Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:06, дипломная работа
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады, мұнда ұйымдар арасында зейнетақы активтерi мен инвестициялық кiрiстердi қамтамасыз ету жөнiндегi жинақтаушы зейнетақы қорларын басқару жөнiндегi жауапкершiлiктi нақты ажырату, инвестициялар тәуекелдерiн хеджирлеу мақсатында зейнетақы активтерiн туынды құралдарға инвестициялау, жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектiлерiн қадағалауды дамыту әрi оның тиiмдiлiгiн арттыру және Халықаралық Зейнетақы реттеуiштерi Қауымдастығының жеке зейнетақы қорларын реттеу қағидаттарын енгiзу көзделедi. Сақтандыру рыногын дамытудың 2009 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын одан әрi iске асыру шеңберiнде сақтандырудың ұзақ мерзiмдi еркiн және жеке жинақтау түрлерiн дамытуды ынталандыру жолымен азаматтардың әлеуметтiк қорғалу деңгейiн арттыру, Сақтандыру жөнiндегi бiрыңғай статистикалық дерекқордың жұмыс iстеуi және оның қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, сақтандыру компанияларының қызметiн автоматтандыру, мiндеттi сақтандыру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, жаңа сақтандыру өнiмдерi мен технологияларын енгiзу, сақтандыру қызметтерiнiң сапасын жақсарту, қайта сақтандыруды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi жұмыс жүргiзiледi.
Республикалық бюджеттiң әлемдiк бағалар конъюнктурасына тәуелдiлiгiн азайту, экономиканы әртараптандыру және мұнайдан алынатын кiрiстi ұрпақтар арасында қайта бөлу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасында көзделген шаралар iске асырылады.
2009 жылғы 1 шiлдеден бастап Ұлттық қор жинақтарын қалыптастырудың жаңа тетiгi енгiзiледi, оған сәйкес мұнайдан түсетiн түсiмдер толығымен Ұлттық қорға жiберiлетiн болады. Республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыру Ұлттық қордан берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферт есебiнен жүзеге асырылады.
Қорытындылай
келе, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкi орталық банкi ретiнде басқа елдердiң
орталық банктерiмен және халықаралық
қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан
Республиканың мүддесiн қорғайды. Ұлттық
банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық
және есеп айырысу орталығы, норма шығару
және бақылау жүргiзу құқығына ие, «Банктердiң
банкi» рөлiн атқарады, сондай-ақ ақша-несие
және валюта саясаттарын жүргiзетiн бiрден
бiр ұйым.
1.3 Ұлттық банктің инфляцияны таргеттеу стратегиясы
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақгық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар [12].
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді.
Ұлттық банктің инфляцияның сратегиясы мыналар:
1) Мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
2) Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді.
3) Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді.
4) Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді.
5) Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағасын анықтау тәртібін белгілейді.
6) Cыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді.
7) Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады.
8) Ақша, несие, банктер ¥лттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк кұрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайыңдайды.
9) Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулыдары формасында жүзеге асырады. Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе баскарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі [14].
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралык және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар қеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша болмаған кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол ІІрезиденттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар қеңесі (директорат),ол Ұлттык банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат кұрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарында келесідей (2009 жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-қассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық банк ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Ұлттық Банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық Банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық Банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық Банктен несие ала алады.
Ұлттық Банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын-валюта резервтерден, басқа даматериалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық нысандары кездеседі:
мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк нысанында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам нысанында (Жапония, Бельгияда);
орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та-орталық банктердің, мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктерді қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық Банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері – 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік кұралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық Банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.
Ұлттық Банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардын, айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық Банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік сомада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық Банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басты міндеті ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сияқты, Ұлттық Банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекетгің ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;
ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық Банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
1) меншікті қаражат есебінен;
2) басқа банктерден тартылған және Ұлттық Банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
3) Қазақстан Республикасы төңірегінде тартылған қаражаттардан;
4) арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.
Қазақстан Ұлттық банкінің жоғары басқару органы басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:
1) мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
2) банк қызметіне катысы бар Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
3) Ұлттық Банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
4) банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
5) жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
6) банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
7) алтын-валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
8) Казақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
9) Қазақстан Ұлттық банкінің жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
10) Қазақстан Ұлттық банкінің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
11) Қазақстан Ұлттық банкінің туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалануы арқылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
12) банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;
13) еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықгау және бекіту;
ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;
14) директорлар кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
Информация о работе Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты