Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:06, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.

Файлы: 1 файл

ГОТОВАЯ ДИПЛОМКА.doc

— 750.50 Кб (Скачать)

     15) бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау.

      Ұлттық  Банктің Басқармасы тоғыз адамнан  тұрады.

Басқармасының құрамына:

     1) Қазақстан Ұлттық банкінің Төрағасы және бес лауазымды тұлғалары;

     2) Қазақстан Республикасы Президентінен бір өкіл;

     3) Қазақстан Республикасы Үкіметінен екі өкіл кіреді.

      Ұлттық  Банктің оперативтік басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық Банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

      Ұлттық  Банк тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

Парламенттің  келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Ұлттық банкінің Төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады. Қазақстан Ұлттық банкінің Төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады. Қазақстан Ұлттық банкінің жылдық есебін Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді. Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді.

Қазақстан Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасы Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруын, ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін Қазақстан Ұлттық банкінің бекіткен құзыреттері шегінде ғана жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің функционалдық құрылымына департаменттермен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 

2.1 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін талдау 

      Инфляция – ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі. Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады. «Inflatio» (инфляция) – ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша inflatio – «іштің қампиюы, ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған – американ экономисі А.Делмар. Ол 1864 ж. Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз  ақшалар («гринбаксы» – green backs: «зеленые спинки») шығарғанын санап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А.Делмар «inflatio» («вздутие бумажного пузыря») деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданылып, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.

      Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

      Қоғамдық  өндіріс  құрылымы қаржы  баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де  сәйкессіздіктер пайда болады.

        Қеңес экономикасының  70 – ші  жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық  өндірістегі  диспропорциялар  әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз   ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында  тарихи  түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция т.б.

      Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде  бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты  түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10 -15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

      Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат пен энергия  өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін  алынған несие  көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 2009-2010 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 55% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда инфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік  шаруашылықпен  азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.

      Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы  инфляцияның дамуы – мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты мына сурет арқылы коруге болады.

      

Ескертпе:автормен құрастырылған[30] 

      Сурет 1.  - мемлекеттік бюджет тапшылығы 

        Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталынып тұрды:   бюджеттің  шығыс  бөлігінде 20,4 %, 2007 – 8,6 %,  2008 – 11,9 %,2009 – 10,2 %, 2010 – 17,4%, 2011 – 15,4 %,  құрады. 2008 жылы  республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама факторы болып табылады, өйткені ол  шығындардың инфляциясынан және осыған  байланысты  мемелкет  кірістерінің  құнсыздануынан туады.  

      Кесте 1  - Кірістерді болжамдау процесінде ескерілетін жағдайлар  

      Кірістер  мониторингі:

1.болжамды  нақты түсімдермен     салыстыру

2.болжамды  анықтау

Мәліметтерді   жаңарту:

1.салық  түрлері мен төлемдердің ай бойы түсімдері

2.аймақтар  дамуының көрсеткіштері

   Заңнамалық  база мен экономикалық ахуалды талдау:

1.аймақтар  бойынша экономикалық ахуал

2.заңнамалардың  өзгерістері 

      
      Кірістер болжамы:

1.болжамды  қалыптастыруға қажетті көрсеткіштер

2.есептемелер


 

      Ескертпе:автормен құрастырылған[30] 

        Бюджет кірістерін жоспарлауда бюджеттік көрсеткіштерінің регрессия сызығы бойынша өзгерістер заңдылығын әшкерелеу мақсатта корреляциялық модельдер пайдалануы мүмкін. Мұнда бюджеттік көрсеткіштерді бюджет қалыптастыруға әсер ететін бірнеше факторлардың өзгеруіне байланысты қаралады. Бюджет кірістерінің әр түрлі факторлар өзгерістерінен функционалды байланыстылығын пайдалану сол кірістердің және жалпы шығындар көлемдерін анықтауға мүмкіншілік беретін экономика – математикалық модель құруға болады.

      Қоғамдық өнімнің құндық және табиғи-заттай құрылымы арасындағы сәйкессіздік себептері туралы аз еңбек жазылған жоқ. Экономистердің пікірлері бойынша Ресей экономикасының макроэкономикалық құрылымы (сол сияқты Қазақстанның экономикасы да) ашық түрде инфляцияға бейімделген болатын. Бұған сол кездегі ауыр өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда аса зор дамуы, өндіруші өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес салмағының көп артықшылығы, тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны халыққа жеткізуден үнемі алда болуы, жалпы инфрақұрылымдардың барлық түрлерінің даму деңгейінің аса төмен болуы дәлел болады [33].

     Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкіметтің қосымша ақша эмиссиясын жүргізуі. Бюджет тапшылығының негізгі себептері: мемлекеттік шығындардың тиімсіздігі, қоғамдық өндіріс салаларының арасындағы құрылымдық және сандық үйлесімсіздік, нарық шаруашылығындағы басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шектен тыс ақша эмиссиясы және халықтың ақшалай табыстарын индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем қабілетінің ұлғаюына, соған орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің бағасының өсуіне келеді бұл диаграмма арқылы көре аласыз . 

Ескертпе:автормен құрастырылған[30] 

      Сурет 2.  - Мемлекеттік бюджеттің тапшылығының көрсеткіштері 

     Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артуына байланысты емес, керісінше қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың үкіметке өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы. Бір жағынан алып қарағанда жалпы адам мүддесіне бағытталған өте қажетті әділ шаралардың өзі, мысалы, трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру (зейнетақылар, жәрдемақылар, дотациялар және т.б.) сияқты шаралар сұраныс инфляциясының өсуіне әкеліп соғады.

     Мемлекеттік шығыстардың (әскери, әлеуметтік, т.б.) өсуі. Кейбір өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасы көбінесе әскери-өнеркәсіп кешенін (ӘӨК) қаржыландыруға бағдарланған. Бұл экономика секторының өнімдері дәстүрлі өндіріс пен тұтынушылар сұраныстарының нысандарына жатпайды. Бірақ әскери тапсырыстарды орындауға (еңбекақы түрінде) кететін ақшалар тұтынушылар нарығында тауармен қамтамасыз етілмеген сұраныстарды арттырады. Одан басқа әскери шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын өзгертеді және инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік борыш пен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын арттыруға әкеледі. Мысалға, мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген ұлттық табыстың бір бөлігі орынсыз жұмсалады. Әлеуметтік тапсырыстарды орындауға байланысты мемлекеттік шығыстар: дотациялаудың, жеңілдіктердің алуан түрлері, әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің артуы нәтижесінде тұтынушылық сұраныстар өседі. [30]

      Сұраныс инфляциясының басқа да себептері болуы мүмкін. Ол әр елдің экономикасының дамуына байланысты. Қазақстанда қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен өндірістік бірлестіктердің сыртқы қарыздарды көп алуы, екінші деңгейдегі банкілердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі (бұл айналымға қосымша ақша шығарумен бірдей) сияқты себептер. Бұл экономиканың біржақты, шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әртараптандырып қана келтірілген сұраныс инфляциясының себептерін жоюға болады.

     Шығын инфляциясы. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемінің (единица продукции) қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді. Шығын инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты, өз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда болып өткен дағдарыс жылдары инфляцияның бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға болады:

     1) Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп, еңбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу. Еңбекақыны ұлғайту өз кезегінде кәсіпкерлердің шығындарын жоғарылатады, өнімін қымбаттатады. Ал өнімнің қымбаттылығы өндірісті әрі қарай дамытып, оны ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде жалпы ұсыныс (тауарға, қызметтерге) қысқара бастайды, ал сұраныс сол қалпында қалады немесе өседі. Сондықтан өндірістен түсетін таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің бағасын өсіреді. Айтылған процестер ақыр аяғында «инфляциялық спиральдің» пайда болуына әкеледі («инфляциялық спираль» теориясы бойынша): бағаның өсуі еңбекақыны ұлғайтуды талап етеді, ал еңбекақының өсуі өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді.

     2) Шығын инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады: а) бюджет, салық салу, ақша-кредит саясатындағы заңдар базасының кемшіліктері, олардың жетілдірілмеуі:

       - экономиканы реттеуге әкімшіліктің араласуы;

          - құқықтық нормалардың жиі өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп жақтылығы, кәсіпкерлікке шектеулер қою, олардың заңдық күштері мерзімдерінің үнемі өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы теріс факторлар. Айтылған себептер бағаның тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюіне әкеліп соғады.

     3) Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының көзі болып отырғандар энергия ресурстарының бағасының әлемдік баға нарығында өсуі, кейбір тауар нарығында монополист компаниялардың және делдал фирмалардың болуы, тұтынушылық тауарлардың ішінде импорттық тауарлардың үлесінің басымдылығы. [30]

      Инфляция толық ауқымды қарқынмен дамып отырған жағдайда, әдетте жоғарыда көрсетілген инфляцияның екі типі де өзара шиеленісіп, бірін-бірі күшейтіп, байланысып кездесіп отырады. Осылайша ақша массасының шектен тыс көбеюі экономикада жоғары сұраныстар тудырады, ал осыған жауап ретінде тауарлар мен қызметтер нарығында баға өседі. Сұраныс инфляциясынан болған өндіріс шығынының өсуі экономиканың теңгерілмеген дамуын күшейтеді, ақша массасына қосымша сұраныс туғызып, нәтижесінде инфляцияның одан әрі тереңдеуіне алып келеді.

Информация о работе Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты