Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:06, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.

Файлы: 1 файл

ГОТОВАЯ ДИПЛОМКА.doc

— 750.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

       Дипломдық жұмыстың тақырыбының  өзектілігі. Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

     Ұлттық  валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң  қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру  және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде  ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995жылына арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.

     Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 2006ж. 30 наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан  Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының  орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң  жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен  мiндеттерi Қазақстан Республикасында  баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып  табылады.

     Дипломдық жұмыстың зерттеу  дәрежесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатын жөнiнде баспасөз беттерiнде көптеген ғылыми еңбектерде жарық көрдi. Белгiлi экономист ғалымдарымыз: Дониязова А.К., Мырзабеков Ш, Мақыш С., Көшербаевтардың жазған еңбектерiн терең талқылай отырып, ғылыми-сараптамалық тұжырымдамалар ұсынылады. Ұлттық банк  екінші деңгейлі банктерге несиелiк қызмет көрсету бағдарламаларын салыстыратын экономикалық көрсеткiштерi бар кестелер келтiрiлген.

     Осыған  қарамастан, Ұлттық банктердің несиелеу проблемалары біраз уақыт өткенімен  елімізде, қазіргі стандартқа сай, қандай жетістіктерге қол жеткендігі жайында, туындаған мәселелерді ашып көрсетулері туралы жазылған фундаменталды монографиялар жеткіліксіз деп айтуға болады.

     Дипломдық жұмыстың мақсаты –Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляциға қарсы саясаты және оның тиімділігі.

     Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық  жұмыста мынандай міндеттер орындалды:

  • Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының экономикалық негіздері;
  • Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін арттыру жолдары.

         Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету.

     Зерттеудің  пәні – Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін талдау және жетілдіру жолдары.

     Дипломдық жұмыстағы  зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.

     Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.

     Зерттеудің  ғылыми жаңашылдығы. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің инфляция деңгейін тұрақтандыру  проблемалары анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылған.

     Дипломдық жұмыстың тәжірибелік  негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.

     Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен  міндеттері, объектісі мен мәні, зеттеу әдістері қарастырылған.

     Бірінші тарауда  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің инфляцияға қарсы саясатының мәні мен маңызы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің инфляцияға қарсы саясатының негізгі әдістері.

     Екінші  тарауда Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін талдау және оның әдістерін талдау жасалған.

     Үшінші  тарауда  Ұлттық банктердің несиелендіру мен олардың шешу жолдары зерттелген. Ұлттық банктердің кезіңдегі негізгі проблемалары қарастырылған және жетілдіру жолдарына көп көңіл бөлінген.

     Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда  жинақталған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                      1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ    ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

1.1  Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің  инфляцияға қарсы саясатының  мәні мен мағынасы

     1987 жылғы реформа қарсаңында бұрынғы  КСРО-да КСРО мемлекеттік банкінен, КСРО құрылыс банкінен және  КСРО сыртқы сауда банкінен  құралған орталықтандырылған банк жүйесі болды. Бұлар үш монополист банк, ірі конгломераттар еді.

      КСРО  Мембанкі елдің бас банкі, кредит жүйесінің методологиялық орталығы болды. Ол есеп айырысуларды, пайыздық саясат қағидаттарын, кредиттік жоспарлауды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу талаптарын бақылады.

      Мембанкке эмиссиялық функцияларды, кредиттік  және есеп айырысу бойынша қызмет көрсету мәселелерінің бекітілуі  оны мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырды.

      КСРО  Құрылыс банкі КСРО Мембанкінің кредит саясаты, халық шаруашылығына күрделі салымдарды қаржыландыру жөніндегі  шешімдерін орындады.

      КСРО  Сыртқы сауда банкі экспорт-импорт операциялары бойынша  есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етті, сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарды кредиттеді.

      Әкімшілік-әміршілдік жүйе жағдайында экономиканы басқару, кредиттік қарым-қатынастар жоспарлау-басқару  сипатында жүргізілді.

      КСРО  Мембанкінің билігінде кредиттік  ресурстарға арналған шектелмеген монополия болды.

      КПСС  ОК-нің және КСРО Министрлер Кеңесінің  «Елдегі банктер жүйесін жетілдіру  және олардың экономиканың тиімділігін  арттыруға ықпалдары туралы» 1987 жылғы 17 шілдедегі № 821 қаулысымен үкімет бірінші кезеңде басқарудың банктік  құрылымын жетілдіруге, банк жұмысының мазмұны мен әдістерін өзгертуге, банктердің рөлін арттыруға тырысты.

      Нәтижесінде арнайы банктер құрылды: КСРО Сыртэкономбанкі, КСРО Өнеркәсіпқұрылысбанкі, КСРО Агроөнеркәсіпбанкі, Тұрғын-үй әлеуметтік банкі және КСРО Жинақ банкі. Мұндай банктер одақтас республикалардың барлығында, оның ішінде Қазақстанда да құрылды.

      Банктердің  жаңа жүйесі келісілмеген нормативтік  құжаттар шығаруды, бөлімшелер үшін шамадан  тыс жүктеме,  басқару аппаратының  өсуін тудырды.  Бұл банк реформасының екінші кезеңі деп аталған теріс жақтарын жою жөнінде қосымша шаралар  қабылдауды талап етті[1].

      Банк  жүйесін бұдан әрі жетілдіру  экономиканы нарықтық басқару үлгісіне көшірумен тұспа-тұс келді. Осыны  есепке ала отырып, банк жүйесі де қайта  құрылды. Банктердің қызметін реттейтін заңдар шығарылды. Екі деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Бірінші деңгейде – Ұлттық Банк, ал екіншіде – қалған барлық банктер.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады  – «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.

      «Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі туралы»  Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР  Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі болып қайта аталды.

      Осы заңда:

«Қазақстан  Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары деңгейiн бiлдiредi.» деп атап көрсетіледі.

      1993 жылғы 14 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Заң қабылданды.

      Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес  тарихта тұңғыш рет дербес банк жүйесі құрылды. Заңда Ұлттық Банктің  басқарушы және атқарушы билік органдарынан  тәуелсіздігіне, оның Жоғарғы Кеңеске  және Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп беретініне баса назар аударылды.

      Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңы қолданыста. Өз егемендiгiн  алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда  банк жүйесi болған жоқ.  Елде КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.  Сол себептен Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы қазан төнкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО-ның банк жүйесiмен тығыз байланысты. Осыған орай біз елiмiздiң банктiк жүйесi туралы өз егемендiгiн алған 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп жатқан реформаларға тоқталғымыз келедi.

     Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор.

       Несие жүйесінің негізгі буыны –  банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді [1].

      Банк  деген ұғым не, ол қалай пайда  болды деген сұраққа жауап  іздестірейік. «Банк» деген ұғымы  италиян сөзі «bank» – орындық, «айырбас орындығы – айырбас орны» дегенді білдіреді.

Информация о работе Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты