Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:06, дипломная работа
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.
Сұраныс және шығын инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына (саяси, әлеуметтік және т.б.) байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық береді: баяу, қарқынды және ұшқыр (гиперинфляция).
Баяу инфляция. Оған тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8-10%-ға дейінгі инфляция жатады. Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған елдердің көбіне тән. Баяу инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан экономиканың дамуына игі әсерін тигізеді деп есептеледі. Экономикадағы артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады, қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызады және банкілердің кредиттік пайыздық ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция төменгі деңгейге жеткенде (1-%-дан төмен) экономикада ақша тапшылығы туады, шаруашылықтың даму қарқыны бәсеңдейді және ондағы тиісті құрылымдық өзгерістер тоқтайды. Сондықтан көптеген дамыған елдерде (Англия, Канада, Швеция, ЕВС, Жаңа Зеландия) баяу инфляцияның деңгейін 1-2,5%-дан төмен түсірмейді. [33]
Қарқынды инфляция. Бұл жағдайда бағаның орташа жылдық өсу қарқыны 10-нан 100%-ға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап, бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде ұстап, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда-саттық келісімшарттары бағамы сенімді шетел валюталарымен жүргізіледі немесе тауардың бағасында болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі. [34]
Ұшқыр инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның (гиперинфляцияның) критерийі әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде гиперинфляция деп бағаның жылына 1000%-дан аса жоғарылауын айтады. Ал экономикасы тұрақсыз, даму үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның басталу деңгейі бұдан да жоғары. Мысалға Ресейде 1992 жылы инфляция қарқыны бір жылда 1353%-ға жетті, бірақ ресми түрде гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер гиперинфляцияға жылына бағаның 1000% өскенін қабылдайды. ХВҚ (МВФ) айына бағаның өсу қарқыны 50%-дан асса, гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция қарқынын жылға есептегенде 13000%-ды құрайды. Егер гиперинфляция қарқыны есепке алып отырған айдан бастап алдағы 12 айда 50%-дан аспаса, онда бұл инфляцияның ұшқырлығы жойылды, қарқыны инфляцияның төменгі сатыларына түсті деп есептеледі.
Гиперинляция – экономикадағы терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның құнсыздануы сонша тез болатындығынан, бағалар күн сайын ғана емес, кейде тіпті күніне бірнеше рет қайта есептелуі мүмкін. Гиперинфляция өндірісті баяулатады (тоқтатуы да мүмкін), банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады. Экономикада үрей тудыратын ахуал қалыптасады, ал сауда-саттықта бірінші орынға «бартер» айырбасы, есеп айырысу жұмыстарында бағамы тұрақты шетел валютасы негізгі ақшаға айналады (доллар немесе басқа сенімді валюта).
Бүгінгі жағдайда инфляция негізінен көп факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері күрделі шиеленіс үстінде болып, шешуші фактор ретінде алға біреуі немесе бірнешеуі алмасып шығып отырады. Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формалары бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері қалыптасқан: ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан әкелінген (импортталған), күтілетін (ожидаемая), баға біркелкі өсетін (сбалансированная) және біркелкі өспейтін (несбалансированная), стагфляциялық. Инфляцияның аталған айқындалу формаларын қарастырайық. [35]
Ашық инфляция жинақталған ұсыныс пен жинақталған сұраныс арасындағы теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы деңгейінің өсуімен айқындалатын инфляция. Бағаның өсу қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу, қарқынды немесе ұшқыр инфляцияға айналуы мүмкін.
Тұқыртылған (байланған) инфляция баяу немесе қарқынды инфляция формаларымен айқындалады. Нарық экономикасы жағдайында үкімет инфляцияны теңгеру үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту, еңбекақыны және басқа төлемдерді уақытынан кешіктіру, бюджеттік ұйымдарды қаржыландыруды шектеу сияқты шаралар жүргізеді. Бұл жағдайда айтып отырған инфляция үлкен төлемдік борыштармен, шаруашылық жүргізу барысында «бартердің» кең дамуын, өндірістің құлдырауымен сипатталады. Орталықтандырылған экономикада тұқыртылған инфляция тауар тапшылығымен, қажетті тауарларға бағаның өсуімен, алып-сатар нарықтардың пайда болуымен айқындалады. Осының бәрі ақшаның құнсыздануына, тұқыртылған инфляцияның дамуына әкеледі.
Сырттан әкелінген (импортпен келетін) инфляция елдегі шектен тыс тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына байланысты. Жергілікті тауарлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарылатады да, импортталған тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық тауарларды «шоп-туристер» де әкеледі. Бұл да ішкі нарықтағы тауарлардың бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Шетел валютасының экономикаға көп құйылуы ақша айналымын долларға түсіріп, оны тұрақсыздандырып бағаның өсуіне әкеледі. Банкілер мен айырбас орындарынан сатып алынатын шетелдік валюта тауарлардың және көрсетілетін қызметтер бағасының сомасын арттырады. Ал оның ақшалай (теңгемен) баламасы ішкі нарықта сұраныс инфляциясын күшейтеді.
Күтілетін инфляция (инфляция ожидания) – болашақ шығындардың өсуін (бағасының) күту нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын өсіріп сату. Күтілетін инфляция тауар өндірушілерге болашақта сатып алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы құралдардың өсім бағасын ағымдағы сатылатын тауар мен қызметтердің бағасына қосып сатуға мәжбүр етеді. Осылай болашақта бағаның өсуін күту (тосу) тауардың, қызметтердің ағымдағы инфляциясының көзі болуы мүмкін (әсіресе қарқынды және гиперинфляция жағдайларында). Бұл инфляцияға негізінен адам баласына тән психологиялық фактор әсер етеді.
Стагфляция. Стагфляцияда тауарлар мен қызмет бағаларының жалпы деңгейінің жоғарылауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарама-қарсы бағытта өзгереді. Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіріледі. Осыған қатысты мынадай пікірлер бар:
Экономиканың құрылымдық жағынан жетілмеуі. Экономикада нарық механизмін жақсы жолға қою үшін нарықтық тепе-теңдік сақталуы қажет деп есептеледі. Бәсекелестік (құрылымдық даму) қажетті деңгейде болмағандықтан жоғарылаған тауарлар бағасы белгіленеді, осының нәтижесінде өндіріс көлемі төмендейді.
Фирмалардың монополизмі және олардың нарықтық үстінен қарауы. Нарықта сатылатын тауарлар мен қызметтердің көлемі олардың бағасы төмендегенде көбейетіндігі белгілі. Бірақ көбінесе монополистер пайда табу үшін тауарларды аз шығарып, қымбат сатуды қалайды. Бұл өндіріс көлемі төмендеп, тауарлардың бағасының жоғарылауына әкеледі.
Тауар
өндірушілердің болашақта инфляцияның
әсерінен табыс азаятындықтан бағаны
өсіріп, өндіріс көлемін төмендетуі. Бұл
саясат стагфляцияға алып келеді.
2.2 Инфляцияға
қарсы саясатты әлемдік экономикада айқындау
әдістерін талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2009 қазандағы берген мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:
Қазақстан
Республикасының Статистика жөніндегі
агенттігінің ресми деректері бойынша
инфляцияның ең жоғарғы деңгейі
2011 жылдың қаңтар-тамыз айларында
орын алды, яғни 19.4 % құрады. Бұл
соңғы жылдарда белгіленген ең
жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе
азық түлікке деген баға өте жоғары деңгейде
болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%.
Ескертпе:автормен
құрастырылған[35]
Сурет 2.
- 2011 және 2012 жж. қаңтардағы инфляция және
оның құрамдас бөліктері
2011 жылдың қараша айында 2012 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%, жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі –5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы – 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%, жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады.
2011
жылдың қараша айында қатты отын 4.7%,
нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және
тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1%
, киім және аяқ киім – 15, жеке гигиена
тауарлары 0.9% ға көтерілді. Ал бензин
бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген
болатын.
Сурет 3.
- 2010 және 2011 жж. қаңтар-қазандағы инфляция
және оның құрамдас бөліктері
Ақылы қызмет көрсетудің ішінде
білім беру мекемелерінің қызмет
көрсету құны – 0.9% - ға, медицина
мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% ,
мәдени қызметтер - 0.8%,
тұрғын үй – коммуналдық
қызмет
көрсету және
жолаушылар көлігінің қызметі 0.3% -
ға қымбаттады.
Сонымен 2010 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі талдау көрінісінде (резервтік активтердің өзгеруіне байланысты операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың осындай көрсеткішінен екі еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2011 жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға тікелей инвестициялварының да өсуі тән болды. 2010 жылдың 1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі.
2010 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.
2010 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне сыртқы борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.
Тұтастай алғанда, 2009 жылы тамызда шілде айына қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты.
Тұтыну бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді.
2010 жылы инфляция динамикасына тән ерекшеліктердің ішінде барлық тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың 2010 жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.
2010
жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-несие
саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның
көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулысына сәйкес базалық инфляцияның
есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі
және оны Қазақстан Республикасының Статистика
жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық
инфляция есебінің бірінші әдістемесіне
сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ)
көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға
және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші
әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең
жоғары өсуін көрсеткен компонентті және
бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен
5 компонентті алып тастау көзделеді.
Кесте 2- Ақша –несие саясатының алдағы болжамдар
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | |
Инфляция, % | 7,4 | 6,0-8,0 | 6,0-8,0 | 6,0-8,0 |
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, % | 7,5 | 6,0-8,0 | 6,0-8,0 | 6,0-8,0 |
Ақша базасы, млрд. теңге | 2 836 | 2 970 | 3 143 | 3 362 |
Ақша массасы, млрд. теңге | 9 751 | 9 821 | 10 356 | 11 049 |
Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге | 8 385 | 8 502 | 8 964 | 9 561 |
Экономикадағы кредиттер, млрд. теңге | 8 781 | 7 873 | 8 283 | 8 731 |
Экономиканы монеталандыру деңгейі, % | 35,7 | 39,5 | 39,4 | 39,3 |
Ескертпе :автормен құрастырылған [35 ] |
Информация о работе Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты