Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:06, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.

Файлы: 1 файл

ГОТОВАЯ ДИПЛОМКА.doc

— 750.50 Кб (Скачать)

    Қарыз алушы және несие беруші (дебитор  және кредитор). Қарыз алушы және несие беруші арасында инфляция табыстарды үйлестіреді. Болжалды инфляция қарыз  алушыларға несие берушілер арқылы пайда әкеледі. Мысалы, сіз банктен 1000 доллар алдыңыз, оны екі жылдан кейін қайтару керек; егер осы екі жылдың ішінде жалпы баға деңгейі өссе, онда 1000 доллардың орнына 500 доллардай бересіз; сонымен инфляция кезінде бағаның құны төмендейді. 

    2004 жылдан бастап  Ұлттық  Банктің   негізгі  мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша – кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  болып табылады.

    Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық Банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

    - мемлекеттің  ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

    - төлем  жүйелерінің  жұмыс істеуін   қамтамасыз  ету;

    - валюталық  реттеуді және  валюталық  бақылауды  жүзеге асыру;

    - қаржы  жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз  етуге ықпал  ету.

    Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

    Инфляциялық таргеттеу  принциптерін пайдаланатын көптеген  елдер  инфляция жөнінде  қойылған  мақсаттарға  қол жеткізу  жауапкершілігін  күшейту жағдайларында  инфляция бойынша  бағдарлар ретіндегі тұтыну  бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына  инфляциялық  үрдістердің  негізгі  бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

    Ұлттық  Банк  2009 жылдан бастап  «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.

    2009 жылы  ақша – несие саясатының негізгі  мақсаты  орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде ұстап тұру ретінде  қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны  есептеу әдістемесі  бекітілгеннен кейін және ол нақты  бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.

    Инфляция  жағдайында Үкімет «қымбат – ақша  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың  нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе кысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрынннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті. [36]

    Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды. Монетарлық саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін  қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,  дамыған Батыс елдерінің  тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2009-2010 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Қазақстан Үкіметі 2009 – 2011 жж. арналған  қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекіткен болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстаннның барлық  әкімшілік – экономикалық  аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың  құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда  да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

    Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер  үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл  жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

    Инфляцияға  қарсы саясатты сипаттағанда, екі  әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші  әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс  өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным  жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі. Ең алдымен  табысы төмен  нарық  субъектілеріне салынатын  салық  қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,  жалпы экономикалық   өсу  басталады. бірақ  60 – 70 жылдары дамыған елдердің  тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен  бірге бюджет шығындарының артуы  бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.

    Екінші  әдістемені жаңа  классикалық  бағыттағы  экономистер  ұсынады. Олар  бірінші  орынға ақша – несие  арқылы  реттеу  әдісін  қояды. Бұл әдіс  экономика  жағдайына жанама  түрде  икемлді  ықпал  жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық  банк  айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент)  келісімін реттейді, сонымен  экономикаға  ықпал жасайды.

    Сонымен инфляция салдары барлық әлеуметтік топтарға, экономикалық секторларға әсерін тигізбей қоймайтындығын айтуға болады. Қазіргі таңда көптеген экономистер оны шешудің сан алуан жолдарын талдау үстінде. Бірақ көптеген білікті экономистердің пайымдауынша оны ақша-кредит саясаты арқылы жүргізу керек.

    Сонымен түйіндей келгенде, Қазақстан республикасындағы  инфляцияның дамуы – мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталынып тұрды: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4%, 1992 – 8,6%, 1993 – 11,9%, 1994 – 10,2%, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4%, 1997 – 17,7%, 1998 – 18%, 1999 – 14,3%, 2000 – 9,8%, 2001 – 6,4%, 2002 – 5,2% құрады. 2008 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ 0,11%) құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 492 млрд. 693 млн. теңгені құрады. 

Кесте 4- Қазақстан Республикасындағы инфляция 

1991ж. - 147,1 1995ж. - 60,3 1999ж. - 17,8 2003ж. - 6,8 2007ж. - 18,8
1992ж. - 2960,8 1996ж. - 28,7 2000ж. - 9,8 2004ж. - 6,7 2008ж. - 9,5
1993ж. - 2165,0 1997ж. - 11,2 2001ж. - 6,4 2005ж. - 7,5 2009ж. - 6,2
1994ж. - 1158,3 1998ж. - 1,9 2002ж. - 6,6 2006ж. - 8,4 2010ж. - 7,3
Ескертпе :автормен құрастырылған [35]

 

Бюджет  тапшылығы инфляцияның қайталама  факторы болып табылады, өйткені  ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

    1. Ұлттық  банктің инфляция деңгейін тұрақтандыру үшін қолданылатын нақты шаралары
 

            Ақша-несие саясаты  – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін  өзгертуге, жалпы банк жүйесінің  қызметі реттеуге бағытталған шаралар  жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық  субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

             Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

        •          1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

                  2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

           Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты – екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

           

    • Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету.  
    •       Ақша  саясатының құралдарын төмендегiдей  топтастыруға болады:

      Ақырғы  мақсат:

            - экономиканың өсуi;

            - толық жұмысбастылық;

            - бағаны тұрақтандыру;

            - төлем балансын тұрақтандыру.

      Аралық  мақсат:

            - ақша жиыны;

            - пайыз мөлшерлемесi;

            - айырбас курсы.

      Құралдары:

            - несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;

            - мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;

            - есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;

            - ашық нарықтағы операциялар.

            Тiкелей  және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

            Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа  да саясаттарды скере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады [36].

            Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей  орталық банктiң жанама құралдары  арқылы жүзеге асырылады.

            Бұл мақсаттарға жетуге Ұлттық банк ақша-несие  саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi: 

           1) қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi  деңгейiн белгiлеу;

           2) Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын  ең төменгi мiндеттi резервтер  нормасын белгiлеу, оның iшiнде  сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;

           3) мемлекеттiң бағалы қағаздарын  сатып алу және сату бойынша  ақша нарығындағы операцияларды  жүргiзу;

           4)   банктерге және үкiметке несие  беру;

           5)   валюталық нарықтағы басқыншылық;

           6)  кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;

           7)   ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.

           Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша  ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

                 Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты  – айналыстағы теңге деңгейiн  көтере отырып, несиеге деген сұранысты  азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек,  жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.

           Қазақстандағы инфляциямен күресуiң тағы да маңызды  факторы – шетел валютасына деген  артық сұранысты төмендету болып  табылады.

           Ұлттық  банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етедi. 

           Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа  және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi  және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды.  Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi [37].

           Ұлттық  банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей  бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар  нарығының шартына сай банктер  дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз  мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал  етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.

           Пайыздың  нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау  үшiн әлуеттiк ресурс болып табылатын  депозиттердiң несиелiк мекемелерге  ағылуын арттыра түстi.

           Ақша  нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сиықты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

           Резервтiк  талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады.

           Ақша-несие  саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “ҚР коммерциялық, кооперативтiк  және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы” нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шотттағы қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын саөтап отыруға тиiстiлiгiн бiлдiредi.

           Әлемдiк тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесiнiң қаржы делдалы ретiндегi тиiмдiлiгiн нашарлатып, ал ең төменгi резервтер нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.

           Ұлттық  банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:

      1. мiндеттi резервтеу;
      2. резервтеудiң баламалы тәртiбi.

           Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады.  Резерв нормасының өсуi (rr) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.

           Ақша-несие  саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық  банк коммерциялық банктерге несие  бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi. 

           Несиенiң  азаюы және ақшаның қымбатауы  барлық жүйеге таралады. Экономикада ақаша ұсынысы төмендейдi. Әдетте тiркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бiрақ Орталық банктен несие алу белгiлi әкiмшiлiк қиындақтарға тiреледi.

           Несиелеу  және қаржыландыру операцияларына соңғы  жылдары Ұлттық банк қызметiнiң алдағы уақыттарда классикалық қызметiне жақындауына байланысты тиiстi шаралар қолданады. Қазiргi уақытта екiншi деңгейдегi банктердi несиелеу тек қана олардың өтiмдiлiгiн сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшiн Үкiметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктiң республикалық бюджеттi несиелеуден бас тарту мақсатында жүргiзiледi. Жеңiлдiкпен несие беру және кәсiпорындардың несие алу үшiн тiкелей өтiнiш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелердi орналастыруы аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негiзiнде жүзеге асырылады.

           Ақша  нарығындағы операциялар – Ұлттық банктiң айналыстағы ақша жиынының көлемiн реттеу мақсатында екiншi реттегi нарықта мемлекеттiң бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын бiлдiредi [37].

           Бұл бiршама ақша жиынын,  коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгi және несиелiк  жұмыстарды реттеудiң ыңғайлы әдiстерiнiң  бiрi болып табылады. Оның негiзгi мәнi ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердiң несиенi эмиссиялауын шектеудi бiлдiредi.

           Ұлттық  банк рыноктағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың  резервтiк шоттарынан тиiстi соманы ұстап қалады. Сөйтiп, банктерге несие  берудi және ақша шығаруды ынталандыру  мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да,  тиiстi соманы банктердiң резервтiк шотына қайта аударады.

      Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық  пайда болуына немесе ақша-несие  эмиссиясы көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi. 

            Ақша-несие  саясатының қазiргi кезеңдегi тиiмдiлiгi Орталық банктiң саясатына деген  сенiмдiлiкпен тығыз байланысты.

            Ақша-несие  саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғида байланыста болады. Егерде Ұлттық банк тұрақты айналым  курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi. (Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады.   
       

            3.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияны  тежеу әдістері 

            Өз  кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң  экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн  көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.

            Ұлттық  банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2009-2010 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2009 және 2010 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2009 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда.

            Елiмiз  инфляцияны жою және ақша айналысын  тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану  үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар  елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер  негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың «дефляциялық» шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.

              Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк  ақша-несие саясатын анықтайтын  және жүзеге асыратын орган  болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi.

           Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын 2010 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.

           Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық  таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

           Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы[37].

           Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі  ақша-несие саясаты қаржы нарығының  тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.

           Қазақстанның  экономикалық дамуында жағымды тенденцияның сақталуы еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатында жаңа режим болып табылатын инфляциялық таргеттеуге өтуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда инфляциялық таргеттеудің негізгі саясаттары мен құралдары, басты себептері мен әдістері қарастырылып бұл режимді Ұлттық банктің қолға алуы жақсы жаңалық болып табылады.

           Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы  секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің  жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.

           Ұлттық  банктің ақша-несие саясаты инфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, ауыл шаруашылығы бағаларын, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды реттеп отыру шаралары болып табылады.

           5-ші кестеден көретініміздей соңғы жылдардағы ақша агрегаттарының өсу қарқыны жоғары болғанымен инфляцияның жылдық деңгейі 2008 және 2009 жылдары 7% деңгейінде тұрақты қалпын сақтауда.

           2008 жылы Ұлттық банк ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын анықтап, инфляцияны таргеттеу қағидасына, еуростандарттарға өте бастады. Таргеттеу ( ағыл. баға белгілеу, бағаның белгілі шамасы) монетарлық саясатта – негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді орта мерзімде мақсатты түрде алдын-ала айқындау шаралары.

           2008-2009 жылға арналған ақша-несие саясатынындағы инфляцияны таргеттеудің негізгі көрсеткіштерінің болжамы келесідей сипат алуда.

           Кесте 5- 2008-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатындағы инфляцияны таргеттеу көрсеткіштерінің белгіленуі

      Көрсеткіштер 2008 2009 2010 2011
      Базалық инфляция орташа, % - 4-6 3-5 3-5
      Инфляция (ТБИ) орташа, % 6,5 5-7 4-6 4-6
      Ескертпе:автормен құрастырылған [35]

       

           5-ші кестеден көріп отырғанымыздай 2008-2011 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2008 жылы 4-6% және 2009-2010 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.

           Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие  саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2009 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің ролін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде биылғы жылдары және өткен 2010 жылдарда инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

           2009 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцтяның көрсеткіштерін бағдарға ала бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкеністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.

           Өткен 2008 жылы қорытындылары бойынша осы екі әдіс бойынша тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда 6,7% және 5,9% құрады. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2009-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2008 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2008 жылы инфляция деңгейі 6,7% болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы асқандығын көре аламыз.

           Сонымен Ұлттық банктің ақша-несие саясатының биылғы және алдағы 2009-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары инфляцияның деңгейін тұрақты белгіленген шамада ұстап тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция таргеттеудегі көрсеткіштері: 2009 жылы 4,9%-6,5%, 2006 жылы 4,8%-6,2%  және 2007 жылы 4,1%-5,5%-дан аспауы керек.

           Алайда  Ұлттық банктік және Үкіметтің бірігуімен белгілеген инфляцияны таргеттеудегі инфляцияның 2010 жылғы 4,9%-6,5% көлемінде сақталады деген болжамдары биыл орындалмайтын болды. Өйткені биылғы жылы ұлттық экономикада жүргізіліп келе жатқан саясаттар нәтижесінде экономикаға берілген несиелердің тым артып кетуіне байланысты экономикалық толқуларға алып келе жатыр және елімізде шілде айынан бастап халықтың жалақыларының өсуі, әлемдік рынокта мұнай бағасының рекордтық нәтижеге жетуінен бүгінде инфляция деңгейі 10 айдың ішінде – 7,8% және 7,9% деңгейінде болып келеді. Жалпы мамандардың айтуы бойынша 2010 жылы инфляция деңгейі 8%-ға дейін жетуі мүмкін. Яғни 2010 жылы Ұлттық банктік белгілеген инфляция деңгейінің коридоры 4,9%-6,5% деңгейінен нақты инфляция деңгейі асып кетіп отыр [37]

           Сондықтан ендігі жерде Ұлттық банктің негізгі  және басты міндеттерінің бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып  табылатын Ұлттық банктің қысқа мерзімді қойылымдарын енгізу болып табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда «рефинансирование» пайыз қойылымын өзгерту арқылы іске асырады. Биылғы жылы Ұлттық банк инфляцияның қарқынды етек алуына байланысты қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі мәрте өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2011 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының рефинонсирования қойылымының өсуімен көрініс тапты.

           Инфляцияны  төмендетудің тағы да бір шарасы неғұрлым қатаң ақша-несие саясаты болып  табылады. Бұл шараны Ұлттық банк «экономикалық перегрев» кезінде қолданады. Бәрімізге белгілі алдағы жылдары біздер экономиканы несиелеуді дамыту үшін банктердің несие қызметтерінің ынталы жүруі үшін пайыз қойылымдарын азайтуды қолға алған болатынбыз. Экономикада несие ресурстарының өсуі жалпы қарыз ресурстарының өсуіне алып келлі. Банктердің экономиканы несиелендіру шамасы соңғы 5 жылда 9,2 есеге өсті. Ал оның ЖІӨ-гі үлесі 27%-ға дейін жетті.

            Ұлттық  банк бұл пайыз өсірулерді капитал  келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар  нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.

            Ұлттық  банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация  жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. 

            Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің  алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген  шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда.  Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақста нРеспубликасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.

           Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және елімізде 2011 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.

            2010 жылдың қорытындылары бойынша  жылдық инфляция 7,8% (2009 жылғы желтоқсанда  – 6,2%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның  бұл деңгейі Ұлттық Банктің 2010 жылға белгілеген 6-8% мақсатты дəлізіне толық сəйкес келеді.

            Қазақстанда 2010 жылы инфляциялық үдерістердің қалыптасуы монетарлық факторлар тарапынан  ең аз ықпал ету аясында жүрді. Мəселен, 2010 жылы ақша массасы 14,1%-ды құрады, ақша базасы 5,0%-ға кеңейді. 2010 жылы инфляция өсуінің негізгі факторлары экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең болмауымен байланысты. Бұл ретте халықтың ақша кірістерінің өсуі экономикадағы жиынтық сұраныстың кеңеюінің басты себептерінің бірі болып табылады, бұл 2010 жылы іскерлік белсенділіктің жандануымен ғана емес, сол сияқты 2010 жылғы сəуірде бюджеттен төленетін жалақының, əлеуметтік жəрдемақының жəне зейнетақының 25%-ға көтерілумен нығайтылды [37].

            2010 жылы Қазақстанның экономикасы  дамудың жоғары қарқынын көрсетті. Мəселен, 2010 жылғы 9 айда ЖІӨ 7,5%-ды құрады. Бұл ретте өндірістің өсуі тау-кен өндіруші жəне өңдеуші өнеркəсіпті, сауданы, көлікті, байланысты жəне құрылысты қоса алғанда, іс жүзінде барлық салалар бойынша байқалды. Сыртқы факторлардың көрініс табуы 2010 жылы экономикадағы инфляциялық аяның төмендемеуінің тағы бір себебі болып табылады. Тауар нарығындағы əлемдік бағаның мұнайдың, металдың бағасын қоса алғанда, өсуі өнеркəсіптік өнімді шығарушы қазақстандық кəсіпорындар бағасының өсуіне ықпал етті. Оған қоса, кейбір елдердегі қолайсыз ауа райы (қуаңшылық, өрттер) азық-түліктің кейбір түрлерінің, оның ішінде дəнді дақылдарды қоса, өндірісінің қысқаруына əкелді. Бұл жағдай Қазақстанның ішінде инфляциялық күтулердің өсуіне ықпал етті.

            Үкіметтің, Ұлттық Банктің жəне жергілікті атқару органдарының бірлескен күш-жігерімен 2010 жылы іске асырылған инфляцияға қарсы саясат тұтыну нарығында тұрақты  жағдайды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ұлттық Банк баға тұрақтылығын, теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын жəне елдің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған 2010 жылға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарына сəйкес шаралар қабылдады.

            2010 жыл ішінде теңгенің айырбастау  бағамы АҚШ долларына қатысы  бойынша 150 теңге/доллар (+)10% немесе 15 теңге, (-)15% дəлізінде немесе Ұлттық Банктің ішкі валюта нарығында ең аз қатысуымен 22,5 теңге деңгейінде қалды. Бұл ретте ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды.

            2010 жылы Ұлттық Банктің пайыздық  ставкаларының дəлізі өзгерген жоқ. Жыл бойы ресми қайта қаржыландыру ставкасы 7,0% деңгейінде сақталды. Банктерден тартылған депозиттер бойынша ставка 7-күндік депозиттер бойынша 0,5%-ды жəне 1 айлық депозиттер бойынша 1,0%-ды құрады.

            Ақша  нарығында қысқа мерзімді өтімділікті  реттеуді Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталарды эмиссиялау жəне банктерден депозиттерді тарту жолымен жүргізді. Ұлттық Банк олардың ағымдағы өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын берді. Ең аз резервтік талаптар тетігі, сондай-ақ олардың нормативтері 2010 жылы өзгерген жоқ. Банктерге ең аз резервтік талаптар нормативі ішкі міндеттемелер бойынша 1,5%-ды жəне басқа міндеттемелер бойынша 2,5%-ды, борышын қайта құрылымдау барысында тұрған банктер үшін – осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0%-ды құрады [37].

            2010 жылғы 4-тоқсанда инфляцияның  нақты қалыптасқан деңгейі (2,4%)

      «Инфляцияға шолудың» алдыңғы басылымында жарияланған  болжамнан төмен болды (2,5-2,7%). Инфляция қазанда болжамдық мəндерден  біршама жоғары болды, ал қараша жəне желтоқсан айларында ол күтілгеннен төмен болып қалыптасты. Бағаның негізі өсімі 2010 жылғы 4-тоқсанда азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі болды. Олардың құрылымында жеміс-жидек, сүт өнімдерінің, май жəне тоң майдың, жұмыртқа, қанттың қымбаттауын атап көрсетуге болады. Өткен жылдардың динамикасын талдай отырып, жемістің жəне көкіністің, сүт өнімдерінің жəне жұмыртқаның қымбаттауы осы кезеңге тəн екендігін атап өткен жөн, өйткені бұл маусымдылық факторымен байланысты. Май жəне тоң майдың, қанттың, сондай-ақ нан өнімдері бағасының өсуі қолайсыз ауа-райына байланысты туындаған əлемдік тауар нарықтарындағы тұрақты емес жағдайға байланысты болды.

            Бағалау бойынша 2010 жылғы 4-тоқсанда инфляция азық-түлік  тауарларының қымбаттауын ескермегенде, нақты 2,4% орнына 1,6%-ды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет тарапынан оларға бағаның қалыпты өсуі кезінде инфляцияға əсер, бензиннің, газбен жабдықтау бойынша қызметтің жəне медициналық қызметтің қымбаттауынан басқа, 2010 жылғы қазан-желтоқсанда шамалы болды.

            Тұтастай  алғанда, 2010 жылдың қорытындылары бойынша  Қазақстанда инфляциялық үдерістердің қалыптасуы ақылы қызмет тарапынан  ықпалдың тұрақты төмендеу үрдісі жəне азық-түлікке жатпайтын тауарлар тарапынан күшеюі аясында жүрді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тарапынан əсер 2010 жылы қалыпты болды.

            Жылдық  көрсетуде инфляцияның нақты  деңгейі 2010 жылдың қорытындысы бойынша (7,8%) Ұлттық Банк белгілеген 6-8% мақсатты дəліз шеңберінде қалыптасты.

            Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарына сəйкес инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру Ұлттық Банктің негізгі мақсаты болып белгіленген.

            Бұл ретте инфляциялық үдерістерді 2011 жылы, сондай-ақ 2010 жылы қалыптастыру жиынтық  сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңсіздігі аясында жүретін болады. Бюджеттен жалақының, жəрдемақының жəне зейнетақының 2011 жылғы қаңтарда жəне шілдеде жоспарланып отырған өсуіне байланысты инфляциялық қысымның кейбір күшеюі күтілуде. Оған қоса, 2011 жылы əлемдік тауар нарықтарындағы жағдай құбылмалы болып қалуы мүмкін, бұл Қазақстанның ішінде инфляцияға кейбір көтермелі қысым көрсетеді.

            2011 жылы Ұлттық Банк ақша-кредит  саясаты құралдарының тиімділігін  жетілдіру мен көтеру жəне  қабылданған шаралардың ақша  нарығына əсерін бұдан əрі  күшейту бойынша жұмысты жалғастырады. Теңгенің айырбастау бағамы ауытқуының белгіленген дəлізінің күші аяқталған соң Ұлттық Банк басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшеді. Бұл ұлттық валютаның тұрақтылығына байланысты, оған əлемдік нарықтағы қазақстандық экспорттың негізі позицияларына деген баға конъюнктурасының қолайлығы жəне төлем балансының жай-күйі ықпал етті.

            Ұлттық  Банктің пайыздық саясаты Ұлттық Банктің ставкалары дəлізінің шегінде  қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында нарықтық ставкаларды  ұстап тұруға бағытталады. Ресми қайта қаржыландыру ставкаларын белгілеу ақша нарығындағы жағдайға жəне инфляцияның оның деңгейі нақты көрсетуде оң болатындай деңгейге байланысты жүргізіледі.

      Екінші  деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері  қаржы нарығында сыйақы ставкаларын реттеу, банктердің артық өтімділігін сауықтыру негізгі құралы болып табылады. Қажет болғанда, Ұлттық Банк банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын береді. Бұл операциялардың мерзімі қысқа болады. Ақша-кредит саясаты қалыптасқан макроэкономикалық жағдайларға бара-бар болады. Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуіне сəйкес келетін деңгейде сақталады.

            2011 жылғы 1-тоқсанға инфляция болжамы 2,5-2,7%-ды (2010 жылғы 1- тоқсанда нақты инфляция – 2,9%) құрайды. Тұтастай алғанда, бұл деңгей алдыңғы жылдарға тəн қаңтар-наурыздың инфляциялық үдерістеріне сəйкес келеді. Бұл күтулер бірінші кезекте, жақын арадағы инфляцияның қалыптасуы ауысымдылық факторының ықпалымен жүретіндігіне байланысты. Тауарлар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне (ет, сүт өнімдері, жанар-жағар май материалдары, тұрғын үй-коммуналдық қызметтің жекелеген түрлері, көлік қызметтері) бағаның төмендеуі күтілуде. Оған қоса, 2011 жылы қаңтарда бюджеттік төлемдердің жоспарланған көтерілуіне байланысты инфляциялық күтулердің өсуі мүмкін.

            2011 жылғы наурыздың қорытындылары  бойынша жылдық инфляция 7,2-7,4% деңгейінде күтіледі[45].

            2011 жылғы 2-тоқсанға инфляция болжамы 1,6-1,8%-ды (2010 жылғы 2- тоқсанда нақты инфляция – 1,4% деңгейінде қалыптасты) құрайды, бұл 2011 жылғы маусымның аяғындағы 7,4-7,6% жылдық инфляцияға сəйкес келеді. 2011 жылғы сəуір-маусымда жұмыртқа, сүт, ет өнімдері, жеміс-көкініс сияқты азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне, білім беру қызметіне бағаның төмендеуі күтіледі.

            Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес 2011 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,4% деңгейінде қалыптасты (2010 жылы 7,8%), яғни Ұлттық Банк 2010 жыл үшін белгіленген 6-8% мақсатты дәліз шегінде сақталды.

            Қазақстанда 2011 жылы инфляциялық үдерістердің қалыптасуы монетарлық факторлар тарапынан ең аз ықпал ету аясында жүрді. Мәселен, 2011 жылы ақша массасының өсуі 15,0% құрады, ақша базасы 10,3% кеңейді.

            2011 жылы инфляция өсуінің негізгі факторлары әлемдік тауар нарықтарындағы тұрақсыз ахуалға, бағалардың, оның ішінде Қазақстан экспортының негізгі позициялары бағаларының өсу үрдісінің жалғасуына байланысты болды.

            Халық табыстарының тұрақты өсуі, атап айтқанда зейнетақылар мен студенттерге төленетін стипендиялардың 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 30%, сондай-ақ бюджет саласының қызметкерлері жалақыларының 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 30% өсуі нәтижесінде экономикадағы жиынтық сұраныстың кеңеюі айтарлықтай рөл атқарды.

            Жалпы алғанда 2011 жылдың қорытындысы бойынша  Қазақстандағы инфляциялық үдерістердің қалыптасуы азық-түлік тауарларының және халыққа ақылы қызмет көрсетудің қымбаттауының ықпал етуімен болды деп атап көрсетуге болады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағаларының өсу қарқыны 2011 жылы қалыпты болды. Жарма (қарақұмық жарманы, тары), ет және ет өнімдері, жанар-жағар май материалдары, білім беру және байланыс қызметтері сияқты тауарлар мен қызмет көрсетулер бағаларының айтарлықтай өсу қарқыны байқалды.

      ҚОРЫТЫНДЫ 

           Дипломдық жұмыс бойынша  қысқаша қорытындылар. Қорыта келгенде, бүгінде қаржы секторының барлық сегменттерінде құрылымдық реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының банк жүйесі банк қызметтері бойынша әлемдік стандарттарға өтуді қолға алды. Еліміздің зейнетақы және төлем жүйелері ТМД елдері ішіндегі ең дамыған жүйелер болып отыр. Біздің қаржы жүйеміздегі Ұлттық банк басқа елдерге үлгі ретінде алынуда.

           Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен  мiндеттерi Қазақстан Республикасында  баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып  табылады.

           Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай қызметтер жүктеледi:

            1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын  әзiрлеу және жүргiзу;

                  2) төлем жүйелерiнiң  жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 

                  3) валюталық реттеу  мен валюталық бақылауды жүзеге  асыру; 

            4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

           Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын  қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады.

            Қойылған  мақсаттарды толық  шешудің бағасы. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.

      Егер  осы берілген анықтаманы негізге  алатын болсақ,  онда ақша (қағаз ақша) тауардың құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан айырылған тауар.

            ТМД елдеріндегі инфляцияның жоғары деңгейі бағаларды ырықтандыру кезінде индекстелмеген кәсіпорындардың айналым қаражаттарының құнсыздануына әкелді. Осыған сәйкес, ЖІӨ-дегі айналым қаражаттарының үлесі күрт қысқарып, контрагенттер арасында қалыпты есеп айырысулардың жүргізілуін, әсіресе банктік есеп айырысулардың жаппай кідірістермен үйлесуін қамтамасыз ете алмайтын болды. Осыған байланысты, төлемеулердің өсуі өндірісті сақтау мақсатында кәсіпорындардың айналым қаржыларын толықтыру әдістерінің бірі болып табылады.

            Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы  Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

            Нақты нәтижелер бойынша  ұсыныстардың жасалуы. Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі.

            Сонымен, қорыта келгенде, біз дипломдық жұмыстың мақсатына жеттік, Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясатын толық зерттеп қарастырдық. Қазақстан Республикасының инфляциялық процестерін талдау барысында, біз салыстыру әдісін қолдандық. 2010-2011 жылғы инфляция көрсетулері бойынша 2011 жылы инфляция деңгейі 2010 жылғы көрсетулерден айтарлықтай төмен. Қазақстан Ұлттық Банкінің инфляцияға қарсы ақша-несие саясатының маңызы өте зор. Жылдан жылға Ұлттық Банкінің саясаты Қазақстан Республикасын көптеген нәтижелерге жеткізді.   
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

      ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

      [1] Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2030//Егемен Қазақстан,-Алматы 2006. - №3.- Б.3-8

      [2] Қазахстан  Республиксындағы 2005-2015 жылдарға арналған  шағын және орта бизнесті қолдау//интернет ресурс: http: www.ipoteka.kz

      [3] Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы// Алматы-2005.-Б.20- 22

      [4].Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан, 2 наурыз. - 2006. - №3.- Б.3-8.

      [5]. Ғ.С.Сейiтқасымов. Ақша. Несие. Банктер.- Алматы: Экономика, 2001ж.- 466 б.

      [6] О.И.Лаврушина. Банковское дело.- Москва: Финансы и статистика, 2000г.- 666с.

      [7] В.И. Колесникова.Банковское дело.- Москва Финансы и статистика, 2000г.- 459 с.

      [8] А.А.Абишева, С.А.Святова. Банковское дело.- Алматы: Экономика, 2007г.- 106с.

      [9]Бохаев  Д.Т. Коммерциялық банктердiң несие  ресурстарын құрудағы проблемалары  және оның болашағы.- Аламаты, 2004ж.-236 б.

      [10]Кемел  М. Нарық қатынасы жағдайында  Қазақстанның аграрлық саласында  ауыл шаруашылығы кооперациясының  дамуы.- Алматы, 2004ж.- 50 б.

      [11]Көшенова Б. Ақша. Несие. Банктер және валюта қатынастары.-Алматы,2001ж.-159б

      [12] Мейiрбеков  Б.Қ. Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi  қолдау жолдары мен дамыту  әдiстерi.- Алматы, 2004ж.-26б.

      [13] Көшербаев Б. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу.-Қарағанды,2002ж.-192б.

      [14] Бәйгiсиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар.-Алматы,1998ж.-92б.

      [15]Борисов Е.Ф. Справочник  Экономики.- Москва: Финансы и статистика,2005г.- 400с.

      [16] Батищева Т. Банковская деятельность.- Алматы: Экономика,2006ж.-154б.

      [17]Баян Көшенова Ақша. Несие. Банктер. – Алматы: Экономика, 2000ж.-208б.

      [18]Жуков.Деньги. Кредит. Банки. –Москва:Экономика, 2001г.-202с.

      [19]Журнал «Банки Казахстана» №2(116) 2007г.46б

      [20]Л.П.Кураков, В.Г.Тимирясов, В.Л.Кураков.Современные банковские системы.- Москва:Гелиос АРВ,2000г.-186с.

      [21]Мақыш  Серік Биханұлы.Ақша айналысы және несие.-Алматы:Экономика, 2004ж.-95б

      [22]Мақыш Серік Биханұлы .Коммерциялық банктер операциялары.- Алматы: Экономика,-2004ж.-219б.

      [23]М.С. Биханұлы. Ақша айналысы және несие.- Алматы:Экономика, 2004ж.-156б.

      [24]Н.Ә.  Назарбаев. Қазақстан 2030.- Алматы:Білім,1998ж.-198б.

      [25]Н.Н.Хамитов. Банковское дело.- Алматы: Экономика, 2005г.-164с.

      [26]О.Ю.Свиридов. Деньги, Кредит, Банки. Москва:Ростов-на-дону «Феникс»,2001г.-185с.

      [27] Сахариев . С.С. Жаңа кезең-экономикалық теориясы.-Алматы: Экономика, 2004ж.-236

      [28] Мақыш С. Ақша айналысы және несие.- Алматы,Экономика,2000ж.98б.

      [29] Мақыш С. Қазiргi несиелiк механизм және оны жетiлдiру жолдары.

      -Алматы: Экономика,1999ж.76б.

      [30] Орта кәсiпкерлiктi несиелеу бағдарламалары//интернет ресурс:

          http:www. kkb.kz

      [31]Тоқсейiтов  Р. Экономикалық сөздiк-анықтамалық.- Қарағанды: Болашақ-баспа, 1999ж.- 240 б.

      [32] В.К.Сенчасова, А.И.Архипова.- Финансы, денежное обращение и несие.- Москва. 2000г.- 496 с.

      [33]«Ұлттық Банктердің көрсеткіштері» қалыптасу тарихы//интернет ресурс:  http: www.kkb.kz

      [34] Жылдық есеп көрсеткіші «Ұлттық Банк» 2010жылы. //интернет ресурс: http: kkb.kz

      [35]«Ұлттық Банк» несиелік қоржыны//интернет ресурс: http: kkb.kz

      [36] Жылдық есеп көрсеткіші «Ұлттық Банк» 2009жылы. //интернет ресурс: http: kkb.kz

      [37]«Lending boom, real estate bubbles and Asian crises»//интернет ресурс: http: www.sf-online.com

      [38]Батищева Т. Теория против практики//Эксперт Казахстан, - 2005. - №16. -С 10-12.

      [39] Мақыш.С.Коммерциялық  банктер операциясы.-Алматы:Экономика, 2005ж.-235б.

      [40]Долан Э.Дж и др. Деньги .Банковское дело и денежно –кредитная  политика.-2003ж.-91б.

      [41]Әубәкіров  А . Экономикалық теория . –Алматы:  Қазақ Университеті, 1999ж. -182б.

      [42]С.  М. Сахариевич, С. А. Сембаев.Жаңа  кезең – экономикалық теориясы.- Алматы: “Дәнекер”,  2004г.-265с.

      [43] Сәбден О. Тоқсанова А. Шағын кәсiпкерлiктi басқару.- Алматы: Бiлiм, 2002ж.- 304 б.

      [44] Хамитов Н.Н .Банк ісі.-Алматы:экономика, 2001ж.-163б.

      [45] Балабанов В.Основы финансового менеджмента. – Москва: Финансы и статистика, 1994 г.-268с.

      [46] Шағын кәсiпкерлiктi несиелеу бағдарламалары//интернет ресурс:

      http:www. kkb.kz

      [47] Сапаров  Т.Л. Қаржы дағдарысы қалыптасуы // Қаржы қаражат.-Алматы: Экономика, 2005ж.-№5.-Б.23-30.

      [48] Нурахметов Т.С.Қаржы дағдарысын жаһандығы//Қаржы-Қаражат. 2008ж.-№ 8.-Б.20-31.

      [49]Қ  К Келужаев, З.Н Жібаев «Қаржылық  есеп»-Алматы:Экономика, 2003 ж.-19-23б.

      [50] Сансызбаев К.М.Қаржы дағдарысы//Қаржы қаражат.-Алматы:Экономика, 2007ж.- №7.-Б.17-24.

      [51] Оспанова А.Қаржы дағдарысы болады деп аландауға негіз жоқ//Арқа ажары. –Алматы:Экономика, 2006 ж.№5.-Б. 16-20.

      [52] Алшанов  Р. «Қазақстанның жаңа экономикалық  бағыты» Егемен

      Қазақстан – 2008 ж Б.4-5

      [53] Жылдық есеп көрсеткіші «Ұлттық Банк» 2010 жылы. //интернет ресурс: http: kkb.kz

      [54] Абдрахманова А. Риск несиеования //Мир финансов, - 2005г. - №6. -С 15-16. 


Информация о работе Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты