастыруға жол бермейді.
Жұмыскерлердің жыл сайынғы негізгі және қосымша төленетін демалыстарының ұзақтығы күнтізбелік күндерде есептелінедіжәне минималды шектеумен шектелмейді. Кезекті демалыс кезеңіне келетін, жұмыс атқарылмайтын мереке күндері күнтізбелік күндер санына енгізілмейді және төленбейді.
Жыл сайынғы төленетін демалыстың жалпы ұзақтығын есептеу кезінде қосымша төленетін демалыстар жыл сайынғы төһленетін демалыстарға қосылады.
Қарастырылып отырған кәсіпорында кезекті демалыс ұзақтығы алты күндік жұмыс аптасы бойынша есептелінеді. Жыл сайынғы негізгі демалыс 24 күн ұзақтығында бекітіледі.
Кәсіпорын жұмысшыларының жыл сайынғы негізгі демалысына төлем сонғы күнтізбелік айдағы еңбекақысына байланысты, ал егер жұмысшы 12 күнтізбелік айдан аз уақыт жұмыс атқарса нақты атқарылған уақытына байланысты есептелінеді.
Келесідей жағдайды қарастырайық: негізгі өндіріс жұмысшысы 4 шілдеден 28 шілде аралығында, яғни 24 күнтізбелік күн ұзақтығында демалыс алды (Г қосымшасы)
2 кесте 2005 жылдың шілдесіндегі демалысақыны анықтау үшін еңбекақыны есептеу
Есептік кезең айлары | Лауазымдық оклад (теңге) | Айдың күндізбелік күндері (күндер) | Атқарылған уақытқа келетін күгнтізбелік күндер | Атқарылған уақыт үшін еңбекақы (күнтізбелік күндерде), теңге |
2004жыл | ||||
Шілде | 24000 | 31 | 31 | 24000 |
Тамыз | 24000 | 30 | 30 | 24000 |
Қыркүйек | 24000 | 30 | 30 | 24000 |
Қазан | 24000 | 30 | 30 | 24000 |
Қараша | 24000 | 30 | 30 | 24000 |
Желтоқсан | 24000 | 29 | 29 | 24000 |
2005 жыл | ||||
Қаңтар | 24000 | 29 | 29 | 24000 |
Ақпан | 24000 | 28 | 28 | 24000 |
Наурыз | 24000 | 29 | 22 | 24000/29*22= 18207 |
Сәуір | 24000 | 30 | 15 | 24000/30*15= 12000 |
Мамыр | 24000 | 29 | 29 | 24000 |
Маусым | 24000 | 30 | 30 | 24000 |
Барлығы | 288000 |
| 333 | 270207 |
Информация о работе Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеру кезектілігін анықтау