Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:06, дипломная работа
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.
Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шетел валютасын тартады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимiн енгiзедi және өзгертедi;
Қазақстан
Ұлттық Банкi валюталық реттеу
және валюталық бақылау
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi «банктердiң банкi» ретiнде ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi «банктердiң банкi» деп атайды.
Ұлттық банк «банктердiң банкi» қызметiн атқару үшiн:
1) коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
2) коммерциялық банктерге қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
4)
жалпы ұлттық ауқымда қолма-
5) банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.
Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық-несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi «Соңғы сатыдағы несие берушi» деп атайды [10].
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» Заңында былай жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi.
Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң экономикалық саясатының басты мiндетi елдегi макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау болады, бұл қолайлы сыртқы экономикалық факторлармен қатар экономикалық өсудiң жоғары қарқынын ұстап тұруға ықпал етедi. Инфляциялық процестердi реттеу шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi инфляцияның монетарлық та, монетарлық емес те жақтарына ықпал ету шараларын қабылдайды.
Инфляциялық
процестердi реттеу Қазақстан Республикасында
инфляциялық процестердi реттеу жөнiндегi
2009 - 2010 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына
сәйкес жалғасатын болады. Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң инфляцияға қарсы кешендi саясаты:
негiзiнен еңбек өнiмдiлiгiн арттыру есебiнен
елде экономикалық өсудi ынталандыруға;
халықтың нақты кiрiсiнiң өсуiмен салыстырғанда
еңбек өнiмдiлiгiнiң басып оза өсуiн ынталандыруға;
монополист-кәсiпорындардың өз тауарлары
мен қызметтерiне бағалардың өсуiнiң бекiтiлетiн
шектi мәндерiн сақтауына; елдiң iшкi нарықтарында,
атап айтқанда, мұнай өнiмдерi, астық, электр
энергиясы, көлiк және байланыс қызметтері
нарықтарында бәсекелестiктiң дамуын қамтамасыз
ететiн жағдайлар жасауға; мемлекеттік
бюджет тапшылығының белгiленген деңгейiн
сақтауға; инфляция бойынша белгiленген
өлшемдермен және экономиканың өсуiмен
сыйысымды ақшалай ұсыныс деңгейiн қамтамасыз
етуге бағытталатын болады.
Мұнай өнiмдерi, астық сияқты стратегиялық
маңызы бар тауарлар нарықтарындағы бағаларды
тұрақтандыру мақсатында оларды мiндеттi
түрде тауар биржалары арқылы сату тетiгi
енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi баға жөнiнде сөз байласудың жолын кесу, терiс пиғылды бәсекелестiктi, нарық субъектiлерiнiң өздерiнiң үстем жағдайын асыра пайдаланушылығын айқындау және оның жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда желiлерiн құруға жәрдемдесу, тауар нарықтарында сауда инфрақұрылымын және бәсекелi ортаны дамыту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тауарлары мен қызметтерiнiң бағалары өсуiнiң шектi мәнiн айқындайды [11].
Ақша-кредит саясаты шеңберiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Инфляция бойынша алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi 2009 жылы ақша-кредит саясатын жүргiзу, төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру, қаржы жүйесiнiң тұрақты жұмыс iстеуiне жәрдемдесу жөнiндегi мiндеттердi iске асыруды жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақшалай ұсыныс мөлшерiне банк жүйесiнiң өтiмдiлiгiн реттеу арқылы ықпал етудi ниет етiп отыр. Екiншi деңгейдегi банктердiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi депозиттерi қаржы нарығындағы кiрiстiлiктi реттеудiң, сондай-ақ банктердiң шамадан тыс өтiмдiлiгiн стерильдеудiң негiзгi құралдары болып қалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi оларды тарту көлемiне шек қоймайды, алайда олар бойынша ставкаларды реттейтiн болады.
Сақталып отырған жоғары инфляциялық қысым 2009 жылы басталған ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажеттiгiне әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-несие саясатының операциялары бойынша ықпал ету шараларын күшейтедi және өзiнiң негiзгi ставкаларының реттеушi рөлiн одан әрi жоғарылатуға ықпал ететiн болады. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеушi мүмкiндiктерiн күшейту үшiн оны тоқсан сайын қайта қарау практикасы жалғасады.
Ақша-кредит саясатының инфляциялық процестерге ықпал етуiн күшейту үшiн 2009 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-несие саясаты саясатының құралдары мен операциялық негiзiн одан әрi жетiлдiрумен айналысатын болады. Бұл шаралардың түпкi мақсаты тарту және орналастыру жөнiндегi ресми ставкалардың көмегiмен нарықтық ставкалардың ең көп және ең аз деңгейiн белгiлеу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нарықтық пайыздық ставкалар дәлiзiн бақылауы болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаржы нарығындағы қысқа мерзiмдi операциялар бойынша кiрiстіліктi реттеуi екiншi деңгейдегi банктердiң неғұрлым ұзақ мерзiмдi операциялар, оның iшiнде кредиттер бойынша ставкаларына ықпал етедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi "бiрыңғай ставка" саясатын жетiлдiрудi ниет етiп отыр. Қазiргi уақытта бiрыңғай ставка "дәлiзi" кең күйiнде қалып отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шаралары көрсетiлген дәлiз шектерiн жақындатуға және қайта қаржыландыру ставкасы мен депозиттiк ставкаларды өзара, оның iшiнде қайтарылуына Қазақстанның депозиттерге кепiлдiк беру қоры кепiлдiк беретiн жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттерi) бойынша шектi сыйақы ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру тетiгiн ескере отырып байланыстыруға бағытталатын болады.
Қысқа мерзiмдi ноталар шығару қысқа мерзiмдi құралдар бойынша «табыстылық ауытқымасы» деп аталатын кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Ноталар бойынша кiрiстiлiк аукционда айқындалады да, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi орналастырылатын ноталар көлемiн ғана белгiлейдi. Бұл ретте ноталарды орналастыру көлемi оларды өтеу көлемiнен аспайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi оларды өтеу мерзiмiне қарамастан, банктердiң барлық iшкi мiндеттемелерiн, сондай-ақ резидент емес банктер алдындағы мiндеттемелерiн банктердiң мiндеттемелерiне қосу жолымен ең аз резервтiк талаптарды есептеу тетiгiн одан әрi жетiлдiрудi жүргiзуге ниеттенiп отыр, осы мiндеттемелер бойынша олар ең аз резервтiк талаптардың нормативтерiн сақтауға тиiс.
Валюталық режимге қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi қандай да бiр белгiленген ұзақ мерзiмдi дәлiздi айқындамай, валюталық бағамды қалыптастыруға валюталық бағамның қысқа мерзiмдi және алыпсатарлық ауытқуларының салдарын азайту мақсатында ғана араласуды жүзеге асыра отырып, құбылмалы айырбас бағамы саясатын жүргiзудi жалғастырады.
Елдегi макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, экономиканың қаржы секторын тұрақты дамыту және банк жүйесiндегi бәсекелестiктi жоғарылату айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттердiң өсу қарқынының басып озуына және экономиканы монеталандыру деңгейiн арттыруға ықпал ететiн болады. Ґтiмдiлiктi шектеу жөнiнде көзделген шараларды ескере отырып, ақша агрегаттарының өсуi қазiргi экономикалық өсу қарқынының сақталуын қамтамасыз етедi[12].
Сақталып отырған жоғары өтiмдiлiк жағдайларында инфляцияны реттеу жөнiндегi мiндет Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң оны стерильдеудi жүргiзуге арналған шығыстарын ұлғайтады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару саласындағы бiрлескен iс-қимылды күшейтедi.
Қазақстандық капиталды шетелдiк нарықтарға неғұрлым белсендi экспансиялау мақсатында жеке сектордың инвестициялық шешiмдер қабылдауына мемлекеттiң әкiмшiлiк араласуы қысқартылады. Бұл ретте, қаржы ұйымдарының инвестициялық қызметiн реттеуге қатысты бұл шара қолданылмайды.
Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету саласында олардың тиiмдiлiгiн, сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын, оның iшiнде төлем құралдарының жаңа түрлерiн дамыту және қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру есебiнен арттыруға бағытталған тиiстi шаралар қабылданады. Төлем карточкаларына қызмет көрсететiн бiрыңғай ұлттық желi құру және сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында төлем карточкаларын қабылдау желiсiн кеңейту жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын, сондай-ақ ырықтандыруды қамтамасыз етуге және банк жүйесiндегі бәсекелестiктi жоғарылатуға, оның тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiмен тығыз үйлестiретiн болады.
Қаржы нарығын одан әрi дамыту Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес оның барлық сегменттерiн халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргiзiледi. Тұрақты және тиiмді жұмыс iстейтiн, экономиканың нақты секторының қажеттiлiгiн қанағаттандыратын қаржы жүйесiн қалыптастыру жалғасады.
Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкiнiң экономиканың
«қызып кетуiн» болдырмау және оның бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыру жөнiндегi саясаты:
мұнай мен газ өндiрудiң оңтайлы қарқынын
айқындауға; ақша агрегаттарының өсуiн
бақылауды күшейтуге, пайыздық ставкаларды
өзгерту арқылы ақша нарығына ықпал ету
тиiмдiлiгiн жоғарылатуға; екiншi деңгейдегi
банктердiң сыртқы қарыз алуының өсуiн
бақылауды күшейтуге; неғұрлым ұстамды,
мемлекеттiк бюджет шығыстарының номиналды
өсу қарқынының номиналды жалпы iшкi өнiмнiң
өсу қарқынынан асып түсуiн көздемейтiн
фискалдық саясат жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында
қаражат жинақтау саясатын жалғастыруға
және оның экономиканың теңгерiмдi дамуы
мен оның қызып кету қаупiн азайтуды қамтамасыз
ететiн макроэкономикалық реттеушi ретiндегi
рөлiн күшейтуге; валюталық шектеулердiң
бiртiндеп алынып тасталуына байланысты
валюталық режимдi және капитал ағыны
бойынша операцияларды басқа да әкiмшiлiк
сипаттағы бақылауды одан әрi ырықтандыруға
бағытталады.
Сыртқы қарыз алудың өсу себептерi мен ықтимал келеңсiз салдарларын кешендi бағалау және оны азайтуға ықпал ететiн шараларды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бірлесiп, елдiң сыртқы борышын басқару жүйесiн құру жөнiнде жұмыс жүргiзетiн болады. Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2009 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi валюталық режимдi ырықтандыру жөнiндегi жұмысты жалғастырады.
Валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру да қазақстандық капиталды шетелдiк нарықтарға неғұрлым белсендi экспансиялау үшiн жағдайлар жасау жолымен шамадан тыс өтiмдiлiк тарапынан болатын қысымды азайтуға ықпал етедi.
«Экономиканың қызып кетуiнiң» алдын алу жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi елге шетелдiк валютаның ағылуы жөнiндегi ахуалды қадағалайды және қажет болған жағдайда басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, туындайтын тәуекелдердi азайту жөнiнде шаралар қабылдау мүмкiндiгiн қарастырады.
Қаржы секторын одан әрi дамыту мақсатында бағалы қағаздар нарығын жетiлдiру жөнiндегi негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады. Атап айтқанда: инвестициялау үшiн бағалы қағаздарды шығару үшiн мүмкiндiктердi, оның iшiнде коммерциялық бағалы қағаздар, инфрақұрылымдық облигациялар шығару үшiн жағдайлар жасау жолымен кеңейту; ұжымдық инвестициялау нысандарын дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау; бағалы қағаздар нарығындағы институционалдық инфрақұрылымды және салық салу режимiн одан әрi жетiлдiру көзделiп отыр.
Информация о работе Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты