Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................... 5-6
1 Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы................. 7-23
2 Ақшаның қызметтері және оның қажеттілігі мен
экономикалық маңызы........................................................................... 24-38
3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі
жағдайы және оны жетілдіру................................................................. 39-41
Қорытынды................................................................................................... 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы.doc

— 637.00 Кб (Скачать)
 
 

 

     Халықтың ақшалай  табысы 

    2005 жылғы қыркүйекте халықтың орта  есеппен жан басына шаққандағы  атаулы ақшалай табысы (бағалау бойынша) 16430 теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 24,9%-ға жоғары. Нақты ақшалай табыс осы кезең ішінде 15,8%-ға өсті. 

    2005 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасы халқының атаулы және нақты ақшалай табыстарын бағалау

  Жан басына шаққанда орташа, теңге Анықтамалық 2004 жыл 2004 жылғы тиісті кезеңге, айға пайызбен
  атаулы нақты
  қаңтар-қыркүйек соның ішінде қыркүйек қаңтар-қыркүйек соның ішінде қыркүйек қаңтар-қыркүйек соның ішінде қыркүйек қаңтар-қыркүйек соның ішінде қыркүйек
Қазақстан Республикасы 131329 16 430 111457 13151 117,8 124,9 109,6 115,8
Ақмола                            97903 13 358 82949 10317 118,0 129,5 109,4 120,6
Ақтөбе 136672 17 501 119696 14262 114,2 122,7 106,3 113,5
Алматы 82445 10 800 71679 8423 115,0 128,2 107,5 119,0
Атырау 319122 38 614 264972 30367 120,4 127,2 113,1 118,6
Шығыс Қазақстан 116756 14 941 104216 12089 112,0 123,6 103,2 113,8
Жамбыл 70380 8 708 61366 6812 114,7 127,8 106,8 119,2
Батыс Қазақстан 146842 18 650 135159 15470 108,6 120,6 102,2 112,5
Қарағанды 139761 17 265 123520 14217 113,1 121,4 104,8 112,3
Қостанай 104297 13 640 91511 10973 114,0 124,3 106,5 115,1
Қызылорда 99925 12 963 83363 9995 119,9 129,7 111,6 120,2
Маңғыстау 293058 36 308 251556 29171 116,5 124,5 109,6 116,5
Павлодар 136154 16 929 119903 14059 113,6 120,4 105,5 111,7
Солтүстік Қазақстан 103056 13 567 88527 10756 116,4 126,1 108,1 116,6
Оңтүстік  Қазақстан 65659 8 394 56892 6561 115,4 127,9 108,4 119,2
Астана  қаласы 271580 32 955 223028 25838 121,8 127,5 114,1 118,2
Алматы  қаласы 253149 30 754 208005 24692 121,7 124,6 111,9 114,1
 

    Еңбекке ақы төлеу

    2005 жылдың қыркүйегінде бір қызметкердің  орташа айлық атаулы жалақысы 35367 теңгені құрап, өткен жылдың  тиісті кезеңімен салыстырғанда  24,4%-ға өсті, нақты көрінісінде  - 15,3%, қаңтар-қыркүйекте - тиісінше, 32013 теңге, 17,5%-ға және 9,3%-ға өсті.

 

     3 Қазақстан Республикасындағы ақша айналымының қазіргі жағдайы және оны жетілдіру. 

    Жуықта  ҚР Ұлттық банк басшылығы ұлттық валютаның  жаңа түрін жасағанын жария етіп, теңгенің жаңа нұсқасын ақпарат құралдары  арқылы көрсетті. Теңгедегі халқымыздың мақтаныш ететін ұлыларының суреттерінің орнына Қазақстанның картасы, қолдың алақан бөлігі, жаңадан салынған ғимараттар мен құрылыстар бейнеленген. Сонымен қатар, ақша банкнотының екінші жағына теңге номиналдарының атаулары орыс тілінде жазылған. валюта өзгертудің астарында қалай да терең саясат жатады. Объектвиті түрде күбілер мен шұлықтардағы бос ақшаны айналымға шығарудың, сөйтіп инфляцияны шамалы болса да кідіртудің амалы, бәлкім, көптен сөз болып жүрген ортақ ТМД валютасына бір қадам жасау болуы да ықтимал. Оны уақыт көрсетер. Бірақ қалай болғанда да бұл мәселеде құпия болмауы тиіс.

    Осыған  орай тұңғыш Ұлттық валютамыз –  теңгені жасаушы авторлардың  бірі, Қазақстан Дизайнерлер орталығының  Бас директоры, «Алаш» тарихи-зерттеу  орталығының президенті, Әлеуметтік Ғылымдар академиясының Құрметті академигі Хайролла Мағауияұлы Ғабжәлеловпен болған сұхбатты жариялап отырмыз. 

    - Хайролла Мағауияұлы, Сіз тұңғыш Ұлттық валютамыз - теңгені жасаушылардың бірі ретінде тұңғыш теңгеге еліміздің жұртшылығы қалай қарағанын, ендігі ақшамыздың жаңа нұсқасын қалай қарсы алатынын салыстыра болжап айта аласыз ба?

    - Бұған болжау жасаудың қажеті  шамалы. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Ресей рублі жетіспегені, Мәскеуге күніміз түсіп зарыққанымыз жұрттың есінде болар. Ал теңгенің жасалғаны туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет теледидар арқылы жария еткенде, соңынан әл-Фарабидің, Абайдың, Абылай ханның және өзге қасиет тұтатын ұлыларымыздың бейнелері салынған ақшаны алғаш қолына ұстағанда қуаныштан көздеріне жас алған адамдарды өздеріңіз де жиі көрген  боларсыздар. Тұңғыш теңгеміз 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілсе, халқымыздың бұл күнді тарихи мейрам ретінде атап өтіп жүргенін ескеріп 1997 жылы Елбасымыз арнайы Жарлық шығарып, 15 қарашаны Теңге күні деп жариялады.

    Ал  енді теңгенің жаңа нұсқасында бұрынғыдан қандай белгілер қалды? Жұрт қуанарлық белгі жоқ. Сондай-ақ аса зор саяси қателік - тәуелсіздік алғалы он бес жылға аяқ басқанда, мемлекетіміз саяси, тіпті Ресейге қарағанда экономикалық жағынан нығайған кезеңде Ұлттық валютамыздың екінші бетіндегі жазудың орысша жазылуы жұртшылықтың ренішін күшейте түскенін сезініп отырмын. Ал біз тұңғыш валютаны – теңгені Англияда "Харрисон және оның ұлдары" атты фирмасында басып шығаруға әзірлеген кезімізде банкноттың екінші жағына орыс тілінде жазу жөнінде ұсыныс жасалған болатын. Әрине, оның жөні бөлектеу ғой. Ол кезде шекарамыз белгіленбеген, Қарулы күштеріміз бен ішкі әскери күш – қорғанысымыз қалыптаспаған, экономикамызда өтпелі кезеңге тән берекесіздік асқынып, ел халқының 60 пайызға жуығы орыстар мен орыс тілділер болып, тәуелсіздігіміздің өзі ілдәлдалап Ресейдің ықпалынан шыға алмай тұрған кезеңде ақшаны орыс тілінде жазу туралы ұсынысқа негіз бар еді. Сонда банкнотқа мемлекеттік тілімізбен қатар, орыс тілінде жазылу қажет деген ұсынысты естігенде ағылшындар "Сендер шыныменен тәуелсіздік алып, бодандықтан құтылғандарыңызға сенімсіздік танытып отырсыздар ма? Әлде тәуелсіздіктеріңіз жалған болғаны ма?" дегендей сауалдар қойып, әлемде ешбір мемлекет Ұлттық валютасына мемлекеттік тілден өзге тілді жазып көрмегенін түсіндірген еді. Теңгеміз тек қазақ тілінде жазылып шыққанының дұрыстығын уақыттың өзі толық дәлелдеп келе жатқан жоқ па. Ал енді теңгеге номиналдарды орыс тілінде жазу деген қандай қисынға келетінін өз басым ұғына алар емеспін. Күніміз түсетін алпауыт елдердің тілдерін жаза беретін болсақ теңгеге сандарды ағылшын, қытай, араб, парсы тілдерінде тізіп енгізе беру керек пе еді. Кешегі Кеңес Одағы кезіндегідей Қазақстанда ұлттық автономия, ұлттық құрылымдар жоқ. Еліміз құрама емес, унитарлық бір ұлттың - қазақ ұлтының мемлекеті емес пе.

    - Теңгеге орыс тілінде жазу  өрескел қателік екенін кім  де болсын айқын ұғына алса  керек. Ал теңгеден ұлыларымыздың бейнелерін алып тастауды қалай түсінуге болады?

    - Мұны мен әрі саяси, әрі экономикалық қателік деп түсінемін. Теңгеде ұлыларымыздың суреттері болуының өзі танымдық тұрғыдан қандай зор маңызы болатынын Ұлттық валюта алғаш шыққан кезеңде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев та жан-жақты түсіндіріп айтқан болатын. Сондай-ақ саясаткерлеріміз де, қайраткерлеріміз де мұны мақтана айтумен келеді емес пе. Соның себебін бір сөзбен түйіндеп айтсам, соңғы ғасырларда Қазақстан деген дербес ел, дербес мемлекет болған жоқ қой. Дүниежүзінде тіпті, қазақ ұлты бар дегенді естіп көрмеген елдер де баршылық болып келді. Тәуелсіздік алған соң мемлекетімізді құрайтын төл халық – қазақтар туралы, олардың тарихы мен адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы теңге арқылы да мағлұмат беріп келе жатқаны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Теңгеде ұлыларымыздың бейнелері болуы теңге авторларының және оған ұсыныс берушілердің оңтайлы, ерекше жолды таба білген тапқырлығы деуге болады. Бұған Сауық Тәкежанов, Ерік Асанбаев және өзге де көптеген қайраткерлердің қосқан үлесі аз емес. Солардың тарапынан теңгенің алғашқы нұсқалары жасалған кезеңде көптеген ұсыныстар болды. Мәселен, 10 теңгелік банкнотта Әбілхайырдың, 50 теңгелік банкнотта тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті салынған еді. Мұны Нұрсұлтан Әбішұлына көрсетуге алып барғанда, Елбасымыз өзінің суретін ақшаға салуға дереу үзілді-кесілді қарсы болды. Артынан бұл мәселені зерделегенімізде Африканың кейбір мемлекеттерінде ғана мемлекеттің көзі тірі басшыларының, бейнелері салынады екен. Жалпы дүниежүзінде кейбір елде көзі тірі мемлекет басшыларының банкнотқа суреттері басылмайтын көрінеді. Елбасымыз қарсы болғаннан кейін 10 теңгелік банкнотқа Шоқанның, ал 50 теңгелік банкнотқа Әбілхайырдың суретін салды

    - Банкноттардың жаңа нұсқасын кімдер жасады? Бұған өзіңіз қатысқан жоқсыз ба?

    - Жоқ. Мұндай келеңсіз әрекетке қосылып халықтың алдында, елімнің алдында, тарихтың алдында қадірімді кетіргім келмейді. Маған ұсыныс жасаса да бас тартқан болар едім. Ұлыларымыздың әруағының киесі де бар емес пе. Менің осындай көзқарасымды білгендіктен де ондай ұсыньс болған жоқ. Ал тұңғыш валютаның үлгілерін жасауға Парламент депутаты болған сәулетші Темір Сулейменов, Меңдібай Әлин және Ағымсалы Дүзелханов және мен қатысқан едім. Ал бұл жолғы банкнотты жасауға Меңдібай Әлин қатысты деп естимін.

    - Сонымен қазіргі теңгедегі ұлылардың суреттерін алып тастаудың және ақшаның екінші бетіне номиналдарды сөзбен орысша жазудың ешқандай себебі жоқ деген пікірдесіз бе?

    - Өз басым солай деп ойлаймын Тіпті кейбір банкноттарға халқымызға еңбегі сіңген ұлыларымыз Ахмет Байтұрсыновтың, Мұстафа Шоқайдың, Тұрар Рысқұловтың, Әлихан Бөкейхановтың суреттерін салып ауыстыруға да болады. Сондай-ақ, тұңғыш Президентіміз ретінде мемлекетіміздің іргетасынан бастап өз қолымен негізін қалап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін кейбір банкноттағы суреттермен ауыстырса да мұны халқымыз түсіністікпен қабылдар еді.

    - Олай болса, Ұлттық банктегілерді миллиардтаған теңге шығын шығарып, банкнотты өзгертуге кімдер, неліктен итермеледі екен?

    - Меніңше, бұл арада ұлттық санасы, патриоттық сезімі әлсіз, тек қара басын күйттейтін мүдде жатқан секілді. Біздің бақытымызға орай тұңғыш валютамыз жасалатын кезеңде Ұлттық банкте ұлттық рухы күшті басшылар болған екен.

 

Қорытынды 

    Қорыта  келгенде, ақшаның пайда болуының көп ғасырлық тарихы бар. Ақшаның  жаратылысы мен мәні туралы ортақ пікір жоқ. Қазіргі кезде ақшаны анықтаудың екі тұжырымы бар. Олар – рационалистік және эколюциялық.

    Ақша  айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді. Сондай-ақ ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Ақша айналысы екі формада алға шығады: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз айналысы.

    Экономикалық  категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады. Қазіргі кезде ақшаның 5 қызметі бар. Адам өмір сүруі үшін ақша қажет. Ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі, тауар айналысының дамуынан тауындайды. Негізінен ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар болып табылады.

    Дегенмен  де ақшаның өзі тауар. Ақшаның  қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктерімен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Тауар мен ақша бір-бірінен ешқашан ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

    Қазіргі нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Өйткені, өнім өндіретін кәсіпорындар, өнеркәсіптер, мекемелер өзінің тауарының бағасын бекітуге мүмкіндік алды.

    2006 жылдың 15-ші қарашасынан бастап жаңа банкноттар айналысқа шықты. Жаңа банкноттар халықтың көңілінен шықпады. Өйткені онда қателіктер көп. Теңгедегі ұлылардың суретін алып тастау әрі саяси, әрі экономикалық қателік. Сондай-ақ теңгедегі ұлылардың суреттерін алып тастау және ақшаның екінші бетіне номиналдарды сөзбен орысша жазудың ешқандай себебі жоқ еді. 

 

     Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. ҚР Президентінің 31.08.1998ж. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Жарлығы, 71, 72, 73, 74 және т.б. баптары.
  2. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005ж.
  3. «Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресі». Алматы, 2004.
  4. Банковская система Казахстана. 2006. /Финансы и кредиты. 2006 №2, 12с.
  5. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. Шығ. 23т. 188б.
  6. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. –М., Банки и биржи: ЮНИТИ, 1998.
  7. Льюис К.Ф. Методы прогнозирования экономических показателей. –М., Финансы и статистика, 1993.
  8. Лаврушин О.И. Банковские операции. –М., Инфро, 1998.
  9. Баян Көшенова. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары: Алматы, «Экономика». 2000ж.
  10. Мақыш Серік Биханұлы. Ақша айналысы және несие: Алматы, 2004ж.
  11. Қазақстан ұлттық банкі. 2000ж.
  12. Қазақстан және оның өңірлері. №1. 2006. Алматы, 2006.
  13. Статистикалық баспасөз – бюллетень №2. Алматы, 2005.
  14. Қазақстан – цифрларда. 2005 жыл. Статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
  15. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы, «Экономика», 2005. -4/6 бет.
  16. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2003. -432 бет.
  17. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
  18. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
  19. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған процедуралық нормативтер туралы» ереже.
  20. Ұлттық банктің 2004ж. есебі. 

Информация о работе Ақша айналысы және ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы