Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:06, дипломная работа
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.
Ақша-несие саясатының 2011-2014 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2011 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды.
Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек 2011 жылы жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2011 жыл желтоқсан 2014 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағанда біршама өскен.
Кесте
3- 2008 – 2011 жылдарға арналған ақша-несие
саясатының негізгі көрсеткіштерінің,
болжамы
Көрсеткіштер | 2008 (бағалау) | 2009 | 2010 | 2011 | |
1. | Инфляция жылына орташа, % | 6 | 4-6 | 4-6 | 3-5 |
2. | Кайта қаржыландыру жылдың соңына | 7,5 | 6-7 | 5-6,5 | 4,5-6 |
3. | Алтын-валюта резерві млн АҚШ доллары | 3008 | 3355 | 3541 | 3673 |
өзгерістер, % | 16 | 11,5 | 5,5 | 3,7 | |
4. | Ақша базасы | ||||
млрд теңге | 207 | 237 | 268 | 304 | |
өзгерістер, % | 18,1 | 14,8 | 12,9 | 13,9 | |
5. | Ақша массасы | ||||
млрд тенге | 707 | 865 | 1008 | 1168 | |
өзгерістер, % | 22,7 | 22,4 | 16,6 | 15,9 | |
3-ші кестенің жалғасы
6. | Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері | ||||
өзгерістер, % | 22,3 | 23,3 | 17,4 | 15,5 | |
7. | Экономикаға беретін банктің несиелері | ||||
млрд теңге | 439 | 571 | 718 | 866 | |
өзгерістер, % | 58,8 | 30,1 | 25,7 | 20,8 | |
8. | Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа | ||||
өлшенген мөлшерлемесі, % | 13 | 11,0 | 9,0 | 7,5 | |
9. | Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа | ||||
өлшенген мелшерлемесі, % | 17,5 | 16 | 15 | 13,5 |
Ескертпе :автормен құрастырылған [35 ]
Тұтыну
бағаларының өсуінің басты
2008 жылы азық-түлік тауарларының құрылымында бағалардың жоғарылауы тіркелген болатын: көкөніс пен жеміс-жидек – 23,1%-ға, күріш – 18,3%-ға, ет және ет тағамдары – 12,5%-ға, қант – 11,9%-ға, балық және теңіз тағамдары 11,0%-ға.
Азық-түлікке жатпайтын бағалар тобына да бағалардың өсуі байқалды. Олардың ішінде: киім-кешекке – 8,8%, аяқ-киім – 7,0%-ға, баспа құралдарына – 5,7%, жанар-жағармай – 3,2%-ға қымбаттады.
Ақылы
қызмет көрсету құрылымында тұрғындық-
Орта жылдық инфляция 7,6% құрады, 2009 жылғы мақсаттық межені асып түсті (5,2-6,9%) [35].
2010 жылғы инфляция деңгейі жыл басынан бергі уақытта дейін %-ға жетті. Қазіргі таңда доллар девальвациясы жалғасып тұр. Оның бағамы жыл аяғына дейін 1=120 дәрежесіне жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда экспорттың ақшаға шаққандағы (номиналды) көлемі ғана ұлғаяды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі де сол деңгейден аспайды. Ал шын өсім бұл екі көрсеткіште мардымсыз болуы әбден ықтимал. Өйткені қымбаттаған теңге – тауардың өтімі, яғни сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеті кемиді. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер үлкен кері әсер етіп тұр. Дәлірек айтқанда олар, әсіресе, елдегі жарғылық қоры мол ірі үш банк шет елден жеңіл несиелер алып елге үлестіруін үдете түсуде. Бұл екі жақты зиянды. Біріншіден, Ұлттық Банк айналымдығы валюта мөлшерін азайту үшін оны сатып алуға мәжбүр болады. Демек, сақтық қордағы валюта мөлшері ұлғаяды, сол арқылы оның құнсыздануы өзінен-өзі жүріп, ұлттық қордағы номинальді қазына мөлшері теңгеге шаққанда азаяды. Демек, ұтыстан ұтылыс басым болып тұр. Мұндай жағдайда Ұлттық банк теңгені үстеп қоректендіру (рефинансирование) тәсілін қолдануы мүмкін. Жыл басынан бері бір рет бұл тәсіл жүзеге асырылды да. Оның пайдасы шамалы болды. Теңге бағамы өсе түсті. Сөйтіп, онсыз да қымбаттап бара жатқан (шет ел валюталарына қарағанда) теңгеміз ішкі рынокта құнсыздануын (инфляцияға ұшырауын) жалғастырады. Бұл дегенініз ең алдымен өткен жылдық мемлекеттік төлемдердің 30-100 пайыз деңгейінде өсуінің салдары. Сатармаңдар айналымдағы бос ақшаны өз қалтасына түсіруді ойлауы нарық заңдылығы. Ішкі рынок сұранысты тауарларға толмай тұр. Демек, инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2010 жылы шілдеде 0,9% құрады (2009 жылдың маусымында – 0,8%). Азық-түлік тауарларына баға 0,4%-ға , ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға қымбаттады.
2010 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының ішіндегі жұмыртқа – 4,6%, қант – 2,5%, көкөніс – 1,7%, май – 0,4%, балық және теңіз тағамдары – 0,2% төмендеді. Бағаның жоғарылауы күрішке – 0,9% және ет, ет тағамдарына – 0,2% байқалды.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде де бағаның жоғарылауы байқалды: жанармай – 6,5%-ға, сонымен қатар аяқ киім, киім-кешек, баспа жабдықтары, жеке гигиена тауарлары – 0,4%-ға.
Ақылы қызмет көрсетулер арасында да баға жоғарылады көлік қызметі – 2,0%, мәдениет және білім беру қызметтері – 0,6%, дәрігерлік қызмет көрсету – 0,5%. Тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсетулер – 0,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге, газбен қамтамасыз ету – 0,6%, қоқыс шығару – 3,4%, сумен қамтамасыз ету – 0,4%, электр энергиясы – 0,1%.
2009 жылдың басынан бастап тұтыну нарығында бағаның жоғарылауы 5,1% құрады (2010 жылдың қаңтар-шілде – 4,0%). Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет көрсету – 7,0% (4,0%) жоғарылады. /23, 2б./
2011 жылдың шілдедегі инфляция жылдық деңгей бойынша – 8,1% құрады (2010 жыл желтоқсанда – 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,8%-ға, ақылы қызмет көрсетулер – 11,1%-ға қымбаттады.
Сонымен
осы көрсеткіштерді талдай келе, инфляция
деңгейі соңғы жылдары біраз жоғары деңгейде
тұрғанын көруге болады, бірақ 2009 жылы
2011 жылғы инфляция деңгейіне қарағанда
төмендегені байқалады. Бірақ оны дәл
айту әлі ертерек, себебі жылдық қорытындылар
шыққан жоқ.
2.3 Қазақстандағы
инфляцияға қарсы саясаттың проблемалары
Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.
Инфляцияның үйлестірімді әсері. Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.
Баға деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін және табыс жіктелуін көре аламыз. Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?
Атаулы және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек. Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайыз түрінде алынған ақшаның саны. Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.
Егер
атаулы табысыңыз бағаның өсу
деңгейіне қарағанда тезірек
өссе, онда нақты табыс өседі. Және,
керісінше, егер баға өсу деңгейі атаулы
табыс деңгейіне қарағанда тезірек өссе,
онда нақты табыс азаяды. Біз нақты табыс
қалай өзгеретінен мына формуламен шығара
аламыз:
Нақты табыстың Атаулы табыстың баға деңгейінің
пайыздық
өзгеруі = пайыздық өсуі
пайыздық өзгеруі
Егер атаулы табыс 10% өссе, ал баға деңгейі 5% өссе, онда нақты табыс 5% өседі және керісінше, 5%-дай атаулы табыс болса, инфляция 10%, сонда нақты табыс 5% болады.
Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы және нақты табыс арасындағы айырмашылық бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты жіктейді.
Классикалық мысалға зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты зейнетақы атаулы табыс әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан адамның тауарларды мол сатып алуға мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып алу қабілеті жартысына дейін төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға болады.
Мүлік иелері. Инфляция мүлікті сақтаушыларға да үлкен зардап әкеледі. Баға өсуінен нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы, бір кісі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін 1000 доллар тығып қойды делік, сонда нақты баға құны жартысына дейін төмендейді. Бірақ, сақтау формаларының бәрі пайыздық табыс әкеледі. Егер инфляция пайыздық мөлшерлемеден жоғары болса, онда сақтап қойған тауардың құны төмендейді. Мысалы, А. отбасы 1000 доллар 6%-бен банкке салды дейік. Инфляция 13%-ға өсті. Жылдың соңында 1000 доллар құны 938 доллар болады. Сонда ақша салушы 1060 алады.(1000долл.+60долл. пайзбен) [35].
Информация о работе Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты